210
лингвистикадағы қандай сала бойынша жазған еңбектері болмасын, бәрінен
де айқын білініп тұрады. Атап айтсақ, бұл принципті ғалымның
тіл
палеонтологиясы
мен
этимологиялық
зерттеулерінен,
лингвомәдениеттанымдық және
этнолингвистикалық жорамалдауларынан,
тұжырымдарынан байқауға болады.
Қ.Жұбановтың «Тіл деген не?», «Микрокосмостық кезең», «Тотемизм
(идеология)», «Дүниеге көзқарас арқылы нәрсеге ат қою» т.б. дәрістік
циклдерінен тіл мен субъектінің арақатынасы, ұлт болмысы мен оған тән
дүниетаным мәселелері тіл әлемімен бірлікте қарастырылады. Егер ұлттық
философияның пәні – ұлт дүниетанымы болса,
белгілі бір халықтың
болмысына сәйкес мәдениеті, діні, өнері, фольклоры т.б. атрибуттары сол
ұлтқа тән «тілдік сана» мен «тілдік тұлғаны» қалыптастыратыны белгілі.
Сондықтан, таным дүниесі мен тіл әлемін бір сабақтастықта қарағанда ғана
зерттеу объектісі болып отырған ұлттың да, тілдің де шынайы табиғаты
айқындалмақ. Қ.Жұбановтың өз сөзімен айтсақ, «...
шынында, әpбip
құбылысты адам өз таpихи дәуipiнiң тудыpған көзқаpастаpы аpқылы
көpедi. Сондықтан әpбip ұлттың, оның iшiнде әpбip таптың өзiне жақын
һәм алыс құбылыстаpы болады».
Проф. Қ.Жұбанов қазақ лингвистикасына тілдік құралдарды танымдық
тұрғыдан саралаудың жаңа үлгісін ұсынумен қатар, маңызды ұстанымдардың
дүниеге келуін дәйектеді. Ол кез келген шығармаға тек құрылымдық
сипаттама беріп қана қоймай, сонымен қатар тілдік құралдар арқылы
берілетін идеялық ерекшеліктерге, адамзат табиғатын айқындар фактілерге,
оның
сыртқы ортамен, табиғатпен байланысар мүмкіндіктеріне мән берді,
оларды уақыт таразысымен өлшей келе, халықтық дүниетанымның
қалыптасу тарихы туралы сөз қозғады. Зерттеуші әр тілдік материалды елдің
салтын, әдет-ғұрпын пайымдап түсіндірудің, танымдық қорды жинақтаудың
көзі деп қабылдады.
Қазіргі тіл біліміндегі ғылыми парадигманың психолингвистикалық
саласын қалыптастырушы А.А.Леонтьевтің тұжырымына сәйкес: «Тілдің
қоғамдық құбылыс ретіндегі және тілдің психологиялық сипаты арасындағы
сәйкестік немесе тілде көрініс табатын жүйе мен қабілет арасындағы
байланыс олардың динамикалы әрі біріне-бірі ауысып өте беретін
өзгешелігіне қатысты болады», – (97, 636) деп, тілде байқалатын әлеуметтік
және психологиялық сәйкестіктер қазіргі тіл білімінде де тіл мен ойлаудың
арақатынасын, олардың бір-біріне әсерін, адамның
сөйлеу әрекеті арқылы
айғақталатын болмысын, өзіндік даму ерекшелігін танымдық негізде
лингвистикалық тұрғыдан дәйектейді. Тілге таза грамматикалық тұрғыдан
ғана емес, терең философиялық, логикалық, танымдық тұрғыдан көңіл
аудару нәтижесінде туындаған бұл өзгешеліктер адамзат тілінің
функционалды-семантикалық,
психофизиологиялық,
әлеуметтік
даму
бағыттарын айқындайтынын терең түсінген Қ.Жұбанов былай дейді: «...
тіл
адамдардың өзара қарым-қатынас жасау нормаларын жүзеге асырады,
олардың өзге жаратылыс иелерінен табиғи айырмашылығын анықтайды,
211
ойлау қабілетінің даму деңгейін сипаттайды. Оның адам «жанын»
айғақтайтын қасиеті де әмбебап құбылыс деп танылады. Тіл арқылы
адамзат атаулыны біріктіруге, олардың жеке этникалық ерекшеліктерін
сұрыптауға ішкі сырын айқара ашуға немесе жасырып «бүгіп қалуға»
болады» (8, 176).
Профессор Қ.Жұбанов тұжырымдары адамзат тіліне сипаттама беруден
басталып, оның жалпыға ортақ құндылығын айқындауға бағытталады.
Мұның дәлелі ретінде автордың «Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер» атты
еңбегінде «
адам баласының тілі», «
адам санасының жемісі», «
адам
тәжірибесінің қорытындысы» сияқты тіркестерді жиі кездестіруге болады.
Қ.Жұбанов: «
Ежелгі дәуір адамдарының алдымен өзінен басқа заттарға
ат қоятыны өзін сол басқаларға ұқсата айтатыны – өз басын кіші дүние
деп біліп, оны ана үлкен дүниеге ұқсатуынан болған. Осы таным тілге де
әсер еткен» деп, «Адам-Әлем» арасындағы қатыстылықтағы
тіл мен таным
сабақтастығының орнын анықтайды (8, 93).
Тіл білімінің әрі карай даму барысында кеңестік дәуірде тілді, негізінен,
таңбалық жүйе деп қарау және қарқынды дами бастаған нақты ғылымдардың
әсерімен тілдік бірліктердің құрылымы мен қызметіне ерекше назар
аударылуы ішкі форма, семантика мәселелерін «шетке ығыстырды». Соның
негізінде тілдің негізгі кызметі қарым-қатынас құралы деп бағаланып, оның
танымдық, руханилық қызметіне кеңестік тіл білімінде дұрыс мән берілмеді.
Ал, қазақ тілін ғылыми зерттеудің бастау көзінде тұрған Қ.Жұбанов сол
кездің өзінде бүгінгі тіл ерекшеліктерін талдау үшін тарихқа сүйене отырып,
реконструкция жасауды, яғни тарихи принципті ұсынып, былай деп жазған
болатын: «
Тіл – адамзат тарихының қоймасы тәрізді. Жердің тарихын
білем дегендерге белгілі бір тәртіппен бірінің үстіне бірі орналасқан
қатарлар арқылы із қалдырып, жердің геологиялық даму кезеңдерін
көрсететін жер қабаттары тәрізді тілдің де әрбір кезеңі даму тәртібіне
сай тілде қаланып, қалыптасып, сақталады» (8, 404). Осылай деп,
Қ.Жұбанов қазақ тіл білімінде бірінші болып қазіргі тілдік деректерді тарихи
қағидаға сүйене отырып қайта жаңғыртуды ұсынады.
Әрине, Қ.Жұбанов өмір сүрген заманда аталған ұстаным дәл қазіргідей
антропологиялық
(антропоцентристік)
принцип
немесе
лингвомәдениеттаным деп аталмаса да, ғалым
ұстанған негізгі қағида
осыған саятын. Соның дәлелі ретінде лингвист-ғалымның ұлт мәдениетінің
үлкен саласы – қазақ музыкасы жайында арнайы жүргізген мейлінше терең
зерттеу жұмыстарын атап кетуге болады. Ғалым тіл мен тарих деректеріне
сүйеніп жазған «Қазақ музыкасында күй жанрының пайда болуы жайынан»
деген белгілі еңбегінде көптеген музыкалық ұғымдар мен терминдерге
лингвомәдениеттанымдық-этимологиялық әдіс бойынша талдау жасайды.
Проф. Қ.Жұбановтың: «
Әp нәpсенiң, әp құбылыстың да әлденеше қыpы,
сыpы, сипаты болмақ. Дұpыс бiлiм – сол қыpы, сыpы, сипатының бәpiн
болмағанмен (баpлығын түгел қамтып болмайды, ұшы қиыpы көп), көбiн,
негiздiлеpiн көpсетiп беpе алумен ғана табылмақ. Фоpмашылдықтың