Абайтану 11 сынып Барлығы -34 сағат, аптасына -1 сағат
№
Тақырыбы
Мазмұны
Сағат саны
Мерзімі
Коррекция
1
Кіріспе.
«Абайтану» курсы туралы түсінік
1
2
Қазіргі абайтану мәселелері
абайтану – қазақ әдебиеттану ғылымының бір саласы. Қазіргі абайтану мәселелерінің даму бағыттары
1
Абайтану-қазақ әдебиеттану ғылымының бір саласы-2 сағат
1
«Өзіңнен өзің есеп ал»
он бесінші қарасөзіндегі адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі, жақсы-жаман нәрсенің парқын пайымдау туралы, адам өмірі туралы философиялық топшылауы, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас мәдениеті, ақынның ақылды және ақылсыз кісінің белгілі бір парқы туралы философиялық көзқарасы, қызығушылық, мастық, есерлік ұғым-түсініктері туралы танымы;
1
2
Отыз бірінші қарасөзі
ақынның педагогтік, ұстаздық жөніндегі ой-пікірлері, есітіп білгенді есте сақтау тәсілдері, ой кеселдерінен сақтанудың жолдары турасындағы ойлары.
1
«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»-7 сағат
4
«Осы мен өзім –қазақпын»
тоғызыншы қарасөзіндегі қазақ халқының, оның тұрмыс-тіршілігінің кемшілік тұстарын сынауы, ақын пікірлерінің бүгінгі қоғамдағы өзектілігі, өмір философиясының қағидалары;
1
5
«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»
өлеңдегі еңбекші халықтың мүддесі, ақынның өзі өмір сүрген қоғамның тарихи шындығын бейнелеуі, заманның кемшілік, қайшылықтарын сынауы, «Бас-басына би болған өңкей қиқым» деп, елдің сиқын бұзып жүрген мансабы жоғары шенеуніктердің психологиясы туралы тұжырымы, Абай лирикасында ұлттық мінез психологиясының көркем жинақталуы, Абайдың адам жанының сырлары жөніндегі танымы;
1
6
«Жақсылық ұзақ тұрмайды»
қоғам өміріндегі әлеуметтік жағдайға сипаттама, үміт пен уайым, жақсылық пен жамандық, қайғы, талап ұғым-түсініктері, адамға тән аталмыш қасиеттерді сипаттау ерекшелігі;
1
7
«Сегіз аяқ»
Абайдың өз заманы, дәуірі және оның адамдары жайлы ой толғанысы, әлеуметті сынауы, халқын еңбекке үндеуі, өлеңнің ырғақтық, құрылымдық ерекшеліктері, өлеңде ақынның өзекжарды ойларын кестелі тілмен өрнектеуі, халықты мәдениет, прогрестік даму жолына бағыттаудағы идеялары;
2
«Ішім өлген, сыртым сау»
лирикалық өлеңіндегі ақынның көңіл күйі, аяр, екіжүзді, опасыз, сатқын жандарды шенеуі, адамдардың мінез-құлық психологиясын сипаттаудағы шеберлігі;
1
«Қажымас дос халықта жоқ»
Абайдың адамгершілік, әділдік, қайырымдылық, кеңпейілділік турасындағы философиялық ой-пікірлері, өз заманындағы қоғам тіршілігінің жағымсыз тұстарын сынауы, достық, татулық, қадір-құрмет жайындағы пайымдаулары, өлеңнің тәлім-тәрбиелік маңызы;