Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген


ЖАҚСЫНЫҢ АТЫ, ҒАЛЫМНЫҢ ХАТЫ ӨЛМЕЙДІ



Pdf көрінісі
бет5/43
Дата15.02.2017
өлшемі3,08 Mb.
#4165
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43

ЖАҚСЫНЫҢ АТЫ, ҒАЛЫМНЫҢ ХАТЫ ӨЛМЕЙДІ 

«Қ.Жұбанов – ғылым көгінің жарық жұлдызы» 

(Қ.Жұбановтың ғылыми мұрасы жайында) 

 

Қазақ  тіл  білімінің  түбегейлі  зерттелуі  ХХ  ғасырдың  30-жылдарында 



қолға  алына  бастағаны  белгілі.  Қазіргі  кемелденген  қазақ  ұлттық 

лингвистикасының  осындай  іргелі  де  қоғам  өміріндегі  аса  маңызды  ғылым 

саласына  айналуының  өзіндік  ұзақ  тарихы  бар  десек,  оның  қалыптасуына 

үлес  қосқан  ұлы  тұлғалар  әрқашан  ұлықтауға  лайық.  Қазақтың  ұлттық 

ғылымы  қалыптаса  бастаған  кезеңде  тілтану  майданына  араласқан 

Құдайберген  Қуанұлы  Жұбанов  қазақ  тіл  білімінің  тарихында  еселі  еңбек 

етіп,  ғылым  көгін  көзбен  шолып,  соны  салаларын  саралып,  тұщымды  пікір 

айтқан қазақ халқының біртуар перзенті болды. Ғалым көзі тірісінде қазақ тіл 

білімінің  көптеген  салалары  бойынша  зерттеу  жүргізіп,  құнды  тұжырымдар 

жасады,  қазақтың  ұлттық  тіл  білімінің  қаз  тұрып,  ірге  тебуіне  мұрындық 

болды.  Өз  мүмкіндігін  сарқа  пайдаланып  үлгермесе  де,  Қ.Жұбанов  артына 

елеулі  еңбектер  мен  өрелі  ой-толғамдарын  мирас  етіп  кетті.  Бүгінгі  күні 

ғалымның ғылыми мұрасы уақыт өткен сайын жаңа қырынан ашыла түсуде. 

Әсіресе,  Қ.Жұбановты  қазақ  тілінің  ғылыми  негізін  қалаушы  ретінде 

танытатын  ой-пікірлері  мен  ғылыми  тұжырымдамалары  ғалымның 

еңбектерін  оқып,  елеп-екшеген  сайын  жаңа,  тың  жаңалықтармен  толығып, 

айқындала, айшықтала түспек. 

Оқып-білу  бар  да,  сол  білгенді  игеру  бар.  Қажетке  қабыстыра, 

бастамасын жалғастыра, барын пайдалана, жоғын толтыра игеру бар, игерту 

бар.  Міне,  Қ.Жұбанов  мұрасын  сөз  еткенде,  алдымызда  тұратын  басты 

нысана  осы  болмақ.  Бұл  нысананы  көздеудің  бірнеше  проблемасы,  яғни 

шешімін,  зерттеуін  күтетін  сәттері  және  бар.  Профессор  Жұбановтың 

лингвистика 

саласында 

қалдырған 

еңбектерін, 

дәлірек 

айтсақ, 


қалдырғандарының  біздің  қолымызға  жеткендерін  әуелі  оқып-біліп,  содан 

соң дұрыс танып, толық игеру қажет. 

Профессор  Қ.Жұбановтың  жалпы  мұрасын,  оның  ішінде  тілге  қатысты 

жазғандарын  ғылыми  тұрғыда  танытуда  ғалымдарымыз  көп  еңбек  сіңіріп 

келеді.  Ғалым  ақталысымен,  1950  жылдардың  аяқ  кезінен  бастап,  міне, 

жарты ғасырдан астам уақыт Қ.Жұбановтың қазақ мәдениеті мен ғылымның 

тарихындағы  орны,  еңбектерінің  мазмұны  мен  мәні,  ғалымның  азаматтық, 

қайраткерлік бейнесі танылып, танытылып келеді. Әсіресе Қ.Жұбановтың 90, 

100,  110  жылдық  мүшелтойларына  арналған  конференция-жиындарда 

жасалған  баяндамалардың,  баспасөз  беттерінде  жарияланған  мақалалардың 

ғалымның лингвистикалық мұрасын жан-жақты талдап-танытудағы маңызын 

ерекше  атау  керек.  Бұларда  Қ.Жұбановтың  ғылыми  назарына  іліккен  әрбір 

тақырыптың қай еңбегінде қай қырынан сөз болғанын баяндаудан бастап, ол 

тақырыптың  әрі  қарай  қалайша  зерттеліп  келе  жатқаны,  мұндағы  ғалым 



50 

 

идеяларының қай тұрғыдан, қандай дәрежеде жүзеге асып отырғаны біршама 



кеңінен әрі кәсіби сауаттылықпен талданған.  

Ғалымның  өмірі  мен  қызметін  танытуда  академик  Р.Сыздық  ерекше 

үлес  қосып  келеді.  Әсіресе  «Ғалым-азамат»  («Қазақстан»  баспасы)  атты 

кітабында  Қ.Жұбановтың  қазақ  тіл  білімінің  әр  саласындағы  еңбектері 

көрсетіліп,  олардағы  талданған  материалдар  мен  айтқан  тұжырымдары 

кеңінен  сөз  етілген.  Сондай-ақ  академиктер  М.Әуезов,  I.Кеңесбаев  пен 

Ә.Қайдаровтың,  сондай-ақ  қазақ  тіл  мамандары  Қ.Есенов,  Н.Оралбаева, 

А.Ибатов, 

М.Серғалиев, 

Б.Әбілқасымов, 

С.Исаев, 

Ә.Жүнісбеков, 

А.Әбдірахманов, Н.Уәлиевтердің және т.б. ізденістерін айрықша атау қажет. 

Ал  Қ.Жұбановтың  өмірі  мен  шығармашылығына,  азаматтық  тұлғасын 

айқындауға  арналған  К.Кенжебаев  пен  Ә.Оралбайдың  «Құдайберген 

Жұбанов»  атты  деректі  ғұмырнамалық  кітабы  мен  М.Жұбанованың 

«Жұбановтар 

әулеті 


және 

заман 


белестері» 

атты 


эссе-кітабы 

жұбановтанудағы орны ерекше еңбек деп бағалауға лайық. 

Қ.Жұбановты  ғылымның  бір  саласы  –  қазақ  тіл  білімінің  көшбастары 

деп  танығанда  оның  осы  ғылымның  теориялық  негізін  қалаған  еңбегін 

атаймыз.  Бұл  –  даусыз  тұжырым,  жалпы  түрде  қысқа  қайрылған  анықтама. 

Бұл  бағаны  қазақтың  ұлттық  тіл  білімінің  тарихына  зер  салып  үңілген 

мамандар  жақсы  түсінгенімен,  ол  –  қалың  жұртшылыққа,  оқытушылар  мен 

студенттер қауымына мән-мағынасы бажайлап, ашып көрсетілетін тұжырым. 

Алдымен,  ғылымның  белгілі  бір  саласы  бастауын  неден  алады?  Бірден 

ғылыми  теориялардың  түзілісінен  бе,  жоқ,  әлде  практикалық  мақсат 

көздейтін  мектеп  оқулықтары  сияқты  еңбектерден  бе?  Қазақ  тіл  білімінің 

теориялық  негіздері  лингвистикалық  мектептердің  қайсысынан  сусындады, 

әрі  қарай  қай  бағытпен  дамыды?  Осы  сұрақтарға  жауап  іздеуді  алдымызда 

тұрған бір проблема деп санаймыз. Өйткені, әсіресе, алғашқы сауалға дұрыс 

жауап  берудің  мәні  зор.  Бұл  –  тек  біздің,  қазақ  тіл  білімі  тарихшыларының 

«басын ауыртатын» жайт қана емес, өзге де халықтардың ғылым тарихын сөз 

етуде де талас тудырып келе жатқан мәселе. Біздің міндетіміз бұл түйінді әр 

халықтың  мәдени-рухани  тарихының  өзіндік  ерекшеліктерін  дұрыс  таба 

отырып шешу болмақ. Демек, Қ.Жұбанов мұрасын игеруде шешімін күтетін 

бірінші мәселе қазақ тіл білімінің қалыптасу, әрі қарай даму тарихын дұрыс 

зерттеу деп білеміз. 

Профессор Құдайберген Жұбановтың бойындағы бар жақсы қасиетіне, 

білімдарлығы  мен  парасаттылығына,  әсіресе  туған  тіл  туралы  еңбектеріне 

әбден  қанық  М.Әуезов  пен  І.Кеңесбаевтың:  «Құдайберген  Жұбанов  –  қазақ 

лингвистикасының  негізін  қалаушы»  деп  бағалауы  тегіннен-тегін  емес  (1). 

М.Балақаевтың:  «Қ.Жұбанов  еңбектері  арқылы  қазіргі  қазақ  тіл  білімінің 

іргетасы  қалана  бастады.  Сондықтан  оны  біз  қазақ  тілін  ғылыми  жолмен 

зерттеу  жұмысының  негізін  қалаушы  деп  танимыз»,  –  деуі  де  бүкпесіз 

шындық (16).  

Халқымыздың 

ардақты 

жазушыларының 

бірі 

Ғ.Мүсірепов: 



«Құдайберген  Жұбанов  –  ғылымның  бірінші  дәрежелі  жарық  жұлдызы,  аса 

51 

 

ірі  филолог  –  ғалым»,  –  деп  бағалаған.  Дарынды  ғалымның  еңбектерімен 



танысқан,  не  ол  жайында  жазылған  қыруар  мақалаларды  оқып,  қаныққан 

адам оның қазақ халқының ғылымы мен мәдениет, өнеріне сіңірген еңбегінің 

ұшан-теңіз  екеніне  көз  жеткізеді.  Оған  ғалымның  ғылыми  еңбектері, 

салиқалы зерттеулері толық айғақ.  

Академик  І.Кеңесбаев    Қ.Жұбановтың  еңбектері  туралы  былай  деп 

жазады:  «Оның  қаламынан  туған  ғылыми  зерттеулер  өзінің  нәрі  мен  мәнін, 

зәрулігін  әлі  күнге  жоғалтқан  жоқ.  Ол  кісінің  «Из  истории  порядка  слов  в 

казахском  предложении»  (1936),  «Заметки  о  вспомогательных  и  сложных 

глаголах»,  «Күй»  деп  аталатын  сериясы,  түрлі  мәслихаттар  мен  съездерде 

сөйлеген сөздері, «Буын жігін қалай табуға болады», «Жаңа грамматиканың 

жаңалықтары  жайында»,  шылаулар,  қос  сөздер,  біріккен  сөздер  секілді 

қыруар  зерттеулері  арқылы  мамандар  арасында  зор  бедел,  құрметке  ие 

болғаны талассыз» (17). 

Академик  Әбдуали  Қайдардың:  «Қазақ  жерінің  перзенті,  тамаша 

лингвист-ғалым,  профессор  Құдайберген  Жұбанов  –  біздің  мақтанышымыз, 

өйткені,  ол  Қазақстан  лингвистикасының  аспанынан  нұрын  шашқан 

шұғылалы шоғырдың ішіндегі жарық жұлдыздарының бірі», – (3) деп ағынан 

жарыла ақтарылуы кімді болса да бей-жай қалдырмас. 

Құдайберген  Жұбановтың  қазақ  ғылымы  мен  мәдениеті  тарихындағы 

орны мүлде ерекше, өзгеше екенін белгілі ғалым Әнуар Дербісалин былайша 

атап  өтеді:  «...Құдайберген  Қуанұлы  Жұбанов  –  халқымыздың  мәдениет, 

ғылым, өнер тарихындағы аса бір жарқын құбылыс». 

Ғылымның  қай  саласына  қалам  тербесе  де  Қ.Жұбановтың  сол 

салаларда  алғашқы  болып  қалам  тербегенін  ғалымдар  былайша  дәріптейді: 

«Грамматика  ілімінің  бастау  көздері»  (Н.Оралбаева),  «Әдеби  тіл  хақындағы 

ауқымды  ойлар»  (Б.Әбілқасымов),  «Кісі  аттарының  байыпты  зерттеушісі» 

(Т.Жанұзақов),  «Сөздің  тұлғалану  процесін  зерделеуші»  (Ә.Ибатов), 

«Абайтанудың 

сын 

сағатында» 



(М.Мырзахметов), 

«Унификатор 

лингвистической  терминологии»  (Ж.Молдажаров),  «Первый  председатель 

гостерминкома  Республики»  (Р.Өрекенова),  «Қазақ  терминологиясының 

түпқазығы»  (А.Әбдірахманов),  «Қазақ  фонетикасының  ғылыми  курсын 

жасаушы»  (Ә.Жүнісбеков),  «Диалектілік  құбылыстар  төркінін  тереңнен 

барлаушы»  (С.Омарбеков)  және  т.б.  Тұңғыш  профессордың  өмірі  мен 

шығармашылығын зерделеген кейінгі зерттеу еңбектері – ғалымның ғылыми 

мұрасын  тану  мен  танытудың  күні  бүгінге  дейін  жалғасып  келе 

жатқандығының,  әрі  қарай  да  жалғаса  беретіндігінің,  халқымыздың 

«Жақсының  аты,  ғалымның  хаты  өлмейді»  деген  ұлағатты  сөзінің 

дәлеліндей. 

Бүгінгі күні профессор Құдайберген Жұбановтың «Қазақ тілі жөніндегі 

зерттеулер»  деген  еңбегі  әрбір  тілші-ғалымның  үстелдік  кітабы  болып 

табылады. Бұл кітапта тіл білімінің барлық  салалары қамтылған және қазіргі 

кезде  қарқынды  дамып  келе  жатқан  жаңа  бағыттардың  негіздері  де  көрініс 

табатындығымен  құнды.  Осы  еңбекті  оқығанда  ғалымның  таланты  мен 


52 

 

интуициясы  таңғалдырады  және  оқыған  сайын  жаңа  идеялар  ашылып 



отыратынын көреміз. 

Ең алдымен аса білімді ғалым ретінде Қ.Жұбановтың жалпы және орыс 

тіл  білімінің  де  тарихын  жақсы  білгендігін  айтумыз  лазым.  Ғалымның 

Швейцар  ғалымы  Ф.  де  Соссюрдің  лингвистикалық  тұжырымдамасын 

ұғынықты  түрде  жеткізгендігі,  сол  кездегі  лингвистикалық  бағыттағы  озық 

мектептер  бағдарын  жақсы  біліп,  тіл  біліміндегі  логикалық  ағымдарға, 

психологизмге,  формализмге  т.б.  сипаттама    жасай  отырып,  оқырманды 

белгілі  лингвистердің  негізгі  теориялық  ережелерімен  таныстырып,  сондай-

ақ  олардың  қызметтеріне  баға  беретіндігі  бұл  ойымызға  айғақ  бола  алады. 

Проф.  Қ.Жұбанов  өз  еңбектерінде  И.А.Бодуэн  де  Куртенэ,  Х.Штейнталь, 

О.Бетлинг, 

Н.И.Ильминский, 

П.М.Мелиоранский, 

В.В.Радлов, 

В.А.Богородицкий,  Е.Д.Поливанов,  А.Н.Самойлович,  Н.Э.Вундцетель, 

Чобан-Заде,  К.К.Юдахин,  А.М.Пешковский,  Ф.Ф.Фортунатов,  А.Б.Шапиро, 

М.Н.Петерсон,  С.О.Карцевский,  Н.Я.Марр,  В.В.Бартольд,  С.Е.Малов  т.б. 

ғалымдардың  еңбектеріне  жүгіне  отырып,  олардың  көзқарастарына  сын-

ескертпелер де келтіретінін байқаймыз. 

Профессор  Құдайберген  Қуанұлы  Жұбанов  қазақ  тіл  білімінің  негізін 

салушылардың  бірі  ретінде  бірқатар  салаға  қатысты  маңызды  ғылыми 

еңбектер  қалдырғаны  көзі  қарақты  ғылыми  қауымға  ақиқат.  Атап  айтсақ, 

олардың қатарына: 1) фонетика, 2) грамматика (морфология және синтаксис), 

3) ұлттық әдеби тілдің дамуы мен тарихы, 4) жазу емлесі, термин мәселесі, 5) 

оқулық  мәселесі,  бағдарлама,  әдістеме,  6)  мәдениет  пен  өнер  мәселелерін 

жатқызуға болады. 

Көріп 

отырғанымыздай, 



Құдайберген 

Қуанұлының 

зерттеу, 

шығармашылық,  жалпы ізденушілік    диапазонының анағұрлым  ауқымды да 

кең  екендігі  қайран  қалдырмай  қоймайды.  Ұлттық  білім-ғылым 

жүйеленбеген, іргесі қаланбаған кезеңде қазіргі заман биігіне көтерілген тіл 

білімінің әлі күнге өзектілігін жоғалтпаған күрделі теориялық проблемалары 

жөнінде  алғаш  айтылған  пікірлері  ұлттық  лингвистикадағы  бүтін  бір 

салалардың іргетасын салды десе болады. Яғни бұл – ғалымның көрегендігі, 

өз  заманының  қазақтан  шыққан  терең  ойшыл-философ  ретіндегі  асқан 

білімділігі мен ғылыми түйсігінің жоғары болғандығының айғағы. 

Тіл  білімінің  құрылымдық  деңгейлері  тұрғысынан  бастасақ,  қазақ 

тілінің дыбыс жүйесін ғылыми тұрғыдан зерттеу мәселесін  алғаш көтерген – 

профессор  Құдайберген  Жұбанов.  Ғалым  ғылымға  белсене  кіріскен 

отызыншы  жылдары  фонетиканың  жалпы  ғылымдағы  орны  ғылыми 

қауымның  өзіне  де  түсініксіздеу  еді.  Зерттеу  объектісіне  дендеп  ену  де 

оңайға соқпаған тұс. Құдайберген Қуанұлының Ленинградтың Бодуэн-Щерба 

идеясы  дәуірлеп  тұрған  кезіндегі  лингвистикалық  мектебінен  өткендігі  игі 

әсерін тигізсе керек, оның еңбектерінен «тілдік қызметі бар дыбыстарды ғана 

зерттеу керек» деген қағидатты ұстанатындығын аңғару қиын емес. 

1935  жылы  Қазақстанның  өлкелік  баспасы  Қазақтың  ұлт  мәдениеті 

ғылыми  зерттеу  институты  еңбектерінің  1-томын  жеке  кітап  етіп,  жарыққа 



53 

 

шығарды. Ол үш бөлімнен тұрды. Тіл бөлімі бойынша профессор Қ.Жұбанов, 



тарих бөлімі бойынша профессор С.Асфендияров, әдебиет пен өнер бойынша 

А.Алманов  редакторлық  жасаған.  Жинақ  Қ.Жұбановтың  «Қазақ  тілі 

фонетикасы  тарихының  зерттеу  мәселесіне»  мақаласымен  ашылған  еді.  Бұл 

ғалымның  1933-1934  оқу  жылында  ҚазПИ-де  оқыған  қазақ  тілі 

фонетикасының тарихы жөніндегі лекциялар циклінің кіріспесі болатын. 

Сондай-ақ Қ.Жұбановтың 1936 жылы баспадан шыққан «Қазақ тілінің 

грамматикасы»  оқулығының  І  бөліміндегі  фонетикаға  қатысты  тарауы, 

«Қазақ  тілінің  ғылыми  курсы  жөнінен  лекциялар»  атты  еңбегінің  баспадан 

шығып  үлгерген  «Қазақ  тілінің  фонетикасы»  (журналдың  16  беті)  деп 

аталатын  бөлімі,  «Буын  жігін  қалай  табуға  болады?»  (машинкамен  15  бет), 

«К  постановке  исследования  истории  фонетики  казахского  языка» 

(машинкамен 19 бет) т.б. еңбектері қазақ тілі фонетикасының ғылым ретінде 

іргесі қаланып, теориялық тұрғыдан зерттеліп, қалыптасуына  негіз болды. 

Проф.  Қ.Жұбановтың  қалам  тербеген  салалардың  ішінен  ғылыми 

еңбектерінің  жартысынан  астамы  грамматикаға  арналғандығын  көреміз. 

М.Әуезов  пен  І.Кеңесбаев  ғалымның  «Қазақ  тілінің  грамматикасы»  атты 

еңбегін:  «Айқын  да  нәрлі,  стилистикалық  жағынан  орамды  қазақтың  әдеби 

тілімен  жазылған  бұл  еңбек  қазақ  тілі  жөніндегі  оқулық,  еңбек  жазатын 

көптеген авторлар үшін тамаша үлгі болды», – (1) деп әділ бағалады.  

Профессор  Қ.Жұбановтың  қазақ  грамматикасы  төңірегіндегі  соны  ой-

тұжырымдарына  Ә.Т.Қайдаров пен А.Әбдірахманов 1998 жылы жазған «Тіл 

білімінің  тарланы»  мақаласында  «Грамматика  ілімі  саласында  ол 

топшылаған теориялық тұжырымдарды біз әлі күнге игеріп болғанымыз жоқ. 

...бүгінгі  тіл  білімінде  «осыдан  отыз  жыл  бұрын  академик  А.Н.Кононов 

айтты»  делінетін  тұжырымдардың  біразын  жарты  ғасыр  бұрын  профессор 

Қ.Жұбановтың айтып кеткені айқындалып отыр», – деген тұжырым жасайды 

(18, 7-13). Расында да, терең ойлы ғалымның осы салада (дұрысын айтқанда, 

бұл  салада  ғана  емес)  Қ.Жұбановтың  ғылыми  концепцияларының 

өміршеңдігін  аталған  және  басқа  да  пікірлер,  сондай-ақ  ғасырға  жуық 

жүргізіліп келе жатқан ғылыми зерттеулер дәлелдейді. 

Қазақ  тіл  білімінің  қалыптасып,  дамуына  үлкен  үлес  қосқан 

ғалымдарымыздың бірі А.Ысқақов: «Бұл кітап өзінің құрылысы мен құрамы 

жағынан да, мазмұны мен талдау жүйесі жағынан да бұрын-соңды қазақ тілі 

грамматикаларының  ғана  емес,  біздің  елімізде  шыққан  өзге  тілдердің 

грамматикаларынан  да  өзгеше  еді»,  –  деп,  Қ.Жұбанов  еңбектерін  аса 

мақтанышпен дәріптеп көрсетеді (19). 

Филология  ғылымының  докторы,  профессор  Нұржамал  Оралбаева 

аталмыш  оқулықтың  жетістіктеріне  кеңінен  тоқталады.  «Алғашқы  оқулық 

шыққаннан  бергі  аралықта  қазақ  тіл  білімі  өте  жоғары  дәрежеге  көтерілді, 

мектеп грамматикасы да толығып, тұрақты қалыпқа жетті. Соған қарамастан, 

аталмыш  грамматикадағы  ережелер  күні  бүгінге  дейін  күшін  жоймаған. 

Мұнда  ескіріп,  колданудан  шығып  қалған  қағиданы  көрсету  қиын.  Бұл 

жағдай  грамматикадағы  берілген  ережелердің  нақтылығын,  дұрыс,  дәл 


54 

 

алынғанын  көрсетеді.  Сондықтан  олар  өміршең  болып,  қазірге  дейін  мәнін 



жоймаған және жоймақ та емес» (20). 

Қ.Жұбанов  еңбектерінің  ғылыми  мәніне  проф.  Б.Қасым  мынадай  баға 

береді:  «Қ.Жұбанов  –  лингвист-ғалым  ретінде  алғашқы  ғылыми 

грамматиканың  негізін  салушы.  Қ.Жұбановтың  өмір  жолындағы  өнімді  де, 

ғылыми ойға құрылған еңбектері қазақ тіл ғылымының дамуына қызмет етті» 

(21, 375 ). 

Аталмыш  еңбекті  кеңінен  қарастыруға  талпынған  зерттеуші 

А.Шәкиеваның «Көмекші және күрделі етістіктер хақында» мақаласындағы: 

«Біз сөз ететін еңбекті алғаш оқығаннан-ақ оның авторының лингвистикалық 

терең  біліміне,  тіл  тылсымын  нәзік  те  жете  сезінетіндігіне  қайран  қаламыз. 

Профессор  Құдайберген  Жұбанов  неміс,  ағылшын,  француз  тілдері  сияқты 

шетел  тілдерін  тек  игеріп  қана  қойған  адам  емес,  сонымен  бірге  олардың 

құрылымдық  жүйе  ретіндегі  қалпын  да  жақсы  білген.  Сөйтіп,  ол  өзінің 

«Көмекші  және  күрделі  етістіктер  жөніндегі  ескертпелерінде»  неміс  тілінен 

цитаталар  келтіріп,  неміс  грамматикасының  терминдерін  емін-еркін 

пайдаланады»,  –  деген  жолдар  көп  нәрседен  хабар  береді.  Зерттеушінің 

ойынша, ғалым алуан түрлі шетел тілдерінің грамматикалық құрылымдарын 

жақсы біле тұра, бөгде тілдердің даяр қалыбын өз ана тіліне жадағай әкеліп 

қондыра салмайды. Мұның өзі, бір жағынан, ғалымның тіл табиғатын сергек 

сезінетін  тума  қабілетін  аңғартса,  екінші  жағынан,  оның  пәрменді 

лингвистикалық ой-толғамын, өз тұсындағы тіл ғылымының даму жағдайын 

терең де түбегейлі меңгергенін танытады (5). 

Бізді  қоршаған  орта,  тіршілік  әлемі  танымдық  оймен  көз  жіберсек  те, 

ғылым  салалары  тоғысында  алып  қарасақ  та  бөлінбейтін  тұтастық  іспетті. 

Іспетті ғана емес, дәл солай, табиғаттан тыс, бөлек ешнәрсе жоқ. Ешкімді де, 

ешнәрсені  де  одан  жеке  алып  қарау  мүмкін  емес.  Қазіргі  кезде  кез  келген 

тілдік құбылысты, заңдылықты оның дүниенің көрінісі, бейнесі ретінде тұтас 

болмысынан іздеу үрдісі қалыптасуда. Олай болса, ғылымда дүниені танудың 

(тіл  арқылы  ма,  өнер  арқылы  ма  т.б.)  тұтастық  (концептуалдық)  үрдісі 

қалыптасуы  да  заңдылық.    Осы  тұрғыдан  келгенде,  қазір  алуан  түрлі  қыры 

қарастырылып жатқан ТІЛ атты алып тұтастық та – өзіндік бір әлем. Осыны 

қазақ  тіл  ғылымының  сонау  бастауында  тұрған  Қ.Жұбанов  көрегендікпен 

сезе білген, сездіре білген. Сондықтан профессор тілдің қай саласына қалам 

тартса  да,  белгілі  бір  тілдік  құбылыстарды  жеке  қарастырып  қана  қоймай, 

оларды  басқа  тіл  деңгейлерінің  мәселелерімен  бірлікте  сипаттайды.  Бұл 

жайында  профессор  А.Салқынбай:  «Ғалым  фонетика,  морфология, 

синтаксис,  лексика  және  семантиканы  бір-бірінен  бөліп  алып,  зерттеуге 

қарсы  шығады.  Олардың  арасына  «қытай  қорғанын»  тұрғызуға 

болмайтындығын  ескертеді.  Мұның  өзін  тілдің  және  тіл  ғылымының 

жүйелілік сипатын мойындауы, бағалауы деп түсінген абзал», – деп келелі ой 

тастайды (22). Қазіргі кезде жеке-дара індете зерттеліп, тереңнен ақтарылып 

жатқан тіл деңгейлерінің, тілдік құбылыстардың қыр-сыры әліге дейін толық 

ашылмай  жатқанда  оларды  сонау  тіл  білімінің  балаң  кезінде  біріне-бірін 


55 

 

байланыстыра,  бірінен-бірін  туғыза  қарастыру  нағыз  білгір  ғалымның, 



көреген данышпанның ғана қолынан келетіндігі дәлелдеуді қажет ете қоймас. 

Қ.Жұбановтың  бізге  жеткен  еңбектерінің  алғашқысы  –  1936  жылы 

орыс тілінде жазылған «Из истории порядка слов в казахском предложении» 

мақаласы.  Автор  мақаланың  алғы  сөзінде  бұл  еңбектің  Қазақ  мемлекеттік 

педагогикалық  институтында  қазақ  тілінен  курс  оқу  барысында  және 

алғашында  жариялау  үшін  емес,  кейбір  мәселелерді  нақтылау  үшін 

жазылғандығын ескертеді. 

Академик  І.Кеңесбаев  пен  Ғ.Мұсабаев  ғалымның  атамыш  еңбегінің 

ғылыми құндылығына төмендегіше баға береді: «Бұл еңбегімен Құдайберген 

Қуанұлы Жұбанов Одақ көлеміндегі атақты тюркологтар қатарына қосылды. 

Өйткені бұл кітаптың көлемі шағын болғанымен, көтерген мәселелері қазақ 

тіл білімі аумағынан асып түсіп, бүкіл түрік халықтарына ортақ мәселелердің 

дұрыс шешімімен түйінделеді. Ол еңбектің басты қорытындысы қазіргі қазақ 

тілінде  сақталған  көптеген  тұрақты  сөз  тіркестерін  зерттей  келіп,  олардың 

басқа  түркі  тілдерінде  бар  екенін  дәлелдей  отырып,  көне  түркі  тілдері 

ескерткіштерінде мұндай фактылар мол екеніне әкеліп бір саяды. Тіліміздегі 

тұрақты сөз тіркестерінің көпшілігі көне түркі тілінде болған атаулы сөйлем 

құрылысы  (номинативный  строй  предложения)  бұл  тілдердің  ең  ерте 

кездерінде  болған  аса  кәрі  құрылысын  көрсетеді  деп  қорытады.  Сөйтіп 

алғашқы тіл тұсында болған сөйлемнің құрамы шылау, жалғаулары кедей, екі 

сөздің  арасы  көбінесе  сөйлемдегі  сөздердің  орны  арқылы ғана байланысқан 

еді.  Сондықтан  түркі  тілдерінде  сөйлем  мүшелерінің  орны  синтаксис 

мәселесінде  шешуші  мәні  бар  дейді.  Мұндай  қорытындыны  бұған  дейін 

ешкім айта алмаған-ды» (23).  

Қазақ  тіл  білімінің  көрнекті  ғалымдарының  бірі  Мархабат  Томанов 

ғалымның  бұл  еңбегі  туралы:  «Мұнда  тек  қазақ  тілі  тарихында  ғана  емес, 

бүкіл  түркология  тарихында  бірінші  рет  (және  әзірше  соңғы  рет)  қазақ 

сөйлемі  өзінің  тарихи  қалыптасу  эволюциясымен  түсіндіріледі.  Зерттеуші 

түркі  халықтары  тілдері  фактілерін  тарихи  салыстыру  жолымен  қазақ 

сөйлемінің алғашқы сипаты (немесе оның құрамындағы сөздердің бастапқы 

орналасу  реті)  шамамен  қазіргі  тіліміздегі  Ай  сұлу,  Күн  сұлу,  Таң  жарық, 

Айжарық  композиттерінің  кұрамындағы  сөздердің  орналасу  тәртібіндей 

болған деп дәлелдейді», – деп жазады (24, 35-40) 

Профессор  М.Серғалиев:  «...  әр  оқыған  сайын  жаңа,  тың  ой  туындап 

отыратын сияқты. ... Ғалым қазақ тіліндегі сөйлем құрайтын сөздердің орын 

тәртібіне  егжей-тегжейлі  тоқталады.  Соның өзінде  қазіргі  тіл  материалында 

емес,  «архаистік  сөз  тіркестеріне»  талдау  жасайды.  Одан  да  дәлірек  айту 

керек  болса,  тіпті  ғалымның  жазып  отырған  осы  ғасырымыздың  20-30-

жылдарындағы  емес,  дәл  бүгінгі  таңда  кез  келген  қазақтың  айтып  жүрген, 

әдеби тілімізден берік орын алған кісі есімдерін (кейде хайуанат аттарын да 

келтіреді)  құрайтын  сөздердің  бір-бірімен  байланысы  туралы  ғылыми 

талғамын алға тартады», – (25, 24-28) деп еңбекке кеңінен талдау жасайды.  


56 

 

Академик  Р.Сыздықтың  бұл  еңбектің  ғылыми  құндылығын:  «Ең 



алдымен,  бұл  тамаша  этимологиялық  (сөз  төркінін)  талдау  үлгісі.  Мұнда 

көптеген  жұрнақтар  мен  түрбірлердің  морфологиялық  талдауы  олардың 

фонетикалық құбылуын көрсетумен қатар жүргізіледі. Екіншіден, бұл жұмыс 

–  салыстырмалы-тарихи  әдістің  таптырмас  үлгісі;  мұнда  автор  жалаң  қазақ 

тілі  емес,  көптеген  түркі  тілдерін  (көнелерін  де,  қазіргілерін  де),  сонымен 

қатар өзге системалы тілдерді, оның ішінде грузин, қытай монғол тілдерінен 

алынған  фактілерді  салыстыра  отырып  зерттейді.  Үшіншіден,  мұнда  негізгі 

тақырыптан  тыс  өзге  бірқатар  тың  пікірлер  айтылған.  Оларды  автор  негізгі 

тақырыбын  дәлелдеу  үшін  жол-жөнекей  айтып  отырады.  ...  Төртіншіден, 

Қ.Жұбановтың  бұл  еңбегі  –  қазақ  ономастикасын  (адам  аттарын)  сөз  еткен 

тұңғыш ғылыми жұмыс. ... Бесіншіден, «Қазақ сөйлеміндегі сөздердің орын 

тәртібі»  деген  еңбектің  құндылығы  –  оның  шын  мәніндегі  тұңғыш  ғылыми 

сауатты  зерттеу  жұмысы  екендігінде»,  –  деп  дәріптеуі  түсініктеме  беруді 

қажет ете қоймас (4). 

Проф.  Қ.Жұбанов  өзінің  бұл  еңбегін  жазуда  М.Қашқаридың  «Диуани 

лұғатын»  (Ыстамбұл  басылымын),  Әбу-Хаян  Альгарнатаның  «Kitab  al-idrak 

Ii-Lisan al-Atrak» (бірінші Ыстамбұл басылымын), Ибн-Муханнаның «Kitabu 

halijatul 

lisaan 

ve 


halebe-tu-l-insaan» 

(Ыстамбұл  басылымын  және 

П.М.Мелиоранскийдің  «Филолог-араб  түрік  тілі  туралы»  басылымын), 

Смирновтың  «Кочубей  Гюмюрджинский»,  Н.Ашмариннің  «Подражание  в 

языках  Среднего  Поволжья»,  Б.Л.Владимирцовтың  «Монғол  жазба  және 

хакас  халық  тілдерінің  салыстырмалы  грамматикасы»  еңбектерін  және 

Н.Поппе мен Б.Л.Владимирцовтың монғол тілі туралы және 1929 және 1930 

жылдары 


Ленинград 

қаласында 

оқыған 

басқа 


да 

еңбектерді 

пайдаланғандығын жазады. 

«Аталмыш іргелі еңбектегі ғалымның теориялық тұжырымдары тілдік 

фактілерді тарихи дамуы тұрғысынан сарапқа салып, диалектикалық сипатта 

қорытынды  шығару  әдістері  әлі  де  талай  тіл  мамандарын  тамсандырып, 

болашақ  зерттеу  жұмыстарына  бағыт  сілтейтіндігі  даусыз»,  –  дей  келе 

К.Кенжебаев  пен  Ә.Оралбай,  –Еңбектің  ең  басты,  діңгекті  мәселесі  –  қазақ 

тілінің  тарихи  синтаксисі,  оның  ішіндегі  сөйлемдегі  сөздердің  орын 

тәртібінің  қалыптасып,  дамуы  барынша  жаң-жақты  қарастырылғандығымен 

тәнті  етеді.  Қайталанбас  еңбекті  тарихи  синтаксисті  зерттеушілер  әлі  талай 

қаузайтындығына сенім мол», – деп қорытады (5). 

Профессор Қ.Жұбановтың «Ауыл мұғалімі» журналының 1937 жылғы 

1-3  сандарында  жарияланған  синтаксиске  қатысты  «Жаңа  грамматиканың 

жаңалықтары  жайында»  атты  тағы  бір еңбегі  қазақ  тіл біліміндегі  шоқтығы 

биік дүниелердің бірі десек артық айтқандық болмас.  

Академик  Р.Сыздық  «Ғалым-азамат»  кітабында  Қ.Жұбановтың  көлемі 

бір  баспа  табақтай,  мұрағаттан  табылған  «О  построении  речи  в  казахском 

языке»  деген  аяқталмаған  мақаласы  сөйлем  ішіндегі  сөздердің  тіркесу 

қабілеттеріне,  кейбір  морфологиялық  тұлғалардың  синтаксистік  қызметіне, 

сондай-ақ  кейбір  сөздердің  мағынасы  мен  қолданылуына  арналғандығын 


57 

 

айтады.  Ғалымның  айтуынша,  бұл  материал  тезис  болуы  мүмкін,  өйткені 



нөмірленген  және  әр  алуан  объектіні  сөз  еткен,  өзі  келте,  бірақ  өте  қызық, 

ішінде өзіне дейін айтылмаған тың талдаулар мен пікірлер бар (4). 

Қазақ  терминологиясының  жасалу,  даму  тарихына  алғаш  рет  назар 

аударған  да,  оның  көшбасшысы  да  профессор  Қ.Жұбанов  болды.  Ол  1933 

жылы құрылған Мемлекеттік терминология коммисиясының төрағасы болып 

тағайындалды.  Мемлекеттік  терминологиялық  комиссияның  бюллетенін 

ұйымдастырып,  оның  4  санын  шығарды.  Бірінші  санында  «Қазақ  әдеби 

тілінің  терминологиясы  жайында»  атты  мақаласын  жариялап,  қазақ 

терминологиясының  басты  принциптерін  жасап  берді.  Ғалым  көрсеткен  он 

түрлі  принцип  барлық  ғылым  саласы  бойынша  термин  жасау  ісіне  тікелей 

жол сілтеп, басшылыққа алынып келеді.  

1936 жылы Қазақтың ұлт мәдениетін зерттейтін ғылым институтының 

еңбектерінің  2-кітабында  «Тіл  мәселелері»  деген  атпен  орысша-қазақша 

тілтаным  сөзтізбесі  жарық  көреді.  Бұл  терминдердің  жарық  көруіне  проф. 

Қ.Жұбановтың басшылық жасауы сөзсіз. Оны дерлік оқып, редакциялаған да 

болуы мүмкін. 

Профессор  Қ.Жұбанов  қатысып,  басшылық  етуі  нәтижесінде  1936 

жылы  жарық  көрген  жалпы  саны  173  термин  арада  он  екі  жыл  өткен  соң 

жауапты  редактор  Қазақ  КСР  Ғылым  академиясының  толық  мүшесі 

Н.Т.Сауранбаев  басшылығымен  жарық  көрген  «Терминология  сөздігі» 

(Бірінші  кітап.  –Алматы,  1948)  атты  сөздікте  «Тіл  ғылымының  терминдері» 

(жинаған  Қазақ  ССР  Ғылым  академиясының  Тіл  және  әдебиет  институты) 

берілген.  Онда  1936  жылы  профессор  Қ.Жұбанов  жарыққа  шығарған  тіл 

терминдерінің біразы барын көреміз. Бұл сөздікке енген терминдерді қарауға 

С.Бәйішев, М.Балақаев, Ы.Дүйсенбаев, Ә.Сыдықов қатысқан. 

Ғалым  «Термин  сөздердің  спецификасы  жөнінде»  (1953),  «Физика 

терминдері  жайында»  (1935),  «Математика  терминдері  жайында»  (1935) 

және  «Принципы  терминологии  казахского  литературного  языка, 

применямые  Государственной  терминологической  комиссией»  (1936)  атты 

келелі мақалалар жариялап, терминология мәселесімен тынбай шұғылданып 

отырды. 

Қ.Жұбановтың  әліпби  және  жазу  мәселесіне  қатысты  көзқарастарын 

оның  «Әліппеміз  бұқарашыл  болсын»,  «Қазақ  тілінің  емлесін  өзгерту 

жайлы»,  «Қосар  ма,  дара  ма?»,  «К  проекту  реформы  казахского  алфавита», 

«Проект  казахского  алфавита»,  «К  пересмотру  казахской  орфографии»,    «К 

проекту  реформы  казахского  алфавита»,  «Проект  изменений  орфографии  и 

алфавита  казахского  языка»,  «Выступление  К.К.Жубанова  на  научно-

орфографической конференции в г. Кзыл-Орде» (02.04.1929) т.б. мақалалары 

мен түрлі жиындарда сөйлеген сөздерінен байқауға болады. Ғалымның жазу, 

орфография жөніндегі теориялық зерттеулері негізінен қазақ әліпбиін жасау, 

бөгде  тілдің  графикасын  қазақ  тілінің  ішкі  ерекшелігіне  бейімдеудің  тиімді 

жолдарын  іздестіру,  жүйелі  жазу  емлесін  құрастыру,  оны  жетілдіру, 

орфоэпия  мен  орфографияның  өзіндік  белгілеріне  сай  қазақ  тілі 


58 

 

дыбыстарының  ерекшеліктерін  көрсету,  қазақ  тіліне  енген  терминдердің 



жазылу заңдылықтарын бір жүйеге келтіру, қазақ орфографиясының жетекші 

принципін анықтау және т.б. бағыттарда болды. Осы орайда ғалымның 1935 

жылы  жарияланған  «Қазақ  орфографиясын  қайта  қарау  мәселесіне»  атты 

мақаласын ерекше атап өтпеске болмайды.  

Профессор  Қ.Жұбановтың  қатты  көңіл  бөліп,  ерекше  күш  салған 

жұмысының бірі – қазақ лексикографиясына қатысты жұмыстар. Оған дәлел 

1930  жылдар  оның  тікелей  басшылығымен  «Қазақ  тілінің  академиялық 

сөздігінің»  жасалып,  оның  бас  редакторы  болып  тағайындалуы  еді.  1959, 

1961  жылдары  жарық  көрген  екітомдық  «Қазақ  тілінің  түсіндірме  сөздігі» 

сол аталмыш сөздіктің негізінде жасалған-ды.  

Қазақ  антропонимдерінің  сан  қырлы  сырын  тереңнен  бағдарлаған 

профессор  Қ.Жұбанов  1930  жылдардың  басында-ақ  бұған  ерекше  назар 

аударып,  ғылыми  зерттеу  объектісі  еткенін  байқаймыз.  1936  жылы  түркі 

тілдерінің  ішінде  қазақ  және  құмық  кісі  есімдері  туралы  проф.  Қ.Жұбанов 

пен  А.Сатыбаловтың  (26)  зерттеулері  қатарласа  жарық  көреді.  Проф. 

Қ.Жұбанов  бұл  еңбекті  жазбастан  бұрын-ақ  кісі  аттары  туралы,  жалпы 

атаулар  жайында  жазылған  еңбектермен  молынан  таныс  болғандығы 

байқалады.  Ғалым  кісі  аттарының  шығуы,  оның  ру,  тайпа  атауларынан  соң 

пайда болуы күні бүгін ғылымда белгілі болып отыр деп жазды. 

Қ.Жұбановтың ономастикалық мәселелерге арналған жұмыстары әр кез 

қазақ  ғалымдары  тарапынан  сөз  болды.  Мәселен,  белгілі  ономаст  ғалым, 

профессор  Т.Жанұзақ  ерте  кезден  қарастырса,  ономастика  саласында  еңбек 

етіп жүрген маман Г.Мадиеваның мақаласы да Қ.Жұбановтың жалқы есімдер 

синтаксисіне  арналған.  Қ.Жұбановың  еңбектерін  жан-жақты  тілтанымдық 

тұрғыдан  саралаған  зерттеуші  Ж.Сұлтан  ғалымның  жалқы  есімдерді 

лингвомәдениеттанымдық тұрғыдан зерделеген біраз құнды пікірлері бар. 

Проф.  Қ.Жұбановтың  жалпы  тіл  біліміне  қатысты  көзқарастарын 

А.Жұбанова былайша топтап береді: 1) тарихи принцип; 1) психологизм; 3) 

тілдің қоғамдық сипаты; 4) тірі тілдер мен диалектілерге ерекше мән беруі; 5) 

тілді функционалды тұрғыдан зерттеуге негізделетін семасиологизация және 

морфологизация  теориясы;  6)  тілдік  бірліктерді  таңба  және  символ  ретінде 

қарастырады;  7)  тілдің  жүйелік  сипатын  кең  әрі  жан-жақты  зерделеп,  тіл 

жүйелілігіне  синхрондық  сипатта  ғана  емес,  диахрониялық  тұрғыдан  көңіл 

бөледі; 8) тіл статикасы мен динамикасын айқын ажыратып, осы кездегі жай-

күйі  мен  тарихи  өзгерістерін  көрсетеді;  9)  қазақ  тілі  мәселелерін 

салыстырмалы-салғастырмалы аспектіде қарастырады; 10) тілдің «ішкі» және 

«сыртқы»  тарихын  ажыратады,  яғни  тілдің  өзін,  оның  грамматикасын 

(«ішкі»)  және  тілді  сөйлеуші  халықтың  тағдырымен,  географиялық  және 

этнографиялық  ерекшеліктерімен,  шет  тілдердің  әсерімен  және  т.б. 

байланыстыра зерттейді; 11) тілдің жалпы даму заңдылықтарын қарастырады 

(27, 65-71). 

Өзі  өмір  сүрген  кезеңдегі  әлеуметтік  істердің  әрдайым  басынан 

табылған, қоғамның мәдениеті мен рухани өмірінің барлық саласына аянбай 


59 

 

атсалысқан  және  мұны  азаматтық  борышы  деп  санаған  Қ.Жұбанов  



қарапайым  тілшіліктен  бастап,  қоғамдағы  келелі  мәселелерді  сөз  еткен 

қаламгерден қазақ ғылыми публицистикасының бастауында тұрған қарымды 

публицист дәрежесіне жетті. 

Қ.Жұбановтың  ғалым-публицист  ретінде  жаңа  заманда  әдебиетіміздің 

арын  арлап,  мәдениетіміздің  жоғын  жоқтасты.  Рухани  жаңғыруды  көксеген 

қауымымыздың  мүдделері  жолында  іргелі  істерді  атқаруға  да  жарады.  Осы 

тұста  Мұхтар Әуезовтің өзі Ісмет Кеңесбаевпен бірігіп жазған мақаласында: 

«...Он  был  хорошим  публицистом  и  журналистом,  умел  выражать  свои 

мысли ярко и увлекательно», – деп атап көрсетті (1). 

Әдебиет  әлеміндегі  көркемдікті  тани  білген  Қ.Жұбановтың  «Әдебиет 

майданы» журналының 1934 жылғы 11-12 нөмірлерінде жарық көрген «Абай 

– қазақ әдебиетінің классигі» атты еңбегі аяқталмай қалған мақала болса да, 

абайтану  саласының  бастауларында  тұрған  ерекше  туынды  ретінде 

бағаланады.  

Әдебиеттану ғылымында Қ.Жұбановтың түркі әдебиеті тілін зерттеудің 

тамаша  үлгісін  көрсеткен  деп  бағалауға  тұратын  тағы  бір  еңбегі  –  Қожа 

Ахмет  Ясауидің  «Диуани  хикмет»  кітабы  туралы  жазылған  қолжазба 

туындысы  ғылыми  айналымға  енгізілді.  Ол  бірнеше  рет  жариялауға 

талпыныс  жасалса да,  түрлі  себептермен  баспа  бетін  көрмеген.  Тұңғыш рет 

«Жұлдыз»  журналының  1999  жылғы  8-нөмірінде,  іле-шала  Қ.Жұбановтың 

соңғы  шығармалар  жинағында  жарияланды.  Бұл  еңбекте  Қожа  Ахмет 

Ясауидің  «Диуани  хикметі»  Қазақстан  халқының  ескі  мұрасы  ретінде 

қарастырылады. 

Құдайберген Жұбанов нендей тақырыпқа бой ұрса да терең, тың пікір 

қозғайды.  1936  жылы  Қызылордада  жеке  кітап  болып  басылып  шыққан 

«Қазақ музыкасында күй жанрының пайда болуы (тіл мен тарих деректері)» 

атты очерк-кітабы оның  тілші-ғалым  ғана емес,  музыкадан да  терең хабары 

бар екендігін аңғартады. 

Қазіргі  тіл  ғылымында  қалыптасқан  «ұлт  пен  тіл  біртұтас»  деген 

қағидаға сүйенетін, этностың тілдік қазынасын сол этностың рухани-мәдени, 

тарихи түпнегіздерімен өзектес қарап, яғни адам табиғаты мен тіл табиғатын 

сабақтастыра  зерттейтін  антрополингвистикалық  парадигманы  құрайтын 

когнитивті 

лингвистика, 

психолингвистика, 

этнолингвистика, 

паралингвистика,  гендерлік  лингвистика  т.с.с.  –  қазіргі  тіл  ғылымының  да 

жаңа  бағыттары.  Ал  оның  теориялық  негіздерінің  нышандарын  проф. 

Қ.Жұбановтың ғылыми мұрасын зерделеу барысында табамыз. 

Профессор  Қ.Жұбановтың  тіл  білімінің  қай  саласына  арнаған  еңбегі 

болсын,  бір  жағынан,  теориялық  тұжырымдарының  тереңдегімен  құнды 

болса,  екінші  жағынан,  стилінің  қарапайымдылығымен,  түсініктілігімен 

ерекшеленеді.  Тіл  тынысын  тілдік  һәм  танымдық  түйсікпен  жіті  бақылап, 

оның сан саласын саралауға және өз байқауларын өзгеше шабытпен сауатты 

жазуға келгенде Қ.Жұбановтан асқан тілшіні таба қою қиын болар, сірә. Осы 

орайда  ғалымның қазақ  тіл  білімінің  негізін  қалаушылардың бірі  ғана емес, 



60 

 

түркітаным әлеміндегі тұлға екендігі туралы проф. М.Томанов мақаласының 



«Құдайберген Жұбанов ғалымдық жолға түркілік компаративистиканың өкілі 

болып түсіпті» деп басталуы да тегіннен-тегін емес деп санаймыз (24, 35-40). 

Академик  Ә.Т.Қайдар  «Ел  мақтаны»  деген  мақаласында  жоғарыдағы 

ғалымның  пікірін  былайша  өрбітеді:  «Бір  ғажабы:  ғұлама  ғалымның 

топшылаулары мен теориялық концепциялары әрі нәрлі, әрі терең. Мәселен, 

ол  тіл  табиғатының  нақтылы  мәселелерін  зерттей  отыра,  оның  тамырын 

тереңнен қарастырады. Ол жайындағы ой-пікірлері әрі соны, әрі ауқымды да 

жан-жақты болып келеді. Тілдің кішкене ғана бір мәселесін зерттей отырып, 

ол түркология шеңберінде тұтас ой қозғайды» (3, 5-11). 

Осы жерде Жүсіп Баласағұндай дананың: 

«Ғалым бар дүниеде дана аталған, 

Білімі халық жолын нұрға малған. 

Қажетті керексізден кесіп тастар, 

Ғалымдар  тура  жолға  елді  бастар»,  –  дегені  еріксіз  еске  түседі. 

Құдайберген  Қуанулының  «халық  жолын  нұрға  бөлеген»  білім  нәтижесі 

оның  өзі  НКВД  қапасында  еш  айыпсыз  көз  жұмғаннан  бергі  75  жылда 

дабүгінгідей басты әңгімеге арқау болуы, тағы да Жүсіп дана сөзімен айтсақ, 

атақты тұлғамыздың: 

«Бір адамның бір адамнан парқы бар, 

Ол айырма білімменен жарқырар», – деген деңгейде екенін әйгілейді. 

Шығыс даналарының бірі: 

«Білім – шипа: 

Ақыл айтса, адам ойын ертетін. 

Ерлер, игі бектер өтті ерте тым. 

Таудай білім насихаты – шипа ғой, 

Жанды тербеп, көңіл күйін шертетін», – депті! 

Сексен  жылдай  уақыт  бұрын  бүгінгі  ғылымға  негіз  салған,  құйрықты 

жарық  жұлдыздай  қысқа  ғана  тағылымы  орасан  тірлігінде  артына,  бүгінгі 

ұрпаққа  мол  мұра  тастап  кеткен  жанның  өнегесі  биігінен  бүгінгімізге  көз 

салып, ойша барласақ, оның тұлғасы өлшеусіз биіктей түседі екен! 

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет