Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет19/200
Дата18.11.2022
өлшемі3,08 Mb.
#51003
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   200
ақырында, ең кішкене кесегі атомға келіп тіреледі». ХІХ ғасырдың басында 
әлемдегі техникалық және жаратылыстану ғылымдары қарқынды дамығаны 
белгілі. Ғалымның айтуынша, «оларды зерттеуге түрлі метод қолданылады. 
Объектив әдісімен іс істеу тілшілерге де жұқты». Зерттеу барысында 
ғалымдар өз пәндерінде ең кіші бірліктерді іздеп, әрекет жасағаны мәлім. 
Құдайберген Жұбанов – өз заманындағы өзгерістерді сезіп, сол уақыттың 
сұранысына сәйкес тілдің ең кішкене бөлігін танытып, сипаттап берген 
ғалым. «Дыбыс тілдің атомы болып саналады, атом – заттың бөлінбейтін, 
өзгермейтін, ең кішкене бөлшегі», – дейді ғалым.
Сондай-ақ Құдайберген Жұбанов сөйленімнің мүшелену теориясына да 
үлес қосқан. Сөйленімнің мүшелену нәтижесінде оның сегментті бірліктері 
анықталады. Сегменттерге мүшелеуде оның қандай бірліктерге бөлінетінін, 
олардың өзара қалай байланысатынын, сөз құрамында орналасу ретін, дыбыс 
бірліктерінің қайсысы айрықша қызмет атқаратынын байқауға болады. 
Дыбыс бірліктерінің (фонемалардың) бір-бірімен тіркесуі сөз бен 
морфемалардың құрамында қарастырылады. Фонема дистрибуциясын 
зерттеу барысында, оның қай позицияда кездесетінін, қандай фонемалар бір-
бірімен үйлесетінін және олардың өзара орын тәртібі мен санына 
байланыстылығы анықталады. Фонеманың іске асуына байланысты басым 
қызмет ететін дистрибуциясы мен әлсіз дистрибуциялар айқындалады. 
Шағын бірліктердің сөз мағынасын түрлендіру, сөз өзгерту қызметі тіл 
білімінің функциональды бағытын әрі қарай дамытуға үлес қосты. 
Фонемалардың үйлесуі мен реттелуі (дистрибуциясы) буынның құрылымдық 
ерекшеліктерімен, сөздің басы мен аяғының дыбысталу қасиеттерімен және 


67 
басқа да әр тілдің өзіндік факторларымен байланысты болады. 
Фонемалардың дистрибуциясы мен сөздің мүшеленуіне ғалым тарихи 
аспектіде қарайды «дыбыс, буын, сөз, сөйлем дегендер тіл тарихында 
дүниеге келген»... және оны бейнелеп сипаттайды: «Кірпіштерден құрап үй 
саламыз, талдардан құрап шетен тоқимыз... осыған қарай әр нәрсені тек 
құрастырудан, ұластырудан барып жарыққа шыққандай көреміз. 
Дыбыстар да қаланып барып, сөз жарын (қабырғасын) қаңқитқандай 
көрінеді». Келтірілген сілтемеден ғалымның ғылыми тұжырымды қарапайым 
түсінікті тілмен түсіндірудің қас шебері екендігін аңғарамыз. 
Фонеманы үш аспекті бойынша қарастыруға болады: физикалық 
аспекті, физиологиялық аспекті және лингвистикалық аспекті. Фонеманың 
физиологиялық және физикалық аспектілері оның акустика-артикуляторлық 
сипатын қамтиды, ал лингвистикалық аспекті оның функционалды жағын 
қарастырады. Қ.Жұбановтың фонемаларды сипаттауында осы үш аспекті 
қамтылған. «Қазақ тілінің қазіргі физиологиясын сөз қылмастан бұрын
физика жағынан қарағанда, дыбыстың қозғалудан, толқыннан болатынын 
еске алу керек және толқын мен қозғалудың да белгілі бір шекте болуының, 
белгілі бір мөлшерде болуының шарты екендігін ұмытпау керек. Қозғалу 
үшін қозғау керектігін, ол қозғаушы күштің де түрлі дәрежеде 
болатындығын ескеру керек», – дейді ғалым. Бұл пікірден қазақ тілінің 
фонемалық жүйесін сипаттау барысында, ғалым фонемалардың дыбыстау 
мүшелерінің физикалық және физиологиялық ерекшеліктері мен жасалу 
жолдарын анықтап бергендігі айқын көрінеді. Артикуляциялық-акустикалық 
сипаттаулармен қатар фонеманың функционалды ерекшеліктері де 
көрсетілген. Демек, бұндай ғылыми тұжырымдар қазақ фонологиясын 
зерттеуде Қ.Жұбановтың елеулі жетістіктерге жеткендігінің бұлтартпас 
дәлелі деп есептейміз.
Қ.Жұбанов дыбыстау аппараттары өкпе, ауыз, мұрын және кедергі 
мүшелер деп, «өкпе, сырнайдың көрігінше, ісініп-басылып, ауаны біресе 
сыртқа теуіп, біресе ішке тартып тұратынын», ал ауыз, мұрын қуыстары 
дыбысты зорайтып тұрса, ауа ағыны бірде еріннен, бірде тіс түбі, не таңдай, 
не көмейден бөгеліп, кедергіленеді де, дыбыс та кедергісіне байланысты 
әртүрлі шығатынын айтады. Дауысты дыбыстарды шығаруда дыбыстау 
мүшелеріне, ал дауыссыздарды шығарған кезде ауыз ішіндегі кедергі 
мүшелерге күш түсетінін дұрыс көрсетіп, олардың қызметін де дәл тани 
білген. Қ.Жұбанов дауыстыларда үн басым, дауыссыздарда салдыр басым, 
бірақ екеуіне де үн мен салдырдың қатысты екендігін айтып қана қоймай, 
осы ерекшеліктеріне қарай екі топқа жіктесе, бұлардан басқа, «үні мен 
салдыры тең» дыбыстарды сонорлар деп, олардың «дауыстылардай 
өнделмейтінін, дауыссыздардай егізделмейтінін» айтып, топтастыруында 
осы басты ерекшеліктерін көрсетеді. Қ.Жұбанов «дыбыстау түріне қарай» 
дауыстыларды толық дауыстылар а, э, е, о, ө, келте дауыстылар ы, і, у, у 
және қосынды дауыстылар ұу/үу, ый/ій деп үш топқа бөлген. Қазақ тіліндегі 
дауыстылар жуан-жіңішкелігінің фонологиялық кезеңі болатынын дұрыс 


68 
аңғарған ғалым жазуда олардың әрбіреуі бір-бір таңбамен белгіленетінін 
айтып, ал қосынды дауыстыларда мұндай қасиет жоқ деп есептеп, ұу/үу – бір 
ғана у, ый/ій қосындылары й әріптерімен таңбалануын ұсынған. Жасалу 
түріне қарай ерін дауыстылары о, ө, ұ, ү және езу дауыстылары а, ә, е, ы, і 
деп топтастырған. Қазақ тілі дауысты дыбыстарын алғаш рет үш 
оппозициялық топқа бөліп жіктеген В.Радлов болса, оның ісі Қ.Жұбановтың 
ана тіліміздегі зерттеу еңбегінде жалғасын тапты. Қазақ тілі дыбыстарының 
жуан-жіңішке, еріндік-езулік, ашық-қысаң болып қарама-қарсы қойылуының 
фонематикалық мәні зор (29). «Дауысты дыбыстардың түріне қарай, жіктелуі 
мен жасалу түріне қарай жіктелуінің екеуін қосып, таблицаға салсақ, 
мынадай болады» деп, Қ.Жұбанов төмендегі кестені ұсынады: 
Ашық дауыстылар 
Келте дауыстылар 
Қосынды 
дауыстылар 
ерін 
езу 
ерін 
езу 
ерін 
езу 
Жуаны 
Жіңішкесі 
Барлығы 
о 
ө 

а 
ә, е 

ұ 
ү 

ы 
і 

ұу 
үу 

ый 
ій 

Қ.Жұбанов салдыр болып, я салдыры басым болып шығатын 
дыбыстарды дауыссыз дыбыстар деп, оларға п, б, с, з, ш, ж, т, д, к, қ, ғ, г 
дыбыстарын жатқызады да, оларды үнді, үнсіз, үздіксіз, көмей, тіс, ерін 
дауыссыздары, жабысыңқы-жуысыңқы, сыбыр-сыбыс дауыссыздар деп 
бөледі. «Жабысыңқы дыбыстардың салдыры есікті жауып қалғандағы, я 
ашып қалғандағы секілді болады да, бір жауып, бір ашып тұрмасаң, дыбыс 
шықпайды. Бір жауып, бір ашып тұрғаннан шыққан дыбыс болғасын үздік-
үздік болып шығады. Жуысыңқы дыбыстардың салдыры үздіксіз болатыны 
– мұнда сыбызғының түтігінен өткендей, ауа тар қуыстан сүзіліп өтеді де, 
жолы бекітілмейді. Сондықтан соза беруге келеді», – дейді ғалым.
Дауыссыз дыбыстардың жалпы кестесі төмендегідей болды: 
Жасалу түріне қарай 
Жабысыңқы 
Жуысыңқы 
Созымдылығына қарай 
Үздікті 
Үздіксіз 
Дауысталуына қарай 
Сыбыр 
Сыбыс 
Үн түріне 
қарай 
Үнсіз Үнді 
қ к п
ғ г б
т с 
д з 
ш 
ж 
Шығатын орнына қарай 
Көмей Ерін
Тіс 
Сол сияқты сонор дауыссыздарда да тура жолдыу, й, айналма жолды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет