мәймөңкеге шорқақ, кәрі заман елдері қылығын қымтамай, ашып айтатын
еді, бүгіндегілер бүркеншікті сүйеді» (122). Мұның өзі құбылыстардың,
оқиғалардың, фактілердің себептері мен салдарын талдағанда қиялдың,
түйсінудің рөлін жоққа шығаруға болмайтындығын көрсетеді.
Қ.Жұбановтың публицист ретіндегі шеберлігін қарастырғанда, ең
алдымен байқалатыны – тақырып қоюға жауапты қарайтындығы, сол кездің
өзінде жазған материалына жақсы тақырып табуды өнер деп санағаны, бір
тақырыпты екіншісіне ұқсатпауға тырысатындығы. Қарымды публицист
қойған тақырыптардың ең басты ерекшеліктері – ұстамдылығы, жылылығы,
халыққа
түсінікті
болуы,
қарапайымдылығы.
Терең
ғылыми
публицистикалық мақаласының тақырыбы да қарапайым екендігі
сүйсіндіреді. Публицистің тақырып қоюдағы даралығының тағы бір қыры –
қысқа қайыруға ұмтылатындығы. Тақырып қысқа қайырылғандықтан, жеңіл
оқылады.
Қ.Жұбановтың публициске тән өзіндік дүниетанымына сай өмірді
көркемдік заңымен игерудің жолын да тез меңгерді. Қ.Жұбанов ғылыми
публицистиканың теңдессіз үлгісінде жазды. Айрықша сипатқа ие ғылыми
публицистикасының өзіндік ерекшеліктерінің бірі – оның жаңашылдығы.
Бұл ретте зерттеуші А.Нұрадиновтың: «Профессор Х.К.Жубанов был
впереди своего времени,предвосхитил изучение многих явлении языкового и
речевого порядка», – деген пікірі қолдауға тұрарлық деп білеміз (123).
Қ.Жұбанов публицистикасына тән шығармашылық даралық, өзіндік
қолтаңба, ешкімге ұқсамайтын соны үрдіс, лингвистикалық әлеует – талант
тегеурінділігінің айғағы. Стильдік жағынан да, шығармаларының
композициялық құрылымы жөнінен де, айшықты ойлау тұрғысынан
қарастырғанда да, дәлелдемелер жүйесі бойынша да және полемикалық
үрдісті қатаң ұстанатындығы тұрғысынан да қайталанбас өзгешелігін
танытады. Ұлттанушы-публицистің қазақ елінің басын біріктірген,
ыдыратпай ұстаған жайттар жөніндегі тұжырымды ойлары бүгінгі күндері де
маңызын жоймағандығы айқын. Қ.Жұбановтың тұжырымдарына сүйенсек,
біріншіден, шаруашылығы бірыңғай мал өсіру болғандықтан да, бірігіп
қорғау қажеттілігі туындайды; елдің ат арқасына мінері тегісінен әскерде
264
болғандықтан да, олардың ауызбірлігі мықты болды; екіншіден, көшпелі мал
шаруашылығы мен жер-мүлкінің ортақтығы адамдардың бір-бірімен
араласуына мүмкіндік берді; үшіншіден, рулардың арасындағы қонысқа,
басқаға талас та үздіксіз араласып, жарасып тұруға қолайлы жағдай туғызды;
төртіншіден, әр рудың ішкі қатынасы үзілмей отырғандығы да оң ықпалын
тигізді.
«Төңкеріс және қазақтың ұлт тілі» еңбегінде де Қ.Жұбановқа тән
қасиет – нені зерттесе де қопара, қотара зерттейтіндігі айқын көрінді.
Әсіресе, ғалым-публицистің тілдік материалдарды жалаң күйінде
қарастырмай, оны сол кездегі тілге қатысы бар мәселелермен, саяси-
экономикалық, әлеуметтік, мәдени жағдайлармен байланыстыра,
сабақтастыра отырып қарастыруы, яғни тілді мәдениеттің өлшеуіші деп
тануы, тілдің өркендеуін – дамуымыздың, өсуіміздің басты өлшеміне балауы
сонылығымен ерекшеленеді. Атап өтерлік жайт – аталмыш мақалада
ұлтжанды Қ.Жұбановтың осы кезге дейін белгісіз болып келген өткір, саяси
сипатқа ие, публицистика тілімен баяндалатын соны ой-толғаулары хатқа
түскен.
Құдайберген Жұбанов публицист ретінде ХХ ғасырдың басындағы
қазақ зиялыларының алдында тұрған шешімін таппаған көптеген мәселелерді
қаузауға атсалысты. Бұл мәселелердің қатарында мыналарды атауға болады:
саяси жағынан артта қалушылық, кенже дамыған мәдениет, кенеуін
келтіретін шаруалары мол оқу-ағарту, әлсіз дамыған шаруашылық, төмен
дәрежедегі әлеуметтік тұрмыс, елдің ендігі жүретін жолы. Публицист
күнделікті өмір ағымына ілесіп, бұған үн қату үшін, өз ойын жедел
жеткізетін журналистика саласында қалам тербеді. Қазақ ұлтының ауыр
тағдыр-талайын көрсете алды.
Ой батылдығы Қ.Жұбанов публицистикасын ерекшелендіріп тұрған
жайттардың бірінен саналады. Терең біліммен ұштасқан білгірлік ой
батылдығының
бастауындай.
Қаламгердің
публицистикалық
шығармашылығын айқындап тұрған ерекшеліктердің негізгілерінің бірі –
өзекті ғылыми идея. Автор өзекті ғылыми идеяны түпқазық ретінде
ұстанады да танымдық қуаты жағынан мықты шығармаларды дүниеге
әкеледі. Тағы бір стильдік ерекшелік – жұртшылыққа арнап жазып
отырғандығын айқын сезінуі, оқырманмен арадағы байланыстың көзге
көрінбес жібінің жалғасын тапқандай. Мұның өзі публицистің өмірлік
тәжірибесінің молдығынан, қалам қуатының мықтылығынан байқалады.
Оқырманға ақыл айтудан, оған өзінің пікірін күштеп таңудан аулақ, қайта
өзінің дәлелдерін оқырман өзімен бірге ойланатындай рәуіште ұсынады.
Қ.Жұбанов публицистикасы жанрлық жағынан да сан қилы сипатта
көрінді. Қаламгерлік қадамын дербес заметкадан (ескертпе) бастап, кейінірек
қаламы төселіп сарабдал мақалалар, өткір фельетон жазуға ден қойды. Сол
кезеңнің айшықты суреттерін айна-қатесіз көз алдыңа келтіретін памфлеттері
де, оқырмандар тарапынан жылы қабылданған фельетондары да
жұртшылықты баурап алды. Ол сол кездің өзінде баспасөз бетіндегі
265
пікірталас мәдениетін толық меңгерді. Ұтымды ойлар мен кемел пікірлерді
қажет жерінде ретімен айта алды. Өзінің білімінің тереңдігін, білгірлігін
аңғартты. Бір ғажабы – оның өзіндік стилін ешкіммен шатастыру мүмкін
емес.
Қ.Жұбанов публицистикасының түп-төркініне үңіле, оны туындатқан
себеп-салдарларды зерделей, парасатты публицистиканы қалыптастырған
бастау-бұлақтарды көрсете, теориялық негіздемелерін тиянақтай, жан-жақты
қарастыра отырып, төмендегіше түйін-тұжырым жасауға болады:
Біріншіден, ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ жерінде қалыптасқан
ерекше қоғамдық-саяси ахуал (1916 жылғы ұлттық-азаттық көтеріліс, 1917
жылғы Ақпан буржуазиялық-демократиялық және Қазан революциялары,
Алаш қозғалысы және азамат соғысы) бір мақсатқа тоғысқан, пікірлері ортақ
тұғырлы тұлғалардың қазақ публицистикасына араласуына негіз болды. Бұл
үдеріске өнімді араласқан тұлғалардың бірі – қазақ тіл білімінің көрнекті
өкілі Құдайберген Жұбанов сол кезеңнің өзекті мәселелері жөнінде
тынбастан қалам тербеді. Алғашында әкімшілік-мәдениет орталықтарынан
шалғайда жүргенімен, елде болып жатқан елеулі оқиғаларға азаматтық
ұстаным тұрғысынан үн қатты.
Екіншіден, өркениеті үлгілі, мәдениетті елдерде жақсы дамыған
қолжазба журнал дәстүріне Қ.Жұбановтың атсалысуы оның пайымды
публицист
ретінде
қалыптасуына
игі
әсерін
тигізді.
Қазақ
журналистикасындағы қолжазба журнал дәстүріне қосылған үлес ретінде
публицистің «Тез» және «Ай» басылымдарын ұйымдастырып, қаламын
машықтандырғанынан байқауға болады. Аталмыш қолжазба журналдары көз
көргендердің куәлігіне қарағанда сол кездің өзінде ағартушылық сипатпен
шектелмеді, әлеуметтік мәселелерді көтере білді және орыс әдебиетінің
жауһарлары тұңғыш рет аударылды. Жұрт эстетикалық жағынан ғана
сусындап қоймады, сонымен қатар әлеуметтік теңсіздік туралы өз ойларын
ашық білдіруге мүмкіндік алды.
Үшіншіден, қазақ халқының ХХ ғасырдың басындағы қоғамдық-
әлеуметтік ойының көшбасшысы болған «Қазақ», сондай-ақ «Алаш»
газеттеріне Қ.Жұбановтың автор ретінде қатысуы да оның рухани
таңдауының дұрыстығын айқын аңғартады. Кезең тудырған ұлт
зиялыларының өкілі ретінде аталмыш басылымдардағы жарияланымдары
арқылы өз халқының болашақ даму бағдарын айқындауға елеулі үлес қосты.
Отаршылдық бұғаудан құтылу, тәуелсіз мемлекет құру, халықтың санасын
ояту бағытындағы басылымдарға автор ретінде белсене атсалысуының өзі
публицистің қалам қарымын байқатса керек. Жерге қатысты, қазақ елінің
әкімшілік және сот құрылымына байланысты, оқу-ағарту ісінің жай-күйін
арқау еткен жарияланымдары оқырмандарға ықпал-әсерін тигізгендігі анық.
Төртіншіден, Қ.Жұбановтың 20-30 жылдардағы халық ағарту, басқа да
әлеуметтік-экономикалық мәселелерді көтерген жарияланымдары қазақ
публицистикасына соны леп әкелгендей әсер қалдырады. Бұл кездегі
жарияланымдарынан тақырып аясының кеңігені, әлеуметтік мәні зор
266
мәселелерге деген тың көзқарасының қалыптаса бастағаны айқын
аңғарылады. Халық ағарту тақырыбына жазылған публицистикалық
жарияланымдары өзекті мәселелерді тап басып көрсетуімен ерекшеленеді.
Осы саланың білікті маманы екені, қандай тұжырымды алға тартса да, соны
жеріне жеткізе отырып дәлелдеуге тырысатыны сезіледі. Сондай-ақ әйел
теңдігі, қалың мал мәселелері көтерілген тұста публицист байсалды, сарабдал
көзқарасын ашық білдіреді.
Бесіншіден, Қ.Жұбановтың өзіндік ерекшелігі, даралығы басым
публицистикалық шығармашылығын шартты түрде үш кезеңге бөліп
қарастыруға болады. Мұның өзі оның бай публицистикалық мұрасын терең
талдауға мүмкіндік береді. Публицист шығармашылығының әр кезеңі өзіндік
ерекшеліктерге толы. Дәуір шежіресін шынайы жазу машығы байқалады.
Тереңнен толғап ой айту, жылдар өте келе жарияланымдарының жүгі
ауырлай түсуі заңдылық сияқты көрінеді. Шартты түрде бөлінген алғашқы
кезеңге
машықтану,
қалыптасу
тән
болса,
екінші
кезеңде
жарияланымдарының ауқымы кеңейіп, күрделі мәселелерді арқау ету игі
үрдіске айналады, ал үшінші кезеңде публицист соны қырынан танылады,
өрелі ойларды батыл білдіріп, ғылыми терең публицистиканың
жауһарларымен сусындатады.
Алтыншыдан, Қ.Жұбанов қазақ публицистикасындағы көшелі ой-
танымдарды қажетсінетін ғылыми публицистиканың бастауында тұрды.
Мұның өзі ғылыми ой-пікірлердің қалың көпшілік тарапынан жылы
қабылдануы қажеттігінен туындады. Ғылыми идеяларды қалың көпшілікке
ұғынықты стильмен баяндаудың теңдессіз үлгісін көрсетті. Публицист
қаламынан шыққан ғылыми публицистика нақты ғылыми деңгейге
сәйкестігімен, өзектілігімен, ақпараттық-деректік қуатымен, фактілерге қатаң
талап қойылуымен, талдауының тереңдігімен, тұжырымдардың барынша
негізделуімен, әдеби-көркемдік сапасымен ерекшеленетіні – осының айқын
дәлелі.
Жетіншіден, Қ.Жұбанов мәселені терең меңгерген ұлттанушы-
публицист ретінде танылды. Публицистің әлеуметтік тұрғыдан ой толғауы
дәл қазіргі кезде жазылғандай ұлт болмысын терең түсінуге, ұлтаралық
қайшылықтарды саралауға қолғабысын тигізеді. Ұлттардың, мәдениеттердің
байланысы жөніндегі толғамдары қазір де өзінің құндылығын жойған жоқ.
Сегізіншіден, Қ.Жұбанов публицистикасы жанрлық жағынан әрқилы
болып келеді: очерк, фельетон, корреспонденция, эссе, шолу, мақала,
рецензия және басқалары. Тақырыптық жағынан оның бай публицистикалық
мұрасын былайша айқындауға болады: 1) ғылыми; 2) қоғамдық-саяси; 3)
шаруашылық-өндірістік; 4) мәдени-ағартушылық; 5) көркем-әдеби. Ғылыми-
публицистикалық шығармаларындағы көтерген проблемалар да сан қилы: 1)
фонетика; 2) қазақ тілінің грамматикасы (морфологиясы мен синтаксисі); 3)
жалпы тіл білімі мәселелері, 4) қазақтың ұлттық жазба әдеби тілінің тарихы
мен дамуы; 5) қазақ жазуы, орфографиясы, терминологиясы; 6) оқулықтар,
267
оқу бағдарламалары, оқыту әдістемелері; 7) мәдениет пен өнер мәселелері; 8)
қазақ халқының әлеуметтік-экономикалық проблемалары.
Тоғызыншыдан, публицист Жұбановтың шеберлігі оның талдауының
тереңдігінен, редакторлық ескертпелерінен, полемикалық үрдісті жетік
меңгергендігінен, тақырып қоюдағы даралығынан, стиліндегі өзгешеліктен
айқын байқалады.
Қазіргідей өзіміздің тарихи тамырымызды аршып жатқан кезеңде
ғалымның бай публицистикалық мұрасын терең және жан-жақты зерттеліп,
қалың көпшілікке кеңінен таныстырыла бастады. Өйткені, оның
публицистикалық шығармалары өз ұлтына жаны ашитын ғалым-публицистің
қайраткерлік тұлғасын танытады. Ол заманының «шектеулі мүмкіндігіне»
қарамастан, қазақ халқының ұлттық болмыс-бітімін жан-жақты саралап
көрсетті, өзекті мәселелердің сырын ашты, халық ішінде қоғамдық пікір
орнықтырды,
түйткілі
көп
нәрселерге
жұрттың
көзін
жеткізді.
Жарияланымдары арқылы қазақтың намысын жануды, іс-әрекетіне қозғау
салуды мақсат тұтты. Бодандық бұғауындағы елдің санасын сілкінтуге
айтулы үлес қосты. Дегенмен, Қ.Жұбанов өмір сүрген кезеңде әлі
«ғылымдардың түйісуі» туралы сөз бола қоймаса да, публицист мұны
жаңашылдықпен сезініп үлгірді. Публицист шығармашылығының басты
ерекшелігі айқын байқалды. Мұның өзі қалың көпшіліктің арасында ілімді
кеңінен насихаттауға сайды. Қаламгер публицистикасы әлі күнге дейін өзінің
өзектілігін сақтағанымен, жаңа заманның ақпараттық талабына сай
келетінімен, фактілерді талғап, таңдап алуымен, ой-толғам тереңдігімен,
дәлелдерінің негізделуімен, әдеби-көркемдік деңгейінің жоғарылығымен
ерекшеленеді. Публицист салғаннан ғылыми публицистика оқырмандарға
ұғынықты, түсінікті тілмен жазылуы керектігін, әрбір толғанысынан сәулелі
ой ұшқыны шашылуы қажеттігін тап басып таныған сыңайлы.
М.Әуезовше қисындасақ, ХХ ғасырдың алғашқы онжылдықтарында:
«Газет, журнал жалпы әдебиетпен қосылған жерде елдің қисығын түзейтін,
тез-терісін көрсететін айна, ойы мен көңілін білім жарығына қарай айдайтын
айдаушы» болды (124). Осындай өзінің рухын үнемі елге ұғымды етіп, түзу
жолмен аумай жүріп отырған газет, журналдар көп болмаса да, бұл іске
Қ.Жұбановтай публицистер білек сыбана атсалысты. Қазақ оқырманының ой-
сезіміне азық боларлық жаңа түр, жаңа үлгі қалыптастырды. Қандай тілге бай
жұрт болсын, ғылым жолына түсе бастағанда тілі кемшілік қылып, бөтен
жұрттың тілін жамау қылып, неше түрлі әлеміштенген. Қазақ баспасөзінде
бұл үдерістің зардабын азайтуға үлес қосқан ғалым-публицистердің бірі
Қ.Жұбанов болды.
Қазақтың әдеби тілінің тарихын зерттеген академик Р.Сыздықованың
пайымдауларына ден қойсақ, ХІХ ғасырдың ІІ жартысында қазақ тілі қоғам
өмірінің барлық жағын суреттей алатын мол, тұрақты сөздік қорымен
ерекшеленді, «...бұл кезеңдегі публицистика тілі мен жартылай ғылыми
стильге тән белгілердің бірі – аналитикалық тәсілді жиі пайдалану», –
болғаны анық (125). Демек, ғалым публицистикалық стиль мен ғылыми
268
стильдің арасындағы жақындықты жоққа шығармайды. Құдайберген
Жұбановтың ғылыми публицистикасы осының нақты көрінісі іспетті.
Түйіндей келе, Қ.Жұбановтың ғылыми публицистикасының басты
сипаттарына тоқталуға болады: біріншіден, қандай ғылыми тұжырымды алға
тартса да, айқындықтан айнымайды; екіншіден, жарияланымда келтірілген
ой-пікірлер ұғынықтылығымен ерекшеленеді; үшіншіден, қандай пікір
болмасын көркемдікпен беріледі; төртіншіден, публицист қисындауларының
қай-қайсысы да философиялық терең мағыналылығымен танылады;
бесіншіден, баяндаулардағы поэтикалық қуат-қарымы оқырманды баурап
алады.
Демек, Құдайберген Жұбановтың тегеурінді шығармашылығы өзіндік
дәстүрі бар, ерекшелігі мол күрделі құбылыс ретінде қазақ публицистикасын
зерттеушілердің нысаны болып қала бермек. «Халықтың ақпаратты еркін
алуы, оның мазмұнының әртүрлі көзқарас тұрғысынан бағалануы, әртүрлі
көздердің қамтылуы қоғамның дамығандығынан, өркениеттілік дәрежесінен
хабардар етеді», – (126, 28) деген ғылыми тұжырымға сүйенсек, публицист-
ғалымның шығармашылығы алдағы уақытта да маңызын жоймақ емес.
«Бұқаралық ақпарат құралдары – қоғамдағы, экономикадағы және іскер
топтардағы күштердің арасалмағын айқындайтын құрал», «журналист қандай
мәселені қаузаса да парасат шеңберінен шықпауы керек» (127) деген бағыт-
бағдар ұсталынып отырған кезеңде Қ.Жұбанов публицистикасының
тағылымы да жасампаздыққа қызмет ете бермек.
Достарыңызбен бөлісу: |