126
Айқындауыш мүшелеpi де баp болса, сөйлем – жайылма сөйлем
болады».
Сонымен қатар қазіргі
қазақ тіл біліміндегі толымды және
толымсыз
сөйлемдерге профессор Қ.Жұбанов: «
Hегiзгi мүшелеpi түгел (бастауышы да,
баяндауышы да баp) сөйлемдi толық сөйлем деймiз.
Hегiзгi мүшелеpiнiң (бастауышы мен баяндауышының) не бipеуi, не
екеуi де жоқ болса, сөйлем олқы сөйлем атанады», – деп анықтама береді.
Ғалым қолданған терминдердің біразы қазіргі қолданыста болғанымен,
жасыратыны жоқ, кейбіреулері басқаша аталады. Бірақ бұл – Қ.Жұбановтың
қазақ грамматикасындағы ойларының бұрыстығын немесе «шикілігін»
білдірмейтіндігі ақиқат.
Дүниедегі қай нәрсенің де түп-төркіні, шығу тегі болады десек, «тіл
халықтың пайда болған дәуірінен бастап онымен бірге өмір сүріп,
ұлттың
өмір сүруінің бір белгісі болып келе жатыр» деген пікірлерді жиі естиміз.
Алайда оның түп-төркінін табу, тарихына тереңдеу – қиынның қиыны. Ал
профессор Қ.Жұбанов осы қиындықтан қорықпастан, синтаксистік тарихына,
яғни сөйлем мүшелерінің тарихына диахрондық талдау жасайды. Ғалым бұл
туралы жазба деректер жоқтығын, болса да жетімсіздігін алға тартып, бұл
құбылысты жазудың кейінгі дәуірде шыққандығымен байланыстырады. Бірақ
ғалым «
осы күнгі тілдің өз тарихы тарихтан көп хабар беретіндігін»
айтады. Ғалым тілдің лексикалық қабаты ала-құла өзгерсе,
грамматикалық
деңгейдің «
мейлінше шабан» өзгеретінін айтып, бұл құбылысты «
тілдің
тұрақты қатынас құралы болуының орнықты шарты» деп атайды.
Сөзіміз дәлелдірек болу үшін К.Кенжебаев пен Ә.Оралбайдың пікірін
келтіре кету артықтық етпес: «Автор қазақ сөйлемінің қалың иірімдеріне
бойлай біледі. Қазақ сөйлеміндегі сөздердің қалыпты орын тәртібі болуымен
бірге, дағдыдан тыс та сөздердің орналасатынына зор мән береді. Бұл ретте
зерттеушінің тарихи салыстырмалы методты
басшылыққа алғандығы
әжептәуір
көмектескендігін
айтқан
жөн.
Құдекең
аса
көрнекті
оқымыстылардың теориялық қағидаларын жете білумен және көптеген
тілдерді практикалық жағынан еркін меңгерген қабілетімен өзінің әр пікіріне
оқырманын еріксіз сендіріп отырады. Автор қазақ тіліндегі сөздердің орын
тәртібін синхрондық тұрғыдан ғана қарастырып қоймай, диахрондық әдіспен
зерттейді» (5).
Осымен байланысты Қ.Жұбанов сөздердің жалғау және жалғауыш
арқылы байланысу амалдарын атайды. Ғалым бұрынғы замандарда сөйлем
мүшелерінің
байланысы сөздердің ілгері, кейін келу тәртібіне ғана
негізделген, яғни аналитикалық тәсіл басым болған; жалғау, жалғауыштар
кейін пайда болған, «
сөздерді қосымшалар арқылы ұстастыру –
Достарыңызбен бөлісу: