282
бетімен орындалатын жұмыс түрлері қарастырылып, сабақтың әртүрлі
элементтерінің өзара байланысты болуы көзделеді.
Педагог Қ.Жұбанов әдістемелік бірлестік мәжілістерінің күн тәртібіне
оқуға деген практикалық дағдыны қалыптастыруға арналған жұмыс түрлерін,
қоршаған ортаны ауызша суреттеп беруге үйрету әдістемесін жетілдіру
мәселесін, бала тіліндегі кемістіктерді жою,
ана тілі дыбыстарын дұрыс
айтуға үйрету проблемасын, оқушының жазу қабілетін жетілдіруге арналған
жұмыс түрлерін талдауды ұсынады және бұл жұмыстарды жүзеге асырудың
нақты жолдарын меңзейді. Мұның бәрі ғалым ұсынған проблемалардың
соңғы кездері қолданысқа енген сөйлесім әрекетінің бес түрі арқылы
(оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым, тілдесім) тілдік қатынасқа қол
жеткізу проблемасымен өзектес екенін көрсетеді. Шынында да, бұдан
ғалымның сол заманның өзінде-ақ қазақ тілін меңгеруде грамматикалық
ұғымдарды түсіндірумен қатар,
дұрыс оқу, оқығанның мазмұнын жеткізе
білу, көргенін ауызша айта білу және жазу қабілетін жетілдіру сияқты
практикалық дағдыларды қалыптастырудың маңыздылығын алдыңғы орынға
қойғаны көрінеді.
Әдіскер-ғалымның мұғалімдер мен ағарту саласы қызметкерлеріне жан-
жақты әдістемелік жол сілтеуі атақты «Жанғазыға хатында» да анық
көрінеді. Сабақтың сәтті немесе сәтсіз өтуі мұғалім қолданған әдіс-тәсілдерге
де байланысты екенін Қ.Жұбанов жақсы түсінген. Ғалым Ж.Жолаевқа жазған
хатында: «
Оңай болу мен қиын болу кітаптан болмай, мұғалімнен де болып
қалады», – деп, бұл пікірін әрі қарай тереңдете түседі. Оқыту кілті –
шеберлікте деген байлам жасайды. Ол: «
Неден бастадың? Неден үлгі алдың?
Қалай аяқтадың? Қалай жаттықтырдың?» деген сұрақтар қоя отырып,
мұғалім қолданған әдістерге үлкен мән береді. Ұстаздың сабақ барысында
кездестірген қиындықтарын соған сәйкес анықтамақ болады. Егер ұстаздың
сабақ түсіндірудегі
әдістері дұрыс болса, онда олқылықты оқулықтан іздеу
керек дейді.
Ғалым-ұстаз ұсынған амал-тәсілдер мен әдістемелік ұғымдар қазіргі
оқыту үрдісінде орын алған ұғымдармен үндес келеді. Мәселен,
- қазіргі
таным үдерісі– тілші айтқан
өмірге үңілдіру;
-
проблемалы оқыту – оқушы алдында проблема қоя оқыту;
-
пәнаралық байланыс – бір пәнді игерту үшін оған екінші пәнді құрал
ету;
-
дамыта оқыту – жүйелі ойға төселдіру;
-
тіл дамыту – сөзбен суреттеп көрсетудің т.б. негізгі бағыт-бағдарымен
сәйкес келеді.
Қ.Жұбановтың бұл әдістемелік көзқарастарында қазіргі таңда
қолданылып жүрген танымдық та, коммуникативтік те, ақпараттық та
құзыреттіліктерді қалыптастырудың бастамасы жатқанын аңғару қиын емес.
Олай болса, соңғы кездері айтылып, жиі қолданылып жүрген әдістемелік
әдіс-тәсілдердің тамыры тереңде екенін профессор Қ.Жұбановтың ғылыми-
әдістемелік мұралары дәлелдеп отыр. Оқытудың алдыңғы қатарлы әдістерін
283
пайдалану қай кезде де оқу үдерісін ізгілендіру талаптарын жүзеге асыруға,
оқушыларды оқу әрекетін өз бетімен жоспарлауға, өзін-өзі бақылауға және
толықтыруға үйретеді.
Құдайберген Жұбанов сынды әмбебап ғалымның,
алып ойшылдың
оқыту
ісіне
байланысты
лингводидактикалық
және
әдістемелік
тұжырымдарын тиянақтап, жүйелеу, оның еңбектеріндегі өміршең
идеяларды жаңа уақыт тұрғысынан зерделеп, таныту қазіргі заман талабына
лайық ұлт зиялылары қалыптастырған қағидаларды қайта жаңғыртып
қолдану бағытындағы ұтымды жол болып табылады. «Сүйер ұлың болса, сен
сүй, сүйінерге жарар ол», – деп Абай айтқандай, даналығымен даралығын
танытқан, тереңдігімен тұшымды тұжырым жасаған, ұлтының болашағын
тәрбиелеуге қатысты қарымды да құнды ой
қалдырған Құдайберген
Жұбановтың педагогикалық еңбектерін зерделеу нәтижесінде ұлттық
педагогика ғылымының қазынасы одан сайын толыға берері даусыз.
Достарыңызбен бөлісу: