Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет42/200
Дата18.11.2022
өлшемі3,08 Mb.
#51003
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   200
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

л), ортақ (), салт, сабақты (-т, -ыр, -дыр, -қыз), беделді (-т, -ыр, -дыр, -
қыз), Қ.Жұбанов 7 түрін(салт (табыс жалғаулы сөзді жіктемейтіндер), 
сабақты (табыс жалғаулы сөзді жіктемейтіндер), өздік (), ырықсыз (), 
ортақ (), өзгелік (-ғыз, -тыр, -ыт, -ар), өсіңкі -ңқыра) көрсетеді (47). 
А.Байтұрсынұлы жіктеуіндегі беделді және өзгелік етістіҚ.Жұбанов 
жинақтап, өзгелік етіс түрінде беріп, мұның себебін былайша түсіндіреді: 
«Бұрынғы өзгелік етіс пен беделді етісті екеуін бір қостық. Үйткені екеуі де 
– өзге біреу арқылы істелетін іс. Өзге біреуге беделіңді саласың ба, 
қорқытасың ба – бәрібір. Тіл мұнысын айырмайды». Ал өсіңкі етісті етіс 
түрлерінің қатарында беруінің себебін, сүйенер дәйегін де атап көрсеткен. 


106 
«Өсіңкі етіс мағынасы жағынан етіс емес, сонда да құрылысы жағынан 
(етіс үстеулері сияқты мұның үстеуі түбір мен ма-ның аралығына 
тығылатын болғандықтан) етіске ұқсас болғандықтан, жетінші етіске 
мұны да санадық», – дейді (8, 382). Бұл айтылғандардан Қ.Жұбановтың 
тілдік топтарды, категорияларды айқындауда олардың семантикаларына ғана 
емес, формальды белгілеріне де ерекше назар аударып, дәйекті, дәлелді 
тұжырымдар жасағандығына куә боламыз.
Осы жерде айта кететін нәрсе – -ңқыра/-ңкіре жұрнақтарын 
Н.И.Ильминский «уменьшительная форма» деп атаса, «Грамматика 
киргизского языка» деген кітапта ол күшейткіш етіс («усилительный залог») 
көрсеткіштері ретінде берілген. 
Проф. Қ.Жұбанов етіс түрі ретінде көрсеткен «дүркінді етіс» түрін де 
етіс қатарынан алып тастайды. Мұның себебін дүркінді етіс тұлғасы -ғыла/-
гіле жұрнағы барлық етістік түбіріне жаппай жалғана алмауымен түсіндіреді. 
«Бұрынғы дүркінді етіс (ат-қыла, шап-қыла) дегенді де шығарып 
тастадық. Үйткені, бұл бірді-екілі түбірде ғана болады да, етістік түбірдің 
бәріне бірдей жарамайды, мысалы, оқығыла, естігіле деп айтпаймыз. 
Біріндеген (тепкіле сияқты) сөзге болса, соны етіс деуге болмайды. 
Шынында тепкіле деген теп-кі деген есімге -ле үстеуі жамалып жасалған 
түр» (8, 384). 
Демек, ғалым -ңқыра/-ңкіре мен -ғыла/-гіле жұрнақтарының 
семантикалық жағынан ұқсас болғанымен, түбірге жалғану мүмкіндігі 
жағынан бірдей еместігін таныған, яғни -ңқыра/-ңкіре жұрнағының етістік 
түбіріне жаппай жалғана алуы, ал -ғыла/-гіле жұрнағының етістік түбіріне 
талғап жалғануы ғалымның оларды екі бөлек категорияға бөліп 
қарастыруына негіз болған. Ғалымның аталған қосымшаларды етіс 
жұрнақтарына жатқызу-жатқызбауына байланысты айтқан тұжырымдары 
бүгінде жалпы сөзжасам мен формажасамның (морфология) арасын 
ажырататын негізгі критерийлер ретінде қалыптасып отыр. Сондай-ақ 
Қ.Жұбанов атап көрсеткен бұл жұрнақтар осы күнгі грамматикаларда 
«сыпат» категориясы ретінде, ал функционалды грамматикада аспектуалды 
семантиканы жасайтын негізгі тілдік құралдар ретінде қарастырылуда.
Етіс мәселесінде Қ.Жұбанов ой саларлық басқа да ғылыми пікірлер 
айтқан. Тіл заңдылығы бойынша, бір грамматикалық категория жұрнақтары 
бірінің үстіне бір жалғанбайды. Ал етіс тұлғаларының ерекшелігі – олар 
бірінің үстіне бірі жалғанып, бұл теорияға қайшы келеді. Осы белгісіне қарай 
зерттеушілердің бір тобы оны сөзжасам қосымшасы ретінде қарайды. 
Қ.Жұбанов етістердің осы тілдік табиғатын айқын аңғарып, тіпті етіс 
тұлғаларының үстемеленіп жалғанған түрін «сағыс етіс» деп атайды. Бірақ 
кейінгі еңбектерінде етістің бұл түрін етістер қатарынан алып тастаған. 
«Сағыс етіс дегенді шығарып тастадық. Үйткені, бұл – ортақ етіс пен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет