Абайтану
9 сынып
Барлығы -34 сағат, аптасына -1 сағат
№
|
Тақырыбы
|
Мазмұны
|
Сағат саны
|
Мерзімі
|
Коррекция
|
1
|
Кіріспе. Адамзаттың Абайы
|
Пән туралы түсінік, мақсат-міндеттері. Абайтанудың өзектілігі.
|
1
|
|
|
2-6
|
Абайды білмек парыз, ойлы жасқа
|
Абай ақындығының бастауы, ақынның білім алған мектептері, ауыз әдебиеті Абайдың үлгі алған қайнар бұлағы, аңыз-әңгімелерді жадына тоқуы.
|
5
|
|
|
7-8
|
Абайдың өмірі
|
Ақын өмір сүрген заман, ата-тегі, туып –өскен ортасы, алған тәлім-тәрбиесі; әлеумет ісіне араласуы, Абайдың рухани дүниетанымының өсу және қалыптасу кезеңдері
|
2
|
|
|
9-10
|
Ақынның халық даналығын тануы
|
Абай ақындығының бастаулары, ақынның білім алған мектептері және білімін кеңейту арналары, ауыз әдебиеті Абайдың үлгі алған қайнар бұлағы, қазақтың халықтық өлең-жырларын, ертегі, қисса, аңыз әңгімелерін әжесі Зереден, халық ақындары Дулат, Шөже, Байкөкше, Балталардан есітіп, жадына тоқуы;
|
2
|
|
|
11
|
Абай шығармаларындағы шығыстық сарындар
|
Абайдың араб, парсы, шағатай тілдерін жетік меңгеруі, шығыс әдебиеті Абайдың нәр алған рухани мектебі, Абайдың алғашқы шығармашылығына тән шығыстық сарындар, Абай шығармаларындағы шығыстық сипаттарды зерттеудің бүгінгі бағыт-бағдары, Абай шығармаларының шығысқа қатысы жайын түбегейлі қарастырып, ғылыми деңгейге көтерудегі Мұхтар Әуезовтің еңбегі, Абай шығармашылығына шығыс әсерінің М.Мырзахметұлының еңбектерінде жаңаша зерттелуі, Абай шығармашылығының шығыс әдебиетімен және шығыс мәдениетімен байланысын қарастырудағы жаңаша көзқарастар мен тың бағыт-бағдар;
|
1
|
|
|
12
|
Абай және орыс әдебиеті
|
Абайдың Пушкиннен аудармалары, ақын аудармасында көркем бейнелі ойдың ұлттық танымға сай тәржімалануы, «Онегиннің өлердегі сөзі» өлеңі Абайдың өзінің тапқан көркемдік шешімі екендігі, аударманы түпнұсқамен салыстыра оқығанда көрінетін ерекшеліктер;
|
1
|
|
|
13-14
|
Абай және Пушкин
|
Абайдың Пушкиннен аудармалары, ақын аудармасында көркем бейнелі ойдың ұлттық танымға сай тәржімалануы, «Онегиннің өлердегі сөзі» өлеңі Абайдың өзінің тапқан көркемдік шешімі екендігі, аударманы түпнұсқамен салыстыра оқығанда көрінетін ерекшеліктер;
|
2
|
|
|
15
|
Абай мұрасының орыс және өзге тілдерде танылуы
|
Абай өлеңдерінің шет тілдерге аударылуы, өзге тілге тәржімаланған ақын өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктері.
|
1
|
|
|
16
|
Абай мұрасын зерттеушілер және абайтану ғылымының қалыптасуы
|
Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов, және т.б. зерттеушілердің ақын шығармалары жайында айтқан пікірлері
|
1
|
|
|
17-19
|
Жылдың төрт мезгіліне арналған өлеңдері. «Жазғытұры», «Жаз», «Күз», «Қыс»,
|
Қазақ ақындары ішінде жылдың төрт мезгіліне өлең арнаған Абай екендін даралап көрсету, табиғаттың өзіне тән құбылысы бар екендігін таныту.
|
3
|
|
|
20-22
|
«Ғылымға көңіл бөлсеңіз»
|
«Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңінің басты идеясы – жастарды ғылым, білімге үндеу, халықтың болашағы үшін ғылым-білімнің маңызын, мақсат-міндетін айқындауы, ғылым, білімді уағыздаған ағартушы ақынның ақылды, білімді адамды аса жоғары бағалауы; «Интернатта оқып жүр», «Ғылым таппай мақтанба»
|
3
|
|
|
23-25
|
Қара сөздері. «Бірінші сөз» , «Он жетінші сөз», «Отыз бірінші сөз»
|
Абай қарасөздерінде көтерілген негізгі мәселелер және даналық ой-пікірлері, ақынның халқына айтқан өсиет-насихаттары
|
3
|
|
|
26
|
Абай әндерінің таралуы
|
ән мен күй, өнер құдіреті туралы толғанысы, жақсы әннің көкейге ой салатын эстетикалық мәні, Абай әндерінің мазмұны, халық арасына таралуы турасында, Абай әндерінің халық әндерімен ұқсастықтары және айырмашылықтары, Абайдың музыкалық туындыларындағы әуен мен ырғақтар
|
1
|
|
|
27-31
|
«Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар»
|
«Құлақтан кіріп бойды алар», «Өзгеге, көңілім, тоярсың» өлеңдері мен күйлері, «Сегіз аяқ», «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, қалам қас» әні, ән мен күйдің халықтың өмірінде алатын орны, ақынның ән және күй өнері туралы пікірі, Абайдың қазақ музыка өнеріне енгізген жаңалығы хақында, Абай әндерінің көркемдік-эстетикалық ерекшеліктері.
|
5
|
|
|
32-34
|
Қорытынды сабақ
|
Шығармашылық жұмыстар: реферат, слайд, жинақ жасау
|
3
|
|
|
Түсінік хат Қазақтың бас ақыны - Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жойылмаған рухани қазына. Оқыту тілі қазақ тілінде емес мектептің 10 сыныбына арналған «Абайтану» курсының бағдарламасында оқушыларға ақыннын өмірі мен шығармашылығы, Абайды зерттеушілер, поэзияның әлеуметтік мәні жөніндегі тың түйіні, бейнелеу, айту ерекшелігі, ақынның «өлеңі бар, өнерлі інілеріне» жөн-жоба көрсетуге негізделген. Курстың мақсаты – ақын шығармашылығы арқылы поэзияны жанына серік ететін жас ұрпақ қалыптастыру. Кіріспе. Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла – 1 сағат. Абай өмір сүрген дәуірдің ерекшелігі. Ақынның келешек ұрпаққа арналған адамгершілік жайлы өсиеттері. Абайды мұрасының ХХ ғасырдың отызыншы-алпысыншы жылдары зерттелуі - 2 сағат. Абайтану мәселесіне қатысты әр алуан көзқарастар, әлеуметтік-саяси идеялар, Ғ.Тоғжанов, Н.Төреқұлов, І.Қабылов, С.Мұқанов, Е.Смайылов, З.Шашкин, т.б. Абай еңбектеріне қатысты зерттеулері, ой- пікірлері.
М.Әуезовтің абайтануға қатысты зерттеу еңбектері – 2 сағат. Абай мұрасы жайында, ақын мұрасын тану, насихаттау, таныту жолындағы ізденістер, Абай шығармашылығы турасындағы шығыс және батыс әдебиетіне қатысты мәселелер;
Ақын шығармаларының басылымдары - 2 сағат. Ақын мұрасының XX ғасырдың алғашқы ширегінде жинақталуы, жариялануы және оған ықпал еткен адамдар, Кәкітай Ысқақұлының Абай шығармаларының ең алғашқы жинағын шығарудағы еңбегі.
«Талапты ерге нұр жауар» - 2 сағат. Отыз екінші қарасөзіндегі ғылым, білім үйренудің мақсатын айқындауы, ғылым-білімді іске жарату, оны ақиқат мақсатпен үйренуге назар аударуы, хақиқат, ақыл, бахас ұғымдары жөніндегі танымы. «Еңбек етсең ерінбей» – 1 сағат. Отыз үшінші қарасөзінде қазақтың қолы өнерлі адамын Абайдың әулие санауы, жастарға артық ісмерлер іздеп, өнер арттыруды, түзден өнер іздеуге бағыт-бағдар көрсетуі, қолөнерді дамытуға кері әсер ететін талапсыздық, еріншектік, мақтаншақтық, тамыршылдық кеселдерінен сақтануды айтуы; «Өлең –сөздің патшасы, сөз сарасы» - 2 сағат. Өлеңнің идеясы, өлеңге қойған эстетикалық талабы, ақындықтың мұрат-мақсаты туралы, поэзияның қоғамдық мәні мен міндетіне зор маңыз беруі, аят, хадис, бәйітсымал, мешіт, мінәжат, уәли сынды дін деректерімен өлеңнің бағасын халық ұғымына түсінікті етіп айтып беруі, сөздің асылы ретінде поэзияны жоғары бағалауы;
«Интернатта оқып жүр»., «Пайда ойлама, ар ойла» - 2 сағат. Оқу-білімнің таусылмайтын қазына екендігі
«Мен жазбаймын өленді ермек үшін» - 1 сағат. Поэзияның әлеуметтік мәні жөніндегі тың түйіні, пікір сонылығы, бейнелеу, айту ерекшелігі, ақынның «өлеңі бар, өнерлі інілеріне» жөн-жоба көрсетуі
Сабырсыз. Арсыз. Еріншек. – 1 сағат. Сабырлы, арлы, еңбекқорлыққа шақыру
Табиғат лирикасы – 3 сағат. «Желсіз түнде жарық ай» өлеңінде ақынның түнгі табиғат көріністерінің әсем суретін поэзия тілімен өрнектеуі, ақын кейіпкерлерінің сезім толқыныстарын табиғат құбылыстарымен астастыра бейнелеуі.
«Қараша, желтоқсанмен сол бір-екі ай» өлеңіндегі Абайдың өз тұсындағы қоғамдық, тұрмыстық жүйеге көзқарасы, елдің шаруашылық әрекеті, тіршілік тәсілі, табиғат қабағын баққан мінезін суреттеу шеберлігі, «Көлеңке басын ұзартып» өлеңінде ақынның адам көңіл күйін шебер суреттеуі, ақынның тыңдаушысын таппай қапаланған шағындағы сезім толғанысы, ақынның философиялық ой түйіні; Қара сөздері – 5 сағат. Абайдың қара сөздеріндегі адам болу жайлы ойларын түсініп ғибрат алу, қарасөздердің мәнін, ғылыми-философиялық ойды түсінулерін тексеру, қара сөздерін талдата отырып білімдерін тереңдету.
Қара сөздері. Адамдық қасиет туралы-15,17,25,28,30 – 5 сағат. Абайдың қара сөздеріндегі адам болу жайлы ойларын түсініп ғибрат алу, қарасөздердің мәнін, ғылыми-философиялық ойды түсінулерін тексеру, қара сөздерін талдата отырып білімдерін тереңдету
Аудармалары – 3 сағат. Абайдың Лермонтовтан аударған «Тұтқындағы батыр», «Өзіңе сенбе, жас ойшыл» өлеңдері, орыс классиктерімен үндестігі, аудармашылық шеберлігі, көркемдік қиял, еркін аударма, аудармаларындағы ұлттық бояу нақыштар, қоғам мен заман сырының мән-мағынасы, ақын аудармаларының негізгі тақырыбы
«Өзім әңгімесі» дастаны - 3 сағат. «Әзім әңгімесі» поэмасының «Мың бір түн» хикаяларымен үндестігі, Абайдың поэмасына желі, арқау болған уақиғалар, поэманың аяқталмағандығы, шығыстық хикаяларды ақын өзіне қажет ұстаздық, тәрбиелік ой-мақсаттарға пайдаланып, көпке үлгі етуді мақсат еткендігі.
Қорытынды сабақ – 3 сағат.
Достарыңызбен бөлісу: |