Ұлы дала тұЛҒалары қҰдайберген



Pdf көрінісі
бет4/43
Дата15.02.2017
өлшемі3,08 Mb.
#4165
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Айыптау мен ақталу 

 

Профессор  Құдайберген  Жұбановтың  өмірі  мен  қызметіне  қатысты 



деректі  ғұмырнамалық  еңбек  жазған  К.Кенжебаев  пен  Ә.Оралбайдың 

деректеріне  сүйенсек,  Ұлттық  қауіпсіздік  комитетіндегі  Қ.Жұбановтың  ісі  

«В  двух  томах»  деп  көрсетілгенімен,  ақырғы  құжатына  дейін  онша  қалың 

емес, шамамен 230 мәшіңкелік парақтай көлемде, 1-том шамасында. 

«Дело №11020 по обвинению Джубанова X. по ст.58, п.п. 2, 8, 9 и II УК 

РСФСР»  деген  атының  өзі  кімнің  болса  да  жүрегін  шымырлатпай  қоймас. 

Зерттеуші  Т.Бейісқұлов  Бейімбет  Майлин  ісінің  нөмірі  11020-сыншы 

болғанын  жазған-ды.  Соған  қарағанда,  бұлардың  ісі  бір  ортақ  нөмірмен 

таңбаланған  сияқты.  Мұқабаның  бетінде  кездесетін  басқа  да  нөмірлердің 

ішіндегі  маңыздыларының  бірі  –  «Архивно-следственное  дело  №955387» 

деген жазу тәрізді. Сондай-ақ «том №1», «начато 19 ноября 1937г., окончено 

23 декабря 1937г.» деп жазылған. Сонда «халық жауы» деп әшкерелеп, атып 

жіберуге бір айдан сәл-ақ астам уақыт жеткілікті болғаны ма?! 

Істегі  алғашқы  «Справка  на  арест  Жубанова  Худайбергена»  деп 

аталатын  анықтамаға  Қазақстанның  Ішкі  істер  халық  комиссариаты 

мемлекеттік  қауіпсіздік  басқармасының  бөлім  бастығы  Катков  қол  қойған. 

1937  жылдың  15  қарашасындағы  бұл  құжатта  былай  делінген:  «Достаточно 

изобличается в том, что является членом антисоветской националистической 

организации,  связанной  с  троцкистами  и  правыми.  Активно  ведет 

антисоветскую  националистическую  работу.  Необходимо  Жубанова  X. 

арестовать  и  привлечь  к  судебной  ответственности  по  ст.  58-10-11  УК 

РСФСР». 


Мұны 

18 


қарашадаҚазКСРІшкіістерхалықкомиссарыныңорынбасары, 

мемлекеттікқауіпсіздік  майоры  Володьзко  бекіткен.  Сөйтіп,  лейтенант 

Катков  пен  майор  Володьзконың  «ұйғарымымен»  қазақтың  біртуар 

ғалымының тағдыры шырғалаңға түсті. 

Ертеңіне,  яғни  19  қарашада  мемлекеттік  қауіпсіздік  сержанты 

Хамидуллинге Қ.Жұбановты тінтіп, қамауға алуға №1022 ордер беріледі. Бұл 

ордерде профессор Қ.Жұбановтың Красин көшесіндегі 47-үйде тұратындығы 


40 

 

жазылған.  Ордердің  төменгі  жағындағы  «Оқыдым»  деген  жерге  Қ.Жұбанов 



қол қойған. 

19 қарашадағы «Тінту жүргізу протоколын» да Хамидуллин толтырған. 

Максимова 

дегенніңқатысуыменмыназаттардыңәкетугеалынғандығыжайында жазылады: 

1.

 

№106454 паспорт. 



2.

 

№0733638 кандидаттық партбилет. 



3.

 

№597 кәсіподақ билет. 



4.

 

№74 Қаз ЦИК мүшелік билет. 



5.

 

№1147 кәсіподақ билет. 



6.

 

«КСР  15  жылдығы»  белгісін  тағып  жүруге  берілген  №9273 



куәлік. 

7.

 



«КСР 15 жылдығы» белгісі. 

8.

 



Қаз ЦИК мүшелігінің белгісі. 

9. Әр түрлі кітаптар – 3 дана. 

10.Жалпы дәптерлер мен қойын кітапшалар – 5 дана. 

11.Жазулары бар оқушы дәптерлері – 12 дана. 

12. Әртүрлі қолжазбалар мен хаттар – бір бума. 

13.Фотосуреттер – 13 дана. 

14. Бір әуе винтовкасы. 

Қ.Жұбанов  тұтқындалғаннан  кейінгі  алғашқы  құжат  «Тұтқынның 

сауалнамасы»  келесі  күні  толтырылған.  Қ.Жұбановтың  айтуымен  жазылған 

бұл сауалнаманы кейінірек тергеуді жүргізген Мавлютов толтырған сияқты. 

Олай  дейтініміз  сауалнаманың  соңына  қолы  қойылған  да,  фамилиясын 

жазуды  «ұмытып  кеткен».  Сауалнаманың  соңына  Қ.Жұбанов  қол  қойған. 

Аты-жөні  жазылғаннан  кейін  Қ.Жұбановтың  туған  жылы  ғана  керсетілген. 

Күні бос қалдырылған. Туған жері ретінде «Ақтөбе облысы, Жұрын ауданы, 

№9  ауыл»  деп  көрсетілген.  «Тұрғылықты  жері»  ордердегі  дерекке  сәйкес 

келеді.  Жұмыс  істейтін  жері  «Ғылым  академиясының  филиалы  және  Қазақ 

педагогикалық  институты»  деп  көрсетілген.  Сосын  «профессор-тілші»  деп 

қосылған,  «ғылыми  қызметкер»  екендігі  жазылған.  Сауалнаманың  «барлық 

мүлкін  (құрылыс,  ауыл-шаруашылығы  құрал-саймандары,  өндейтін  жердің 

көлемі,  мал  саны,  салық  мөлшері)»  деген  бағанаға  «ештеңе  жоқ»  деп 

көрсетілген.    Әлеуметтік  жағдайын  1917  жылға  дейін  «орта  шаруашылық», 

1929  жылға  дейін  «қызметкер»,  қамауға  алынған  сәтіндегісін  «қызметкер» 

деп көрсетіпті. 

Сауалнамадағы  «патша  әскеріндегі  қызметі»,  «ақтар  әскеріндегі 

қызметі»,  «Қызыл  Армиядағы  қызметі»  деген  бағанадардың  барлығына 

«қызмет еткенім жоқ» деп жауап берілген. «Шыққан әлеуметтік тегі» дегенге 

«орта шаруа» деп жазылған. «Саяси өткендегісі» деген бағанаға «жоқ» деген 

жауап  жазылған.  «Партиялылығы»  деген  бағанада  «1930  жылдан  КП  (б)К 

мүшесі,  осы  іс  бойынша  тұтқындалуына  байланысты  шығарылды»  деп 

көрсетілген.  Білімі  «жоғары»  делінген.  1923  жылы  сотталғандығы  да 

сауалнамадан көрініс тапқан. 


41 

 

 «Семья  құрамы»  деген  бағанада  әйелінің  шешесі  Жаңылсын 



Әлімбетова – 61 жаста, әйелі Раушан – 38 жаста, қызы Мүслима – 13 жаста, 

ұлы Ақырап – 11 жаста, ұлы Есет – 9 жаста, қызы Қызғалдақ – 4 жаста, қызы 

Қырмызы – 2 жаста деп көрсетілген де, соңғы ұлы туралы «есімін білмеймін» 

деп жазылған (5).  

Құдайберген Жұбановтың тағдыр-талайына әсер еткен «Постановление 

об  избрании  меры  пресечения  и  предъявления  обвинения»  атты  құжатты 

НКВД-нің  4-бөлімі  7-бөлімшесінің  оперативтік  уәкілі,  мемлекеттік 

қауіпсіздік  кіші  лейтенанты  Садықов  15  қараша  күні,  яғни  қамауға 

алынардан 

бірнеше 


күн 

бұрын 


дайындаған. 

Мұнда 


мынадайқаулышығарылған:  «гр.  Жубанова  X.  привлечь  в  качестве 

обвиняемого по ст.58-10-11 и 13 УК, мерой пресечения способов уклонения 

от следствия и суда избрать содержание под стражей в следственной тюрьме 

НКВД  КССР».  Құжатқа  7-бөлімшеніңбастығы,  мемлекеттікқауіпсіздік 

лейтенанты  Катков  «келісемін»  депқолқойған.  Бұлқаулыны  18  қарашада 

ҚазКСРІшкіістерхалықкомиссарыныңорынбасары, 

мемлекеттіккауіпсіздік 

майоры Володьзко бекіткен. Қ.Жұбановмұнымен 20 қарашадатанысады. Осы 

Құжатта  13-тармақ  мәшіңкеге  басылған  жазуға  қолмен  қосылған. 

Әлдемәшіңкегебасқанадамұмытқалдырған 

(солкездегіқырағылықпенбұлмүмкінемессияқты), 

әлдеістіңмаңыздылығынкүшейтуүшінтергеушіәдейіқосқансыңайлы. 

Мемлекеттік  қауіпсіздік  басқармасы  7-бөлімшесінің  бастығы, 

лейтенант Катков 19 желтоқсанда, яғни қамауға алынғанына бір ай болғанда 

Қ.Жұбановтың  жеке  кітапханасына  қатысты  арнайы  қаулы  шығарады:  «Все 

книги,  принадлежащие  обвиняемому  Джубанову  X.  изъять  и  сдать  на 

хранение  в  комендатуру  НКВД  КССР,  до  решения  суда  о  конфискации 

имущества».  

Тергеу  бітіп,  соңғы  қаулы  шығарылған  күні  «Медицинская  справка» 

толтырылған.  Ондабылайделінген:  «Мною,  врачом  следственной  тюрьмы 

Русиной,  произведен  медосмотр  содержащего  под  стражей  в  следственной 

тюрьме  заключенного  Джубанова  X.,  причем  найдено  сист.  шум  на 

верхушке.  Практически  здоров».  23  желтоқсанда  жазылған  бұл  анықтамаға 

дәрігер Русина қол қойған. 

Істегі  негізгі  құжаттардың  бірі  «Протокол  допроса»болып  табылады. 

Осындай  үш  хаттама  бар.  Алғашқысы,  іле-шала  20  қарашада  алынғаны  – 

қысқа.  Қалған  екеуі  –  ұзақ.  Біріншісі  бір  ғана  сұрақпен  бір  ғана  жауаптан 

тұрады.  Алғашқы  жауап  алған  –  4-бөлімнің  оперативтік  уәкілі  Мавлютов. 

«Сіз,  Жұбанов,  советке  қарсы  ұлтшылдық  ұйымға  қатысыңыз  бар,  оның 

тапсырмасы  бойынша  советке  қарсы  астыртын  жұмыс  жүргіздіңіз  деп 

айыпталасыз.  Мұнда  өзіңізді  кінәлі  деп  мойындайсыз  ба?»  –  деген  сауал 

қойылады. Мәшіңкеге басылған жазбадан Қ.Жұбанов кеңес өкіметін күшпен 

құлатуды,  Қазақстанды  КСРО-дан  бөліп  алуды  және  Қазақстанда 

буржуазиялық-демократиялық  мемлекет  орнатуды  міндет  етіп  қойған 

ұлтшыл  ұйымның  белсенді  қатысушысы  болып  шығады.  Құжаттың  соңына 


42 

 

«Менің  сөзімнен  дұрыс  жазылды»  деп  Құдайберген  Қуанұлы  өз  қолын 



қойған.  Бұл  қорлау  мен  азаптаудың  түр-түрін  көргендіктің,  жаны 

күйзелгендіктің  әсері  деп  білеміз.  Тіпті  20  қараша  деп  кейінгі  датамен 

көрсете салуы да мүмкін. 

Істегі  екінші  тергеудің  30  қарашадағы  тергеу  хаттамасының  әуелгі 

бірінші нұсқасы мәшіңкемен – 28 бет, қасында қолмен жазылған нұсқасы да 

бар.  Мәшіңкеге  басылғанына  бет  сайын  астына  Құдайберген  Қуанұлының 

қолы қойылғанымен, 13, 14, 15-беттерде Қ.Жұбановтың қолы жоқ. Ал кейбір 

беттердегі бірер сөздерге түзету беріліп, «верить» деп жазылып, Құдайберген 

Қуанұлы қол қойған. Ең соңында Қ.Жұбанов өз қолымен «Протокол записан 

с  моих  слов.  Правильность  записанного  подтверждаю  собственноручной 

росписью»  –  депжазған.  Хаттаманыңсоңындатергеудіжүргізгендердіңаты-

жөніжазылған.  Олар:  НКВД  3-бөлімібастығыныңкөмекшісі,  лейтенант 

Гитлин мен 4-бөлімніңоперативтікуәкіліМавлютов. 

Тергеудіңбасында-ақсұрақ: 

«БізСіздітергеудіңқолында 

бар 


материалдарғасәйкесқойылғанайыптауларментолығыменәшкереленгендігіңіз

діескертеміз. 

СондықтанСізгетергеугеашықжәнешыншылмәліметтерберебастауыңызғаұсы

нысжасаймыз», 

– 

деп 


басталған. 

Іле-шала: 

«Сізтергеуалдындаашықайтасызба?»  –  дейді  де,  оныңжауабынкүтпестен: 

«Айтыңыз»,  –  дептұқыртады.  Осыдан-ақтергеудіңқалайдақаралау,  істемеген 

әрекетін мойындаттыру мақсатында жүргізілгендігінаңғаруқиынемес. 

19  желтоқсанда  жүргізілген  тергеу  хаттамасы  мәшіңкеге  басылған  15 

беттен  тұрады.  Әр  беттің  соңында  Қ.Жұбановтың  қолы  қойылған.  Тергеуде 

кеңес  үкіметіне  қарсы  ұйымның  С.В.Мрачковский,  Н.И.Бухарин,Троцкий, 

Зиновьев,  Рыковтармен  қарым-қатынасын  айқындау  мақсат  етілген.  Мұнда 

Қазақ  педагогикалық  институтындағы  ұйымның  жұмысын  әшкерелеуге 

тырысады. 

Қ.Жұбанов, 

Бекжанов 

және 


Ш.Әлжанов 

тұтастай 

пединституттағы ұлтшылдық ұйымға тікелей практикалық басшылық жасады 

делінді де, Т.Шонановтың тіл мен әдебиет факультетінде, С.Асфендияровтың 

тарих  факультетінде,  О.Б.Сарыбатыровтың  жаратылыстану  факультетінде, 

студент 


Ғ.Мұратбаевтың 

(Қ.Тәштитовтің 

тапсырмасы 

бойынша) 

комсомолдар  мен  одақта  жоқ  жастардың  арасында  жұмыс  жүргізетіндігін 

дәлелдеу  міндет  саналады.  Сондай-ақ  Қ.Жұбановтың  Т.Жүргеновпен 

бірлесіп,  грамматика  оқулығын  шығару  ісін  тежеп,  оны  уақытша  тоқтату 

ықпал  еткендігін,  шығарылып  жатқан  оқулықтардың  саяси  және 

стилистикалық  жағынан  іске  алғысыз  екендігіне  көңіл  бөлмегендігін,  тіл 

жөніндегі оқулықтарды тек қана Т.Шонановқа, Әлібаевқа және А.Ысқақовқа 

жаздырғандығын дәлелдеу тиіс болған. 

Іске  тігілген  7  куәгердің  тергеу  хаттамалары  толтырылған  күндеріне 

қарамастан,  қалай  болса  солай  тіркелген.  Бәрі  де  мәшіңкеге  басылған. 

Көбінесе  екінші,  не  көбейтілген  данасы.  Бір  қызығы  –  куәгерлердің 

хаттамалары толық тігілгенімен, Құдайберген Қуанұлына қатыстысы тым аз, 

көбінесе басқалардың аты-жөнін келтіргенде тізімнің арасында жүреді. 



43 

 

Тергеу  хаттамаларының  алғашқысы  1937  жылдың  ақпанында,  ал 



соңғысы 17 қарашада толтырылғандығын ескерсек, Қ.Жұбановты ұзақ уақыт 

бойы назарда ұстаған сияқты. 

19  мәшіңкелік  беттен  тұратын  1-куәгердің  тергеу  хаттамасы  8 

қыркүйекте  толтырылған.  Тергеуді  II  рангілі  мемлекеттік  қауіпсіздік 

комиссары Залин, бөлім бастығының көмекшісі, аға лейтенант Розенфелд, 4-

бөлімнің  оперативтік  уәкілі  Оспанов  жүргізген.  Тергеу  хаттамасының  14 

мәшіңкелік бетінің соңғы жағында ғана: «Сонымен қатар ҚазПИ-дегі ұйымға 

мүше  тарту  жөніндегі  тапсырма  Халық  ағарту  комиссариаты  кадрлар 

бөлімінің  бастығы  Бекжанов  пен  ҚазПИ-дің  профессоры  Қ.Жұбановқа 

берілді.  ҚазПИ-дегі  контрреволюциялық  қызмет  туралы  маған  1934  жылы 

профессор  Қ.Жұбанов  баяндады,  өзінің  Бекжановпен  бірге  ҚазПИ-де 

контрреволюциялық топ ұйымдастырғандығын айтты. Кейін мұны (соңынан 

ҚазПИ-дің  директоры  болып  тағайындалған)  Бекжанов  та  растады»  деген 

жолдар бар. 

Осы  куәгерге  29  қарашада  жүргізілген  17  мәшіңкелік  беттен  тұратын 

қосымша  тергеу  хаттамасында  1935  жылы  Алматыда  мұғалімдердің  съезі 

өткендігі айтылады. «Мұғалімдердің осы съезінде менің тапсырмам бойынша 

ұйымға  жаңа  адамдарды  профессор  Қ.Жұбанов  та  тартты,  ол  сол  кезде 

ұйымға  бірнеше  адамды  тартты,  олардың  аты-жөні  қазір  есімде  жоқ»,  – 

делінген. 

Құдайберген Жұбановтың ісіндегі маңыздыларының бірі – 2-куәгердің 

3  беттен  тұратын  тергеу  хаттамасы.  Мұнда  ҚазМУ-ді  өртеу  туралы  сөз 

болады.  2-куәгер  Бекжановтың  (ҚазПИ-дің  директоры)  қазақ  тіліндегі 

оқулықтарды  дайындау  мәселесін  сөз  еткен  болып,  ұйымның  жасырын 

мәжілісін  өткізгендігін  айта  келіп,  1936  жылдың  қазанының  екінші 

жартысында  өткен  бұл  мәжіліске  қатысқан  адамдарды  санамалайды: 

Бекжанов,  Қ.Жұбанов,  Т.Шонанов,  Ш.Әлжанов,  Есқалиев,  Әбубәкіров, 

Берімжанов,  О.Б.Сарыбатыров.  Одан  әрі  былай  жазылған:  «Өртті  жүзеге 

асыру  жоспары  ҚазМУ-дің  химия  лабораториясына  оңай  кіруге  мүмкіндігі 

бар  ҚазМУ  мен  Қаз-ПИ-дің  химия  факультеттері  студенттерінің бір  тобына 

жүктелді, олар әдейі өртемегендігін дәлелдейтіндей етіп жүзеге асырмақшы 

болады.  Орындаушыларды  Есқалиев  бөлуге  тиіс  еді.  Өртті  бақылауды 

ҚазМУ-ге  жақын  жердегі  8  пәтерлік  үйде  тұратын  Қ.Жұбанов,  Ш.Әлжанов, 

С.Есқалиев  және  Т.Шонанов  өз  мойындарына  алу  керек  болатын».  Қалған 

куәгерлердің  сөздері  де  осыған  ұқсас.  Қ.Жұбановтың  есімі  көбінесе  ұзақ 

тізімнің арасында ұшырасады. 

«Репрессированная  тюркология»  кітабында  Қ.Жұбанов  ісіндегі 

ғалымға  тағылған  екі  «нақты  әрекетке»  былайша  тоқталады:  «Во-первых, 

Жубанов наряду  с  Шонановым обвинялся  в  «подготовке  террористического 

акта над Секретарем ЦК КП(б)К тов. Мирзояном» (л. 203). Речь шла о том, 

что  будто  бы  в  апреле  1937  г.  «центр  нашей  антисоветской 

националистической  организации,  персонально  Кулумбетов,  Жургенев  и 

Кабулов,  дали  задание  шонановской  террористической  группе  во  время 


44 

 

первомайской  демонстрации  совершить  террористический  акт  над 



Мирзояном выстрелом из нагана при подходе колонны КазПИ к трибуне, где 

должен находиться в  то  время  Мирзоян»  (л.  22).Жубанов якобы  участвовал 

«в  подготовке  колонны  КазПИ,  которую  необходимо было  оформить  таким 

образом, чтобы она не вызвала никакого подозрения и не говорила бы ничем 

о  том,  что  эта  колонна  является  колонной  КазПИ»  (л.  22)(14,  202-207).  Ал 

екіншісі  –  жоғарыда  аталған  Қазақ  мемлекеттік  университеті  ғимаратын 

өртеуді ұйымдастырушылардың бірі болды деген айып. 

«Тергеу  хаттамасында»  профессор    Қ.Қ.Жұбановтың  мына  сөздерінің 

астарында терең ой жатқандығын аңғарамыз: «Наши руководители кричали о 

вражеских  кознях  баев,  о  сопротивлении  байства  социалистическому 

переустройству  Казахстана,  науськивали  на  байство  и  без  того  ретивых 

активистов.  Забывали  при  этом  о  том,  что  байство  –  цвет  и  сила 

казахского  народа,  что  не  беднота  и  голытьба  кормили  страну,  а  те  же 

«презренные»  баи  давали  государству  скот,  мясо,  шерсть,  кожу  и  хлеб.  А 

теперь  когда  конфисковали  байство,  пустили  по  ветру  неисчислимые 

богатства  нашей  страны,  развалили  веками  сложившееся  хозяйство 

Казахстана, теперь оставшись «у разбитого корыта», мы начали кричать о 

перегибах, об их последствиях, о необходимости их исправления и т.п.». 

Ғалымның  «голошекин»  кезеңіндегі  асыра  сілтеушілікке  қатысты 

ойлары, біздіңше, өте батыл әрі қисынды айтылған. Оқырманның ғалымның 

мына  ойларымен  келіспеуі  мүмкін  емес:  «Вот  и  мы  говорим,  что  были 



перегибы  при  Голощекине.  Что  значит  эти  перегибы?  –  Это  значит  – 

смерть значительной части казахского народа, и только казахского народа. 

Это  лишение  его  единственного  богатства  –  скота,  посредством 

непосильных поборов, так называемой скотозаготовки. В результате была 

массовая  гибель  казахского  народа.  Русские  в  Казахстане  не  голодали  и  не 

умирали...». 

Қ.Жұбанов  бүкіл  қазақ  халқының  тауқыметті  тағдырының  себебін 

іздегендігі  мына  сөздерінен  көрінеді:  «...Сейчас  исправляя  перегибы,  опять 

судим  тех  же  казахских  работников.  Получается  что  и  так,  и  эдак 

погибают  казахские  работники.  При  таком  положении  вымирание 

казахского народа неизбежно... За растранжирование денег – людей судят, 

а  почему  же  растранжирование  нации,  целого  народа  не  считается 

преступлением?  Конечно,  это  дело  не  одного  Голощекина.  Все  это 

происходит на глазах Советской власти, тем не менее она не обращает на 

это  никакого  внимания.  Это  потому,  что  она  строит  социализм  и 

социализм  она  будет  строить,  если  даже  неизбежно  жертвовать 

отдельными  народами.  Таким  образом,  казахский  народ  и  явился  жертвой 

социализма.  Наша  задача  должна  заключаться  в  том,  чтобы  защищать 

казахский  народ  от  вымирания,  от  того,  чтобы  он  не  стал  жертвой 

социализма...». 

Біздің  ойымызша,    Қ.Қ.Жұбановтың  жазаланар  (атылар)  алдында 

айтқан  мына  сөзі  ешкімді  де  бейжай  қалдырмасы  анық:  «...  при  Советской 


45 

 

власти, и наша культура не может быть национальной, а неизбежно будет 



руссифицирована. Если мы хотим, чтобы казахский народ не был жертвой 

социализма,  то  надо  освободить  его  от  этого  социализма;  а  этого  мы 

можем  добиться  только  путем  создания  независимого  буржуазно-

демократического государства, чего бы нам это не стоило» (15, 49-58) 

Сонымен  23  желтоқсанда  құдыреті  күшті  Мавлютов  тергеудің 

аяқталуы 

жөнінде 


хаттама 

толтырады. 

Ондабылайделінген: 

«Я, 


оперуполномоченный  IV  отдела  УГБ  НКВД  КССР  Мавлютов,  сего  числа  в 

порядке  ст.206,  УПК  объявил  обвиняемому  по  ст.58  пп.2,  8,  9  и  11 

ДжубановуХудайбергену, о том, что следствие по его делу закончено и дело 

направляется  в  суд,  а  также  предъявил  ему  для  ознакомления  все 

следственные материалы по его делу». 

Сол  желтоқсанның  23  жұлдызында  Мавлютов  пен  Гитлин 

қаулышығарып,  ондағы  тұжырымдармен  Гитлин  келіседі,  Володьзко 

бекітеді.  Оның  қорытынды  бөлігінде  былай  деп  жазылған:  «Предъявление 

Джубанову К. обвинения по ст.58 пп.10, 11 и 13 УК – переквалифицировать 

на  ст.58  пп.2,  8,  9,  11  УК  РСФСР,  о  чем  объявить  обвиняемому  под 

расписку».  Келесі  күні, 24  желтоқсанда  «Айыптау  қорытындысы»  да  дайын 

болған.  Айыптау  қорытындысын  3-бөлімнің  оперативтік  өкілі,  мемлекеттік 

қауіпсіздік  сержанты  Михайлов  дайындаған  және  екі  күннен  кейін  халық 

комиссары Залин бекітеді. (л. 199-204). 

Айыптау  қорытындысы  –  6  мәшіңкелік  бет.  Алты  мәселе  бойынша 

айып тағылған: 

«1.  Состоял  одним  из  активных  участников  антисоветской 

националистической организации, будучи завербован в нее в 1933 году одним 

из членов центра этой организации Жургеновым

2. 

Участвовал 

в 

ряде 

совещаний 

актива 

антисоветской 

националистической 

организации, 

где 

обсуждались 

вопросы 

террористической-диверсионной деятельности. 

3. Принимал активное участие в организации террористических групп 

и непосредственное участие в практической подготовке террористических 

актов над руководителями партии и правительства.  

4.  В  1936  г.  по  заданию  центра  антисоветской  националисической 

организации являлся одним из организаторов поджога Казгосуниверситета, 

в результате которого университет пожаром был уничтожен. 

5. Провел большую вербовочную работу в системе учебных заведений, 

завербовав  в  антисоветскую  националистическую  организацию  ряд 

студентов Казпединститута. 

6. 

Будучи 

профессором 

Казпединститута  провел 

большую 

антисоветскую подрывную работу. 

«Аталмыш  құжаттың  «Настоящее  дело  подлежит  рассмотрению 

Военной 

Коллегии 

Верховного 

Суда 


СССР» 

дегенсоңғы 

сөйлемінеқызылқарындашпен:  «в  порядке  закона  от  1  декабря  1934  г.  » 

дегенжазуқосылған. 



46 

 

Осы  тұста  «Репрессированная  тюркология»  атты  еңбектегі  мына 



мәліметті  түпнұсқасында  келтіре  кеткенді  жөн  көрдік:  «Все  обвинения 

стереотипны.  Сказано,  что  Жубанов  «встал  на  путь  контрреволюционной 

борьбы с первых дней Октябрьской Социалистической Революции» (л. 201), 

хотя  ни  о  чем  конкретном,  кроме  участия  в  издании  двух  журналов,  не 

говорится.  ...  Профессора-языковеда  включили  во  всё  ту  же  «организацию» 

во главе с Тураром Рыскуловым и другими... С большинством «диверсантов» 

Жубанов  никак  связан  не  был,  но  он  действительно  постоянно  общался  с 

наркомом просвещения ТемирбекомЖургеневым» (14, 202-207). 

Құдайберген Жұбановтың ісіне қатысты сот екі айдан кейін 1938 жылы 

25  ақпанда  Алматыда  өтеді.  Бұл  –  КСРО  Жоғарғы  Соты  Әскери 

Коллегиясының  көшпелі  сессиясының  мәжілісі  еді.  Төрағалық  еткен  –  

диввоенюрист  А.Д.Горячев.  Мүшелері:  бригвоенюристер  Г.А.Алексеев  пен 

А.И.Микляев. Хатшысы: 3 рангілі әскери заңгер Н.И.Шапошников.  

Мәжіліс 18 сағат 20 минутта басталып, 18 сағат 40 минутта аяқталған. 

Осылайша Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың тағдыры бар-жоғы 20 минутта 

шешілген.  Әскери  трибунал  болған  соң  сотқа  куәгерлер  де,  өзге  ешкім  де 

қатыстырылмаған.  Айыптау  қорытындысы  толық  қайталанады  да,  үкім 

шығарылады: «Выездная Сессия Военной Коллегии Верховного Суда СССР 

приговорила Джубанова Худайбергена к высшей мере уголовного наказания 

–  расстрелу  с  конфискацией  всего  лично  принадлежащего  ему  имущества. 

Приговор  окончательный  и  на  основании  постановления  ЦИК  СССР  от  1 

декабря 1934 г. подлежит немедленному исполнению».  

Іске  сондай-ақ  үкімнің  орындалғандығының  дәлеліндей  анықтама 

тіркелген.  НКВД-нің  1-арнаулы  бөлімі  12-бөлімшесінің  бастығы, 

мемлекеттік  қауіпсіздік  лейтенанты  Шевелев  қол  қойған  анықтамада  былай 

делінген:  «Приговор  о  расстреле  Джубанова  Худайбергена  приведен  в 

исполнение  в  гор.  Алма-Ате  25.II.1938  г.  Акт  о  проведении  приговора  в 

исполнение  хранится  в  Особом  архиве  1  спецотдела  НКВД  СССР  том  №8, 

лист №451». 

... Проф. Қ.Жұбановтың «Алаш Орда» партиясында болмағандығы оны 

өлім жазасынан арашалап қала алмады, бірақ ақталуына септігін тигізді. Бұл 

турасында  «Репрессированная  тюркология»  еңбегінде  былай  делінген:  «8 

февраля  1957  г.  военный  прокурор  подполковник  юстиции  Лукьянов 

составил  заключение,  завизированное  14  февраля  помощником  главного 

военного прокурора  СССР  полковником  юстиции  Павловым  (л.  210-212). К 

этому 


времени 

«руководители 

организации» 

уже 


либо 

были 


реабилитированы, либо готовились к реабилитации. О трудах ученого «были 

получены  отзывы...  от  кандидатов  филологических  наук  Х.Махмудова  и 

Х.М.Сайкиева,  доктора  филологических  наук  М.Балакаева  и  зав.  сектором 

искусствоведения Академии Наук Каз. ССР Б.Г.Ерзаковича. Все эти ученые 

отзываются  об  опубликованных  трудах  Х.Джубанова  положительно  и 

заявляют,  что  они  имеют  определенную  научную  ценность  и  не  содержат 

никаких  антипартийных  или  антисоветских  идей  или  положений»  (л.  211). 


47 

 

Вывод:  «Настоящее  дело...  внести  на  рассмотрение  Военной  коллегии 



Верховного суда СССР на предмет отмены приговора и прекращения дела в 

отношении ДжубановаХудайбергена за отсутствием в его действиях состава 

преступления» (л. 212) (14, 202-207). 

КСРО  Жоғарғы  Соты  Әскери  алқасының  сот  құрамына  төрағалық 

етуші,  әділет  полковнигі  А.Костромин  қол  қойған,  1957  жылдың  15 

қазанындағы № 4н-03949/57 анықтамасында былай делінген: «1937 жылдың 



19  қарашасында  абақтыға  жабылғанға  дейін  Қазақ  педагогика 

институтының  тілші-профессоры  болып  жұмыс  істеген  Кұдайберген 

Жұбановты  Айыптау  жөніндегі  іс  1957  жылдың  3  қазанында  КСРО 

Жоғарғы сотының Әскери алқасында қайтадан қаралды. 

1938  жылдың  ақпанындағы  Әскери  алқаның  үкімі  жаңадан  ашылған 

жағдайларға  байланысты  бұзылды  және  іс  қылмыстық  құрамы  жоқ 

болғандықтан тоқтатылады».  

1958  жылғы  22  ақпанда  Қ.Жұбановтың  партиялылығы  қалпына 

келтірілді. 

Атылған  уақыттан  жиырма  жыл  өткен  соң  ғана,  1958  жылдың  9 

сәуірінде КСРО Жоғарғы Соты Әскери Коллегиясы төрағасының көмекшісі, 

юстиция  подполковнигі  Семик  Алматы  облыстық  атқару  комитетіне 

мынадай  қатынас  қағаз  жібереді:  «Прошу  дать  указание  соответсвующему 

отделу  ЗАГС  о  регистрации  смерти  Джубанова  Худайбергена  1899  г.р. 

наступившей  25  февраля  1938  г.  выдаче  свидетельства  о  смерти  его  жене 

Джубановой  Р.  проживающей  по  адресу:  г.  Алма-Ата,  13  линия,  дом  232, 

кв.1.». 

 

* * * 



 

1990 жылдың 23 ақпанында Қазақ ССР Министрлер Советінің «Ақтөбе 

педагогикалық  институтына  Қ.Қ.Жұбановтың  есімін  беру  туралы»  №72 

Қаулысы  шықты.  Қазақ  ССР  Министрлер  Советінің  төрағасы  Ұ.Қараманов 

қол қойған қаулыда былай делінген: «Дарынды ғалым-лингвист, қазақ совет 

тіл  білімінің  негізін  қалаушы  профессор  Қ.Жұбановтың  есімін  мәңгі  есте 

қалдыру мақсатында Қазақ КСР Министрлер Советі қаулы етеді: профессор 

Қ.Қ.Жұбановтың  есімі  Ақтөбе  институтына  беріліп,  алдағы  уақытта 

Қ.Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе пединституты деп аталсын». 

Бұған  елден  ерекше  қуанған  республиканың  ғылыми  жұртшылығы 

болды.  Қазақ  КСР  Ғылым  академиясының  вице-президенті  Ж.М.Әбділдин, 

Қоғамдық  ғылымдар  бөлімшесінің  академик-секретары  Р.Б.Сүлейменов, 

А.Байтұрсынұлы 

атындағы 

Тіл 

білімі 


институтының 

директоры 

Ә.Т.Қайдаров  құттықтау  хат  жолдады.  Онда  мынадай  жүрекжарды  лебіз 

жазылған:  «Қазақ  КСР  Ғылым  Академиясының  Президиумы,  Қоғамдық 

ғылымдар  бөлімшесі,  академияның  А.Байтұрсынұлы  атындағы  Тіл  білімі 

институтының ғылыми қызметкерлері Сіздерді Ақтөбе қаласындағы жоғары 

дәрежелі  педагогикалық  оқу  орнына  даңқты  жерлестеріңіз  –  қазақ 


48 

 

филологиясының  тұңғыш  профессоры,  қазақ  совет  тіл  білімінің  ғылыми-



теориялық негізін қалаған ғұлама – Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың есімі 

беру  салтанатымен  қызу  құттықтай  отырып,  өздерінің  осы  орайдағы  зор 

қуанышы  мен  шынайы  қанағаттанғандық  сезімдерін,  қалтқысыз  көңілдерін 

білдіреді...». 

Осы  университеттің  алдындағы  даңғыл  ағайынды  проф.  Құдайберген 

Жұбанов  пен  оның  туған  інісі  академик  Ахмет  Жұбановтың  атымен  – 

«Ағайынды  Жұбановтар»  аталғандығы  да  ұлыларын  ұлықтаған  ұрпақтың 

парызы  деп  білеміз.  Осы  жерде  Қ.Жұбановқа  көше  атауының  берілуіне 

Жүсіп 

Әлсейітовтің  белсене 



атсалысқанын  айта 

кетуміз  керек. 

Ж.Әлсейітовтің  А.Байтұрсынұлы  атындағы  Тіл  білімі  институтының 

директоры  Ә.Қайдаровқа  біртуар  ғалым  Құдайберген  Жұбановқа  құрмет 

көрсетуге  қатысты  іс-шаралардың  жүргізілуі,  оған  Ақтөбе  және  Ембі 

қалаларында  көше  атын  беру  туралы  бірнеше  хаты  (02.04.1988;  07.02.1988; 

04.08.1988;  04.11.1988;  27.01.1989;  29.11.1989)  және  Қазақстан  КП  Ақтөбе 

обкомының  бірінші  хатшысы  Ю.Н.Трофимовқа  жазған  хатының  көшірмесі 

(18.05.1988) Институт мұрағатынан табылды. 

1998  жылдың  16  қарашасы  –  Қ.Жұбанов  атындағы  Ақтөбе 

университетінің  тарихына  алтын  әріптермен  жазылуға  лайық  күн. 

Қазақстанның  тұңғыш  Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  араға  60  жыл  салып 

туған  елге  тұғырлы  мүсін  болып  оралған  Құдайберген  Жұбановтың 

университет  алдындағы  ескерткішіне  гүл  шоғын  қойып  тұрып,  былайша 

толғанды:  «Сіздер  білім  алып  жатқан  университет  білім  үшін,  тұтастай 

алғанда лингвистика үшін, қазақ мемлекетінің тілі, мәдениеті, философиясы 

үшін  қыруар  іс  тындырған  ғалымның  атында  екендігі  мақтаныш  етуге 

лайық». 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



49 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет