Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет123/200
Дата18.11.2022
өлшемі3,08 Mb.
#51003
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   200
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

күйесі сияқты нәрсе. Жолап кетсе, жұғады да отырады». Өзбек музыкасын 
зерттеген профессор Фитраттың (Абдурауф Абдурахимоглы) біраз 
материалдарды жинап, жақсы деректер топтағандығын айта келіп, автор 
оның музыка ғылымынан хабарсыздығы бұл мәселені терең зерттеуге жол 
бермегеніне тоқталады. Фитраттың тауып айтқаны – өзбек күйлерінде ән, 
күй, би аралас болатынын көрсеткендігі. Сондай-ақ Қ.Жұбанов бұл еңбегін 
жазу барысында түрік музыканты Рауф Ектаның, Стамбул университетінің 
профессоры Гюперли-заденің, «Шығыс музыка гамалары» деген кітаптың 
авторы проф. Оганезашвилидің пікірлерін келтіріп, оларға сын айтады 
немесе қоштап отырады. 
Проф. Қ.Жұбанов ән, өлең, би өнерлерін алғаш магиялық сипатта 
болғандығын айта келіп: «Искусствоның үш тарауы: музыка, әдебиет, би 
бiрiнен бiрi айрылмай тұрған кезде кiсiнiң дiни нанымы болмағандықтан, 
бұларды құлшылық, ғибадат қылуы деп айтуға болмайды. Сол магиялы 
еңбектiң бәрi келе-келе еңбектен, оны басқаратын кастаның еңбектерi 
қатарынан бөлiнiп кетуiмен байланысты түрлi құлшылық, бақсылық iсiне 
ауып кеткенiн көремiз. Осы күнгi ең жаңа, ең мәдениеттi дiн болып 
саналатын христиан, iслам, будда дiндерiнiң қай-қайсысының да құдайына 
табыну iстерi әнсiз, күйсiз өтпейдi», – деген қорытынды жасайды. 
Қ.Жұбанов музыканың шығуы жайлы ойын былайша келтіреді: 
«Қазақтың бақсылары, есепшілері, тістің құртын шақыратындар, 
жыланды, бүйіні шақыратын тамыршылар, қобызшы, домбырашы, әншілер 
– көбісі сол шаманнан өрбігендер». Қазақтың бақсыларының бал ашқанда 
қобызбен (домбырамен сирек) ашатындығын алғатартқан Құдайберген 
Жұбанов 
музыка 
аспаптарының 
бастапқыда 
магиялық 
мақсатта 
қолданылғанын сөз етеді: «... жыршы, әнші ерте кезде жәй адам болмай, ол 
да бір үйлі-күйлі адам болғанын, ол да бақсылар тәрізді, сиқыршылар тәрізді 
магия иесі болғанын көреміз... Музыка алғашқы әзірде тек сауық үшін 
ұсталған нәрсе емес. Табиғаттан сыртқы бір ірі күштермен адамның 
астарласуына керек болған магиялық бір бөлшек екенін көреміз. Олай болса, 
біз музыканың алғашқы әзірде пайда болуы, даму жағдайын осындай 
істердің маңынан іздеуіміз керек». 
Тіршілігінде қуанышы мен бақытын, қайғы мен мұңын, арманы мен 
сезімін әсем ән мен күмбір күйінде сөйлете білген бабаларымыз естіртуде, 
жоқтауда тілмен бірге күйді де ерекше бағалаған. Проф. Қ.Жұбановтың күйді 
«табиғаттың сыртқы бір ірі күштер мен адамның астарласуына керек 
болған магиялық бір бөлшек» (8, 280) деп анықтауы оны халықтың дамып 


242 
қалыптасуының мифтік деңгейінен бастау алған төл мәдениетімен сабақтас 
қарауы деп санаймыз.
Проф. Қ.Жұбанов қазақтың ықылым заманнан өзімен бірге жасап келе 
жатқан музыкалық аспаптары – қобыздың, домбыраның, сыбызғының 
ерекшеліктеріне егжей-тегжейлі тоқталып: «Қобыздың дамуы, ондағы 
музыка жанрларының дамуы домбырадай емес, төмен. Домбыраға 
исключение болған нәрселер қобызда норма болып шығады. Домбырада 
тартылатын күйлердiң iшiнде әңгiме қосып тартып отыратын, бiз бiлетiн, 
бiр-екi-ақ күй бар. Оның да әңгiмемен бiте қайнағаны «Ақсақ құлан – Жошы 
хан»», – дей келе, осы күйдің жазылып алынған үш түрлi нұсқасының (Ермек 
ұлы, Медет ұлы, Бөкейхан ұлы тартатын үлгілері) бiрiне бiрi 
ұқсамайтындығын, «құрылысы, композициясы жағынан қашық» екендігін 
айтады. 
Қ.Жұбанов қазақтың батырлық эпостарымыздың («Қобыландыдан» 
басқаларының) бәрiнде де, сонымен қатар Сағдидың «Гүлстанында», 
Фирдоусидiң «Шах-намасiнде» қара сөзге өлең аралас келетіндігі айтады. 
Автор ««Аққу» күйiндегi, болмаса «Ақсақ құландағы» аттың аяңдағанын, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет