103
2) араластырмалы шырай (бірі тура күйде, бірі шығыс жалғаулы күйде
болады);
3)
салыстырмалы шағын шырай (-рақ, -рек, -леу);
4) жалаң шағын шырай (
қызғылт, қаралтым, көтеріңкі, созылыңқы);
5) таңдаулы шырай (
өте қысқа, қып-қысқа, ұзын-ақ);
6) орта шырай (
бір қос, бірсыпыра, бірқатар, бір жөн, едәуір) (8, 382).
«Қ.Жұбанов
А.Байтұрсынұлы,
Т.Шонанов,
Қ.Кемеңгерұлы
еңбектеріндегі шырай түрлерін жасалу жолдарына қарай саралай түскені
байқалады. Мәселен, салыстырмалы шырай ретінде танылып келген
-рақ/-
рек жұрнағының қатысуымен немесе оның жасырын келуімен‚
шығыс
септігінің қатысуы арқылы жасалған түрін (
білімге кедей – білімге кедейірек‚
малға бай – малға байырақ) Қ.Жұбанов салыстырмалы шағын шырай‚
кесімді-араластырмалы
шырай
деп
жеке-жеке
топтарға
бөледі.
А.Байтұрсынұлы талғау шырайдың сын есімнің
көп сөзімен тіркесуі арқылы
жасала алатынан айтса, Қ.Жұбанов
бір қос, бірсыпыра, бірқатар, бір жөн,
бір дәуір, едәуір сөздерінің қатысуымен жасалған шырайды
орта шырай деп
бөлек береді.
Бүгінгі таңда салыстырмалы шырай көрсеткіштері
ретінде танылып
жүрген -
лау/-леужұрнағы Н.Ильминский, М.Терентьев, П.Мелиоранский,
Н.Созонтов, А.Байтұрсынұлы, Т.Шонанов, Қ.Кемеңгерұлы еңбектерінде
шырай қатарында берілмеген.
Салыстырмалы шырайдың -рақ/-рек
қосымшасымен қатар -
лау/-леу жұрнағы арқылы да жасалынатынын алғаш
көрсеткен ғалым – Қ.Жұбанов. Ғалымның ойлары кейінгі грамматикалар мен
оқулықтарда сабақтастық тапқан. І.Кеңесбаев, С.Аманжолов. Ғ.Бегалиев,
Н.Cауранбаев еңбектерінде де салыстырмалы шырай көрсеткіштері ретінде
-
Достарыңызбен бөлісу: