Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген


Тілтаным теориясы туралы тұжырымдар



Pdf көрінісі
бет62/200
Дата18.11.2022
өлшемі3,08 Mb.
#51003
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   200
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

 
Тілтаным теориясы туралы тұжырымдар
(Қ.Жұбановтың тіл теориясына қатысты пайымдаулары) 
XIX және XX ғасырларда тіл туралы ғылымның бір саласы «Жалпы тіл 
білімі» деп аталды, қазіргі кезде оның орнына «Тіл теориясы» деген атау 
қолданылуда. Бұл термин «Жалпы тіл білімі» оқулықтарында да аталады. Тіл 
теориясы оқулықтарында бұрын-соңды қозғалған мәселелердің шешімі 
шығарылып, жаңа идеялар ұсынылуда. Сонымен қатар теориялық мәселелер 
(идеялар мен ұстанымдар жүйесі), ғылыми таным әдіснамасы мен әдіс, 
тәсілдер қамтылады. «Тіл теориясының» (әлеуметтік лингвистика, 
психолингвистика) мамандық шифры – 10.02.19. Мұнда әлеуметтік 
лингвистика, психолингвистика т.с.с. тіл білімінің жаңа салалары қамтылады. 
Ал «Тіл білімі теориясы» курсы – әлемнің жоғары оқу орындарында 
лингвистикалық пәндер зерттеулерін теориялық қорытындылайтын пән. 
Тіл теориясы саласында «пайымдау» сөзі мен «парадигма» термині өз 
орынын тапқан. «Пайымдау» деген – белгілі бір нәрсенің мән-жайының 
байыбына бару. Демек, «Қ.Жұбанов пайымдаулары» деген – ғалымның 
лингвистикалық ой-пікірлері. Ал «парадигма» – ғылымға американдық 
ғалым Томас Кун (1977) енгізген ұғым. Оның түсіндіруінде парадигма – 
белгілі уақыт ішінде өзекті мәселелерді күн тәртібіне қою мен шешудің 
моделін беретін, жалпы мойындалған ғылыми жетістіктер жиынтығы (70, 5). 
Лингвистикалық ізденіс стратегиясы даму барысында оның пәнін 
нақтылаудың өзіндік мәні бар. Бір жағынан, бұрындары дәстүрлі түрде, 
әсіресе Ф. де Соссюр, И.А.Бодуэн де Куртенэ еңбектерінен кейін, 
лингвистика пәні тіл болып алаңсыз анықталушы еді, кейін, ХХ ғасырдың 
соңына қарай, ол (тіл) ғылыми танымның өзге нысандарымен, атап айтқанда, 
сөйленім, қарым-қатынас, іс-әрекет, психика, мәдениет, этноспен 
қатынаста қарастырыла бастады. Бұлардың әрқайсысының тілге қатынасы 
өзінше. Біреулері тілмен генетикалық байланыста болса (сөйленім, қарым-
қатынас), енді бірсыпырасы шектестік жағдайдағы байланыста болды. Ол – 
ол ма, әрқайсысы іштей тармақталады, кейде қарама-қарсылық жағдайда 


139 
байланысқан. Әлбетте, мұндай қарама-қарсылық жинала келе, ғылымда 
түбегейлі өзгерістерге әкеледі. Мұндай өзгерістерді Т.Кун ғылымда 
таңғаларлық (феноменологиялық) ауысуға әкелетін «ғылыми төңкерістер» – 
парадигмалар 
деп 
атады. 
Олар 
идеялар 
тасқынын 
жүйелеп, 
металингвистикалық тұрақтылық пен өзгерістерді болжауға мүмкіндік 
туғызады. Өкінішке орай, парадигманың орнына қазіргі кезде ғылымда 
«бағыт», «теория», «тұжырымдама» сияқты терминдерді біліп, білмей 
қолдану байқалып қалады. 
Парадигма – тіл теориясының өзекті арнасы. Парадигма болудың екі 
шарты бар: біріншіден, ол гуманитарлық білім саласына таралуы тиіс. 
Мысалы, құрылымдық парадигманы алсақ, ол алғашқыда биологияда, содан 
соң тарих, лингвистика, әдебиеттану т.б. ғылым түрлеріне тарады. Екіншіден, 
парадигма деген – өзекті мәселелерді алға тарту мен оны шешудің моделін 
ұсынатын ғылыми нұсқаулар жиынтығы. Осы ретте парадигма деген атқа 
гуманитарлық 
ғылымдарда 
кең 
тараған 
қолданымдық 
тұрғы 
(функционалдық тұрғыдан қарастыру) ие болар еді. Айта кетуге болады, 
проф. Қ.Жұбанов өзінің «Дәрістерінде» «функциональная семантика 
(Атқаратын қызметіне қарап затқа ат тағылады)» деген мәселеге тоқталған 
(71, 96). Бұл қазіргі тіл теориясында қарастырылады. 
Жұбановтану ғылымы – кең ауқымды тақырып, ал Қ.Жұбанов 
пайымдаулары – ғылымның зерттелетін бір қыры. Бұл ғылымның нысаны 
лингвистикалық, педагогикалық, әдебиеттану т.с.с. сипатты болып келеді. 
Жұбановтану ғылымы – көпқырлы ғылым, оның лингвистикалық нысаны, 
қысқа қайырғанда, тіл теориясы, адамның қарым-қатынас құралы, тіл жүйесі 
және оның сөйленімдік жүзеге асуы. 
Проф. Қ.Жұбанов зерттеулерінің қазақ тіліне арналғаны рас, бірақ ол 
қазақ тілі негізінде тіл теориясына барлау жасаған. Бұған ғалымның 
зерттеулері дәлел болады. Ол – ол ма, ғалым өзінің «Қазақ тілінің ғылыми 
курсы жөнінде лекциялар» атты еңбегін «...қазақ тілі, оған жақын тілдерді, 
жалпы тіл ғылымы жүйесін тексерген жұмыстардың жалпылаңқырап 
алынған, популяр (жария) түрде тізілген ...қорытындысы...» (71, 73) ретінде 
сипаттайды. Көріп отырғанымыздай, Қ.Жұбанов мұраларын тіл білімі 
салалары бойынша бағалау керек. Ғалымның мұрасын әлемдік лингвистика 
даму үрдісімен байланыста қарастырсақ, ол әр қырынан жақұтша жалтырап 
көрінетіні анық.
Тіл теориясы – әлем үшін қажет, мәні зор аса күрделі ғылым, ХХІ 
ғасыр лингвистерінің Қ.Жұбановша сайрайтын реттері байқалады. Мысалы, 
қазіргі орыс тіл білімпаздары санатындағы В.А.Маслованың 2008 жылы 
жарық көрген ЖОО студенттеріне арналған оқу құралы атауы – 
«Современные направления в лингвистике». Демек, тіл білімінің басты 
бағыты – тілдің жалпы мәселелері: «В центре внимания современных 
направлений в лингвистике – общие вопросы языка» (72, 3) дейді ол. Ал 
атақты психолингвист Р.М.Фрумкинаның пайымдауынша: «Быть лингвистом 
– ... значит размышлять на общие темы» (72, 3). 


140 
Қазақ тілі еліміздегі магистранттар мен докторанттардың оқу тілі 
болғанмен, бұл тілде жаңа сипатты тіл теориясы бойынша оларға арналған 
оқулық әлі жоқ. Қысқасы, Қ.Жұбановтың тіл теориясы бойынша бастаулары 
көпшілік тарапынан жалғасын тапқан жоқ. 
Ғылым – әлеуметтік институт. Тіл болмысы жөнінде объективті, 
жүйелі ұйымдасқан, негізделген білім жасауға бағытталған танымдық 
қызметтің ерекше және бірегей түрі – тілтаным. Ал тілтанымның ұйытқысы – 
лингвистикалық әдіснама, әдіс, амал-тәсілдер, ұстанымдар. Проф. 
Қ.Жұбанов осы мәселеге ерекше мән берген: «Ғылым да – адам санасының 
жемісі, адам тәжірибесінің қорытындысы, – дейді. – Бұл уақытқа шейін 
көрнекі орын ұстап келген тіл ғылымы үнді-европа тілдерін зерттеген, сол 
зерттеу ісінде белгілі «әдіс тудырған» ғылым. Бұл кезге шейін басқа 
тілдерді зерттеушілер де осы үнді-европа тіл ғылымының басшылығымен, 
осының әдісімен зерттегендіктен, бұлардың әдісін де үнді-европашыл әдіс 
деп атаймыз» (71, 45-46), – деген еді. Ғалым өзіне дейін арнайы сөз 
болмаған осы бір мәселелерге көпшілік назарын аударған. Ол «Төреқұлұлы 
Нәзір «Жат сөздер туралы» кітапшасында тұтынған методологиясымен 
өзінен бұрынғылардан ұзап кете алмады», – деп атап көрсетті. Сондай-ақ 
үнді-еуропа тіл білімінің негізін салушы Франц Боппқа әділ баға бере келіп, 
«үнді-еуропа тіл ілімі жүз жыл бойы дыбыстарды ғана тексерді, онда да 
дұрыс қорытынды шығара алмады», – деді. 
ХХІ ғасырдың Тіл біліміне кіріспесінде «халық тілі» термині 
қолданылады: «язык (народности и нации) – совокупность диалектов, 
языковые различия между которыми» могут определяться как собственно 
лингвистическими, так и социальными факторами». Міне, бұл да 
Қ.Жұбановша сөйлеу. 
Тілдің даму заңдылықтары мен тілдік өзгерістерге әсер ететін ішкі, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет