275
Өзінің «жаңа» грамматикасын жасауда Қ.Жұбанов грек-латын
мәдениетінен басталып, Еуропаға, орыс жеріне, араб, парсы және түркі тілді
елдерге тараған грамматикалардың дайын үлгісін пайдаланбайды.
Педагогика,
психология, физиология және философия ғылымдарымен
қаруланған, ана тілінің жай-жапсарын жақсы білген ол қазақ тілі
грамматикасын жазу үшін жаңа жол іздейді.
Бұл сапарда оның ұстанған
бағыты қазақ тілі грамматикасының үлгісі мен жүйесін сол тілдің өзіндік
ерекшелігінен іздеу болған. Ғалым педагогика мен дидактиканың
принциптері мен
әдіс-тәсілдерін іріктей келіп, олардың ішінен нақ қазақ
тіліне ғана тиімділерін таңдап алып, соларға сай дидактикалық принциптерді
белгілейді. Мұның өзі қазақ тілінің әдістемесін жүйелеуге қажетті баға
жетпес жаңалық болатын. Сондықтан бұл
грамматика оқулық жасаумен
шұғылданушы авторларға, әдіскер-ғалымдарға күні бүгінге дейін үлгі-жоба
ретінде елеулі пайда тигізе алары хақ.Қ.Жұбанов өзінің грамматикасында
Достарыңызбен бөлісу: