133
Ғалымдардың пікірінше, кісі аттарын анықтаушы сөздер, мейлі олар
таза сын есім немесе
бір мезгілде әрі сын есім, әрі зат есім болатын аралас
есім, не тіпті нағыз зат есім болған жағдайда да анықталушы мүшелерден
кейін, яғни жеке адамдардың әлеуметтік сипатын, табын, тегін, кәсібін
білдіретін сөздер ретінде кісі аттарының соңынан тұруы керек. Ал, қазіргі
уақытта жеке адамдардың табиғи
қасиеттерін сипаттайтын сұлу, таз т.б.
(
Айман сұлу, Ғали таз) ұғымдар өткен заманда әлеуметтік анықтауыштар
қатарына жатқызылған болу керек деп қорытады. Демек, кісі аттары (
Айсұлу,
Қыз Жібек т.б. тәрізді) – тіл дамуының көне көзі ретінде сақталған архикалық
реликтілік құбылыс.
Егер кісі аттарын анықтаушы кәсіптік және әлеуметтік-таптық ұғымдағы
сөздер анықталушы сөздің екі жағына да емін-еркін орналасатын болса,
тайпалық және тектік-әлеуметтік анықтауыштардың
орналасуынан басқаша
позиция байқалады. Бұл жерде сөз тәртібі бір ғана үлгіде болады:
арғын
Жәнібек, байұлы Сырым, қара Қыпшақ Қобыланды және т.б.
Ал, адамдарға жеке аттардың қойылу тарихына, генезисіне келетін
болсақ, ғылым оның кейінгі кезде шыққан құбылыс екенін анықтап отыр.
Қ.Жұбанов қоғам мүшелеріне жеке аттар қойылмас бұрын адамдар өзінің
тайпасы
мен ұлысының, руының жалпы атын иемденген дейді. Жаңа
жағдайларда қоғам мүшелерінің арасында күрделі қарым-қатынастар туып,
жеке адамдардың рөлі көтеріліп, оларды әулетінің атымен атаушылық бірте-
бірте қажет болмай қалған. Осыдан келіп әркімді өзінің жеке аттарымен атау
дәстүрі қалыптасқан (67, 125-129).
Қ.Жұбанов жеке кісі аты ру аттарымен аталып,
бай, сұлу, батыр
сияқты анықтауыш сөздердің әрдайым постпозициялық қолданысқа бейім
тұруы – олардың негізгі есімі – ру аттары болғандығынан деп пайымдайды.
Бірақ, таптық, касталық және басқа да әлеуметтік топтардың түрлерін
сипаттайтын сөздердің бұндай категориялары өздерінің мағыналарынан
ертерек
ажырап қалып, жекелеген адамдардың әрқайсысына тән дербес
қасиеттерін білдіру үшін қолданылатын болған. Сөйтіп олар (сұлу, батыр,
бай...) атрибутивтік мағынадағы анықтауыш қызметінде жұмсалғандығын
көрсетеді. Ол: «
Если и по сей день эти определители обладают силой
свободно располагаться по обеим сторонам своих определяемых, то в этом
следует лишь видеть борьбу двух синтаксических структур – старой, по
которой они должны следовать за определяемыми, и новой, по которой они
Достарыңызбен бөлісу: