Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет120/200
Дата18.11.2022
өлшемі3,08 Mb.
#51003
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   200
ұлт тілдері әлі пайда болған жоқ еді. Ежелгі замандардан келе жатқан көне 
түркі халқы ол кезде қазіргідей дербес ұлттардан емес, тайпалар 
одақтарынан, не үлкен рулардан құралушы еді. Қазіргі замандағы үйсін, 
қаңлы, қыпшақ, найман, түрікпен, қырғыз т.б. деген атаулар ескі түркі 
халқының сол кездегі өзара туыстас ұлылы-кішілі рулары еді. Бірақ олар әлі 
ұлт емес болатын. Бұл рулардың тілдері азды-көпті жергілікті 
өзгешеліктеріне қарамастан, бәрі бір-ақ сөзбен «түркі тілі» деп аталушы 
еді». 
Қ.Жұбанов талдап отырған шығарманың түркі тілінде жазылғандығын 
Қожа Ахметтің өз сөзімен келтіре отырып, «Міне, сондықтан Ахмет те 
«Диуани хикмәтті» түрки тілмен жаздым дейді. Қазіргілер сияқты өзбек 
тілімен, немесе қазақ, ұйғыр тілімен жаздым демеген. Солай болған соң 
біздің: – «Диуани хикмәт» – түркі тілімен жазылмаған! – деп айтуымызға 
ешбір негіз жоқ, хақымыз да жоқ», – деген түйін жасайды. 
Проф. Қ.Жұбанов «Ахметтің тілі («Диуани хикмәттің» тілі) –
Түркістанда ислам діні бел алып, араб қатынастары күшейген кезде пайда 
болған түрік ғалымдарының стандартты, көпке ортақ тілі еді деп, батыл 
айта аламыз», – дей келе, «Диуани хикмәт» – Орта Азиядағы түрік жүйелі 
тілде сөйлейтін халықтардың ортақ жазба әдебиет кітаптарының 
алғашқыларының бірі – десек, қателескен болмаймыз», – деп санайды. 
Алайда Проф. Қ.Жұбанов аталмыш шығарманы қазақ халқының жазба 
әдебиеті мұрасы ретінде қарастырады. Ғалым «жазба әдебиет» деген сөздің 
түсінігіне тоқталған тұста публицистикалық сипат беретін диалог тәсілін 
қолданады. Әуелі сауалын қойып алады да, соған өзі жауап береді: 
«Бірқатар оқығандарымыз бізде Бұқар жыраудың толғауларынан бұрын 
шыққан жазба әдебиет бар деп елемейді. Яғни олар, қазіргі қазақ атанып 
отырған халқымыздың қазақ атанудан бұрын да өмір тіршілігінің болғанын 
білмейді. Бірқатары біле тұрса да, ескі әдебиетті керексінбейді. Мысалы, 
бізде Хожа Ахмет Яссауйдің жазып қалдырған, осы күнге дейін көпшілік 
арасында тарихи бағасы мен сүйкімділік беделін жоймай келе жатқан 
«Диуани хикмәті» бар. Бұл Қазақстан халықтарының ескіден қалған жазба 
әдебиет мұрасы емес пе? Хожа Ахметтің осы күнгі қазақ атанып отырған 
халықтардың басым көпшілігінің ежелгі де ескі мекені болған Түркістанда 
өсіп-өнгені бекер ме? Сөз жоқ, Хожа Ахмет Яссауйдің «Диуани хикмәті» – 
Қазақстан халқының ескі мұрасы». 
Проф. Қ.Жұбановты шығарманы тілдік, сюжеттік, мазмұндық 
қырларынан зерттей отырып, «кейбір өлең өлшемдерінің бірдей болушылығы, 
айырым кейбір лексемаларының бірдей болушылығы т.б. «Хикмәт» тілін 
қазақ тіліне жақындатады. Мұның үстіне, Хожа Ахмет бір жасынан 


237 
бастап 63 жасына дейін өткізген өмір жолын санап, толғау шертеді. Өмір 
жасынан әр кезеңінде басынан өткізген әралуан уақиғаларын айтып 
жырлайды. Ал, қазір қазақ атанып отырған халықтардың бұрынғы-соңғы 
жыршылары мен ақындарының да өмір жасын санап, жыр шерткенін, өлең 
айтқанын көреміз. Міне, бұл факті қазақ ақындарының Ахметке де 
еліктегенін немесе бұның өзі қазақ жырауларының ескі салты екенін 
көрсетеді», – деуі нағыз әдебиетші-ғалым екендігін аңғартады. 
Қ.Жұбанов бұл мақалада «Хикмәт» тілінің өзбек пен ұйғыр тіліне өте 
жақындығы мәселесіне тоқталып, оған былайша нүкте қояды: ««Диуани 
хикмәттің» тілі Науаидың «Шар диуанының» тілінен едәуір басқаша 
сезімді. Екінші сөзбен айтқанда, «Шар диуанның» тіліне қарағанда «Диуани 
хикмәт» тілінің өзбектен гөрі қазақ тіліне өте жақындығы. Бұл да алдағы 
кезде өз зерттеушісін күтіп тұрған мәселенің бірі». 
Қ.Жұбанов «Диуани хикмәтті» қазақ жазба әдебиетінің үлгісі ретінде 
танығанда нағыз ғылыми тұжырымдамалар жасайды, халық әдебиеті 
өкілдерінің, Абай, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Сәбит Мұқанов сияқты қазақ 
ақын-жазушыларының шығармаларымен, олардың тілімен, буын өлшеуімен, 
құрылысымен, көркемдік ерекшеліктерімен салыстырады. Ойымызды 
ғалымның өз сөзімен өрбітсек дәлелдірек болар деп санаймыз: «Мысалы, 
Хожа Ахметтің мына толғауын қараңыз: 
 
Дәм-бу дәмдүр, өзге дәмии дәм деме 
Дүниеден биғам өтерсің, – ғам иеме.
Күймесе жаны – ділін һәм Үстүхан,
Көз яшың аққан білән сән нәм деме, –
деген құрылымыСәбит Мұқанұлының мынау өлеңінің буын жүйесімен 
өлшемдес: 
 
Өзің адам, тұрмысында мал едің,
Күшің – адал, сүтің арам жан едің.
Тырнағына жуандардың ілініп,
Азаттыққа өміріңше зар едің... 
Ал, Ахметтің мына толғауы: 
 
Ишәк білің бу дүние,
Барша халықтан өтер-ә.
Инанма ғыл малына,
Бір күнқолдан китәр-ә.
Ата-ана, қарындас,
Қайан етті, пікір қыл.
Төрт аяқлық шөбнін ат
Бір күн саған житәр-ә,–
деген толғауы Тоқтамыстың мына толғауымен буындас: 


238 
 
Шіңкіл-шіңкіл, шіңкіл құс 
Шіңкілдемей көлге түс.
Сені көлден айырған 
Ақсұңқар құстың тепкіні,
Мені елден айырған
Едіге сүрдің екпіні (Халық әдебиеті) 
 
Абай да мынау өлеңін осы құрылысқа сәйкестендіріп айтқанын 
көреміз, қараңыз: 
 
Желсіз түнде жарық ай,
Сәулесі суда дірілдеп.
Есіктің алды терең сай,
Тасыған өзен күрілдеп...» 
Қазақ әдебиеті тарихындағы бұлтартпас фактілерге негізделген, 
алғашқы нағыз ғылыми зерттеудің үлгісі міне – осы. Сөзіміздің соңында осы 
шығарманың қазақ әдебиетіндегі мән-маңызы туралы оны (шығарманы) 
алғашқы зерттеуші – проф. Қ.Жұбановтың өз сөзімен аяқтамасқа хақымыз 
жоқ: «Әдебиет саласындағы жазуымыздың басы осы «Диуани хикмәттен» 
басталады, – деп айтуға толық хақымыз бар деп түсінеміз». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет