рақ/-рек жұрнақтарымен бірге -лау/-леу қосымшасы да беріледі.
Қ.Жұбанов өзіне дейінгі еңбектерде сөз тудырушы қосымшалар ретінде
танылып жүрген -ғыл‚ -ғылт(-ым), -шыл‚ -ша т.б. жұрнақтары мен -ақ
демеулігін де шырай көрсеткіштері ретінде келтіреді.
-ақ демеулігін таңдаулы шырай көрсеткіші деп тануы жағынан да
І.Кеңесбаев, С.Аманжолов еңбектері мен Қ.Жұбанов тұжырымдары өзара
сабақтас. А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлы еңбектерінде бұл демеулік шырай
көрсеткіштері қатарында берілмейді. Бұл орайда ғалымдар -ақ демеулігінің
үнемі таңдаулы шырай мәнінде қолданыла алмайтынын, кейде шектеу (өзі-
ақ, жалғыз-ақ) мәнінде де т.б. жұмсалатынын, кез келген сын есімге тіркесе
алмайтынын ескерген болуы керек. Қ.Жұбанов 6 түрлі шырайды көрсетсе,
С.Аманжолов, І.Кеңесбаев, Ғ.Бегалиев, Н.Cауранбаев 3 түрлі шырайды
көрсетеді.
С.Е.Малов ұйғыр жазбаларында, Манихей ескерткіштерінде -рақ/-рек
грамматикалық көрсеткіші кездесетінін айтса, М.Томанов -рақ/-рек және -
лау/-леу жұрнақтарының бір негізден өрбігенін, яғни л>р, у>қ дыбыстық
сәйкестігінің нәтижесінде негіз екі түрлі жұрнаққа жарылғанын көрсетеді.
Н.Ильминский де -лау/-леу жұрнағы қазақ тіліне ғана тән екендігін айтады.
Бұл пікірді Ғ.Мұсабаев та қуаттайды. Ендеше, -лау/-леу жұрнағы о баста -
104
рақ/-рек жұрнағынан тарағанымен, кейіннен екі жұрнақтың да сақталып
қалғанын көреміз.
Осы күнгі грамматикаларда шырай түрлері соңғы кездері үш не екі
түрде ғана аталып жүр. Қазақ тіл білімінде салғастырмалы аспектіден «Сын
дәрежесі категориясын» арнайы қарастырған Қ.Рысалды шырайдың түрлерін
функционалды тұрғыдан бірнеше мағыналық топқа жіктейді. Сын
дәрежесінің салғастыру немесе салғастырусыз жағдайында айқындалуын
басты ұстаным етіп алып, шырайдың қазақ тіліндегі екі субпарадигмасын
береді. Олар:
1) Шырай категориясының қазақ тіліндегі бір субпарадигмасы:
Теңдік шырай – (сендей) күшті;
Салыстырмалы шырай – (сенен) күшті;
Асырмалы шырай – (олардың іштеріндегі) ең күштісі.
2) Екінші субпарадигмасы:
Жай шырай – кіші, үлкен;
Бәсеңдік шырай – кішілеу, қызғылт, қартаң;
Күшейтпелі шырай – өте, аса, тым, күшті (46, 80).
Қазіргі тіл білімінің дамуы тіл бірліктерінің барлық деңгейді қамтитын
кешенді мағыналық құрылымын айқындауды мақсат етіп отыр. Осы
тұрғыдан, Қ.Жұбановтың шырай түрлерін семантикалық реңктеріне қарай
бөлшектеп, саралып, жіктеп көрсетуі бүгінгі лингвистикадағы жаңа ғылыми
парадигманың сұраныстарына толық жауап берген болар еді.
Бүгінгі ғылыми грамматикаларда аталып жүрген сан есім түрлерінің
барлығы дерлік Қ.Жұбанов еңбегінде де белгілі бір дәрежеде көрініс тапқан.
Мәселен, ғалым топтау сан есімін арнайы көрсетпегенімен, жеті санына
дейін -ау, -еу жұрнақтарының жалғана алатынын айтады. Болжалдық сан есім
түрін көрсетпегенмен, реттік сандардың болжал түрлері деген тармақта
олардың жасалу жолдарын толығымен сипаттап шыққан.
Қ.Жұбанов сан есім сөз табына қатысты реттік, есептік, жинақтау және
бөлшектік сан есімдерді атайды да, реттік сан есімдерді өз ішінен тең үлес
түрі (екі-екіден т.б.); болжал түрі (бес-он; бестер, он шақты т.с.с.) деп
жіктейді.
Кейіннен ғалым еңбектерін басшылыққа ала отырып, І.Кеңесбаев,
С.Аманжолов сол кезге дейін танылып жүрген төрт түрлі сан есім тобына
(есептік, реттік, бөлшектік, жинақтау) топтау және болжалды сан есімдерін
енгізіп, сан есімді 6-ға бөледі. Осы кезден бастап сан есімнің 6 түрлі
мағыналық тобы танылып, бұл қазіргі қазақ тілінде де сабақтастық тауып
келеді. Соның нәтижесінде «Современный казахский язык» (1962), «Қазақ
тілінің грамматикасы» (1967), А.Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі» (1972) т.б.
еңбектер мен мектеп оқулықтарында болжалды сан есім мен топтау сан
есімдері сан есімнің мағыналық топтары ретінде қарастырылуда.
Сондай-ақ зат есімнің белгілі түрі, белгісіз түрі деген терминдерді де
қолданған. Белгісіз түрінде зат есімдерге бір сөзінің жалғанатынын айтады.
Қ.Жұбанов көрсеткен белгілілік, белгісіздікке қатысты мәселе бүгінгі күні
105
функционалды-семантикалық
белгілілік-белгісіздік
категориясының
зерттелуіне де бастама болды деп айта аламыз.
А.Байтұрсынұлы,
Қ.Кемеңгерұлы
есімдіктерді
жіктеуде
белгілілік/белгісіздік оппозициясын негізге алған, яғни жеке адамды немесе
топты көрсетсе – шектеу (А.Байтұрсынұлы), анықтау есімдігі
(Қ.Кемеңгерұлы), нәрсенің жоқтығын, белгілі еместігін немесе түгел
еместігін білдірсе – танықтық (А.Байтұрсынұлы), танықтау есімдігі деп
атаған. Екінші сөзбен айтқанда, бүгінгі таңдағы өздік есімдігі, жалпылау
есімдігі деп танылып жүрген есімдіктердің басын қосып, шектеу, анықтау
есімдігі
деп
атайды
да,
белгісіздік,
болымсыздық
есімдіктерін
танықтық,танықтау есімдігі деп атаған. Кейінгі зерттеушілер анықтау,
танықтау есімдіктерін ұсақ бөлшектерге жіктеуге тырысқан. Яғни
А.Байтұрсынұлы, Қ.Кемеңгерұлы еңбектерінде танықтау есімдігі нәрсенің
жоқтығын ( ешкім, ештеңе, ешбір)‚ анық белгілі еместігін‚ (әлдекім, әлдене)
немесе түгел еместігін (кейбір, қайсыбір) білдіретіні сөз болса, Қ.Жұбанов,
С.Аманжолов, Ғ.Бегалиев, Н.Сауранбаев еңбектерінде нәрсенің жоқтығын
білдіретін сөздер – болымсыздық есімдіктері, анық белгілі еместігін білдірсе,
белгісіздік есімдіктері, түгел еместігін білдірсе, алалау есімдіктері деп
аталып, танықтау есімдігінің мағыналық ерекшеліктеріне сәйкес өз ішінен
одан әрі таратыла түскен.
Қ.Жұбанов сөз таптары топтамасында түбір тапқа жоғарыдағы
есімдерден кейін етістіктерді атаған. Етістік түбірін екіге бөледі: «таза түрі»
( оқы, жаз), «келімсек түрі» ( ойн-а, сарға-й, адам-сы). Бұл қазіргі
грамматикаларда негізгі түбір және туынды түбір деген терминдермен
аталған. Осы тарауда ғалым етістіктің болымды, болымсыз түрлері туралы,
сонымен қатар «етістіктің түп негізі мен болымсыздық түрлеуішінің арасына
сыйыса алатын үстеулер – етіс үстеулері деп, етістің жеті түрі барын
айтады. Оған қазіргі күні салт және сабақты етістік деп атап жүргендерді
түпнегіздің етістері деп көрсетеді. Мысалы, салт етіс ( жүр, ұйықта) – табыс
септеулі сөзді жетектемейтіндер; сабақты етіс ( жаз, ұр) – табыс септеулі
сөзді жетектейтіндер.
А.Байтұрсынұлы етістің 10 түрін (өздік ( -н), ырықсыз ( -л), ортақ ( -с),
салт, сабақты, беделді ( -дыр), өзгелік ( -ғыз), шығыс ( -стыр), өсіңкі ( -қыла),
дүркінді ( -ңқыра)) көрсетсе, Қ.Кемеңгерұлы 6 түрін (өздік ( -н), ырықсыз ( -
Достарыңызбен бөлісу: |