Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген


ң пайда болған; жаздық > йаздығыз // йаздыныз; жалбақта > жалбаңда



Pdf көрінісі
бет23/200
Дата18.11.2022
өлшемі3,08 Mb.
#51003
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   200
ң пайда болған; жаздық > йаздығыз // йаздыныз; жалбақта > жалбаңда
қаз. қақпа; тат. қапқа; жалпы түрік. қапағ – қапуғ – қапық; қаз. жап – 
жасыл; тат. йәм – йәсия. Қазақ тілінде өкпе-өпке болып айтыла береді. 
Демек, к-п, п-к, болып кездеседі». Бұл мысалдардан «метатеза» құбылысын 


74 
да байқауға болады. Ғалым бұл терминді атамаса да, сол кездің өзінде 
мұндай құбылыстың бар екенін көрсетіп, оны әрі қарай арнайы зерттеуге із 
салып кетті деп айта аламыз. «Еріндік дауыссыз дыбыстардың бірін-бірі 
ауыстыра беретіндігін жап, жабыл, жамыл, жауып деген мысалдардан да 
көреміз», – дейді ғалым. Түркітанушылардың пікірлеріне сүйенсек, ескі түркі 
тілдерінде сөз басында [m] (м)-ның орнына [b] (б) дыбысы сәйкес келіп 
қолданылған. Мысалы, түрікмен тілінде «mи» [myj] деген сөзге бұрын bejni 
деген сөз сәйкес келген, әзірбайжан тілінде «бет» деген сөзге bäniz деген сөз 
сәйкес келеді. Құмық тілінде «мойын» деген сөзге bojun деген сөз сәйкес 
келген. Кейін ескі түркі тіліндегі [b] дыбысының [m]-ға ауысуы туралы 
болжамға сүйеніп, оның заңдылығын табу қиын емес сияқты болғанымен, 
оған қарсы гипотеза төмендегідей заңдылық туралы айтуға мүмкіндік беретін 
сияқты. Мысалы, әзірбайжан тілінде [b] > [m]-ға көшуі, ауысуы үшін сөздің 
сол буыны синхрондық деңгейде мұрын жолды дыбыстан басталады: män – 
«мен», min – «мың» болуы керек, бірақ bäniz – «бет», bejin – «ми» болып тұр. 
Ал қазіргі қазақ тілінде ескі түркі тіліндегі bojun > mojyn болып өзгерген. 
Түрікмен тілінде [b] > [m]-ға көшуі үшін түбірде дәл сол дауысты дыбыстан 
кейін ескі (бұрынғы) мұрын жолды дыбыстың рефлексі men (мен), meniz – 
бет, maj (ban) болуы қажет, бірақ bejni (ми); moger < moner < byjŋuz (мүйіз). 
Қазіргі қазақ тілінде mujiz (мүйіз) byjŋuz-дан ауысқан болар. 
Көне түркі тілінің құрылымы түбір тілдердің типіне жақын 
тұрғандықтан, сондай фонологиялық құрылым моновокалды тілге тән, себебі 
ол уақытта грамматикалық қатынастар агглютинативтік қосымшалардан 
емес, әлі грамматикаланбаған, моновокалды морфемалардан тұрған. Осыған 
орай ғалым-зерттеуші өзінің пікірін де білдірген. «Бір кезде қосымша деген 
болмай, тілде өңкей түбір сөздер ғана болғандығы байқалады. Қосымша 
қолданбайтын, өңкей түбір сөз ғана жұмсайтын тілдер осы күнде де бар». 
Бұл пікір Құдайберген Жұбановтың салыстырмалы-тарихи әдістерден де 
хабардар болғандығын растайды және ХІХ ғасырда өмір сүрген Франц 
Бопптың еңбегімен таныс болғандығын оның мына пікірінен аңғарамыз: 
«1816 жылы немістің Франц Бопп деген адамы Европа тілі мен үнді тілінің 
дыбыстарын салыстырып барып, екеуін бір тіл деп білген. Бұл – европа-үнді 
тіл іліміне негіз салушы адам».
Бұл жерде айта кететін жайт – тарихи фонетика салыстырмалы-тарихи 
тіл білімінің фонетикалық құбылыстар тұжырымдамасына сүйене отырып 
дамығаны 
белгілі. 
Оның 
нәтижелері 
классикалық 
фонетикалық 
заңдылықтардың құбылыстары мен үдерістеріне негізделген. 1818 жылы дат 
тілшісі Расмуск Раск дыбыс өзгерістерінің құбылыстарын зерттеп, сипаттап 
берген болатын. Расктың бұл сипаттаған дыбыс құбылыстары кейін 
дауыссыздардың алға ілгерілеу заңы деп аталды. Ал неміс тілшісі Якоб 
Гримм 
герман 
тілдерінің 
материалдарына 
негізделген 
Расктың 
дауыссыздардың алға ілгерілеу үрдісі туралы қағидасын дәлелдеген.
Құдайберген Жұбанов дыбыс пен әріптің ажыратылуы экспериментті 
фонетикалық зерттеулерге байланысты болатынын айтқан. Ғалым: «Әрбір 


75 
жеке дыбыстың қай жерде қандай болып ұшырайтынын анықтау үшін 
бүгінде ғылым түрлі аппараттар қолданып, эксперимент жолымен 
мәселенің түйінін шешіп отырады. Бірақ біздің қазақ тілі дыбыстары 
мұндай эксперимент зерттеу көрген емес», – деп, қазақ тіл білімі тарихында 
эксперименттік фонетика туралы алғашқы болып пікір қозғады. Рас, ХІХ 
ғасырдың аяғында пайда болған аспапты фонетиканың алғашқы жетістіктері 
фонологияның тууына себепші болды. Әртүрлі вариантта іске асырылатын 
дербес бірлік ретінде фонема деген ұғым сол уақытта пайда болды. 
Фонеманың мазмұны фонетика жүйесіндегі алатын орны мен атқаратын рөлі
басқа тіл элементтеріне қатыстылығымен айқындалатын болды. Тарихи 
фонетикамен бірге диахрондық фонология да қарқынды дами бастады. 
Ғалым-тілші ретінде Құдайберген Жұбановты дыбыстардың алғаш рет 
шығуы, пайда болу мәселелері ерекше қызықтырған. Ғалым бұл турасында: 
«Әнді дыбыстар бір нәрсені атау үшін, сөйлеу, сөйлесу үшін емес, 
табиғатқа әсер ету үшін қажет. Біз адам болмастан бұрын да дыбысымыз 
болған. Ол кезде тіл дыбысын шығарайын дегендіктен емес, қорыққанда, 
шақырғанда шығарғанбыз. Бұрындағы л мен р дыбыстарының бірлігі белгілі. 
Мысалы, корей ат дегенді мал дейді, малдың дегенді – мари. Ол заманда 
сөйлеу аппараттары еңбек бөліспеген. Тегінде ауыз – тамақ жеу үшін 
жасалған ғой. Қурайдың сыбызғы болуы үшін өспейтіні секілді, ауыз да 
сөйлеу үшін жаратылмаған.Тіл өзіне арналмаған материалды да 
пайдаланған (Кейбір құстың әзір ұяны пайдаланатындығы сияқты). 
Ауыздың қазіргі дәрежеге жетуі табиғаттан емес, адамның өзі үшін еңбек 
етуінен. Тіл дыбыстарының да қазіргі дәрежеге жетуі үшін көп себептер 
керек болған. Арбау, айқайлау, құс шақыру, аң үркіту, қырман басында жел 
шақыру, табиғатты балталау», – деген пікір айтады. Дыбыстардың пайда 
болу мәселесі жөнінде қазіргі тіл білімінде әртүрлі көзқарастар бар. Әйтсе де 
профессор өзінің ішкі түйсігі арқылы жарыққа шыққан пікірін бүкпесіз айта 
білген. 
Демек, Құдайберген Жұбанов дыбыстардың пайда болуын тек тарихи 
фонетика-фонологиялық құбылыстардың өзгеруімен ғана емес, әлеуметтік-
қоғамдық 
және 
физиологиялық-артикуляциялық 
себептермен 
байланыстырады. Байырғы замандарда сөз, сөйлеу әлі қалыптаспаған кезде 
адамдар бір-бірімен бейвербалды (сигнал, просодикалық тәсілдер) әдістер 
арқылы қарым-қатынаста болған және фонемалардың пайда болуынан бұрын 
бірнеше кезең өткен. Қазақ тілінің фонемалары ұзақ жылдар бойы 
қалыптасып, айырым белгілері сұрыпталып, әртүрлі аллофондарда іске 
асырылатын функционалдық ең шағын лингвистикалық бірлікке айналған.
Құдайберген Жұбанов қазақ тілі фонетикасының тарихын зерттеуде 
салыстырмалы-тарихи, типологиялық әдістерді кеңінен пайдаланады және 
көне ескерткіштермен бірге тілдің синхрондық кесігін зерттеу жолын 
көрсетеді, себебі құнды ақпаратты тек жазба деректерден емес, тілдің қазіргі 
қалпынан да алуға болады. Басқаша айтқанда, ататілдің фонетикалық 
жүйесін түзу үшін – бір тілдің синхронды кесігін немесе бірнеше туыстас, 


76 
тектес тілдердің әртүрлі синхрондық кесіктерін зерттеп сипаттау керек. Осы 
жолмен қазіргі түркі тілдерінің белгілі фонологиялық құрылымдарына 
сүйене отырып, ретроспекция арқылы жалпы түркі тілдерінің ататілдік 
моделін құруға болады. Осы жөнінде ғалым: «Изучение языка в движении
развитии делает необходимым условием принцип историзма. Поскольку 
история языка не постигается одним тем, что в состоянии дать 
письменные памятники, то не остается иного пути, кроме использования 
материалов, которые поставляет нам сам живой язык, в силу своей 
природы представляющий собой накопление всей предшествующей историей 
человечества», – деген пікірі кейінгі зерттеушілер үшін «темірқазық» іспетті. 
Қазіргі және көне түркі тілдеріндегі фонетикалық материалдарды 
салыстырғанда байқалған ерекшелік – ол р және з дауыссыздарының 
алмасуы. Бұл «ротацизм» деген құбылыс қазіргі түркі тілдерінде реликтілік 
фактілер ретінде сақталған. Қ.Жұбановтың назарынан бұл құбылыс та тыс 
қалмаған: «Давно известное в турецких языках чередование р-з, наличное и в 
казахском в таких родственных образованиях, как көр-көз, семір-семіз, сір-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет