Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет142/200
Дата18.11.2022
өлшемі3,08 Mb.
#51003
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   200
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

сатылы ұстанымы Қ.Жұбановтың грамматикасы арқылы қазақ мектептеріне 
тұңғыш рет жол тапты. Қ.Жұбанов оқытудың қасаң догмалық жолына қарсы 
тұрып, білім беру процесінің түсінікті болуына барынша күш салған. Оның 
грамматикасындағы принциптер мен әдістер іштей өзара тұтаса келіп
сыныптағы сабақ жұмысының бастан-аяқ түсінікті өтуін камтамасыз етуге 
бағытталған. Бұл мақсат тек ереже арқылы немесе тек мұғалімнің тақырыпты 
түсіндіруінің қарапайымдылыгы арқылы орындалмайды», – дейді 
М.Қ.Жұбанова (133).
Сонымен, саналылық, жүйелілік, білімді бекіту ұстанымдарына сүйенген 
сабақ жүйесі:
● тақырып пен тақырыпшалардың орналасуы;
● өткен сабақ пен жаңа сабақты ұштастырудағы мұғалімнің қолданған 
әдіс-тәсілдері, терминдерді, ережелерді түсіндіруі; 
● тақырып пен әдістеменің біріне-бірі сәйкес, үндесіп келуі арқылы 
орындалады. 
«Жаңа грамматиканың жаңалығы» деген мақаласында профессор 
Қ.Жұбанов бұл грамматиканы сатылы ұстанымға сай жазғанын айтады. 
Автор бұл принципті қазақ тілінің заңдылықтарына сәйкес қолданады да, 
түсіндіру барысында тілдің заңдылықтарын сатылап береді. Нәтижесінде бір 
тақырып игеру үшін бірінен-бірі өрбитін бірнеше саты шығады. Осыдан 
кейін оқулықта талдау мен жинақтау әдістері пайдаланылады. Соған сай тілді 
тұтас бір бүгін ретінде қарастырып, бүтіннің бөлшегін сатылап таныстыру 
көзделген. Қ.Жұбанов талдау мен сатылы құрылысты негізге алып, 
тақырыпты біртіндеп түсіндіреді. Сөзіміз жалаң болмас үшін оқулыққа 
жүгінейік. «Сөз бөлшектері» деген тақырыпты түсіндіргенде ол: «Сөз ауызекі 
де сөйленеді, қағазға да жазылады. Жазылған сөз түгел бір кітап болуы да, 
шағын бір хат болуы да, тек бір кісінің аты болуы да, тіпті бір ғана әріп 
болуы да мүмкін. Осы сияқты, ауызекі сөйленген сөз де ұзақ бір әңгіме, 
тұтас бір баяндама болуы да, немесе бір-ақ ауыз сөз болып, не бір нәрсенің 
ғана аты, тіпті бір ғана дыбыс болуы да мүмкін. Осылардың бәрі де сөз 
бөлшектері болады», –дейді. 
Сөйтіп, автор оқулықта «сөз бөлшектері» деген жаңа терминді қолданады. 
Сатылап оқыту ұстанымы оқушыларға бірден ауыр материалды бермей, 
жеңілден бастауға, қиын деген түсінікті бөліп, біртіндеп түсіндіруді мақсат 
етеді. Мысалы, тілші оқулықта сөйлем мүшелерінің ішінен алдымен 
«баяндауышты», содан кейін «бастауышты» табу керек дейді. Оның себебі 
баяндауыш сөйлем ішінен оңай табылады. Өйткені қазақ тілінде 
баяндауыштар сөйлемнің аяғында тұрады. Еңәуелі оңай табылатын сөйлем 
мүшесін анықтаған соң, қиындық туғызатын сөйлем мүшесін соға 
байланыстырып табуға болады дей келіп, тілші баяндауыштың сөйлемнің 
соңында келмейтін позицияларына да түсінік бере кетеді. Осы әдіспен 
түсіндіруді автор: «Баяндауыштың алдына кім? не? деген сұрауларды қойып 


279 
бастауышты оңай тауып алуға болады», –дейді.Оқушыларға сөйлемнің 
бастауышын, баяндауышын және айқындауышын меңгертіп алғаннан кейін 
тілші арасына бірнеше тақырып салып, «анықтауыш пен толықтауышты» 
түсіндірген дұрыс деп есептейді. Оқулыққа үңіле қараған адам оның өн 
бойынан біріне-бірі жол сілтеп тұрған өтпелі сатыларды көрері даусыз. 
Сатылап түсіндіру оқушылардың ойлау жүйесін дамытады, есте сақтау 
қабілетін арттырады және білімді жүйелі түрде меңгеруге көмектеседі. Оқу 
үдерісі осылайша сатылы ұстанымға негізделіп, ал талдау мен жинақтау әдісі 
қазақ тілінің өз заңдылығына сай қолданылса, сабақ мақсатына толық жетеді. 
Профессор Қ.Жұбанов жай сөйлем түрлерін және құрмалас 
сөйлемдерді оқыту бағдарламасында олардың әрқайсысына сағат бөліп, 
тыныс белгілерін де бірге үйретуді көздейді. 
Қ.Жұбанов күрделі сөзжасам тәсілдерін ғылыми тұрғыдан негіздеп 
қана қоймай, оқушыларға түсінікті қабылдату үшін сөздердің күрделену 
қағидаты туралы оқытушы басшылыққа алатын әдістемелік нұсқау береді, 
ережелерін түсіндіреді. 
Оқыту барысында салыстырудың тигізер пайдасы мол екендігі ақиқат. Біз 
сөзетіп отырған оқулықта салыстыру әдісі молынан және ұтымды 
пайдаланылған. Бұл әдіс, әсіресе, оқулықтың алғашқы бөлімдерінде көрініс 
тапқан. Ғалым «сөз бөлшектері» деген тақырыпшаны түсіндіруде: «Сөз 
бөлшектерінің кітап, әңгіме сияқты ірілері болсын, әріп, дыбыс сияқты 
ұсақтары болсын, қай-қайсысы да, бітулі киімдей айналасы көмкерілген бір 
бүтін нәрсе. Сөйте тұра, бұлардың бүтіндігі біртұтас, сом бүтіндік емес; 
киімнің өңір, шабу, артқы бой, жең, жаға бөлшектерден құралатыны 
сияқты, әр бөлшектердің өзінің ішкі бөлшектері бар; әрқайсысы сол ішкі 
бөлшектерден қиындалып, құралып барып жасалады», –дейді. Автор одан 
әрі сөз бөлшектерінің бірігуін де салыстыра көрсетеді. Оқушыларды өмірге, 
еңбек үдерісіне үңілдіре отырып, күнде көріпжүрген немесе көруге, 
бақылауға болатын мысалдарға жүгіне отырып, олардың тіл құрылымдарын 
(сөздерден сөйлем; дыбыстардан сөз құралатынын) түсініп, меңгерулеріне 
жол ашады. Ал, сөз бұйымы мен сөз материалы туралы түсінік берместен 
бұрын, жалпы «бұйым» және «материал» деген ұғымдардың ара жігін ашып 
береді. «Тігіліп біткен киім, тоқылып шыққан өрмек, иіріліп болған жіп 
сияқты, сол күйінде адам керегіне жарарлық болып жасалған затты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет