өзі шешкен. Ол былай дейді: «Возьмите любую письменность у культурных
народов. Несмотря на то, что у них имелись крупные лингвисты, они мало
помогли построению орфографии, потому что до сих пор лингвистика
являлась чистой наукой». В дальнейшем она должна помогать и
практическому письму.
Арабское правописание основано на историческом принципе
правописания. Оно было продиктовано не невежеством арабов, а являлось
результатом особенностей арабского языка. Собственно, арабская
филология была настолько развита, что современная фонетика [...] мало
опередила арабскую фонетику, которая существовала несколько сот лет
тому назад. Эта самая ассимиляция и диссимиляция давно были известны, и,
пожалуй, наши мугалимы хорошо знают об этом и помнят, что такое ,ﺍﺪﺍﻏﻢ
ﺍﻐﻓﻪ(ихфа, идгам). Но не этой арабской филологией были выработаны
принципы арабского правописания, их выработала природа арабского языка,
имеющего трехсогласный корень и бедность гласных. Все это обусловило
морфологический принцип».
Қ.Жұбанов «Біз емлені ермекке түземейміз, оңайлансын деп
түзетеміз», – деген.
Проф. Қ.Жұбанов – латын әліпбиін қолдаған ғалым. Қ.Жұбанов айтып
кеткен, сол бір кездегі зорлықпен болған әліпби ауыстырудың тауқыметін
бүгін біз тартып отырмыз. Сондықтан да күн тәртібіне жазу ауыстыру
мәселесі қайта-қайта қойылып отыр. Ең бастысы, қандай әліпби
қабылдамайық, біздің тіліміздің дыбыстық жүйесі қаз қалпында сақталуы
тиіс.
Қазіргі жаңа әліпби ауыстыру тұсында қазақ тілінің дыбыс құрамының
ғылыми сипаттамасы жасалды, үстем тілдер теориясының ықпалынан құтылу
мүмкіндігі туды. Жаңа әліпби социолингвистикалық тұрғыдан, әсіресе
социофонетикалық негізде жасалуы тиіс.
Әліпби жөнінде басқалардан айрықша алаңдап, емле жайына елден
ерекше елеңдеген проф. Қ.Жұбанов 1929 жылғы латын қарпіне негізделген
184
әліпбиге бірқатар өзгерістер енгізіп, қазақ жазуын жетілдіруді, оны
жұршылыққа тез меңгертіп, сауаттандыруды мақсат еткен болатын. Графика
мәселелері жайындағы ойлары, ғылыми ізденістері еш кетпей, ғалымныңбұл
ниеті өзінің өміршеңдігін танытып, бүгінгі таңда күн тәртібіне тағы көтеріліп
отыр. Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру ісі қоғамда біраз уақыттан
бері талқыланып қана қоймай, латын графикасын қолданып келе жатқан,
оған жуырда қайта өткен мемлекеттердің тәжірибелері түпкілікті зерттеліп,
оның лингвистикалық, әдістемелік, психологиялық, экономикалық, саяси
жақтары зерделеніп, пісіп-жетілді деуге болады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев
2012
жылғы
14
желтоқсандағы
«Қазақстан-2050»
Стратегиясы
қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» аттыҚазақстан халқына
Жолдауында: «Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын
әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті
мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз.
Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және
бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет
тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады»,
– деп, бұл мәселеге мемлекеттік деңгейде нүкте қойып берді.
Атаулардың астары
(Қ.Жұбановтың ономастика саласындағы еңбектері жайлы)
Профессор Қ.Жұбанов ономастика немесе жалқы есімдер мәселесімен
арнайы айналыспағанымен, ол қандай да бір ғылыми ой-тұжырымын
дәлелдеу барысында жалқы есімдерге, әсіресе, антропонимдік атауларға көп
көңіл бөлген. Ғалымның жалқы есімдер туралы пайымдаулары
зерттеулерінде тілдің басқа да мәселелерімен «қабаттасып, өріліп жатыр»
деуге болады.
Кісі аттарының семантикасы туралы айтылған соны ойлары
Қ.Жұбановтың жалпы лексикология, әсіресе семасиология аясындағы қазіргі
лингвистикалық озық теориялармен ұштасып, өзектесіп жатады. Тіпті,
ғалымның кейбір есім-атаулар семантикасы жайындағы топшылаулары
мейлінше тың, ғылымға берері мол, өрелі де өрісті пікірлер деп білеміз.
Проф. Қ.Жұбановтың қазақ антропонимдер жүйесін де этномәдени
негізде түсіндіруі ұлттық болмыстың этнотаңбалық жүйесін толықтырып,
анықтай түседі (Күнсұлу, Айсұлу, Таңжарық, Ұлболсын, Жанбол, Кенжеқара,
Аманжол, Аманқос, Қарабай). Мысалы, Кенжеқара деген антропонимнің
құрамындағы қара компоненті тура мағынасындағы түстің атауы емес,
«арқа», «сүйеу», «қолдаушы» деген танымдық мағынада қолданылатынын
қара жию, қарасын көбейту, ер қара т.с.с. тіркестермен байланыстырып,
салыстырып түсіндіреді. Бұл пікір түркітанудағы (А.Н.Кононов), қазіргі
қазақ тіл біліміндегі (Т.Жанұзақ, Ш.Жарқынбекова, Н.Айтова т.б.)
зерттеулеріндегі түр-түс атауларының когнитивтік семантикаға сүйенген
185
танымдық негіздерімен сабақтасады. «Мол», «күшті», «терең», «үлкен»
сияқты мағыналармен тұтасқан Қарасу, Қаратау, Байқара, Жанғара т.б.
атауларды да осы топта қарауға болады деп ойлаймыз. Ал Кенжебай,
Кенжеқара есімдерінің бірінші компоненттеріндегі кенже сөзінің мағынасы
«үйдегі ең кіші бала» екені белгілі. Бірақ оның екінші компонентіндегі қара
сөзінің мағынасы сын есімге тән «қара түсті» білдіргенімен, анық кісі есімі
құрамындағы мағынасын ғалым «тірек», «демеу» «жақтас» деп таниды да,
оны қара жию (жақтастарды көбейту), біреудің қарасын көбейту
тіркестерімен салыстырады. Ал Еділбай «Еділ өзенінің бай болсын» деген
мағынада емес, «Еділ өзенінің бойында туған» дегенді аңғарту үшін
қойылған есім», – деп дәлелдейді. Ғалым Бетпақдала атауының
құрамындары бетпақ – жалқы есім емес, «бақытсыз» деген мәндегі сын есім
(иранша бад, бахт) деп түсіндіреді. Сондай-ақ ғалымның ұлы, қызы, ру,
ұрғашы, ер (арлан) сөздерін түркі және басқа тілдермен (грузин, қытай)
салғастыра зерттеуі – қазақ лингвистикасы саласындағы тың пайымдаулар.
Қ.Жұбанов жалқы атаулардың генезисі, атап айтқанда, руға, тайпаға
қатысты этнонимдік сипаттағы арғын Жәнібек, қара қыпшақ Қобыланды т.б.
сияқты архетиптік модельдердің этномәдени жүйе негізінде құрылғандығын
аңғартады.
Ғалым Т.Жанұзақов қазақ антропонимдерін олардың даму тарихына
және ерекшеліктеріне сәйкес: адамдардың айға, күнге, хайуанаттарға, отқа,
суға т.б. табиғат құбылыстарына табыну дәстүріне асыл металл, қымбат
тастар мен дәулет, байлықты дәріптеуді, көк тәңіріне, көп құдайға, әртүрлі
иелі-киелі күштерге, мифологиялық құбыжықтарға бас ие, араб, парсы,
монғол тілдерінен енген діни, әскери, мәдени ұғымдарды қастерлеу салтына
т.б. қарай – төрт дәуірге бөліп қарайды. Бірінші дәуір – көне түркі заманы,
яғни V-VІІІ ғғ. (Айжарық, Күнсұлу, Қаршыға), екінші дәуір – орта ғасыр
(Айнабек, Жоламан т. б.), үшінші дәуір – жаңа заман (ХVІІ-ХІХ ғғ.), төртінші
дәуір – Қазан төңкерісінен кейінгі уақытта пайда болған кісі аттары (82, 25).
Демек, біз сөз етіп отырған кісі есімдері де көне түркі заманында, яғни V-VІІІ
ғасырларда қалыптасып, сол кезеңнің синтаксистік заңдылықтарына сай
құрамдалған.
Қ.Жұбанов зерттеулерінде кісі аттарына байланысты деректерді
этнолингвистикалық әдісті қолдана отырып жүргізеді. Мәселен, қазақ
халқының ұзына бойы тарихында адам есімдерінің алуан түрлі үлгісі
жасақталып, ұлт болмысын айғақтайтын төл есімдер жүйесі қалыптасқан.
Дүниеге келген сәбиге ат қоюдың қазақ ұлтына ғана тән, сүтпен кіріп,
сүйекке сіңген төлтума дәстүрі орныққан. Бұл ретте, қазақ антропонимикасы
қазақ ұлтының қайталанбас қасиеттерін, дәстүрлі дүниетанымын, арман-
аңсарын (идеалын), тарихи кезеңдердегі саяси-әлеуметтік ахуалын,
экожүйемен қойындасқан өмір-салтын, ең арғысы, қоршаған орта мен жан-
жануарлар дүниесіне дейін айғақтай алатын аса мәнді тарихи дерек көзі
болып табылады. Қазақ ұғымында жаңа туған нәрестені тіл-көзден сақтау
үшін оған неше түрлі жағымсыз есімдер қою салты болғандығы ежелден
186
белгілі. Мәселен, Қазанғап, Итбай, Ұлтарақ, Жаманбай деген есімдер кейде
тотемдік мәнде, енді бірде пәленің алдын алу мақсатында қойыла берген.
Ертедегі қазақ салтында балаға ат қою кезінде әр түрлі ырымдарға, әдет-
ғұрып, жоралғыларға сену үрдісі күшті болған. Ономасиолог ғалым
Т.Жанұзақов жоғарыда келтірілген жағымсыз есімдердің шығу тарихын
этнолингвистикалық себептермен байланыстырады. Ол Қ.Жұбановтың
есімдер синтаксисі жайындағы бірсыпыра пікірлеріне тоқтала келіп, Елубай,
Жетпісбай, Сексенбай, Тоқсанбай есімдерін «бала сексен рет, не тоқсан
мәрте бай болсын» дегеннен емес, ол туғанда ата-ананың сол жасқа
келгендігін көрсетеді деген тұжырым айтады. Екі сөзден біріккен кісі атының
бірінші, не екінші компоненті бай сөзі болып келетін кісі аттары тіліміздегі
есімдер тобында өте көп. Олардың бірсыпырасы, яғни Жылқыбай, Түйебай,
Баймырза, Байбол тәрізділері шынымен де байлық, дәулетпен байланысты
болып келсе, Итбай, Қасқырбай, Бөрібай секілді бір топ есімдердің
құрамындағы «бай» сөзінің «байлық», «несібеге» еш қатысы жоқ. Осы
антропонимдерге Қ.Жұбанов ерекше назар аударып, мәселенің мән-жайын
ашып береді. «Қасқырға, итке бай кісі болмайды. Қазақтың негізгі байлығы
– мал. Сондықтан, Итбай, Қасқырбай деп қою тотемге байланысты болса
керек. Бай анықтауышы белгілі бір адамдардың мәртебесін, дәрежесін
көрсетеді. Ол өз мағынасында ит сөзіне анықтауыш бола алмайды, өйткені
кедейлік пен байлық мөлшері итпен өлшенбейді» – деген. Т.Жанұзақовтың
айтуынша, «Қ.Жұбанов адам аттары жайын сөз қылмастан бұрын-ақ жалқы
есімдер жөнінде, жалпы атаутаным тақырыбында жазылған еңбектермен
кеңінен таныс болғандығы айқын аңғарылады» (83, 89-98).
Қ.Жұбанов ономастиканың ішінде адам аттарын егжей-тегжейлі
талдаумен қоса, жер-су атауларының да этномәдени, этнопсихологиялық
ерекшеліктерін назардан тыс қалдырмайды.
Географиялық атауларда өмірдің сан ғасырлық тәжірибесі негізінде
қалыптасқан халық танымы, ұлттық психологиясы қамтылатындығын жете
аңғарған профессор Қ.Жұбанов жергілікті топонимдерді сөз еткенде халық
әдебиетінің деректерін асқан білгірлікпен, дәлдікпен пайдаланады. Мәселен,
Атжақсы топонимі туралы ғалым өз ойын былайша өрбітеді: «Атжақсы
(аты жақсы), как и его антоним аттеріс (аты теріс), по-видимому, ранее
было иносказательное выражение, употребляемое при назывании чего-либо,
настоящее название которого почему-то (т.е. или по запретности, или из-за
уважения) нельзя было произносить. Так, призыв бия Караменде к
Кенгербаю гласит:
Сәлем де Кеңгірбайға, кел, кетелік!
Мықты сабаз атанды терлетелік!
Аты жақсы дариядан әрі өтелік! (Қозы көрпеш)
Аты жақсыдария здесь – Сыр-Дарья. Тут в слове аты окончание -ы
сохранено». Бұл жерде ғалымның меңзеп отырғаны – қазақ ұлты
дүниетанымының негізінде жатқан табу сөздердің халық әдебиетіндегі
көрінісі.
187
Осы ізбен түркі тектес халықтардың көне таным дүниесінен хабар
беретін «жау жұмыр», «сүт кенже», «біртуған» сияқты номинативті
тіркестерді ұлттық сана, халықтық дүниетаныммен байланыстыра жіктеп
талдауы немесе мифтік таныммен байланысты түркілердің байырғы ата
қонысы – Өтукен-иіж топонимін алып, оны жалпы филологиялық
салыстырмалы-тарихи сарапқа салуы Қ.Жұбановтың өресі биік тілші,
танымы терең ғалым екендігін аңғартады.
Ғалым ономастикондар құрамында кездесетін жалпы есім сөздерге,
ономолексикаларға да толық талдау жасап, лексика-семантикалық қатарын,
кей ретте олардың этимологиясын да ашып отырған. Олар топонимдер: Еділ,
Нарын, Бетпақдала, Өтүкен йіж, Шандұң ...; этнонимдер: Қарлық бұдұн,
Табғаш бұдұн, Ұйғыр; этнотерминдер: бұқұн, ру, ұрық; космонимдер: Ай,
Күн, таң; зоонимиялық лексемалар: қамқор, дөнен, құнан, түйе, тайлақ, қой,
жылқы, сиыр, өгіз, мал, құлын; титулдар: бай, тек, тегін;
антрополексемалар: ұл, қыз, қызалақ т.б. (84, 72-80).
Қ.Жұбановтың еңбектеріндегі жалқы есімдер жөніндегі пайымдауларды,
қарастырған проблемаларына орай төмендегідей жеке топтарда қарастырдық.
1. Тотемистік мазмұндағы мифонимдер туралы пікірі: «Ежелгі дәуір
адамдары әр заттың нәрсенің не жақсы, не жаман иесі бар деп түсінген.
Сондықтан жақсы жақтағыларды Құдай, Періште, Пайғамбар, Әулие деп
атап, жаман жақтағыларды шайтан, албасты, пері (мұның да екі түрі
бар) деп сенген. Алғашқы қоғамдағы адам бұларды нақты өмір сүретін
нәрселер деп білген. Төрт түліктің пірі, қолдаушысы ретінде сиыр атасын –
Ойсылқара, түйе атасы – Зеңгі баба, жылқы иесі – Қамбар ата, қой
малының иесі – Шопан ата, ешкінің пірі – Шек-шек ата деп атау сол
кезден қалған.
Ол заманда әйелдер құдайының аты Ұмай болған. Кейіннен сөз
басындағы қысаң ұ дыбысы түсіп қалып, Май деп айтылып кеткен.
Қазақтың: «От ана, Май ана, жарылқа!» дейтін және «Май әулие,
майсыз жарылқайтын қай әулие?» – деген мақалдары да осы ұғымнан
туған».
Проф. Қ.Жұбанов мифонимдерді сөз ете отырып, оларды ежелгі
дәуірдегі адамдардың қарапайым ұғым-түсініктері, қоршаған ортаны
қабылдау дәрежесі, яғни сол кездегі тілдік қауымның ұжымдық санасының
жемісі, қоршаған «қарабайыр ғалам бейнесінен» (наивная картина мира) елес
беретіндігін дәйектейді. Өз кезегінде ғалымның бұл пайымдауы қазіргі
лингвомәдениеттаным тұрғысынан өзекті болып келеді.
Анимистік атаулар: «Жаңа мағына демекші, бірқатар айуан, аң –
бұрынғы құдайымыз. Қасқырбай, Түйебай, Құлыншақ деп ат қоюымыз –
соларды ардақтап, қастерлегенімізден. Мұндай қылық орыстарда да бар –
Cобакеевич, Волков т.б.».
Жан-жануар, аң атауларынан антропоним, топонимнің жасалу жолдары
ономастикада әмбебаптық сипатқа ие «ономастикалық универсалия» деген
ұғыммен тікелей байланысты. Яғни жер бетіндегі кез келген халық
188
(Австралия, Африка, Америка, Азия құрлықтары болсын) алғашында кейбір
халықтар мен этностар қазіргі кезде де табиғат қоршауында тіршілік жасаған.
Сол халықтар өз экожүйесінде міндетті түрде жергілікті флора мен фауна
әлемімен және ландшафт ерекшелігіне бейімделеді, тығыз байланыста
болады және қоршаған табиғи нысандарға атау беру шаруашылық
қажеттіліктен туындап отырған. Мұны «табиғи номинация» дейді және оның
ішінде ең ежелгісі де айуан, аң әлеміне табыну, пір тұту сынды ескі
анимистік идеялармен, наным-сенімдермен ұштасып жатыр. Ежелгі этностар
тіршілік еткен кеңістігін жаппай мифологиялық тылсым күшке ие кеңістік
деп ұғынған. Оның ішінде сакральды тотемдік энергетикалық кеңістікте
олардың ерекше күш-қасиет иесі ретінде табынатын жан-жануар, тағы
аңдарды қастерлеу барысында Қасқырбай, Бөрібай, Түйебай, Бүркітбай және
т.б. жалқы есімдер пайда болған.
Қ.Жұбанов: «Мұндай сөздердің өзі қалғанымен мазмұны жаңарып,
өзгеріп отырады. Өйткені адамның өмірге көзқарасы, ұғымы үнемі өзгеріп
отырады. Америка елінде кесірткеге тимейтін халық әлі бар. Адам
табиғаттағы танып, білген нәрсесін актив, пассив деп жорамалдаған», –
дейді. Расында, «ғаламның тілдік бейнесі» бірегей жүйе ретінде
эволюциялық тұрғыдан жетіле түсіп, үнемі динамикалық өзгеріске ұшырап
отырады. Проф. Қ.Жұбановтың жоғарыда келтірілген сөздерін зерттеуші
С.А.Керімбаева былайша қостайды: «Мифонимы как языковые единицы,
формирующие структуру языковой картины мира, могут представлять
архаичные языковые картины мира, так как они (мифонимы) являются,
реликтами и репрезентантами первобытного (мифопоэтического) типа
мышления. Мифонимы как единицы и репрезентанты динамичной,
меняющейся и эволюционирующей картины мира, представляют собой
единицы культурно-генетических страт, восходящим к различным
религиозным воззрениям и верованиям: политеизму, фетишизму, зоолатрии,
зороастризму, демонологии, исламу, культу святых, тотемизму, культу
предков и т.д.» (85, 24).
2. Қ.Жұбановтың қазақ тілінде «аулақтық тенденциясының басым
болуы» туралы теориялық пайымдауларында антропонимдер сөз болады.
«Жоғарыда біз басақ деген сөз масақ болып өзгерген дедік. Бұлайша
өзгеруі де, егізделіп өзгеруі де – сирек құбылыстар. Өзгеріс жиі болса, бір
буынның тілін екінші буын түсінбес еді дегенді айттық. Жалқы есімдерде
жуықтық тенденциясы өте аз. Ал басқа сөздер, әсіресе, жалпы есімдер
ондай емес. Жуықтық тенденциясы сөздің түрлі қалыпқа түсуін тұсайды.
Сондықтан жалқы есімнің аз өзгеретін себебі оның сөз бен сөзді айырып,
неғұрлым ұқсатпау мақсатына байланысты. Ағайынды кісілердің аттары
бір түбірлі сөздерден болуы шарт емес. Бұлардың грамматикалық жағынан
бірдей таңбалануы да шарт емес. Өйткені сөздің жақынын таңбалау
мақсат емес, қайта олардың басқалығын білдіру шарт. Сондықтан жалқы
есімдер аулақтық тенденциясымен тез үйлеседі. Соның нәтижесінде жалқы
есімдерден болған сөз түбірлері өзгеріп отырады; кездейсоқ түрде
189
ұшыраған дыбыс басқалығы жалқы есім үшін сирек нәрсе. Мысалы,
әлдеқалай екі түрлі айтылып кеткен бір жалқы есім кейде екі кісіге ат бола
кетеді ( Ғали, Әли, Қали, Қалима, Мұханбет, Махамбет т.б.); кейде бір
аттың (есімнің) кіші формасы да өз алдына дербес ат болып кетеді ( Мұқан,
Мұқаш, Шонан, Шонтық, Шонай т.б.)». Бұл жерде ғалымның жалқы
есімдердің «басқалығын білдіру шарт» дегенін, орысша терминмен айтқанда,
«индивидуализация» туралы айтып отыр деп санаймыз.
Ал «жуықтық тенденциясына» тән жалпы лексикада жиі кездесетін
туынды сөз құбылысына қарама-қайшы «аулақтық тенденциясына» сай
жалқы есімдер формалды түрде туынды сипатқа ие болғанмен олардың
әрқайсысы жеке есім болатындығын көреміз. Яғни ол жалқы нақты
объектінің, тұлғаның дербес атауы (есімі) ретінде қолданылатындығы туралы
ғалымның сонау ғасырға жуық уақыт бұрын пайымдаулары жоғары ғылыми
сезімталдығы мен көрегендігінің куәсі.
3. Деминутив есімдер (кішірейткіш жұрнақтар арқылы жасалған)
«Бәтима-Бәтіш, Гүләйім-Күләш, Мағрипа-Мағыш сияқты сөздердің
әрқайсысы – өз алдына дербес жалқы есімдер. Жалқы есімдерде болатын
мұндай қасиет жалпы есімдер мен етістіктерде бола бермейді; кішірейту
формасы болмағандықтан, түбірден бөлініп басқа бір сөз жасалмайды,
жасалса да сирек, онда да ұзақ замандар өткеннен кейін, жаңа заман ұғымы
ескі заманнан өзгеше болғанда ғана жасалады. Жалпы есімнің бұлай болуы
әрі ұқсастығын, әрі айырмасын білдіру үшін қажет болған. Ал жалқы
есімдерде олай емес, олардың кішірейген сыңарлары туынды сөз түрінде
болады ( Мырза, Мырзаш); мұндай ұқсас сөздердің басқалығы сол есім
иелерінің әкесінің аты мен фамилиясынан айқындалады». Мырзаш
антропонимі Мырза антропонимінің формалды түрде кішірейткіш туынды
сыңары бола тұрып, дербес екі тұлғаның есімі ретінде қарастырылады. Қазақ
антропонимиясында бұл кең тараған құбылыс, мысалы: Айнагүл Ысқақова,
Айнаш Есенова, Құрманбай Тайбеков пен Құрмаш Әшірбаев және т.б. ұқсас
түбірлі атаулар болғанымен, екі адамның ресми құжаттық есімдері ретінде
танылады. Мәселен, орыс тіліндегі Андрей мен Андрюша, Зинаида мен
Зиночка кішірейткіш жұрнақтар арқылы жеке антропоним жасай алмайды,
құрамындағы -юша, -очка жұрнақтары еркелету формасындағы ауызекі тіл
стиліне жатады.
Проф. Қ.Жұбановтың бұл жердегі білдірмек болған ойы, жалқы
есімдерге жалғанатын кішірейткіш жұрнақ жаңа есім тудырып тұрса, жалпы
сөздердегі уәжділік мүлдем басқаша, яғни олар бір түбірден
туындамайтындығын, кішіркейткіш (деминутивтік) қасиетке ие емес
екендігін түсіндірген, ғалымның сөзімен айтқанда: «Мысалы: парсының
қоразын «кішкене ата» деп танығандықтан, әтеш деген сөз шыққан
(татардан келген). Бұрын іші қуыс заттың бәрін күбі деген, күпшек пен
келіншекті олардың түбіріндегі сөздердің кішіреюі деп танымай басқаша
таныған».
190
Дегенмен бұл қазақ тілінде кішірейткіш жұрнақтардың еркелету
семантикасы жоқ деген сөз емес, мәселен, Асқар – Асқаржан, Көбей –
Көбейжан, Алмас – Алмастай және т.б. Бұл есімдердің кішірейткіш
формалары дербес құжаттық есім болуы ықтимал, алайда оны нақтылайтын,
Қ.Жұбановтың сөзімен қайталап айтсақ, «...мұндай ұқсас сөздердің
басқалығы сол есім иелерінің әкесінің аты мен фамилиясынан айқындалады».
«Қазақта бір кісінің баласы екендігін көрсететін ұқсастық
көріністері де бар. Оларды ұйқас аттар дейміз ( Опа – Сапа, Шамғали –
Мұфтиғали). Бұл түбірлестігін көргеннен емес, лексика жағының түбірін
жақындату емес, ұйқастығын жақындату жолымен ғана жасалған ( Опа –
берік, Сапа – қызық). Сондықтан жоғарыдағыларды ұқсас ету үшін
аллитерация, ассонанстар шыққан».
Көпбалалы қазақ отбасыларына балаларына ұйқас ат беру қазіргі
ұлттық ономастикалық кеңістікте кең тараған үрдіс. Бұлай дейтініміз, ұл
балалары
мен
қыз
балаларының
есімдері
ұйқас
болып
келуі
антропонимиямыздың ұлттық ерекшелігі, мысалы: Айжамал, Ақжамал,
Гүлжамал, Нұржамал немесе Қызжібек, Гүлжібек, Талжібек және т.б.
Ұлдардың есімдерінде бірінші немесе екінші компоненті ұйқас болып келуі:
Ермахан, Нұрмахан, Құлмахан, Әбиболла, Ғарифолла, Нұрлан, Нұржан,
Нұрәділ, Нұрахмет, Нұрәлі, Әлинұр, Әлижан және т.б.
Жалпы, проф. Қ.Жұбанов қазақ ономастиканың ішінде негізінен адам
аттарын
(антропонимдерді),
сондай-ақ
географиялық
атауларды
(топонимдерді және т.б.), мифонимдерді этномәдени, этнопсихологиялық
тұрғыдан қарастырып, терең талдаулар жасаған, қажет деп тапқан тұстарда
басқа тілдердің деректерімен салыстыра-салғастыра отырып егжей-тегжейлі
түсіндіріп берген.
Достарыңызбен бөлісу: |