Грам әдісімен бактериялардың клетка қабықшасының боялу сипатын анықтау. Грам әдісі бойынша бояу тәртібі: Заттық шыны бетіне зерттелетін бактерия клеткасының кептірілген жұғындысын дайынап алады. Содан кейін бактериялардың жұғындысын келесі тәртіп бойынша бояйды.
Бекітілген жұғындыны кристалды көгілдірмен бояп, 1-2 мин ұстайды да, бояуды төгіп тастайды.
Люгольдің ерітіндісін тамызып, 1-2 мин кейін ерітіндіні төгеді.
Препаратты кептіріп құрғатады да микроскоптан қарайды.
Микроскоптан қараған кезде Грам оң бактериялар қою көгілдір немесе күлгін түске, ал грам теріс бактериялардың клеткалары ашық қызыл түске боялады (20 сурет).
Грам әдісімен бояу нәтижесі дақылдың жасына байланысты болады: ересек дақылдардағы өлі клеткалар грам теріс боялады. Сондықтан жас тәуліктік дақылдарды қолданған жөн. Алынған нәтижелерді кестеге толтырады.