Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет70/200
Дата18.11.2022
өлшемі3,08 Mb.
#51003
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   200
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

аэродорога деп ықшамдалатын орыс елінде де алғаш рет осылай жатырқау 
болған еді. Бірақ өмір дамуы мұндай саңылақтардың талайын үйреншікті 
дағдылы, сыпайы қалыпқа айналдырған. Бізде де осылай болатына сөз жоқ», 
дей келе, бірнеше мысалдарды көрсетеді: инфрақызыл, сила – күш, канал 
лучи – канал сәулесі т.б. 
Сонымен қатар Қ.Жұбанов екі сөзден бірігіп келген терминдер жөнінде 
де пікірлер айтқан. Мыс.: волна световая – жарық толқыны деп аудара 


155 
келіп, себептерін түсіндіріп кеткен. «Екі сөздің басын құрап термин 
шығаратын болғанда біреуі ілік септік анықтауыш та, екіншісі тәуелдеулі 
сөз болып келсе, олай құрап шыққан сөз терминде қолайсыз болады. Мыс.: 
отағасы деген сөз солай жазылған; отжасырын сөз ілік жалғаудың 
түріндегі анықтауышы да, ағасы – оның анықтаған сөзі, мағынасы жүре 
келе бір сөз болып кеткен соң «-сы» тәуелдеу формасы тәуелділік 
мағынасынан айырылып, отағасының өзі тәуелсіз сөз есебінде жұмсалып 
кеткен. Сондықтан біздің отағасымыз, олардың отағасы деп оның үстіне 
тәуелдік жалғау жалғай алмаймыз. Мыс.: қой еті сияқты құралған сөздер 
мағына жағынан бір болып шыға алмайды. Оған жаңадан тағы бір 
анықтауыш қосатын болсақ, жас сан, қой еті деп айта алмаймыз, 
жастық тыс сияқты жарық толқын деуге болмайды, өйткені оның басқа 
мағынасы бар». Ғалым осындай жағдайларға байланысты инерция заңы, 
жанасу шеңбері, бұрыш өлшемі сияқты терминдерінің жасалғанын айтады. 
Сонымен қатар ғалым терминжасам қағидаттарына сәйкес түбірі сол 
күйінше алынып, оның жұрнақтары қазақ жұрнақтарымен берілген: 
нормализация – нормалау, регламентация – регламенттеу секілді терминдер 
жөнінде айтып кеткен. 
Қазіргі кезеңде түрлі ғылымдар саласында қолданып жүрген терминдер 
осы Қ.Жұбанов есімімен тығыз байланысты. Ғалымның жасаған қағидаттарға 
сәйкестендіріліп алынған көптеген терминдер осы уақытқа дейін өзгермей 
келеді. Мыс.: өнеркәсіп, автор т.б. сияқты Қ.Жұбановтың қаламынан туған 
қағидаттардың жалғасы ретінде қысқартылған термин атаулар пайдаланылып 
жүр. Мыс.: ТМД, МКК т.с.с. 
Ғалымдардың айтуы бойынша, терминология уақытқа байланысты 
өзгеріп отырады, тек жаңа терминдер ғана пайда болып қоймайды, олардың
мағынасы өзгеріп, жаңа мағынаға ие болады. Сонымен қоғамның дамуы мен 
тілімізге сіңген түрлі ғылым салалары өздерімен бірге терминология 
жүйесіне де өзгеріс енгізеді де, жаңа терминдер пайда болады. Мыс.: 
коммерция, брокер т.с.с. Осыған байланысты қазірде терминология мәселесі 
жөнінде Ө.Айтбай, Ә.Қайдар және т.б. ғалымдар ғылыми пікірлер 
айтқандығынан жұршылық хабардар. Алайда терминдерді аудару барысында 
бірізді қағидалар жоқ. Сондықтан жасалу қағидаттары айқындалған 
терминдерді жазуда, тілімізге енгізуде бірыңғай заңдылық ережелерін 
анықтау қажет. 
Бұл қағидаттар күні кешеге дейін қаймағы бұзылмай емле ережелеріне 
де енгізілді, барлық сөзжасам мен терминжасам үдерісінде қолданылып 
келді. 
Терминжасам 
қағидаттары 
туралы 
сөз 
козғағанда, 
біз 
А.Н.Самойловичтің, Н.Сауранбаевтың, Қ.Шәріповтың, М.Балақаевтың, 
С.Бәйішевтің есімдерін еске аламыз. Бұлардың да терминжасам үдерісінде 
ұстанған негізгі бағыты интернационалдық терминдерді және орыс тілінің 
атау сөздерін өзгертпей, сол қалпында қабылдау дегенге саяды
Қазіргі таңда, қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алып отырған кезде, 
еліміздің жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарында барлық 


156 
математикалық-жаратылыстану және техникалық мамандар дайындауды 
ұлттық тілде жүргізу міндеті қолға алынып отырған кезеңде, қазақша 
практикалық тіл білімін дамыту айрықша орын алып отыр.
Осы орайда қағидаттардың өміршеңдігін, оның оңды жақтарының 
басым екендігін көретін, оны жаңа көзқарастарда негізге алу кажеттігін 
сезетін шынайы ғылыми таным керек екендігін баса айтпақпыз. Физика-
математика саласының, жалпы ғылыми терминология мәселесінде қазіргі 
кезеңде барлық терминдерді қазақ тіліне аудару немесе жаңадан қазақша 
балама жасау арқылы қалыптастыру бағытын ұстанып жүрген ғалымдар да 
жоқ 
емес. 
Алайда 
қағидаттар 
бойынша 
қазақша 
қалыптасқан 
терминологияны қайта қарап, «түбегейлі төңкеріс» жасаудың қажеті жоқ деп 
ойлаймыз. Терминологиялық қағидаттарға жаңаша көзқарастар ғылыми 
тұрғыда болу керек және олар негізінен әлі қалыптаспаған немесе 
қалыптасып болмаған терминдерге қолданылуы керек демекпіз. 
Профессор Қ.Жұбанов қалаған қасиетті ғылыми мұраға оң көзбен, 
қамқорлықпен қарайық демекпіз. Тіл үнемі үзіліссіз, даму үстінде. Ендеше, 
қай-қай қағидаттардың да дамуы, байи түсуі – табиғи қажеттілік. Оны еппен, 
мән-дәмін кетірмей заман талабына сай дамыту, толықтыру – қазіргі заман 
ғалымдарының еншісінде. 
Осы орайда математика саласы терминдердің қазақша калыптасуында 
Қ.Жұбанов бастаған ғалымдар тобының жасап кеткен он қағидаттың әсері 
зор екендігін көрсететін мысал-айғақтарға тоқталайық. Ол үшін әр қағидатқа 
қысқаша түсініктеме беріп, ретті жерінде мысалдар келтірмекпіз: 
1. Тілдердің көбіне ортақ халықаралық сипаттағы терминдерді 
түпнұсқадағы қалпынша алу математика ғылымында жетіп 
артылады. Мысалы, математика саласы әдебиеттерінде грек тілінен енген, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет