Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет100/200
Дата18.11.2022
өлшемі3,08 Mb.
#51003
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   200
ғана мәселелерді ереже қылып кіргізді де, ең керек ірі мәселелерді мүлде сөз 
қылмай ұмыт қалдырды», – дейді. Мұнан шығатын қорытынды былай болса 
керек: «Тілдегі ала-құлалықты (тек қазақтың сөздерін ғана емес, шетел 
сөздерін де) ретке келтіруге болады, тек ол үшін әуелі осы ретке келтіретін 
ережелердің өзі түгелденуге тиіс». Олай болса, Қ.Жұбанов қазақ тілін 
ғылыми негізде жан-жақты зерттеу қазақ сөздерінің емлесін ғана емес, 
терминдердің қазақша жазылуын да ретке келтіре алатынын білмеді деуге 
болмайды. Алайда 1929 жылы емле ережесі қабылданғаннан 1935 жылғы 
әйгілі «терминологиялық қағидатқа» дейінгі аралықта мәселенің шешілер 
жері көрінбеуі және оның астарында жатқан ауыр саяси-әлеуметтік ахуал 
Қ.Жұбановқа қазақ тілінің тұтынушыларын оның табиғатына жат орыс 
тілінің ерекшелігіне тіл сындыруға бейімдеуден өзге жол қалдырмаған 
тәрізді.
3. Адамның мінез-құлқына оның жас кезінде алған тәрбиесінің үлкен 
әсер ететіні сияқты, кейінгі азаматтық позициясы мен дүниеге көзқарасын 
білім баспалдақтары қалыптастыратыны дау тудырмаса керек. Сондықтан 
Қ.Жұбановтың терминдерді «Алаш» зиялыларынан өзгеше бағытта құруына 
оның мемлекеттік қызметі мен «кеңестік режімнен» бөлек, оқыған ортасы 
және ғылымда бағдар берген ұстаздары да ықпал еткен тәрізді.
Ғалымның Ресейде тіл білімінен арнайы білім алған алғашқы қазақ 
оқымыстыларының санатында болуы, ғылыми еңбек жолында белгілі 
кеңестік (ресейлік) ғалымдармен аралас-құралас болып, пікір алмасу 
тәжірибесі «ортақ терминологиялық қордың» артықшылықтары жайлы түйін 
жасауына әсер етпей қоймаған сияқты. Ғалымның емле, терминология 
туралы жазған бірқатар мақалаларының сондай шетжұрттық зерттеушілер 
тарапынан оң бағаланып тұрғаны белгілі жайт.


204 
Қ.Жұбановтың әлеуметтік тіл білімімен астасатын ой-пікірлерінің 
бүгінгі қазақ тіл біліміне жалғасатын көкейкестілігі тұрғысынан мынадай 
басты-басты қорытындылар жасауға болады: 
1. Қ.Жұбановтың өмір сүрген уақыты елде ашаршылық пен сталиндік 
қуған-сүргін етек алған қиын-қыстау заманға тап келді.
2. 1933 жылы республикамызда алғаш рет құрылған Мемлекеттік 
термин комиссиясының тұңғыш төрағасы қызметінде жүріп, ғалымның 
терминдерге қатысты қыруар жұмыс тындырғаны, арнайы кітапша шығарып, 
терминдерді қалыптастыру қағидаттарын тікелей өзі жасағаны әлеуметтік тіл 
білімінде «тіл субъектісі» деп аталатын мұндай тұлғаның тіл саясатына 
тигізетін ықпалы үлкен болғандығын қапысыз растайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет