Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген


лар ескірек пе, болмаса -тар



Pdf көрінісі
бет84/200
Дата18.11.2022
өлшемі3,08 Mb.
#51003
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   200
лар ескірек пе, болмаса -тар кәрі ме, оны дәлелдеу мүмкін емес». Тіпті 
реконструкциялау әдісімен бұл формалардың архетипін тапқанның өзінде, 
қазіргі жазу практикасында оның соншалықты үлкен мәнге ие бола қоюы 
неғайбыл. 
Сонымен, Қ.Жұбановтың айтуынша, қазақ тілінің дыбыс жүйесіне сай 
келетін бірден-бір принцип – фонетикалық принцип. Ал олай болса, 
фонетикалық принципке қарама-қарсы қойылып, яғни «морфологиялық 
принцип» деген айдармен таңбаланып жүрген басшы (башшы), түнгі (түңгі), 
көзсіз (көзсүз) деген сөздердің саны едәуір және өз жүйесі бар. Сондықтан 
оларды «Ереже ескертусіз болмайды» деген рубрикаға жатқызу тіл 
шындығына сай келмейді. Тегінде, бұл топтағы сөздердің жазылуын 
фонетикалық принципке қарама-қарсы қоюымыздың өзі дұрыс па? Әрине, 
фонетикалық принципті «қалай естілсе, солай жазылады» деп түсінсек, онда 
басшы, түнгі, бізсіз деген сөздер морфологиялық принципке негізделген деп, 
фонетикалық принципке қарама-қарсы қоюға болар еді. Бұл жерде 
фонетикалық принциптің өзін анықтап алу қажет тәрізді. Қ.Жұбанов: 
«Жазуда сөз естілуіне жақын болуы керек» дейді, яғни бұл ұғым «қалай 
естілсе, солай жазылады» деген формуламен бірдей емес. «Фонетикалық 
принцип, дәлірек айтқанда, фонематикалық принцип, әрине, «қалай естілсе, 
солай жаз» дегенді білдірмейді. Шындығында, фонетикалық принципті 
«қалай естілсе, солай жазылады» деп білу бұл принцип туралы түсінігімізді 
шатастырып, жазу тәжірибесінде оны дұрыс қолдануға кедергі болады. Егер 


180 
«сөз қалай естілсе, солай жазылады» деген қағидаға сүйенсек, түн деген 
сөзді (түн), тын деген сөзді (тын) түрінде жазып, н дыбысының жуан-
жіңішкелік қасиетін жеке таңбалар едік. Немесе сауда сөзі (сауда), ал 
саудагер сөзі (сәудегер) түрінде жазылар еді. Бірақ бұлай жазу – 
фонетикалық принциптің емес, фонетикалық транскрипцияның міндеті. 
Әрине жазу мен транскрипция – әуелден екеуі екі басқа нәрсе. Дыбыс 
жазуы дыбысталған сөздің айна-қатесіз көшірмесі емес. Сондықтан дыбыс 
жазуында фонологиялық жүктемесі жоқ, фонетикалық қоршауға тәуелді 
небір дыбыс құбылыстары ескерілмейді.
Жазу теориясына қатысты бұл мәселеге Қ.Жұбанов дер кезінде назар 
аударған болатын. Дыбыстық қоршауға тәуелді кезкелген дыбыстық 
құбылысты жазуда таңбалай беру, Қ.Жұбанов айтқандай, ультрафонетик 
бағытқа бой ұру болар еді. 
Бірақ мәселенің қиындығы мынада: фонологиялық жүктемесі жоқ 
немесе 
ультра-фонетик 
(Қ.Жұбановтың 
термині) 
құбылыстарын 
фонологиялық мәні бар дыбыс құбылыстарынан қалай ажыратамыз? Фонема 
теориясы бойынша бір фонеманың бірнеше реңкі болуы ықтимал, яғни 
фонетикалық қоршау қанша болса, фонеманың реңкі де сонша болады. Бірақ 
солардың ішінде фонетикалық қоршауға неғұрлым тәуелсізі – негізгі реңк, ал 
фонетикалық ортаға барынша тәуелділері – қосымша реңк. Фонологиялық 
жазудың ерекшелігі бойынша, фонемалардың негізгі реңкі таңбаланады да, 
фонетикалық ортаға барынша тәуелді реңктері ескерілмейді. Мысалы, 
жұмұсшұ деп жазбай, жұмысшы деп жазу себебімізді осы тұрғыдан 
түсіндіруге болады. С/Ш алмасуы фонетикалық ортаға тәуелді, яғни с мен ш 
іргелес келген барлық жағдайда с фонемасы ш реңкіне көшеді. Бұл 
іргелестікке с-ның басқа альтернациясы болмайды. Осы типтес өзгерістерді 
шартты түрде жалпы фонетикалық алмасу деп атауға болады. Бұл топтағы 
дыбыс алмасулардың өздеріне тән белгілері бар. Жалпы фонетикалық 
алмасулардың морфемдерге қатысы жоқ. Мейлі ол үстеу жасайтын қосымша 
мен қалау рай тұлғасы болсын немесе шартты райдың жұрнағы болсын, 
сондай-ақ «жоқтықты» білдіретін аффикс болсын, бәрібір, талғампаздық 
болмайды. Фонема реңктері талғаусыз өзгере береді: құсша (құшша), ысшы 
(ышшы), безсе (бессе). Мұндай қасиет жоқ, мысалы, қ-ғ, к-г, п-б өзгерістері 
белгілі бір морфемалардың аясында болады: тұрақ – тұрағы, бұлақ – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет