Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс


Нашар, жақсы үлгеретін оқушыларды бақылау түрлері



бет2/5
Дата05.11.2022
өлшемі337 Kb.
#47746
1   2   3   4   5
Нашар, жақсы үлгеретін оқушыларды бақылау түрлері.
Сабақтағы бақылау бағдарламасы. Оқушылардың үлгермеушілігін болдырмауға бағытталған шаралар жүйесі. Сынып оқушыларына төмендегідей сұрақтар қойылады:

  • сыныпта достық қарым-қатынастар жағдайы жасала ма?

  • тақта алдында жауап беру кезінде оқушыларға көмекші құралдар қолдануға рұқсат етіле ме?

  • тақырыптың негізгі бөлімдеріне ерекше мән беріле ме?

  • оқушылардың үнемі қайталанатын қателеріне назар аударыла ма?

  • оқушылардың жауабын көтермелеу тәсілі қолданыла ма?

  • жетістікке жетуге жағдай жасала ма?



Жаңа тақырыпты түсіндіру кезінде:

  • Нашар үлгеретіндерге жаңа тақырыпты баяндау жылдамдығы қиындық туғызбай ма?

  • Жаңа тақырыптың негізгі мәселелері ерекше айтылып көрсетіле ме?

  • Мұғалім нашар үлгеретін оқушылардың жаңа тақырыпты түсіну деңгейін анықтап ескере ме?

  • Тақырыпқа қызығу туғызатын техникалық, т.б. құралдар қолдана ма?

  • Нашар үлгеретін оқушылар әңгімеге тартыла ма?



Жаттығу кезінде:

  • Өз бетімен жұмысқа арналған жаттығулар дұрыс таңдалды ма?

  • Нашар үлгеретіндерге өз бетімен жұмыс кезінде көмек көрсетіле ме?

  • Оқушылардың қабілеті ескеріле ме?

  • Өз бетімен жұмыс кезінде оқушылар өзін тексеруге дағдыланған ба?



Үй тапсырмасын түсіндіру кезінде:

  • үй тапсырмасының көлемі сол сыныпқа сай ма?

  • Үй тапсырмасына қатемен жұмыс енгізілген бе?

  • Мұғалім үй тапсырмасын нақты, жете түсіндіре ме, кездесер қиындықтар жөнінде ескерте ме?

  • Нашар үлгеретін оқушылар үшін жеке тапсырмалар қарастырылған ба?

Білім берудің қай сатысында болмасын оның негізгі көрсеткіші – сапасы. Осыны ескере отырып, жинақталған іс-тәжірибелер мен әдіскер, ғалым-ұстаздардың зерттеулерін негізге ала отырып оқушылардың оқу үлгеріміне, біліктілігіне әсер ететін негізгі жағдайларды қарастыра отырып, төмендегі сызбаны құрастырдық.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет