170
1922 жылы Бакуде іргесі қаланған Жаңа түркі (латын) алфавиті
комитеті 1924 жылы КСРО Орталық Атқару Комитеті жанындағы
Бүкілодақтық жаңа әліп (алфавит) кіндік комитеті (ВЦКНА) болып қайта
құрылды. Академик Ахмет Жұбанов ағасы жайындағы өз естелігінде «Жаңа
әліп кіндік комитетінің 1925 жылы Мәскеуде өткен мәжілісіне Құдайберген
де қатысты», – деп жазады.
1926 жылы Бакуде өткен Бүкілодақтық түркологиялық бірінші съездің
шешімдерін іс жүзіне асыру кешеуілдеңкіреп барып, отызыншы жылдардың
қарсаңында Қазақстанда да сәтті аяқталды. Қазақ жаңа әліп кіндік
комитетінің 1928-1929 жылдары республика астанасы Қызылорда қаласында
болып өткен Ғылыми-орфографиялық конференцияларына Құдайберген
Жұбанов алғашында Ақтөбе губерниясы мұғалімдері атынан, екінші жолы
Ленинградтағы Шығыс тілдері институтының өкілі ретінде қатысқан.
Проф. Қ.Жұбановтың «Жаңа әліпті алу мәселесі туралы» деген
тақырыптағы баяндамасы «Еңбекші қазақ» газетінің 1928 жылғы 291-
нөмірінде жарияланды. Ал 1928 жылдың 9-12 желтоқсаны аралығында өткен
Қазақстан жаңа әліппешілерінің өлкелік тұңғыш конференциясында сөйлеген
сөзі 1930 жылы кітапша болып басылып шықты.
Қазақ әліпбиі мен орфографиясы мәселелеріне бел шеше кіріскен
Қ.Жұбанов осы бағытта өнімді еңбек етті.Ғалым «Қазақ алфавитін
реформалау жобасына» деген еңбегінде қазақ әліпбиінің кемшіліктерін тап
басып көрсетіп, оны жоюдың жолдарын ұсынып, тіпті қазақ тілінде шетел
сөздерін енгізудің қажетті шарттарын да белгілесе, «Қазақ
тілінің емлесін
өзгерту жайлы» атты еңбегінде қазақ тілінің емлесін өзгертуге қойылатын ең
бірінші және басты талап – оны барынша қалың көпшілікке ұғынықты,
меңгеруге жеңіл ету деп көрсетеді. Алйада орфографияны жеңіл жасаймыз
деп, жадағайлатып жіберілгенін, соның нәтижесінде бір сөзді бірнеше
нұсқада жазуға жол берілгенін сынады. Әсіресе орыс тілінен енген және орыс
тілі арқылы енген интернационалдық терминдерді жазу барысындағы
әркелкілікті көрсетеді. Мысалы,
pәnetijke, revolutsija, qijmija тәрізді
терминдердің жазылуындағы ала-құлалықты талдай келе, бұлардың
себептерін іздестіріп, оларды болдырмау тетігін қарастырады.
1934 жылы 27 қарашада өткен Мемлекеттік термин комиссиясы мен
Халық ағарту комиссариатының бағдарлама-методика секторының бірлескен
мәжілісінде термин жасау және бекіту, оларды жазудың емлесін белгілеуге
байланысты оқулықтар мен термин сөздіктерін баспадан шығару жайы
туралы Қ.Жұбановтың хабарламасы тыңдалады. Баяндамашы Қ.Жұбанов
қазақ тіліндегі сөздік құрамындағы сөздердің шығу тегіне қарамастан,
оларды жазудың бірізді емлесін ұсынған. Құжаттың түпнұсқа
тілімен
айтқанда былай делінген: «Единая орфография, по мнению докладчика,
должна в
полной мере обеспечить рациональное разрешение вопроса
орфографии и создать устойчивость ее.
Такое решение вопроса, по мнению докладчика, должно и может быть в
результате определения места написания узких не лабиальных гласных
171
звуков. Эти звуки, оставаясь в природе, в произношении однако, на
основании анализа
существующей орфографии, совершенно безболезненно
могли бы быть исключены из написания в закрытых слогах многосложных
слов. Принимая это правило, мы получаем возможность писать и
иноязычные международные слова (пример) без излишнего искажения его
доподлинной формы [ЦГА КазССР, Фонд – 8І, оп. – 3, дело – 679, лл. 1-200].
Профессор Қ.Жұбанов жасаған емле ережесінің ішінде мынадай бір
жайтқа назар аудара кетуге болады: «
Қазақ тілінің дыбыстары әруақытта
Достарыңызбен бөлісу: