дыбыстың жуан-жіңішкелігін айырып таңбалағанда, әр буынның дауысты дыбысының ғана жуан жіңішкелігін айырып таңбалаймыз. Әрқайсысына екі әріп алып әурелемей-ақ, буын-буынның ғана жуандығын я жіңішкелігін айыртқандай бірақ белгі қоятын болсақ, әрпіміздің санын бүгіндегімізден де азайтып 26-ға түсіруге болар еді», – деді (1-кесте).
Ал кірме сөздерді жазғанда орыс тіліндегі түбірін сақтап, қосымшаны
қазақ тілінде жалғауды, сондай-ақ туынды кірме сөздердің жұрнағын қазақ
тілінде беруге болатынын ескертті (федератировать – федерациялау). 1 кесте – Қ.Жұбановтың латын жазуына енгізген өзгерісі
1929 жылғы латын
жазуы
Қ.Жұбановтың
ұсынысы
1929 жылғы латын
жазуы
Қ.Жұбановтың
ұсынысы
a <а>
a<а><ә>
o <о>
о <о><ө>
ә <ә>
-
ө <ө>
-
b <б>
b<б>
p <п>
р <п>
c <ш>
c <ш>
r <р>
r<р>
ç<ғ>
ç<ғ>
s <с>
s <с>
d <д>
d<д>
t<т>
t <т>
e <е>
e <е>
u <ұ>
y <ұ><ү>
g <г>
g <г>
y <ү>
–
–
f <ф>
z<з>
z <з>
i <і>
i <й><и>
v <в>
v <в>
h <һ>
–
j <й>
i <і>
k<к>
к <к>
ь <ы>
ь<ы>
l<л>
L <л>
č <ж>
č <ж>
m <м>
m <м>
Uv
-
n <н>
n <н>
Yv
-
<н>
ŋ<н>
Ьj
-
q <қ>
q <қ>
Iy
-
175
Сонда бұрынғы 13 таңба 7 таңбаға дейін қысқарған: а - <а>, <ә>; о - <о>, <ө>; у - , <уv>; ь - <ы>,<і>, i - , <ыj>; е - , u - <ұ>, <ү>. Жобадағы өзгеріс – қазіргі қазақ графикасының басты проблемасы –
қосар әріп (ұу, үу, ый, ій) таңбаларының дара таңбаға ауыстырылуы болды.
Қ.Жұбановтың көзі тірісінде қабылданбаған жоба 1956 жылы М.Балақаевтың
ұсынуымен, ірі ғалымдардың құп көрмегеніне қарамастан, жүзеге асқаны
белгілі.
Қ.Жұбанов құлаққа шалынғанның бәрі таңбаға ие болмайтынын
парықтап, бір таңбамен мағына ажырататын екі фонеманы да беруге
болатынын білген. Қ.Жұбановтың айтуынша, дауыссыз дыбыстар жеке бөліп
айтуға келмейді. Б әрпі не бы, не ыб, р әрпін не ыр, не ры деп айтамыз.
Қазақ тілін әлі дыбысшыл кезеңге түгел жетіп болмаған, буыншыл қасиеттерін түгелімен жойып бітірмеген тіл деп табады ғалым.
Сонымен қатар, Қ.Жұбановтың «буын жігін айыртуды есепке алма. Қандай жазуда да буын жігін таптыру методикасын шығартып алуға болады» деген сөзі буын – ауызша тілдің бірлігі, тасымал жазба тілдің бірлігі
екенін аңғарғанын білеміз. Оны буынның кірігуіне келтірген мысалдарынан
байқауға болады: атене, ағеке, жақсат.
Ғалымның 1929 жылғы әліпби мен емле ережелеріне айтқан сыны қазақ
жазуы тарихының бір этюдін құрайтындықтан, автор еңбегіне сілтеме
жасауды жөн көреміз. Мысалы, Қ.Жұбанов орфография ережелері «термин сөздерді ғана емес, төл сөздердің де дұрыс жазылуына кедергі келтіріп келді. ...Әсіресе асра, ру, көбрек, қойны, аулы, шаруа сөздерінің бірде ы-мен, бірде ы-сыз жазылуына өзі жол берді», –деді. Сондай-ақ мына сөздердің
бірнеше нұсқада жазылуына мүмкіндік жасады дейді: ғана / ғәне / гәне, ішкім / ешкім, шіймай / шыймай / шызбай, кервіш /керпіш /кірпіш, бійбастақ / бейбастақ / бійбастақ / бейбастақ, жәнтік / жәндік, шынара / шінара / шін-ара / ішін-ара / ішінара. Сол сияқты күрделі біріккен сөздерді жазылуы
да әртүрлі болды дейді ғалым: жар-ғанат / жар қанат, қол-ғабыс / қол