Түсінік хат
Абай Құнанбаевтың шығармашылығы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоғалтпаған асыл қазына.
Оқыту тілі қазақ тілінде емес мектептің 11 сыныбына арналған «Абайтану» курсының бағдарламасында оқушыларға ақыннын өмірі мен шығармашылығы, Абайды зерттеушілер, Абайды білмек парыз, ойлы жасқа, Абай және орыс әдебиеті, жылдың төрт мезгіліне, өнер-білімге арналған өлеңдерін және әншілік өнердің қыр-сыры, қара сөздің қаймағын қара сөздерін оқыту көзделген.
Курстың мақсаты – Ұлы Абай шығармашылығы арқылы оқушылардың бойына патриоттық сезімді дарыту.
Кіріспе – 1 сағат. «Абайтану» курсы туралы түсінік
Абайтану-қазақ әдебиеттану ғылымының бір саласы-2 сағат. Он бесінші қарасөзіндегі адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі, жақсы-жаман нәрсенің парқын пайымдау туралы, адам өмірі туралы философиялық топшылауы, адамдар арасындағы өзара қарым-қатынас мәдениеті, ақынның педагогтік, ұстаздық жөніндегі ой-пікірлері, есітіп білгенді есте сақтау тәсілдері, ой кеселдерінен сақтанудың жолдары турасындағы ойлары.
«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» -7 сағат. Тоғызыншы қарасөзіндегі қазақ халқының, оның тұрмыс-тіршілігінің кемшілік тұстарын сынауы, ақын пікірлерінің бүгінгі қоғамдағы өзектілігі, өмір философиясының қағидалары; Абайдың өз заманы, дәуірі және оның адамдары жайлы ой толғанысы, әлеуметті сынауы, халқын еңбекке үндеуі, өлеңнің ырғақтық, құрылымдық ерекшеліктері, өлеңде ақынның өзекжарды ойларын кестелі тілмен өрнектеуі, халықты мәдениет, прогрестік даму жолына бағыттаудағы идеялары; Абайдың адамгершілік, әділдік, қайырымдылық, кеңпейілділік турасындағы философиялық ой-пікірлері, өз заманындағы қоғам тіршілігінің жағымсыз тұстарын сынауы, достық, татулық, қадір-құрмет жайындағы пайымдаулары, өлеңнің тәлім-тәрбиелік маңызы
Абай –сатирик - 4 сағат. «Мәз болады болысың» өлеңдері, билікке таласқан пенденің әлеуметтік-психологиялық бейнесі, болыс, ояз, ел туралы ой-толғаныстары, ақын өмір сүрген дәуірдегі тарихи факторлар, заманның кемшілік-қайшылықтары, өлеңдегі улы мысқыл, сарказм;
Достарыңызбен бөлісу: |