130
Ғалым қазіргі құрмалас сөйлем аталатын категорияны «
күрделі сөйлем»
деп атап, оның
салалас, сабақтас түрін атайды, салалас сөйлемдерді
мағыналарына қарай –
ыңғайлас, ереуіл /қарсылықты/, талғама, себеп-
салдар, шарт-жағдай деп бес түрге бөледі. Ғалым мұндай жіктеумен ғана
шектелмей, құрмалас сөйлемдердің түзілу тәртібін ғылыми түрде түсіндіреді.
Ғалым
жайылма сөйлемдерді бастауыш жайылма, баяндауыш
жайылма, септес жайылма (Hұpымның о сықылды iсiн мен есiткен
емеспiн);iлiктес жайылма (о сықылды қымбат малдың маған кеpегi
жоқ);жанас жайылма (Алматыға бастап келген жылы, ол iлiм жұмысынан
басқаға көңiл бөлген жоқ); қабыс жайылма (Өзi жығылған өкiнбес) деп
жіктейді.
Профессор Қ.Жұбанов қазақ тіл білімінде сын есімдену (адъективтену)
және заттану (субстантивтену) құбылысын да тұңғыш ажыратып,
адъективтенген зат есімдердің мағыналарын топтап көрсетеді. Мысалы, 1)
адъективтенген зат есім өзі анықтауыш болатын заттың шығу тегін білдіреді
(
темір күрек); 2) адъективтенген зат есім анықтауыш білдіретін заттың
атауын білдіреді (
шай қасық); 3) адъективтенген
зат есім анықтауыш
білдіретін затпен ұқсастықты білдіреді (
біз тұмсық); 4) адъективтенген зат
есім анықтауыш білдіретін заттың орналасқан жерін білдіреді (
төс қалта,
қойын қалта).
Ғалым қазіргі тіл біліміндегі бірыңғай сөйлем мүшелерін, жалпылауыш
сөздерді, жалғаулықтардың сөз тіркестіру қабілетін таныта отырып, оларды
тектес мүшелеp (
қос тектес, ыңғайлас тектес, таңдама тектес) деп
бөледі. Ғалымда «
иесіз сөйлем» деген термин кездеседі.
Біз бұл терминді
қазіргі
жақсыз сөйлем деп түсінеміз.
Сонымен, ғалым еңбектерінде сөз тіркесі, сөйлем синтаксисінің – жай
және құрмалас сөйлем синтаксисінің алғышарты жасалып, болашақ
зерттеулерге соқпақ жасалды. Осы орайда профессор М.Серғалиевтің
ғалымға берген мына бағасын келтіруді жөн көрдік: «Оның бұлтартпас
логикаға негізделген ойлары мен нәрлі де әрлі тілі, өзінің сөз саптауына тән
стилі, заманынан озып, ғылым болашағын ойлайтын асқан білімдарлығы әлі
талай ізденістерге үлгі бола беретіні анық» (25, 24-29).
Академик-жазушы
М.Әуезов
Қ.Жұбановты
аса
ірі
зерттеуші
түркологтардың қатарына жатқыза отырып, «қазақ және басқа түркі
тілдеріндегі сөздердің орын тәртібін белгілейтін синтаксистік нормаларды
және олардың тарихи қалыптасу жолдарын
қызықты да тартымды етіп
баяндап, өз ойын ешкім теріске шығара алмайтын нақты материалмен
дәлелдеп бергендігін» атап өтеді. Мұнда Қ.Жұбанов «сөздердің орын
тәртібінің қазіргі нормаларында ертеректегі тілден қаншалықты ауытқу
барын анықтап, сол арқылы түркі тілдерінің құрылымдық ерекшеліктерінен
туатын негізгі заңдылықтарды дұрыс түсінуге» мүмкіндік берумен қатар (2,
359), «қазақ тілі сөйлем мүшелерінің тарихын басқа түркі тілдерінен бөліп
қарамай, қазақ тілімен бірге өзі еркін игерген түркі халықтары тілдерімен
байланыстыра қарап, тарихи салыстырма методты қолданды» (17, 8-13).
131
Қазақ сөйлеміндегі сөздердің орын тәртібін талдаған «Из
истории
порядка слов в
казахском предложении» атты еңбегінде Қ.Жұбанов түркі
тілдеріндегі синтаксистік тәртіптердің даму сатысына шолу жасап,
анықтауыш сөздер мен анықталушы сөздердің осы күнгі орын тәртіптері
(анықтаушы анықталушыдан бұрын тұруы) тіл дамуының бір дәуірінде
керісінше болғанын қазақ тілінің фактілерімен дәлелдейді. Бұл өзгерісті
ғалым түркі тілдерінің аморфты-синтетикалық құрылысты түрінен
агглютинативтік құрылысқа көшу дәуірінде болған ірі оқиға деп
топшылайды. Ғалым екі немесе одан да көп сөздердің бірігуінің нәтижесінде
жалқы есім болатын құбылысты негізгі
зерттеуінің арқауы ете отырып, көп
мәселені қозғайды. Анығырақ айтқанда,
Күнсұлу, Айсұлу, Таңсұлу,
Достарыңызбен бөлісу: