Ұлы дала ұЛАҒаты абай қҰнанбайұлының педагогикалық КӨЗҚарастары


Бірінші. Баланы тәрбиелеме, өзіңді тәрбиеле дегенге саяды



бет2/4
Дата17.10.2023
өлшемі26,62 Kb.
#117591
1   2   3   4
Бірінші. Баланы тәрбиелеме, өзіңді тәрбиеле дегенге саяды,
Абай айтады:
Өзің үлкен, қылығы бала-шаға,
Балаша мәз болады тамашаға,
Әкесі ұрысса балаға ол да достық,
Баласы ұрысса әкеге жараса ма?
Әкесі үлкен қылығы бала болса балаға не тәрбие беріп жарытуы мүмкін. Оның балам оқы, үйт, бүйт дегенінен не пайда өзі біліммен шаруасы болмаса, газет, кітаптың бетін ашпаса ол балаға тәрбие бола ма? Демек бірінші кезекте өзің жақсы бол, сонда балаң өзі-ақ жақсы болады. Абайдың бала тәрбиесіндегі әуелгі ұстанымы осы. Кез келген даналықтың өзегінен дөп басатын Абайдың даналығына осы тұста тәнті боламыз.[3,98]
Екінші. Қызықтыр, білімге үйір қыл.
Абай «Ғылым-білімді әуел бастан бала өзі ізденіп таппайды. Басында зорлықпенен яки алдауменен үйір қылу керек, үйрене келе өзі іздегендей болғанша» деп айтады. Біздің айтатынымыз: "Сабағыңды оқыдың ба?", "Бар, сабағыңды оқы", "Қанша алдың бүгін?". Мектепте айтылатыны: "Балалар бүгінгі тақырып осындай. Үйге тапсырма міне".Енді осындай бала ғылымға үйір бола ма? Біз тек баланы бағамен ғана қызықтырамыз, оқысаң бес оқымасаң екі баланы бар қызықтырғанадағы түріміз осы ма? қайта бұл азы Қызықтыру демекші, осы күні не көп, балалардың білім беру жүйесінде ақыл айтатын адам көп. Соған да үңіліп жатамыз. Көп жағдайда орыс ғалымдарының ішінде Шаталовтың, Макаренконың, кейін Эрик Эриксон, Жан Пиаже, Сухомлинскийдің сөзін айтамыз. Ал Абай бұны баяғыда айтып кеткен. Батыстың білім жүйесіндегі методикалардың бәрі қызықтырып оқыту, еркін оқыту, қинамай, шаршатпай оқыту дегенге баса мән береді. Абай айтпақшы, басынан-ақ баланы жүдетпей , алданып үйренсе, үйрене келе өзі ізденіп кетеді дегенді бүгінгі ғалымдардың барі айтып жүр бәрі айтып жүр.[4,215]
Үшінші. Балаңды бұзба.
Баланың өтірікші су жұқпас болуы неден? Абай айтады: "Әуелі балаңды өзің алдайсың: "Әне, оны берем, міне, мұны берем" деп. балаңды алдағаныңа бір қуанасың. Соңында балаң алдамшы болса, кімнен көресің?". Өтірікші мен сужұқпастың пайда болуының қайда жатқанын осыдан аңғара беріңіз. Бала не біледі дейсің деп, оған өтірік айтуға болмайды. Абай бейне бір біздің «білімсіздігіміздің» үстінен түскендей боп тұрады. Абай айтқандай. Әсілі, сөз – мінезге, мінез – тағдырға айналады. Ауыздың ластығы ол – жанның ластығына апарады. Сондықтан, балаңыз өз қатарының арасында қалай сөйлейді – әр ата-ана оны да қадағалауы керек. [5,165]


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет