214
жылқы малының түр-түсі мен жас ерекшелігін атайтын лексемалардың өзі
ұшан-теңіз деуге болады.
Өз ұлты мен туыс халықтардың мәдениетіне, салт-дәстүріне қанық
болған ғалым Қ.Жұбанов тіл табиғаты мен ұлт болмысын бір арнаға
тоғыстыра білген. Заманы «буржуазияшыл ілім» деп таныса да, тіл
тамыршысы
проф.
Қ.Жұбанов
салыстырмалы-тарихи
әдістен
де,
этнолингвистикадан да бас тартпай, ұлт тілін зерттеуде тілтанымның барлық
қажетті, озық әдіс-тәсілдерін қолдана білген.
Әйтсе де, Қ.Жұбанов тілдегі құбылыстардың барлық жағын ұлттың
«ерекше» болмысымен байланыстыра берудің де
шегі бар екендігін
ескертеді. Бұл тұста Еуропалық ғылымда түркі жұртшылығына қатысты
«мәдениеті тең емес, кем» «көшпелі жабайылар» деген сыңайдағы әртүрлі
дақпырттар туғызған бірқатар фонологиялық пайымдаулар турасында ғалым
өзіндік қарсы пікірін білдіреді.
Осылайша, «ұлт пен тіл біртұтас» деген қағидаға сүйенетін, этностың
тілдік қазынасын сол халықтың рухани-мәдени, тарихи түпнегіздерімен
өзектестігі туралы мәселеге проф. Қ.Жұбановтың ғылыми мұрасын зерделеу
барысында анық көз жеткізе аламыз.
Демек, қазақ тіл білімінде профессор Қ.Жұбанов зерттеулерінің
тұжырымдарынан бастау алған тарихи-семантикалық функционалдық
қағидаға сай көптеген сөздердің тек тілдік төркінін ғана емес,
оның ұлт
болмысымен, мәдениетімен сабақтастығын да тануға болады.
Қазіргі рухани-әлеуметтік, қоғамдық даму барысынан туындайтын
қажеттілік ағынына сай туып жатқан ұлттық ұғымдар мен атаулар, терминдер
де осы негізде қалыптасса, ана тілінің табиғатына сай болмақ. Қазақ тіліндегі
тілдік жүйені зерттеуді тілдің өз табиғатына сай жүргізудің бастауында
тұрған қазақ тіл білімінің алғашқы профессоры Қ.Жұбановтың қағидаларын
зерделеу «ұлт пен тіл біртұтас», «тіл мен мәдениет», «тіл мен тарих» т.б.
сабақтастығында жүргізіліп жатқан қазіргі қазақ тіл білімінің танымдық,
кешенді бағыттарына қатысы айқын көрініп, жалғасын табуда.
Қазіргі тіл білімінде ұлттың рухани-мәдени қазынасы ретіндегі тілді
зерттеудің ауқымы кеңейе түсуде. Оның себебі: әр тіл –
өз бойында ұлт
тарихын, төл мәдениетін, танымы мен талғамын, мінезі мен санасын, кәсібі
мен салтын, дәстүрі мен даналығын тұтастықта сақтаған таңбалық жүйе.
Осындай мазмұнды құрылымына сәйкес ол – жай таңбалық жүйе емес,
бүкіл ұлт болмысын танытатын рухани мәдениет. Сондықтан оны зерттеуде
дәстүрлі құрылымдық лингвистиканың мүмкіндігі шектеулі. Себебі бұл арада
тілдің қызметі тек коммуникативтік емес, ол (тіл) – этномәдени ақпаратты
жинап, сақтаушы, жеткізуші, келесі ұрпаққа жалғастырушы, сайып келгенде,
бір бүтін етіп тұтастырушы. Сондықтан да қазіргі қазақ тіл білімінде тіл мен
мәдениет сабақтастығын,
атап айтқанда, тілдің бойындағы ұлттық сипатты,
ұлттық рухты тануға негізделген когнитивтік лингвистика, оның
лингвомәдениеттану, этнолингвистика, әлеуметтанымдық лингвистика,
психолингвистика т.б. салалары өріс алып келе жатыр деп санаймыз.
215
Шын мәнінде, жоғарыда атап көрсетілгендей, олардың бастау көздері
ретіндегі В.фон Гумбольдт, Э.Сепир т.б.
идеяларына сәйкес, сабақтас
пікірлерге,
теориялық
қағида
сипаттағы
ғылыми
нышандарының
көріністеріне қазақ тіл білімінің, мәдениеттануының негізін салушы
ғалымдардың еңбектерін зерделеу барысында тап боламыз. Атап айтқанда,
Ш.Уәлиханов, Қ.Жұбанов, Ә.Марғұлан, М.Әуезов т.б. еңбектерінде тіл мен
мәдениет сабақтастығына ерекше назар аударылған.
Проф. Қ.Жұбановтың тіл арқылы халықтың тағылымдық мұраты
этностың әр дәуірдегі ұрпақ өкілдеріне мәдени әрі тілдік мұра ретінде
сақталатынын және тіл мен мәдениетті табыстыратын жаңа саланың дүниеге
келетіні туралы сол кездердің өзінде-ақ болжам айтқаны белгілі. Ғалымның:
«
Халықтардың тұрмыс қалпы түрлі-түрлі болған соң, олардың әр затқа
Достарыңызбен бөлісу: