Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет92/200
Дата18.11.2022
өлшемі3,08 Mb.
#51003
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   200
Байланысты:
fccc01431d3e67547942d7aa722f633c

3. Деминутив есімдер (кішірейткіш жұрнақтар арқылы жасалған)
 
«Бәтима-Бәтіш, Гүләйім-Күләш, Мағрипа-Мағыш сияқты сөздердің 
әрқайсысы – өз алдына дербес жалқы есімдер. Жалқы есімдерде болатын 
мұндай қасиет жалпы есімдер мен етістіктерде бола бермейді; кішірейту 
формасы болмағандықтан, түбірден бөлініп басқа бір сөз жасалмайды, 
жасалса да сирек, онда да ұзақ замандар өткеннен кейін, жаңа заман ұғымы 
ескі заманнан өзгеше болғанда ғана жасалады. Жалпы есімнің бұлай болуы 
әрі ұқсастығын, әрі айырмасын білдіру үшін қажет болған. Ал жалқы 
есімдерде олай емес, олардың кішірейген сыңарлары туынды сөз түрінде 
болады (Мырза, Мырзаш); мұндай ұқсас сөздердің басқалығы сол есім 
иелерінің әкесінің аты мен фамилиясынан айқындалады». Мырзаш 
антропонимі Мырза антропонимінің формалды түрде кішірейткіш туынды 
сыңары бола тұрып, дербес екі тұлғаның есімі ретінде қарастырылады. Қазақ 
антропонимиясында бұл кең тараған құбылыс, мысалы: Айнагүл Ысқақова
Айнаш Есенова, Құрманбай Тайбеков пен Құрмаш Әшірбаев және т.б. ұқсас 
түбірлі атаулар болғанымен, екі адамның ресми құжаттық есімдері ретінде 
танылады. Мәселен, орыс тіліндегі Андрей мен Андрюша, Зинаида мен 
Зиночка кішірейткіш жұрнақтар арқылы жеке антропоним жасай алмайды
құрамындағы -юша, -очка жұрнақтары еркелету формасындағы ауызекі тіл 
стиліне жатады. 
Проф. Қ.Жұбановтың бұл жердегі білдірмек болған ойы, жалқы 
есімдерге жалғанатын кішірейткіш жұрнақ жаңа есім тудырып тұрса, жалпы 
сөздердегі уәжділік мүлдем басқаша, яғни олар бір түбірден 
туындамайтындығын, кішіркейткіш (деминутивтік) қасиетке ие емес 
екендігін түсіндірген, ғалымның сөзімен айтқанда: «Мысалы: парсының 
қоразын «кішкене ата» деп танығандықтан, әтеш деген сөз шыққан 
(татардан келген). Бұрын іші қуыс заттың бәрін күбі деген, күпшек пен 
келіншекті олардың түбіріндегі сөздердің кішіреюі деп танымай басқаша 
таныған». 


190 
Дегенмен бұл қазақ тілінде кішірейткіш жұрнақтардың еркелету 
семантикасы жоқ деген сөз емес, мәселен, Асқар – Асқаржан, Көбей –
Көбейжан, Алмас – Алмастай және т.б. Бұл есімдердің кішірейткіш 
формалары дербес құжаттық есім болуы ықтимал, алайда оны нақтылайтын, 
Қ.Жұбановтың сөзімен қайталап айтсақ, «...мұндай ұқсас сөздердің 
басқалығы сол есім иелерінің әкесінің аты мен фамилиясынан айқындалады».
«Қазақта бір кісінің баласы екендігін көрсететін ұқсастық 
көріністері де бар. Оларды ұйқас аттар дейміз (Опа – Сапа, Шамғали – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   200




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет