Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс


Оқушының оқу үлгеріміне әсер етуші жағдайлар



бет3/5
Дата05.11.2022
өлшемі337 Kb.
#47746
1   2   3   4   5
Оқушының оқу үлгеріміне әсер етуші жағдайлар


Әрбір жеке тұлғаның қалыптасуына әсер етуші күш – қоғам, мемлекет екені айқын. Білім сапасына қоршаған ортаның, ата-ананың және ұстаздар қызметінің, тіпті оқушының психологиялық көңіл-күйі мен ынта-жігері, талабы да әсер ететіні сөзсіз. Бұл сызбаны тұтастай ағза деп алатын болсақ, ағзаның қалыпты жұмыс жасуы үшін әрбір бөліктің атқарар қызметі орасан зор. Үлгерімге әсер ететін жағдайлардың бірі – оқушының ынта-жігері мен табандылығының, талпынысының бірлігі, оның мінезіне, мүдделері мен құштарлығына көп көңіл аудару мұғалімнен талап етіледі.


Оқушыны үлгеріміне ықпал етуші қоршаған орта дегенді кең мағынада қолдануға болады. Оған табиғат, жан-жағындағы жолдастары барлығымен орнатылған тығыз қарым-қатынас жақсы нәтиже береді. Сол сияқты денсаулықтың да сабақ үлгеріміне әсері зор.


Оқушылардың үлгерімін жақсарту бағытындағы жүргізілетін жұмыс түрлері

Үлгерімін жақсартуды қажет ететін оқушы кім?

Жүргізілетін жұмыс түрлері

Әлеуметтік жағдайы төмен

Ата-ана баланың жағдайын жасауға көмектесе алмайды. Өзі күнде ішкілікке салынып жүреді. ГДН есебіне алып ата-аналық құқықтан айыру. Ішкіліктен арылу жолдарынан көмек көрсету. Мектеп тарапынан көмекке келу.

Мұғалім мен ата-ана байланысының төмендігі

Мектепте ата-ананы қызықтыратын іс-шаралар ұйымдастыру. Ата-анамен жиі қарым-қатынаста болу жолдарын қарастыру. Айына бір-екі рет ата-ананың сабаққа қатысуына мүмкіндік жасау. Мұғалім өз талаптарын жете білу. Баланың төмендеу себептерін ата-анаға баласының іс-әрекет барысында ашып көрсете білу

Денсаулығының нашарлығы

Денсаулық – зор байлық. Ендеше денсаулығы дұрыс бала болмаса, баланың сабақты қабылдау деңгейіне кедергі келтіреді. Мектепке бала қабылданғанда әр мұғалім өз алдындағы баланың денсаулығын жетік білуі қажет. Мектеп дәрігерлерімен бірлесе отырып, балалардың денсаулық куәлігімен таныса отырып, ауру себептерін білу. Диагностикалық карта жасап, ауруды алдын ала пән мұғалімдеріне мектеп басшыларына ескерту.

Еріншектік пен жалқаулықтың қалыптасуы

Бұл кемшілік ата-ана мен мұғалім тарапынан кетуі мүмкін. Бұл көбінесе ата-ананың тарапынан жиі қадағалаудың болмауынан туындайды. Мұғалім тарапынан баланың психологиялық жағдайын жетік білмегендіктен, пәнге белсенділік пен қызығуын жоғалтады. Сондықтан кемшілікті алдын алып тез жою үшін оқушы бойында ерінбей еңбек етуге, кітап оқуға, оқығаннан жазбаша түрде жазып беруге, өлең, мақал-мәтелдерді жатқа айтуға, жұмбақтарды шешуге бала кезден қалыптастыру керек. Жалқаулықты бала бойында болдырмау үшін үнемі жаса,ан істеріне баға беріп, еңбекпен келген нанның тәтті болатынын сездіру керек.

Ата-ана қадағалауының төмендігі

Ата-ана қадағалауының төмендігі оқушының оқу сапасының төмендеуіне әсер етеді. Ата-ана мен мұғалім арасындағы жиі қарым-қатынас ата-ана қадағалауына мүмкіндік ашады.

Сабақты себепсіз босатуы

Ата-ана қадағалауының аздығы, ата-ана мен мұғалім арасындағы қарым-қатынгастың төмендігі баланың жаман қылықтарға әуестенуіне жол ашады. Сол себепті мұғалім баланың сабақтан қалу себептерін айқындап ашып, ата-анасымен кездесіп, пікір алысуы және мектеп басшысына осы жайында хабарлама түсіріп отыруы керек.

Қоғамдық ортадағы кері әсерлер

Оқушының мектептегі және үй ауласындағы достарын біліп отыру. Жас жағынан үлкендермен араласпауын қадағалау. Баланың басқа ортаның адамдарымен араласуын болдырмау. Бос уақытын көшеде не аулада өткізуіне жол бермеу, баланың мектептен тыс уақытында үйірмелерге, спорт түрлерінің секцияларын сынып балаларымен бірге баруын қалыптастыру.

Жұмыс түрлерін ұйымдастыруда оқушылардың үлгерімін жақсарту барысында үш түрлі бағытты атап көрсетуге болады. Осы үш бағыттың бірлігінде жұмыс үнемі орындалса, мұғалімдер қиыншылыққа ұрынбас еді. Олар: психо-педагогикалық, медико-биологиялық және әлеуметтік бағыттар.


Бұл бағыттар оқушының даму дәрежесіне, сабаққа қатысуына, оқу үрдісіне жеке оқушының өз қабілеті мен мүмкіншілігін пайдалану жолдарын ашуға көмек береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет