209
та мәні болса, ал ұлт болмысының тілдік сипатын зерттеу тілдің танымдық
мәнін дәлелдейді.
Міне,
тіл мен
ұлттың,
тіл мен
қоғамның сабақтастығын дәлелдеуді
талап ететін бүгінгі күннің рухани-танымдық сұранысына жауап беріп,
бүгінгі тіл ғылымының ғылыми-әдіснамалық жаңаша негізін белгілеуі аса
өзекті мәселе десек, профессор Қ.Жұбановтың ғылыми мұрасының да негізгі
қағидасы – осы.
Сондықтан жалпы тіл білімінде ұлттық тілді онтологиялық зерттеудің
түпқазығын сол тілде сөйлеуші халықтың жан дүниесімен, ой-санасымен,
тарихымен және мәдениетімен тығыз байланыста қараған В.фон Гумбольдт,
И.Гердер, Г.Пауль, В.Вундт, Г.Штейнталь, Э.Сепир, Б.Уорф, А.Потебня т.б.
ғалымдардың еңбектерін зерделеп, тілдің дамуын, сөз мағынасының дамуын
уақыт пен кеңістік шеңберінде, яғни өзі өмір сүретін адамзат қоғамының
белгілі бір кезеңіне сай дүниетанымымен тығыз байланысты деп қарайтын
жаңа ғылыми парадигма қалыптасуда. Осымен тектес қазақ тілін өз
табиғатына сай зерттеуді мақсат еткен проф. Қ.Жұбановтың ғылыми
парадигманы анықтаған топшылаулары мен тұжырымдарын бүгінгі күнгі тіл
ғылымы кеңістігіне сай былай деп көрсетуге болады:
Осы мақсаттағы зерттеу барысында парадигмалық өлшемдерді құрайтын
мәселелер келесі үлгіде жинақталады: 1)
парадигманың хронотопиялық
шектер арқылы дәйектелуі уәжделеді, яғни белгілі бір ғылыми
парадигманың дүниеге келуін анықтайтын маңызды көрсеткіштер қатарында
уақыт пен орын (мекен-жай) ерекше қызмет атқарады. Ал тарих қойнауына
еніп, алыстап кеткен парадигмалар салыстырмалы түрде айқындалады; 2)
парадигманың пайда болуын түсіндіретін
шарттар, алғышарттар мен
уәждер болатыны «
еш нәрсе бос жерде дүниеге келмейді, нөлден
басталмайды, барлық білім тарихи тұрғыдан шартталған және
байланысқан негізде дамиды» деген қағидаға сүйенеді; 3) ғалымның пікіріне
сәйкес,
көзделген мақсаттар мен міндеттер, көп жағдайда, парадигманың
аты мен бағыт-бағдарын нақтылайды; 4) тілші-ғалым парадигманы нақтылау
барысында
талдауға негіз болған пәндік аялар мен нысандардың да
ескерілуіне мән береді; 5)
қолданылатын әдіс-тәсілдер арқылы автор
парадигмалық тұжырымдардың ерекшелігін сұрыптайды; 6) тілші-ғалым
эволютивті аспект арқылы немесе бағалау әрекетінің көмегімен тіл білімін
жаңа сатыға көтеріп, тіл туралы деректер аса құнды сипаттамалар мен
түсініктемелерге жол ашады деген көзқарасты ұстанады.
Проф. Қ.Жұбанов түгел дерлік лингвистикалық деректерді: дыбыс
жүйесі мен үндесім заңдылығын, сөздер мен сөз тіркестерін, қосымшалар
мен басқа да грамматикалық категорияларды
антропологиялық призманың
желісінен өткізе байыптаған. Бір сөзінде Қ.Жұбанов: «
Біз жекелеген
лингвистикалық фактілерді тілдің басқа салаларымен жалпы бірлікте
қарастырып, осы байланысты қоғамның даму деңгейі, экономикалық,
Достарыңызбен бөлісу: