Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоғалтпаған асыл қазына



бет3/8
Дата11.04.2023
өлшемі162,5 Kb.
#81674
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
абайтану 9, 10 сынып

Абайтану
10 сынып
Барлығы -34 сағат, аптасына -1 сағат





Тақырыбы

Мазмұны

Сағат саны

Мерзімі

Коррекция

1

Кіріспе. Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла

Абай өмір сүрген дәуірдің ерекшелігі. Ақынның келешек ұрпаққа арналған адамгершілік жайлы өсиеттері.

1







2-3

Абайды мұрасының ХХ ғасырдың отызыншы-алпысыншы жылдары зерттелуі

абайтану мәселесіне қатысты әр алуан көзқарастар, әлеуметтік-саяси идеялар, Ғ.Тоғжанов, Н.Төреқұлов, І.Қабылов, С.Мұқанов, Е.Смайылов, З.Шашкин, т.б. Абай еңбектеріне қатысты зерттеулері, ой- пікірлері.



2







4-5

М.Әуезовтің абайтануға қатысты зерттеу еңбектері

Абай мұрасы жайында, ақын мұрасын тану, насихаттау, таныту жолындағы ізденістер, Абай шығармашылығы турасындағы шығыс және батыс әдебиетіне қатысты мәселелер;

2







6-7

Ақын шығармаларының басылымдары

ақын мұрасының XX ғасырдың алғашқы ширегінде жинақталуы, жариялануы және оған ықпал еткен адамдар, Кәкітай Ысқақұлының Абай шығармаларының ең алғашқы жинағын шығарудағы еңбегі.

2







8-9

«Талапты ерге нұр жауар»

Отыз екінші қарасөзіндегі ғылым, білім үйренудің мақсатын айқындауы, ғылым-білімді іске жарату, оны ақиқат мақсатпен үйренуге назар аударуы, хақиқат, ақыл, бахас ұғымдары жөніндегі танымы.

2







10

«Еңбек етсең ерінбей»

Отыз үшінші қарасөзінде қазақтың қолы өнерлі адамын Абайдың әулие санауы, жастарға артық ісмерлер іздеп, өнер арттыруды, түзден өнер іздеуге бағыт-бағдар көрсетуі, қолөнерді дамытуға кері әсер ететін талапсыздық, еріншектік, мақтаншақтық, тамыршылдық кеселдерінен сақтануды айтуы;

1







11-12

«Өлең –сөздің патшасы, сөз сарасы».

өлеңнің идеясы, өлеңге қойған эстетикалық талабы, ақындықтың мұрат-мақсаты туралы, поэзияның қоғамдық мәні мен міндетіне зор маңыз беруі, аят, хадис, бәйітсымал, мешіт, мінәжат, уәли сынды дін деректерімен өлеңнің бағасын халық ұғымына түсінікті етіп айтып беруі, сөздің асылы ретінде поэзияны жоғары бағалауы;



2







13-14

«Интернатта оқып жүр». «Пайда ойлама, ар ойла»

Оқу-білімнің таусылмайтын қазына екендігі

2







15

«Мен жазбаймын өленді ермек үшін»

поэзияның әлеуметтік мәні жөніндегі тың түйіні, пікір сонылығы, бейнелеу, айту ерекшелігі, ақынның «өлеңі бар, өнерлі інілеріне» жөн-жоба көрсетуі

1







16

Сабырсыз. Арсыз. Еріншек.

Сабырлы, арлы, еңбекқорлыққа шақыру

1







17-19

Табиғат лирикасы

«Желсіз түнде жарық ай» өлеңінде ақынның түнгі табиғат көріністерінің әсем суретін поэзия тілімен өрнектеуі, ақын кейіпкерлерінің сезім толқыныстарын табиғат құбылыстарымен астастыра бейнелеуі.
«Қараша, желтоқсанмен сол бір-екі ай» өлеңіндегі Абайдың өз тұсындағы қоғамдық, тұрмыстық жүйеге көзқарасы, елдің шаруашылық әрекеті, тіршілік тәсілі, табиғат қабағын баққан мінезін суреттеу шеберлігі,
«Көлеңке басын ұзартып» өлеңінде ақынның адам көңіл күйін шебер суреттеуі, ақынның тыңдаушысын таппай қапаланған шағындағы сезім толғанысы, ақынның философиялық ой түйіні;



3







20-25

Қара сөздері. Адамдық қасиет туралы-15,17,25,28,30.



Абайдың қара сөздеріндегі адам болу жайлы ойларын түсініп ғибрат алу, қарасөздердің мәнін, ғылыми-философиялық ойды түсінулерін тексеру, қара сөздерін талдата отырып білімдерін тереңдету



5







26-28

Аудармалары

Абайдың Лермонтовтан аударған «Тұтқындағы батыр», «Өзіңе сенбе, жас ойшыл» өлеңдері, орыс классиктерімен үндестігі, аудармашылық шеберлігі, көркемдік қиял, еркін аударма, аудармаларындағы ұлттық бояу нақыштар, қоғам мен заман сырының мән-мағынасы, ақын аудармаларының негізгі тақырыбы

3







29-31

«Өзім әңгімесі» дастаны

«Әзім әңгімесі» поэмасының «Мың бір түн» хикаяларымен үндестігі, Абайдың поэмасына желі, арқау болған уақиғалар, поэманың аяқталмағандығы, шығыстық хикаяларды ақын өзіне қажет ұстаздық, тәрбиелік ой-мақсаттарға пайдаланып, көпке үлгі етуді мақсат еткендігі.

3







32-34

Қорытынды сабақ

Жылбойы өткен шығармалар бойынша слайдтар жасау

3










Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет