Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет143/200
Дата18.11.2022
өлшемі3,08 Mb.
#51003
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   200
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

бұйымдейміз. 
Бұйым жасауға керекті затты материал дейміз», –деп бір 
түйеді де, «үй» деген бұйымды жасау үшін қажетті материалдарды санап 
береді. Одан кейін әрбір бұйым шикізаттан ғана жасалып қоймай, бір 
бұйымның екінші бұйымға материал да болатынын айтады. Жүн, жібек, 
мақта,кендірден жіп жасалатынын, жіп деген материалдан өрмек 
тоқылатынын, өрмектен шыққан матадан киім тігілетінін тәптіштеп, 
біртіндеп түсіндіреді. Мақсаты – салыстыру арқылы сөз бөлшектерінің 
«шикізат емес», «бұйым» екенін түсіндіру. Сөйтіп, ол «сөз бұйымдарының 
бірі біріне материал болады. Сөз бөлшектерінің әрбір ірісі –өзіне тете 
ұсағынан жасалған бұйым, әрбір ұсағы – өзіне тете ірісін жасайтын 


280 
материал», – деп бірде талдап, бірде жинақтап ойын қорыту жолымен сөздің, 
сөйлемнің, сөйлеудің ішкі құрылысын, бірінен-бірі жасалатынын тұрмыстан 
алынған нақты мысалдармен салыстыра түсіндіреді. Бұдан әрі ғалым-ұстаз 
сөзді, сөйлемді т.б. дұрыс құрай білу үшін шәкірттерге олардың сыр-сипатын 
білгізу шарт дейді. Осыған орай ол оқулықта тағы бір салыстыру береді. Бұл 
жолы да автор грамматикалық құбылыстарды білгізуді өмірдегі еңбек 
үдерісімен салғастыра бақылатудан бастайды. «Бұйымды дұрыс жасап шығу 
үшін оның қалай жасалатынын, оның қандай материалдан жасалатынын
ол материалдың сыр-сипатын білу керек. Темірден құрап жасайтын да, 
ағаштан құрап жасайтын да бұйымдар бола береді. Темірді пісіріп, ағашты 
желімдеп ұстатамыз. Темірді ағашша желімдеп; ағашты темірше пісіріп 
ұстататын болсақ, материалдардың сыр-сипатын, қалай құрастыру әдісін 
білмегеніміз болады», –дейді профессор Қ.Жұбанов. Айқын да көрнекі 
мысал. Оқушыларды ойландырып, олардың санасында із қалдырарлықтай! 
Материалдың сыр-сипатын білмеген адам «темірді желімдеп, ағашты пісіріп 
дегендей» теріс әрекет жасайтыны оқушыларды ойлантып, қолындағы 
материалдың тегіне үңіле қарауға мәжбүр етеді. Сайып келгенде, бұндай 
салыстыру оларды сөздің сыр-сипатына баса назар аударуға жетелейді. 
Ғалым-педагог: «Сөз бұйымын дұрыс жасап шығу үшін де, оның жасалу 
жолын материалының сыр-сипатын білу керек. Білмесе, мұнда да темірді 
желімдеп, ағашты пісіргендей нәтиже шыға береді», – деп, түпкі мақсатын 
салыстыру арқылы жеткізеді. Осылайша тілдің зандылықтарын өмірмен 
өзектестіре ойланып түсінген оқушылар грамматиканың фонетика, 
морфология, синтаксис салаларындағы материалдарын оңай меңгереді деп 
есептеген автор. Салыстыру әдісі тек бірінші бөліммен ғана шектелмейді. 
Автор қажет деп тапқан жерде үйлесіміне қарай салыстыру әдісін 
грамматиканың басқа бөлімдеріне де пайдаланады. Мысалы, сөйлем 
мүшелерін өтіп жатқанда барлық (тұрлаулы, тұрлаусыз) мүшелері түгел 
сөйлемді басы, аяғы, қолы, дене мүшелері түгел адаммен салыстырады. Ал 
бір ғана сөзден тұратын сөйлемді қол-аяғы жоқ, домалақ денемен 
салыстырады. Грамматиканың фонетика бөлімінде тіл дыбыстарының пайда 
болуын әр түрлі музыкалық аспаптардың үн шығару қасиетімен қатар қойып, 
өзара ұқсастырады. Табиғаттағы дыбыс деген ұғымды арбаның салдырымен 
және т.б. салыстыра түсіндіреді. Жоғарыда айтылғандай, салыстырудың 
мақсаты – оқушылардың ойына із қалдыру: көрінбейтін құбылысты көрнекі 
ету. Демек, оқулықта келтірілген бұл салыстырулар көрнекілік әдістің де 
қызметін атқарады.
Адам өзін қоршаған дүниені көру, есту, дәм мен иісті сезу, түйсіну т.б. 
сыртқы әсерлердің көмегімен таниды. Бала психикасының заңдылықтарын 
жақсы білген ұстаз грамматиканың әр тақырыбын әсерлі баяндап, оқушының 
есту сезімдеріне әсер етеді. Өмірден мысал келтіріп, оқушыларға бұрыннан 
таныс іс-тәжірибелерді қайтадан іске қосады. Дерексіз ұғымды деректі 
әрекеттермен салыстыру арқылы баланың ойын жандандырады. Сөйтіп, 
оқушы кітаптағы сөзбен бейнеленген әсерлі суреттерді ой-көзімен көреді.


281 
Ұстаз-ғалым Қ.Жұбанов талдау мен жинақтауды өз
грамматикасында сатылық ұстаныммен шебер ұштастырады да, содан әрі 
шәкірттерге қазақ тілін оқытуға қажетті басқа да әдіс-тәсілдерді іздестіреді. 
Педагог-әдіскер Қ.Жұбановтың «Жаңа грамматика» оқулығында әдістің 
мынадай түрлері көрсетілген: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет