297
түркологтарының тұңғыштарының бірі еді...» деген Құдайберген Жұбановқа
арналған естелігінде талай жәйттан сыр шертеді. «Ленинградтың Тірі Шығыс
тілдері
институтын бітіріп, арнаулы лингвистикалық мамандық алған қазақ
тілін зерттеушілердің алғашқыларының бірі ретінде Қ.Қ.Жұбанов өзінің
жұмыстарында қазақ тілін зерттеуге қатысты ірі кеңес лингвист-
шығыстанушыларының жаңа лингвистикалық әдістерін кеңінен қолданып, өз
шәкірттерінің ғылыми мектебін құрды, оның ізін қуушылар –
қазақ тілі
білімінің ірі өкілдері қалыптасты», – деп жазады (145).
Қ.Жұбанов «Лениншіл жас» газетінің 1935 жылғы 14 қаңтардағы
нөмірінде «Он үш жас күш» деген мақала жариялап, онда өзінің үміт күтер
шәкірттері жайында: «...Ысмайылұлы Есмағамбет, Алтынбекқызы Мырзай,
Ғабдоллаұлы
Мәлік,
Байшымырұлы,
Дайрабайұлы,
Мейірбекұлы
сияқтыларды біздің мәдени жұртшылығымыз біліп те қалған болатын.
Бұлардың әдебиет сыны жөнінде мақалалары,
өлеңдері, әңгімелері бар,
баспадан да шықты. Бұлар мұндай еңбекті бұдан былай одан да гөрі өндірер
деп сенеміз», – деп жылы лебіз білдірген болатын (146). Ерекше бөліп атаған,
тізімнің басында тұрған Е.Ысмайылов араға екі жыл салып, сол ұстазы,
Құдайберген Жұбанов туралы көлемді мақала жариялады (147).
Қ.Жұбанов ҚазПИ-де профессор болып жүргенде, студенттер арасынан
талапты, зерделі жастарды дұрыс танып,
таңдап алып, олардың әрі қарай
оқуларына, әдебиетке араласуларына барынша күш салады. Тіл білімінің
майталмандары, белгілі ғалымдарымыз Мәулен Балақаев, Мұхаметжан
Қаратаев, Белгібай
Шалабаевтар Ленинградқа, аспирантураға осы жөнмен
жіберілген болатын.
Ғалым: «
Беріде қазақтың өз ішінен шығып, қазақ тілін зерттегендер
қазақтың ескі оқығандары болды. Олар – Байтұрсынұлы Ахмет,
Кемеңгерұлы Қошке, Омарұлы Елдес, Шонанұлы Телжан, Досмұхамбетұлы
Халел...», –
дей келе, –
Беріде жастардан Басымұлы Қажым, Аманжолұлы
Сәрсен сияқты тіл мәселесіне белсене қатынасқандар шығып отыр. Бұлар,
әрине, ілгері тілек жастар ғой, ілгеріде ауыз тұшығандай нәтиже берер деп
Достарыңызбен бөлісу: