Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет58/200
Дата18.11.2022
өлшемі3,08 Mb.
#51003
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   200
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

Күнжарық, Айжарық, Көзжақсым, Жолғұтты, Бөрбасар тәріздес 
тіркестердің (қазіргі кезде бір атау ретінде қалыптасқан сөздер – 
С.Құлманов) мысалында анықтауыш пен анықталатын сөздердің бүгінгі 
дағдылы қалпында емес, керісінше біріккенін дәлелдейді. Сондай-ақ 
зерттеушінің екінші бір мысалдарды талдауынан көрініп отырғанындай, 
бастауыш пен баяндауыштың да орын тәртібі біздің заманымыздағыға 
керісінше болып келген. Басқа тілдердің практикалық материалдарын, олар 
жайында беделді зерттеушілердің тұжырымдарын келтіреді де, етістіктің 
жіктік жалғауларының бір кезде есімдік болған деген болжамға сенімділік 
білдіреді (25, 24-29). 
Проф. Қ.Жұбановтың аталмыш еңбегіне алғашқылардың бірі болып 
ғылыми талдау жасаған проф. Т.Жанұзақ ғалымның (Қ.Жұбановтың) 
Күнсұлу, Таңжарық тіркестерінің бастауыш пен баяндауыштан тұратын 
сөйлем бола алмайтындығына дәлел ретінде предикаттық қатынастағы 
Жолғұтты, Көзжақсым, Атжақсы, Есалаң, Жылкелді есімдерінің 
қалыптасуына тән фонетикалық заңдылықтарды атап, біріккен тұлғалы 
есімдер синтаксисінің қабаттарынан «грамматиканың жазылмай қалған 
тарихи беттерін оқимыз» деген пікірін баса айтады. Екі сыңардан біріккен 
есімдер анықтайтын сөз бен анықталғыш сөз, толықтайтын сөз бен 
толықтанатын сөз, пысықтайтын сөз бен пысықталатын сөздердің өзара 
тіркесуі арқылы жасалатындығы белгілі. Мысалы: Ақбас, Ақжан, Аққал, 
Қаратай, Сарыбай, Торайғыр, Ақтоқты, Ақмарал тәрізді кісі аттарының 
бірінші сыңарлары – анықтайтын сөздер де, екіншілері – анықталатын 
сөздер. Сондай-ақ Қойбағар, Майбасар, Таусоғар тәрізді есімдердің бірінші 
сыңарлары – тура толықтауыштар.
Бұларға ұқсас кісі есімдері басқа түркі тілдерінде де кездеседі. Алайда 
олардың әр кезеңде шыққаны байқалады. Мысалы, VI-XI ғасырларға тән 
түркі жазбаларында кездесетін біріккен тұлғалы кісі есімдерінің бірінші 
сыңарлары – ай, күн, таң, көк, теңіз, тәңірі, барыс – анықталғыш сөздер. 
Бірақ олар синтаксистік тәртібі жағынан анықтауыш орында бірінші тұр да, 
анықтауыш мүшелер екінші сыңар болып анықталғыш орында ауысып 
келген. Мысалы: Айсұлу, Нұрсұлу, Күнсұлу, Қызжібек. Мұндай орналасудың 


132 
қазіргі қазақ тілінің грамматикалық нормасына қайшы екендігіне 
Қ.Жұбановтың мысалдарынан қанығамыз. 
Айсұлу, Күнсұлу, Таңсұлу, қыз Құртқа тәрізді әйел аттарында
Айжарық, Күнжарық, Таңжарық, Күнтуған тәрізді ер адамдардың 
есімдерінде ескі сөз тәртібі сақталғанын айтқан проф. Қ.Жұбановтың
пікірінше, бұл құранды кісі есімдеріндегі сыңарлардың орын тәртібінің 
ауысуы кейде грамматикалық заңға, кейде ат қою принципіне негізделген. 
Шынында да, Қ.Жұбанов көрсеткен Айсұлу, Айжарық, Нұрсұлу тектес 
кісі есімдерінің сыңарларын қазіргі синтаксистік тәртіп тұрғысынан 
анықтауыш, анықталғыш мүшелер ретінде қарауға болмайды. Өйткені қазіргі 
қазақ тілінің заңы бойынша зат есім сөйлемде сын есімнің анықтауышы бола 
алмайды. Демек, бұл типтегі есімдер синтаксистік көне тәсілдер негізінде 
жасалған деуге негіз бар. 
Қазақ тіліндегі көптеген кісі есімдерінің бірінші не екінші 
сыңарларында қолданылатын бай, бек, батыр сөздері – әрі сын, әрі зат 
мағынасында жұмсалып, әрі анықтауыш, әрі анықталғыш мүше қызметін 
атқарады. Ал сал, сері, көсе, шешен деген сөздер – семантикасы жағынан 
сапалық сын есімдер. Қазіргі тілдік нормаға сәйкес олар анықтауыш 
қызметін атқарып, кісі аттарының соңында келулері керек. Бірақ Біржан сал, 
Ақан сері, Алдар көсе, Жиренше шешен дегенде, керісінше, анықталғыш 
мүше орнында тұр. Бұлайша қолдану амалы да тіліміздің тарихи өткендегі 
ерекшелігін көрсетеді. 
Проф. Қ.Жұбанов анықтауыш пен анықталғыш мүшелерден тұратын 
кейбір есімдердің сыңарлары аралығындағы дәнекер дыбыстардың түсіп қалу 
себебін тұңғыш рет дәлелдеп берген болатын. Мәселен, Жалғұтты, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет