Микроорганизмдер тығыз қоректік ортаның бетіне өсіп шыққан кезде колония түзіп, штрих (ирек сызық) бойымен немесе тегіс газон болып өсуі мүмкін. Колония деп – микроорганизмнің бір түрінің клеткалар жиынтығын айтады. Ол клетканың қоректік ортаға қалай өскеніне байланысты болады. Біреулері қоректік ортаның бетіне, келесілері ортаны бойлай өседі, ал кейбіреулері ортаның түбіне қарай өседі. Осыған байланысты колонияның беттік, тереңдік және түптік түрлері болады. Қоректік ортаның бетіне өскен колонияның бірнеше түрлі болып келеді. Оларды сипаттаған кезде келесі белгілеріне көңіл бөлед:
Колония пішіні – дөңгелек, амеба тәрізді, дұрыс емес пішінді, тармақталған (ризоидты) және т.б., үшін өсіп шыққан колонияларын сипаттау.
Колония түсі – түссіз немесе пигменттелген (ақ, сары, қызыл т.б)
Колонияның беті - тегіс, кедiр-бұдырлы, қатпарлы, қыртысталған, концентрлi шеңберлерлермен қоршалған, радиалды сызбалы.
Колония профилі – жалпақ, дөңес, кратер тәрізді, конус тәрізді және т.б.
Колонияның жалтырауы мен мөлдiрлiгі – жылтыр колония, жылтыр емес (матовая), бұлыңғыр, ұнтақты, мөлдір.
Колония шеті – тегіс, иректелген, тістелген, шашақталған және т.б.
Колония құрылымы – біркелкі, майда немесе ірі, сорғалаған (струйчатая)
Ескерту: А – дөңгелек; Б – қатпарлы шеті бар дөңгелек; В – шетінде сақинасы бар дөңгелек; Г,Д – ризоидты; Е – ризоидты шеті бар; Ж – амеба тәрізді; З – жіпшелі; И – қатпарлы; К – дұрыс емес пішінді; Л – концентрлі; М – күрделі.