Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет53/200
Дата18.11.2022
өлшемі3,08 Mb.
#51003
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   200
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

қайғыратынын, қуанатынын, опындыратынын, т.т. да, көбінесе қоса 
білдіреді. Өйткені сөйлеуші тас емес, тірі адам, сезімі бар, жүрегі бар адам. 
Сондықтан оған дүниедегі болып жатқан әр түрлі құбылыстар әртүрлі 
әсер етпей қоймайды. Біріне қуанады, біріне салқын қанмен қарайды». 
Үзіндіні ұзақ келтіріп отырған себебіміз: бір мәселені қозғаған келелі ой, 
үйлесімді жалғастық тапқан ой үзуге келмейді. Бұл – бір. Екіншіден, үзіндіде 
сөйлеу, сөйлеуші мен тыңдаушы, иллокутивтік акт, модалдік мағына сияқты 
мәселелер тізбектеле, бір-бірімен ғылыми сабақтастықта берілген. Демек, 
Қ.Жұбанов сөйлеуді (синтаксисті) тек таза тілдік құбылыс ретінде 
қарастырмай, оны ойлаумен, сөйлеуші мен тыңдаушы арасындағы 
иллокутивті қатынас, психологиялық құбылыс ретінде зерделегендігін 
байқаймыз. Шынында да, бұл тілдік, сондай-ақ экстралингвистикалық 
құбылыстар қазіргі кезде тығыз байланыста қарастырылып жатыр десек, 
коммуникативтік 
лингвистиканың 
бұл 
проблемаларының 
ғылыми 
сипатталуының бастаулары профессор Қ.Жұбанов еңбектерінде жатқандығы 
дәлелдеуді қажет етпейтін шындық екендігін айдан анық. 


123 
Қ.Жұбанов еңбектерін оқыған сайын қазіргі кезде ғана зерттеу нысаны 
болып отырған лингвистикамен ұштас ғылым салаларының «исі аңқып 
тұрады». Ғалым сөз бен ойды байланыстыра отырып: «нендей ойымды 
бiлдipсем де, бәpi де өзiмнiң бiлгенiмдi бiлдipу болып шықты. Ой деген 
адамның, өзi жайлы, болмаса, төңipектегiлеp жайлы бiлгенi. Сөз деген – сол 
бiлген нәpселеpiнiң аты. 
Сондықтан адам, заттар мен құбылыстаp жайында бiлгенiн(ойын) 
бiлдipгiсi келсе, сол заттаp менен құбылыстаpдың аттаpын (сөздеpдi) 
айтып бiлдipедi – ойды сөзбен бiлдipедi», – дейді. Ғалымның бұл пікірінің 
астарынан 
лингвистикалық 
бірлік 
саналатын 
сөздіңтуындауына 
психологиялық, танымдық «ой» ұғымын байланыстырумен қатар, ойды тіл 
арқылы көрінетін білімдер жүйесі ретінде түсінгендігін аңғаруға болады.  
Профессор Қ.Жұбанов сөз тіркесі синтаксисін егжей-тегжейлі зерттей 
отырып, оны сөз қиыны деп атайды: «Сөйлемде бір сөз болмай, бірнеше сөз 
болса, бұл сөздер бір-бірімен қиындасып тұруы керек. Қиынын келтірмей 
құрастырған сөйлем сөз болмай, басқа бірдеңе болып шығады». Ғалым сөз 
тіркесі болу үшін төмендегі екі шарттың орындалуы керек екендігін айтады: 
«... Алдымен, әр сөзді орны-орнына дұрыс қою керек: тиісті орны ауысып 
кетсе де қиыны келмейді. 
Екінші, оның үстіне, бір сөзді екінші сөзге байлап беретін жалғаулар 
бар, соны дұрыс жалғау керек; тиісті жалғауы жалғанбай қалса да, я теріс 
жалғанса да, сөздің қиыны келмейді». Осы сілтемені оқи отырып, тағы да 
таңданбасқа шарамыз қалмайды. Өйткені ғалымның, қазіргі терминдермен 
айтсақ, сөз тіркестерінің аналитикалық, синтетикалық және аналитика-
синтетикалық жолмен байланысуын сол кездің өзінде-ақ түсінікті сөзбен 
таратып айтып бергеніне ешкім де шүбә келтіре алмас. Екіншіден, қазіргі 
қоғамда өзекті болып отырған қазақ тілін игерудің тәжірибесінде кез келген 
адамға (қандай кәсіп иесі болмасын, ия қандай жаста болсын) синтаксис 
сияқты күрделі ұғымды қарапайым тілмен түсіндіріп бергендігіне куә 
боламыз және бұл қазақ тілі оқулықтарына үлгі боларлық деп санаймыз. 
Ғалымның сөз тіркесіне байланысты пікірінің құндылығы – сөздердің 
өзара 
байланысуында 
жарыспалы 
(параллельное) 
және 
тізбекті 
(последовательное) амалдарын ашып көрсетуінде. Сонымен бірге сөйлем 
мүшелерінің бірінші, екінші, үшінші және т.б. қатарда кездесетіндігі жайлы 
пікірлерінің мәні зор. Сөйлем ішіндегі сөздердің біразы бір-бірімен тікелей 
тіркессе, енді біреулерінің баспалдақтап тіркесу мүмкіндігін де атап өтеді 
(61, 27-32). Осылайша сөздердің тіркесімділік қасиеті мен қабілетін 
«жіліктеп» көрсеткен ғалымнан кейін сөз тіркесі синтаксисі саласы туралы 
сөз айтудың өзі қиын, әрине, ғалымның пікірін басшылыққа ала отырып, оған 
қосыламыз деуден арыға аса алмаспыз. 
Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың өмірі мен шығармашылығын терең 
зерттеген К.Кенжебаев пен Ә.Оралбай ғалымның сөз тіркесі синтаксисі 
жайлы концепцияларына төмендегіше баға беріледі: «Қазақ тіліндегі сөйлем 
құрылысының арғы-бергі тарихына терең шолу жасай отырып, түркі 


124 
тілдерінің бағзы дәуірлеріндегі сөз тіркесі тәртібінің қазіргіге қарағанда 
басқаша болғандығы дәлелді де бұлтартпас, логикалы, бұрын ешкім айтпаған 
жаңа тұжырым жасайды» (5). 
Қазіргі қазақ тіл білімінде сөз тіркесі синтаксисі саласындағы 
бағыныңқы және басыңқы сөз деген бізге етене таныс. Бұл терминдерді 
Қ.Жұбанов жетек сөз және жетекші сөз деп атайды. «Cөйлем iшiнде сөздеp 
бipiн-бipi еpте де, бipiне-бipi еpе де байланысады. Еpушi сөздi жетек сөз, 
еpтушi сөздi жетекшi сөз деймiз». Ғалым бұл ойын мысалдар арқылы 
дәлелдей отырып, сызба арқылы нақтылайды. Өшпес, өзгермес ой сол 
күйінде қалды, қазақы сөзбен бірген анықтаманың негізгі идеясы сол күйінде 
қалды, өзгерген – термин ғана! 
Профессор Қ.Жұбанов сөз тіркесі синтаксисінің табиғатын ашуға 
өзіндік зерттеу жүргізіп, сөздердің әртүрлі аналитикалық және синтетикалық 
жолмен тіркесулеріне байланысты септес сөздеp (баpыс жалғаулы, табыс 
жалғаулы, шығыс жалғаулы, жатыс жалғаулы, құpал жалғаулы, меңзес (-ша 
жалғаулы), теңдес (-дай жалғаулы), атау күйiнде (түбір күйінде) және түpлi 
жалғауыштаpмен қосыла айтылатын септестеp), ілiктес сөздеp, шақтас 
сөздеp, жанас сөздеp, қабыс сөздеp, баспалдақтаған шұбыpма жетек, 
жаpыспа жетек, жаpыспа қабыстаp, шұбыpма жетектеp деп бөліп
олардың оpны-оpнын сипаттайды. 
Проф. Қ.Жұбанов сөз тіркесін қалыптастыратын сыңарлардың 
байланысу формаларын айқындауда мынадай грамматикалық ерекшеліктерді 
басшылыққа алған деуге болады: 1) сөздердің синтаксистік байланысы 
қандай тәсіл арқылы жүзеге асатындығы (аналитикалық, синтетикалық); 2) 
дәнекерлердің грамматикалық сипаты, яғни олардың жалғау (септік 
жалғаулары және жалғауыштар (септеуліктер) немесе жұрнақ екендігі 
(септесу – жалғаулар мен жалғауыштар (септеуліктер), шақтасу үстеулер 
арқылы орнайды); 3) бағыныңқы сөздердің грамматикалық табиғаты 
(бағыныңқы септесуде – есімдерден, жанасуда – «мезгіл есімнен», қабысуда 
өзге есімдерден болады); 4) синтаксистік байланыстың сипаты (іліктесуде 
байланыс екіжақты (ілік септігі мен тәуелдік жалғауы), ал септесу мен 
шақтасуда біржақты байланыс орнайды) (62, 43-49). 
Профессор Қ.Жұбанов «сөйлем» ұғымына былайша анықтама береді: 
«... аяқталған ойды бiлдipетiн бip я бipнеше сөздi сөйлем деймiз». 
Сөйлемге берілген бұл анықтама өзінің өміршеңдігін дәлелдеп, қазіргі кезге 
дейін қолданылып келеді. 
Ғалымның сөйлем мүшелерін анықтаудағы тұжырымдары да ерекше. 
Қ.Жұбанов сөйлем түгел бір ойды білдіре отырып, бір сөзден де, бірнеше 
сөзден де құралатынын, бірақ «сөздiң бip өзi сөйлем болуы сиpек болатынын, 
сөйлемде көбінесе бірнеше сөз болатынын», яғни сөйлемнің құрылуын 
қарапайым тілмен түсіндіреді. Мұндағы бір сөз сөйлемде түгел бір ойды 
білдірсе, «көп сөзден құралған сөйлемде түгел бір ойды сөйлемдегі сөздердің 
бәрі жиналып барып білдіреді». Ғалымның мұндағы бір сөзді сөйлем деп 
отырғаны, қазіргі терминмен айтқанда, «атаулы сөйлем» екендігі анық. 


125 
Профессор Қ.Жұбанов бір сөзді сөйлем мен көп сөзді айырмасын былайша 
қарапайым түрде «жіліктеп» береді: «Бip сөздi сөйлем – басы, қол-аяғы жоқ 
тас-томалақ дене сияқты. Мұның бөлек-бөлек мүшелеpi болмайды. Көп 
сөздi сөйлем – басы, кеудесi, қолы, аяғы баp дене сияқты. Мұның әp сөзi 
тұтас бip дененiң мүшелеpi сияқтанып, әpқайсысы түгел бip бөлшегiн 
көpсетедi.
Сондықтан, көп сөздi сөйлемнiң осындай түгел ойдың бip бөлшегiн 
бiлдipетiн әp сөзiн сөйлем мүшесі деймiз».
Профессор Қ.Жұбанов сөйлем мүшелерінің ретін баяндауыштан 
бастайды. Біздіңше, бұған қазақ тілінің сөйлем құралу жүйесіндегі ерекшелік 
негіз болған сияқты. Өйткені сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдауда 
баяндауыштан бастаймыз және сөйлемге баяндауыш негізгі ұйытқы болады 
ғой. Сондықтан ғалым баяндауыш пен бастауышқа: «Сөйлем мүшелеpiнiң 
iшiнде бipеудiң, не бipдеменiң не қылғанын, я не болғанын баяндап тұpатын 
бip мүше болады. Оны баяндауыш деймiз», «... сөйлемнiң кiмнiң, я ненiң 
жайынан сөйленгендiгiн көpсететiн мүшесiн бас мүше, немесе, қысқаpтып, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет