Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет125/200
Дата18.11.2022
өлшемі3,08 Mb.
#51003
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   200
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

«тамбур» дегенінен алынған дейді. Араптар өзінің «тамбур» деген сөзін 


244 
парсыдан келген деп есеп қылады. Парсы жұрты бұл сөзді ежелгі үнді 
жұртынан алынды деп есептейді. Ежелгі үнді тілінде ондай сөз 
болмағандықтан, тіл мамандары мұны парсыдан алынған дейді. Парсы 
тілінде де мұндай сөз жоқ. Мұны парсыдан алынды деп ойлайтыны парсыда 
«дәнбә» деген сөз бар. Бұл – «құйрық» деген сөз. «Бәрә» деген – «қозы» деген 
сөз. Сол екеуі қосылып, «дәнбабаре» деген болуы керек. Бұл «қозы құйрық» 
деген сөз болу керек. Домбыраның шанағы (түбі) қозының құйрығына ұқсас 
болғандықтан, осылай аталды деп есептеледі» (8, 282). Ғалым бұл 
түсіндірмені құптамай, оны халықтық этимологияға тән деп қарайды. 
Автор: «Біздің қарауымызша, орыстың «домбырасы», қазақтың 
домбырасы», араптың «тамбуры», бенгал елінің «тамыры», гректің 
«тамирі» – бәрі бір нәрсе. Мұның бәрі де – ерте кезде музыканың иесі
мұрасы болған бір ұғымның аты. Сол «тамыр», «дамыр» сөзінен, бір 
жағынан, «тәмир», екінші жағынан, «йамыз» сөздері бошақтап шыққан 
болуы керек. Сонымен «домбыра» сөзі бір елден ауып келген сөз емес. Бұл 
инструмент те бір елден ауып, жылысып келген емес. Еуразия елдерінің 
бәріне де тегіс тараған, соның бәрінде де музыка иесі болып саналған, бір 
тотемнің аты болуы керек», – деген аталы пікірге тоқтайды. Қобыз туралы: 
«Қобыз атауы татарда, башқұртта «қобыз» аталады. Олардың «қобыз» 
дейтіні – темірден жасаған, атқамыт сияқты бір жағын ауызға салып 
қойып, үнін аузымен ретке келтіріп отыратын бір нәрсені атайды. 
Қырғыздарда «қомус» деп біздің домбыра тәрізді, бұдан айырмашылығы 
тек пернесі жоқ бір инструментті атайды. Қобыз деген инструмент 
украина елінде бар. Олар мұны «кобза» дейді. Оны ескі оқымыстылар 
Күншығыстан келген, түрік, монғол елінен үйреніп алған деп есептейді. Бұл 
пікірдің қате екенін көреміз. «Қобыз» сөзінің «қ» дыбысы түсіп қалғанда «о» 
ның орнына «а» дыбысын қолданғанда «абыз» болады. Қазақта ескі кездегі 
амандарды «абыз» деп атаған «а» дыбыс «и» дыбысына айналған уақытта 
«иомыз» болар еді. Шуаш тілінде бақсы, сиқыршы ертеде «иомыз» деп 
аталды. Академик Марр бұл сөзді ескі гректің легендарлы ақыны Гомер 
сөзінің бір тарауы деп біледі. Музыка – дыбыс өнері. Ол дыбысты ерте 
кезде алдымен осылай еңбек магиі ретінде қолданылғандықтан, бүкіл 
дыбысқа байланысты ұғымдар, бері келе сөзге, тілге байланысты ұғымдар, 
сол магиялы еңбек деген ұғыммен байланысып жатады», – деп түйіндейді 
автор (8, 281). Ғалым осы атаулармен қатар күй, сыбызғы, жыр, ән сияқты 
музыкалық терминдерді де талдап, мән-мағынасын айқындаған. 
Ғалым «сыбызғы» атауының негізгі түбірі болатын «сыбыз» сөзі ұяң 
дыбысқа аяқталып тұрғанын, мұндағы ұяң «з» дыбысын қатаң «с» дыбысына 
айналдырғанда, «сыбыс» деген сөз болатынын, ал «сыбыс» қазақ тілінде 
дыбыс деген ұғымдағы сөз дей отырып, сыбызғы атты инструменттің 
қамыстан, қурайдан жасалу себебі қамыс та алғашқы кезде осы сөзбен 
аталған дегенді айтады. 
Ертеде қазақ өмірінде «қамыс» деген сөздің екінші аты – сыбыс 
болғанын, бірақ көп жерде бұл сөздің ұмыт болып, сақталмағанын ескерте 


245 
отырып, «сыбыз» деген сөздің, біріншіден, дыбыс, екіншіден, сол дыбысты 
шығаратын құралдың аты, үшіншіден, сол құрал болатын заттың аты о баста 
«қамыс» болған деп топшылайды ғалым.
«Қамыс» сөзіндегі «а» дыбысын «о» дыбысына айналдырсақ, 
қырғызша «қомыс», біздің «қобыз» болып шығады деген ой тұспалы өте 
ұтымды да шындыққа бейім айтылған. 
«Тіліміздегі «күй» деп аталатын сөздің шағатай, ұйғыр тілдерінде, 
анатоль түрік тілінде «көк» болып айтылуы тиіс. Қазақтың «й» 
дыбысының бірқатары шағатай тілінде, ескі ұйғыр тілінде, түрікпен, 
әзірбайжан, анатоль тілдерінде «к» «г»-ге айналады. Қазақша бай-ла-мақ 
деген сөз оларша: бағламақ болады. Қазақша «тимек» деген сөз оларша 
«текмек» болады. Сондықтан «күй» деген сөз оларша «көк» болуы – табиғи 
нәрсе. Махмуд Қашғаридың «Дивани Луғат» деген ХІ ғасырдан қалған 
кітабында «ол көкләнәр» деген сөз «ол ән салып тұр» деп берілген. Соған 
қарағанда, қазақтың «күй» деген сөзі ол кезде «көк» түрінде болып, ән-күй 
мағынасында қолданылғандығы көрінеді», – деген ғалым пікірі шындыққа 
тән деп бағалаймыз. 
Профессор «бақсы» сөзіне қатысты «Стамбол университетiнiң әдебиет-
тарих профессоры Гюперли-заденің бұл сөз «әуелде бақсы формасында едi, 
берi келе, араб, иран, ұйғырларда «әншi» түрiне айналып кеттi» деген пікірін, 
Париждағы ұйғыр-қытай сөздiгiндегі «оқытушымақ», Паве де Куртейль 
сөздiгiндегі «парысша бiлмейтiн соттың песiрi» деген аудармаларын 
келтіреді, түрiк жазушысы Сүлеймен Әпендi сөздiгiнде бұл сөзді Вамбери 
«әншi, ақын, музыкант, бақсы», ал Березин «Хан жарлықтары» деген 
кiтабында «бақсы» сөзiнiң түрлi заманда, түрлi орында, түрлi мағынада, 
ноғайлыларда «музыкант», «көркемөнершi», Қырым хандығында «хатшы» 
мағынасында қолданылғанын, осы күнгi түрiкпендерде де музыкантты 
«бақшы» дейтінін айтады. Автор қазақтағы «ауруды бағу» дегендегi «бақ» 
түбiрi, осы «бақсы» сөзiмен түбiрлес болуы керек» деген уәж келтіреді. 
Проф. Қ.Жұбанов қазақ музыкасындағы күй жанрының пайда болуы 
жайындағы очеркті жазу барысында яфеттік үйірме мүшелері болып 
табылатын көптеген ғалымдардың зерттеулеріне негіз болған мынадай 
қағидаларға сүйенеді: а) тілдік фактілерді қоғам тарихымен және тіл 
субъектілерімен тікелей байланыста қарастыру; ә) белгілі мәдениеттерді 
бірін-бірінен жоғары қою не төмен санаудан бас тарту (үндіеуропалық 
танымға қайшы); б) тілдерді кең ауқымда салыстырып-салғастыра қарастыру. 
Сондықтан аталмыш мақаланы қазақ өнері жайлы маңдай алды ғылыми 
зерттеу ретінде бағалай отырып, тіл мен тарихты, тарих пен өнерді, өнер мен 
мәдениетті, мәдениет пен дүниетанымды ұштастыра қарастырған әмбебап 
шығармашылықтың нәтижесі деп бағалауға болады. 


246 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет