Ұлы дала ұЛАҒаты абай қҰнанбайұлының педагогикалық КӨЗҚарастары


Төртінші. Шын ниет пен оқыту



бет3/4
Дата17.10.2023
өлшемі26,62 Kb.
#117591
1   2   3   4
Төртінші. Шын ниет пен оқыту
Бүгінде ата-аналар баланың білімді болуына көп көңіл бөлетіні анық. Шетел асырып та оқытып жатады. Баланың оқығаны дұрыс, дегенмен біз не мақсатпен оқытамыз?. Білімді болсын, өз саласының маманы болсын деп оқытамыз ба ? Қайдам. Бір жерде жылы креслода отырсын, ақша көп табатын қызметте жоғары болсын, бізді үлде мен бүлдеге орасын деген ниет көбіміздегі. Абай да оқытты балаларын. Бірақ, "Баламды медресеге біл деп бердім, Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім" дейді. Баланы оқытудағы басты нәрсе – біздің ниетіміз екен. Абай да баласы Әбдірахманды шетелге жіберді. Баласын туған еліне қызмет етсе деген, ниет. Сол өзге жұрттан керектісін алып, оның қаңсығын таңсық көріп кетпегеніне риза болады. "Орынсызды айтпаған, Түзу жолдан қайтпаған, Ортасында кәпірдің, Арамынан татпаған" деді Абай. Бұл жерде үлкен ұғым жатыр. Абай Әбдірахманды шетелге жібергенде жүрегіне мықтап тұрып қазақы иммунитетті бойына сіңіртіп жіберді. Сонымен баланы білімге баули отыра тәрбиелеудің Абай айтқан жолдары қайсы? Балаңды емес, әуелі балаңды адам қылғың келсе, ата-ана, өзіңді тәрбиеле. Абай айтып отырған алғашқы нұсқа осы. Баланы еркін ұста, қорқытып, жекіп бірдеңе үйретем деу – бос әуре. Қызықтырып, ындынын ашып, ыждаһатын маздатып үйрет дейді Абай. Жастайынан баланы бұзатын, ойын қулық-сұмдыққа жетелейтін сөз бен іске ықтияр берме. " Баланы білімді қылам десең, жақсы адам қылам десең, Абайша айтқанда "толық адам" қылам десең, әуелі ниетіңді түзе дейді. Абай көрсеткен жол осы. Енді осыны қаншалықты түсінеміз, қаншалықты іске асырамыз? Бұл Абайдың тәрбиесі енді оны жүзеге асыру мына біздің міндет.[7] "Ұлы Дала ұлағаты: Абайдың педагогикалық көзқарасы" жүзден жүйрік интеллектуалды ойынының мақсаты: Хәкім Абайдың өмірі мен шығармашылығын, педагогикалық ойларын дәріптеп, студент жастарымызды дана Абайдың ұлағаттарымен таныстыру. ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ойында жастардың, студенттеріміздің ұлы Абай туралы білім деңгейлерін сараптау. Құмының құны құйма алтыннан қымбат, Ұлы дала ұлағаттары Абай мен әл-Фараби мекендеген ұланғайыр ұлы даланың иесі Ассалаумағалайкум ҚАЗАҚ ЕЛІ! Университет қабырғасында бұрын-сонды болмаған, студент-жастарымыздың, белсенділеріміздің ішіндегі жүйріктерді анықтайтын кез келді. Былтырғы жылы Абай Құнанбайұлы бабамыздың 175 жылдығын атап өттік. Ұлы дала ұлағаты Хәкім Абайдың өмірі мен шығармашылығынан, педагогикалық көзқарастарынан білген-түйгендерінізді осы интеллектуалды ойында дәлелдейтін кез келді.
ОЙЫН ШАРТЫ: Қатысушыларымызға Ұлы Абайдың өмірі мен шығармашылығынан, педагогикалық ойларынан және де Абай және біз яғни, қазіргі Қазақстандағы, шетелдегі Абай есімімен байланысты нысандардан арнайы 100 ұяшықта жасырынған жүз сұрақ беріледі. Бұл ойын 5 кезеңнен тұрады әр кезеңде 20 сұрақтан болады. Қатысушымыз бір кезеңде 2 сұраққа жауап беруі тиіс. Дұрыс жауап берген жағдайда келесі кезеңдерге өте береді. Әр кезеңнің сұрақ деңгейі әртүрлі. Бірінші кезеңде жеңіл сұрақтар болса соңғы 5 кезеңде өте ауыр сұрақтар болмақ. Әр сұрақта төрт нұсқа болады, қатысушыларымызда екі жеңілдік бар. Біріншісі «50/50» яғни ұйымдастырушылар қате екі нұсқаны алып тастайды, екіншісі «көрермендерден көмек» бұл жағдайда қатысушымыз ойынға куә болып отырған көрермендерден көмек сұраса болады. Ойында барлық қатысушы болашақ мұғалімдер жақсы нәтиже көрсетті. «Жүзден жүйрік» ойынымыз Абайды басқа қырынан тануға көмектесті. Хәкім Абайдың педагогикалық ойларынан, біздің болашақ ұстаздарымыз өздеріне қажетті мәліметтерді ала алды. Қатысушыларға тиісті марапаттары берілді.Құрметті интелектуалды ойынға қатысқан қатысушылар, көрермендер! Ойынымыз өз мәресіне жетті. Барлықтарыңызға үлкен алғыс білдіреміз. Ұлы даламыздың ұлағаты Хәкім Абайды ұлықтап жүрейік!.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет