Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген


Қараңғыға «Ай» туғызған қаламгер



Pdf көрінісі
бет126/200
Дата18.11.2022
өлшемі3,08 Mb.
#51003
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   200
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

Қараңғыға «Ай» туғызған қаламгер
2
 
(Қ.Жұбановтың публицистикалық шығармалары жайында) 
Қ.Жұбанов қазақ тіл біліміндегі, әдебиет, өнер саласындағы ғылыми 
мұраларымен тұңғыш профессор атанғандығы, қоғамдық қызметтерімен 
нағыз қайраткер дәрежесіне көтерілгендігі Алла тағала берген тума дарыны 
мен ұлтын шексіз сүйген патриоттығынан деп санаймыз. Қоғамдағы 
келеңсіздіктерге тұсау салу, халқының тұрмыс-тірлігін жақсарту, 
сауаттандыру т.б. мәселелерді мақсат етіп қойған Құдайберген Қуанұлы бұл 
ісін жалғастырудың тәсілін іздеп, бұл жолды публицистикадан табады. 
Публицист тарапынан өрілген ұлттың қамын жеген, ел болашағына 
алаңдаған терең ойлары дәл бүгінгі кезеңге арналғандай әсер қалдырады. 
Оның көптеген туындылары сол кезеңнің шындық шежіресі, өмірлік айнасы 
болып қана қойған жоқ, сонымен қатар, қалың көпшілікке жол сілтеген, 
ұлттық сана-сезімді оятуға үлес қосып, болашаққа бағыт берген қоғамдық 
ойдың өлшеміндей болды.
1920 жылдардың бас кезінде Ақтөбе қаласында шығып тұрған «Кедей» 
атты уездік газетте қызмет істеген Опа Алпановтың айтуына қарағанда, 
«1922 жылдары инспекторлық қызметте жүргенде Құдайберген редакцияға 
жиі келіп, газетте көтерілген кейбір келелі мәселелерге сүйсініп, мақтау 
айтып, өзі де түрлі тақырыптардан газетке мақалалар жазып тұрады. Әсіресе 
оқу-тәрбие жұмыстары жайлы көбірек жазатын болады. Сонымен бірге ол 
сол кездегі көкейтесті мәселелерге: қазақ кедейлерінің тұрмысына, ауылдағы 
ескі діни ғұрыптарға, әйел теңдігіне арналған түрлі әңгіме, өлең, пьеса, 
сықақтар жазып тұрады» (108). 
Қ.Жұбанов қазақ баспасөзі тарихына отызыншы жылдардағы ел 
көлеміндегі аса беделді басылымдардың бірі – «Ауыл мұғалімі» журналының 
бас редакторы ретінде де енеді. 1937 жылдың 10 қарашасында Халық ағарту 
комиссарының орынбасары Аюпов қол қойған №1674 бұйрық дүниеге келді. 
Онда редакциялық алқаның мүшесі Қ.Жұбановтың «Ауыл мұғалімі» 
журналы бас редакторы міндетін қосып атқаруға тағайындалғандығы туралы 
айтылады. Бір өкініштісі, бас редакторлық қызметі тым қысқа болды. Бірақ 
бас редакторлыққа тағайындалуының өзі оның еңбегін жоғары бағалағандық 
деп тану қажет. 
Публицистиканың табиғатын терең түсіне білетіндігін баспа бетінде 
жарық көрген шығармалары арқылы аңғартқан ғалымды нағыз публицист 
деуге толық негіз бар. Қ.Жұбанов публицистикасының өзіндік ерекшеліктері 
ретінде оның білгірлікпен жазылған ғылыми-көпшілік, танымдық таңдау 
сипатында екендігін, қазақ тілінің фонетикасы, грамматикасы, жалпы тіл 
білімінің 
кейбір 
мәселелері, 
қазақ 
жазуы, 
орфографиясы 
мен 
терминологиясы, қазақтың ұлттық әдеби тілінің дамуы мен тарихы 
пайымдалатындығын, өнертану мәселесі де терең қамтылатындығын, көп 
2
К.Кенжебаев пен Ә.Оралбайдың «Құдайберген Жұбанов» атты (2000) еңбегі негізінде дайындаған – кіші 
ғылыми қызметкер А.Барменқұлова. 


247 
ретте филолог-шығыстанушы публицист тұрғысынан танылатындығын, жаңа 
оқиғалар мен құбылыстарды тап басып барлайтындығын, ойын дәлдеп, 
оқырманын иландыра білетіндігін, өмір шындығын рухани-практикалық 
пішінде игере алғандығын, алғыр ойшылдығын, талдауға деген тереңдігін, 
образды айшықтаушылық қарымын, өзінің ойы мен сезінгендерін өткір етіп 
жеткізу шеберлігін атауға болады. Кезінде қоғамдық-әлеуметтік пікірді 
қалыптастыруға зор үлес қосқан, ғасыр айрығында да өзектілігін сақтап 
қалған қайраткер Құдайберген Жұбановтың публицистикасынан оның 
өзіндік қолтаңбасы аңғарылады. 
Қ.Жұбанов публицистикасының өзекті болатын себебі: ол ғылыми 
негізделген, 
оқырманға 
барынша 
жатық, 
көпшілікке 
ұғынықты 
публицистикалық дәстүрдің негізін қалады. Оның қай туындысын да бей-жай 
оқу мүмкін емес.
Құдайберген Жұбанов баспа бетін көрген тырнақалды туындысын 
кейін қазақтың белгілі жазушысы болған Жиенғали Тілепбергеновпен 
бірлесіп жазған «Өнегелі мұғалім» деп аталған мақала «Қазақ» газетінің 1915 
жылғы 19 ақпандағы 103-нөмірінде жарық көрді. «Жиенғали, Құдайберген» 
деп қол қойылған аталмыш жарияланымда ауыл мұғалімі Әбділлә 
Беркіновтің «пікірі түзу, зерек» екендігі жайында айтылады. Авторлар сол 
кездегі ауыл мектебінің жағдайынан хабардар етеді: «Бірсыпыра балалар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет