119
«Қиынын тауып қаламасаң...»
(Қ.Жұбановтың синтаксис саласындағы еңбектері жайында)
Профессор Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың
қазақ грамматикасына
қатысты алғашқы оқулықтардың бірі саналатын 5-сыныпқа арнап жазған
«Қазақ тілінің грамматикасы» (жалпы морфология) еңбегінің бірінші бөлімі
1936 жылы жарық көреді. Аталған оқулықта ғалым қазақ тілінің
грамматикалық құралымын формалық және мазмұндық жағынан егжей-
тегжейлі сипаттап береді. Ал кітаптың екінші бөлімі ғалымның репрессияға
ұшырауымен байланысты жоғалған.
Аталмыш
грамматикада морфология, синтаксис, фонетика мәселелері
қамтылып, теориялық материалдар ғана берілген. Қазіргі мектеп
грамматикаларындағы сияқты жаттығулар бірге берілмей,
жаттығу кітабы
жеке шыққан. Ол жөнінде автор: «
Бұл грамматиканың жаттығу
материалдары
С.Жиенбаевтың
«Грамматика
талдау»
кітабынан
алынсын», – деген ескертпе береді.
Ғылым, ең алдымен, белгілі бір саладағы зерттеулермен айналысатын
ғалымдарға арналып, осындай ізденістердің нәтижелері ғана көпшілікке
тарайтынын ескерсек, қазақ тіл білімінің енді ғана қаз тұрып, тәй-тәй басып
келе жатқан тұсында жұртшылыққа түсінікті болу үшін
Құдайберген
Жұбанов өзіне тән ерекше тәсілді қолданады. Ғалым грамматикалық,
синтаксистік құбылыстарды қарастырғанда «белгілі бір материалдан зат
құрастырып отырғандай, көзбен көріп, қолмен ұстап, оның дәмін, иісін сезіп,
қатты-жұмсақтық қасиеттерін байқап отырғандай танып», «... қарапайым
«тілмен жазып тұрып, ол жазғанын ғылыми тұрғыда шығарады»... (59, 100)
Қ.Жұбанов ұлттық таным мен ерекше ойлауының арқасында
грамматикалық атауларды (
түбір сөз, қосымшалы сөз, кіріккен сөз, қияюлы
сөз, қосар сөз, қосалқылы сөз; қосар сөздер (қос сөздер),
теңдес қосар (аға-
іні),
сөздес қосар (бара-бара),
матаулы сөз (көзбе-көз),
тіркеулі қосар (шай-
пай),
қосалқы қосар (қап-қара) және т.б.) ұлттық сипатта қалыптастырды деп
нық сеніммен айта аламыз. Проф. Г.Қосымова ғалымның осындай атауларды
берудегі шеберлігін былайша дәріптейді: «Қ.Жұбановтың зерттеулеріндегі
атаулар асқан дәлдігімен, таным тереңдігімен бағаланады;
кейбірі
қолданыста болмаса да, сол атаулар арқылы айтқысы келген ой-түсінігі
кейінгі грамматикада анықтамалар мен ережелерді қалыптастырды.
Қ.Жұбанов зерттеулері өзіміздің зерттеушілерімізге ғана емес, өзге тілді
зерттеушілерге де үлгі болды» (37, 40).
Демек Қ.Жұбановтың аталмыш оқулығы қазақ тілінің грамматикасына
қатысты ең алғашқы теориялық еңбектердің бірі болуымен қатар, көпшілікке
арналған нағыз ұлттық сипаттағы дүние болды деп нүкте қоюға болатын
сияқты. Иә, ғалым не айтса да, ой-пікірін адамдардың тіршілігінен алып,
жұршылыққа
түсінікті
тілмен
жеткізеді.
Профессор
Г.Қосымова
Қ.Жұбановтың қазақ тіліндегі грамматикалық атауларды қалыптастырудағы
көрегендігін ғалымның пайымдаушылық қабілетінен, дүниені дұрыс танып-
120
білуінен деп түсінеді: «Пайымдаушылық қасиет тапқырлыққа алып келеді.
Қ.Жұбановтың грамматикалық атаулардың
тілдік табиғатын дұрыс танып,
ұтқыр атау беруі пайымдағыштық қабілетінің жоғарылығынан еді» (37, 40).
Осы пайымдаушылық қабілет пен тапқырлығының, шынайы ұлттық
танымының арқасында ғалымның грамматиканы жазуда қолданған
тәсілдерінің бірі грамматиканың заңдылықтарын балаға таныс, өмір
тәжірибесіне сай мысалдарға сүйене түсіндіру
болғандығы кез келген
сөйлемінен байқалады. Мысалы, ғалымның сөз бөлшектері туралы айтқан
ойлары соқырға таяқ ұстатқандай қарапайым тұрмыстық заттармен
салыстырыла отырып жазылған. Тіпті оны оқыған бес жасар бала да
түсінерлік дерсің. Ғалымның өз сөзін келтірейік: «
Сөз бөлшектерінің
Достарыңызбен бөлісу: