Lesson study – дің басты мақсаты



бет1/3
Дата02.02.2023
өлшемі15,42 Kb.
#64566
  1   2   3
Байланысты:
сабақты зерттеу


Lesson study – дің басты мақсаты: Оқушыларға білім алуға көмектесу;
Топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал ету.
Зерттеу сабағын жүргізу үшін:
– L.S. зерттеу тобын құрдық. Зерттеу тобында осы бағдарламаны игерген мұғалімдермен қоса, сынып жетекші және психолог мамандар болды.
– Зерттейтін сыныпты таңдауда, пән мұғалімдерімен бірлесе ақылдаса отырып, зерттеуге 5«А» сыныбын алдық. Себебі, ол сыныпта бастауыш сыныптан жоғарғы сыныпқа көшкенде әртүрлі мұғалімдерге бейімделуінде қиындықтар болды. Зерттелетін пәндерді мұғалімдердің ұсынысы бойынша
1. Қазақ тілі,
2. Жаратылыс тану,
3. Математика пәндері деп ұйғардық.
– Келесі қадам – осы сыныптағы проблеманы анықтау болды. Осы мақсатта осы сыныпқа сабақ беретін негізгі пән мұғалімдері сабақтағы проблемаларын Лессон Стади бұрышына жазып, бірнеше проблемалар анықталды. Одан кейін зерттеуші топтың отырысы болды. Бұл отырыста осы бірнеше проблемадан ортақ проблема шығарылды. Ортақ негізгі проблеманы: «Мәтінмен жұмыс істеу арқылы оқушылардың оқылым дағдысын қалыптастыру» – деп алдық.
– Зерттелетін пәндердің пән мұғалімдерімен, сынып жетекші және психолог мамандар бірігіп, бақыланатын оқушылырды анықтады. Мұнда А оқушысы – сабақты жақсы оқиды, бірақ өзіндегі ақпаратпен бөліспейді. В оқушысы – сабақта үлгерімі ортадан жоғары, мінезі тұйық, бірақ ұқыпты, белсенділік танытпайды, тек сұрағанда ғана жауап беретін оқушы. Ал С оқушысы – деңгейі төмен, сабаққа қызығушылығы жоқ, сылтау тауып сабақтан қалуға тырысып отыратын оқушы.
– Сынып жетекші мен психолог мамандардың көмегімен 5 «А» сынып оқушыларының оқылым дағдыларының деңгейін анықтайтын сауалнама құрастырылып, алынды.
Сауалнама қорытындысында:
Кітап оқисың ба? деген сұраққа 16 оқушының 9-ы ешқашан деп, мәтінді қанша рет оқығанда түсінесің? дегенде 10 оқушы 3 реттен көп деп, үй тапсырмасын орындауда 10 оқушы үлкендердің көмегіне сүйенетінін байқадық. Демек, оқушылардың мәтінді оқу дағдысының қалыптасуына ықпал ету керек екенін түсіндік.
– 

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет