Алғашқы аспирант
1928 жылы көктемде білімді, қажырлы әрі ысылған тәжірибелі
методист-педагог Қ.Жұбановты республиканың Халық ағарту комиссариаты
(кейінгі Оқу министрлігі) сол кездегі астана Қызылордаға қызметке
шақыртады. Бірақ ол мұнда ұзақ уақыт істемейді. Қ.Жұбанов 1929 жылдың
басында
ҚазПИ-дің
қабырғасына
түркі
тілдерінің
салыстырмалы
грамматикасы кафедрасына ғылыми қызметкер ретінде келіп, сол жылы
Ұлттық кадрларды даярлау мақсатында Ленинградтағы Шығыстану
институтының аспирантурасына оқуға жіберіледі. Осы жылдың ақпан
айында інісі Ахмет екеуі (ол кісі Ленинград консерваториясына оқуға келген-
ді) Ленинград қаласына келіп түседі. Қ.Жұбанов аспирантураға түсу
сынағынан өтеді. Сөйтіп, ол сол кезде «Түркологиялық семинар» деп
аталған, акад. А.Н.Самойлович басқарған тіл ғылымы орталығында жазға
дейін болып, жалаң оқу емес, зерттеу жұмысымен де айналыса бастайды.
Дымқылды, суық солтүстіктің ауасы қырда, аңызақ құрғақта өскен
Құдайберген Қуанұлының денсаулығына қолайсыз тиіп, 1929 жылдың
жазында біраз түзелу үшін Қызылордаға қайтып оралады.
Алдына қойған мақсатын ақырына дейін аяқтамау – Құдайберген
Қуанұлына тән емес. Тіл білімінен теориялық білімін толықтыруды ойлаған
екен – орындау керек! Осылайша 1930 жылдың күзінде Ленинградқа қайта
оралып, КСРО Ғылым академиясының Тіл және ойлау институтына (қазіргі
Тіл білімі институты), ондағы «Яфетидологиялық семинарға» аспирант
болып ауысады. Ленинградта оқыған жылдарында Қ.Жұбанов сол жерде
қызмет
еткен
С.Е.Малов,
И.И.Мещанинов,
В.А.Богородицкий,
Е.Д.Поливанов сияқты ірі-ірі тіл мамандарымен танысады, кейбіреулерін
тыңдап, кейбіреулерінен оқып, тәрбие алады.
Қ.Жұбановтың ғылыми жұмыстары осы кезде – аспирант жылдарында –
басталады. Академик Ахмет Жұбановтың айтуына қарағанда, сол оқу
жылдарында Құдайберген Қуанұлы «Марршылдық және марксшілдік» деген
мақала жазып, оны проф. Алимовқа оқып береді («Қазақ әдебиеті», 1957 ж., 5
желтоқсан, № 49). Оқып жүрген кезінде жазған «Мағынасыз сөздердің
мағыналары» атты жұмысын 1930 жылы Алматыда болған Қазақстанның
өлкетану съезінде (кейбір мақалаларда бұл «Түркологиялық съезд» деп те
аталған) көпшілік алдына ұсынады. Осыдан былай қарай Қ.Жұбановтың
ғалымдық қызметі басталады.
Тұңғыш профессор
1932 жылы аспирантураны аяқтап, жолдама алып Қ.Жұбанов Алматыға
оралады. Ол мұнда Қазақстанның тұңғыш жоғары оқу орны Абай атындағы
19
қазақ педагогикалық институтының (ҚазПИ-дің) профессоры қызметіне
тағайындалады. Сәл кейінірек, 1932 жылдың 1 қазанынан бастап
директордың (ректордың) бұйрығымен қазақ тілі мен әдебиет зерттеулерін
біртұтас шоғырландыру мақсатымен екі кафедра біріктіріледі де, оның
меңгерушісі болып бекітіледі. Осы қызметке қоса, оған аспирантураға
шәкірттер даярлайтын курстың бастығы міндеті жүктеледі. Ал 1934 жылдың
қыркүйегінен бастап Қ.Жұбанов ҚазПИ-де тек кафедра меңгерушісі ғана
емес, декан міндетін де бірге атқарады.
ҚазПИ-де қызмет еткен жылдары беделді профессор Қ.Жұбанов Қазақ
КСР Ағарту халық комиссариаты оқу-методикалық кеңесінің жетекшісі,
КСРО Ғылым академиясының Қазақстан филиалы Лингвистика секторының
меңгерушісі секілді аса абыройлы жұмыстарды қоса атқарады. 1933 жылдың
1 қыркүйегінен бастап ол Қазақ КСР Халық ағарту комиссариаты жанындағы
методика, программа, оқулықтар секторының бастығы болып қызмет етеді.
Қазақ тілі жөніндегі тұңғыш монографиялық зерттеу жазып, алғашқы мектеп
оқулығы мен оқу бағдарламасын жасайды. Ғалым Қ.Жұбанов қазақ
филологиясы кадрларын даярлап, түлетіп өсірудегі қызметі өз алдына ұшан-
теңіз. Республикамыздағы аты белгілі ірі-ірі ғалымдар өздерін Қ.Жұбановтың
шәкіртімін дегенді мақтан тұтады.
1934 жылы тіл білімі салысындағы тұңғыш профессор атағына ие болған
ғалым Халық ағарту саласындағы ерен еңбегі үшін 1935 жылы
«Қазақстанның 15 жылдығы» атты құрметті белгімен наградталды. 1935
жылы Қазақстан Орталық атқару комитетінің мүшелігіне сайланады,
кәзіргіше айтқанда, парламент депутаты болады.
Қайраткер қызметі – құжаттар тілімен
Қазіргі тарихнамада Құдайберген Қуанұлы Жұбановтың есімі Қазақстан
мәдениет құрылысының белді қайраткерлерінің бірі ретінде негізінен 20-
жылдардың аумағында аталып жүр. 1963 жылы Қазақ ССР Ғылым
Академиясы тарапынан жарық көрген «Қазақстан тарихында» мынадай
сөздер бар: «Екінші бесжылдық жылдарында Қазақстандағы бірінші
педагогикалық институт ірі оқу орындарынан саналып, маңызды мәдени
ошақтардың біріне айналды. Мұнда әдебиет пен тіл білімінің, сондай-ақ,
Қазақ ССР тарихының маңызды мәселелері қаралды. Институт профессоры
Қ.Жұбанов жаңа қазақ орфографиясын жасауда үлкен жұмыстар атқарды.
Сонымен қатар алғашқы оқулықтар, грамматика жөніндегі зерттеулер,
диалектология, қазақ тілінің тарихы туралы мәселелердің бәрі Қ.Жұбановтан
басталған болатын. 1936 жылы оның «Заметки о вспомагательных и сложных
глаголах», «Из истории порядка слов в казахском предложении» атты
еңбектері жарық көрді. 1937 жылы білікті, таланты мен творчестволық
күшінің толысқан кезеңінде ол жазықсыз жаланың құрбаны болды» (11, 529-
531).
20
Сонымен қатар бұл кітапта республикамызда 1935-1936 жылдар
арасында жалпы атауы 200-ге жуық мектеп оқулықтары мен оқу
құралдарының жарық көргендігі, олардың таралымы 3 млн. данаға жеткендігі
айтылады. Бұл кездері аударма оқулықтардан тыс түпнұсқа қазақ
оқулықтарының да баспадан шыққандығын айта келіп, соның мысалы
ретінде проф. С.Асфендияровтың V-VI сыныптарға арнап жазған «Қазақстан
тарихының очеркі», проф. Қ.Жұбановтың V сыныпқа арнап жазған «Қазақ
тілінің грамматикасы» оқулығы және С.Сейфуллин мен Ө.Тұрманжановтың
V сыныпқа арнап жазған «Қазақ әдебиетінің тарихы» атты басылымдардың
болғандығы мысалға келтіріледі.
Ғалымның ес білгеннен кейінгі өмір жолы, үлкен ғылымның соңына
түсіп, оқу білімге талпынуы қалай басталып, қандай бел-белестен өтті деген
сұрақ оның өмірбаянын жинастырушы, ғалымдық талпыныстарын қызықтап,
ізерлеуші адамдарға ой салады. Осы мақсатпен шұғылданудың нәтижесінде
ғалымның ұлы Есет Құдайбергенұлы Жұбанов пен ғалым мұрасын
зерттеушілердің бірі М.О.Миров мұрағат деректері негізінде Құдайберген
Қуанұлының өмір тарихының кейбір беттерін толықтыратын тың деректер
ұсынды. Мәселен, болашақ лингвист Қ.Жұбановтың 20-жылдардың орта
шенінде Ақтөбе губерниялық оқу бөлімінде қызмет істей жүріп Мәскеу,
Ленинград, Баку, Қазан, Ташкент қалаларындағы түркологияның көрнекті
мамандарымен байланысып, түркі тілдерін зерттеуге өздігінен әзірленгендігі
оның шығармашылық өмірбаянын жұртшылыққа таныстырған академиктер
М.Әуезов пен І.Кеңесбаевтің және т.б. ғалым жайындағы естелік
мақалаларында сөз етілгені көрсетіледі. Осы әңгімелердің растығын
дәлелдейтін, тіпті, Қ.Жұбановтың ізденіс жолының нақты белгілерін
нұсқайтын тың деректер кейінгі жылдары мұрағат сөрелерінен де табыла
бастады. Мәселен, филология ғылымының докторы, профессор Мекемтас
Мырзахметов Ташкендегі Орта Азия Мемлекеттік университетінің
мұрағатынан
бірсыпыра
құжаттар
тауып,
олардың
көшірмелерін
Жұбановтану зертханасының қорына табыс еткен. Бұл құжаттардың жалпы
көлемі машинка бетімен есептегенде он үш беттік тігінді. Алайда,
М.Мырзахметовтың айтуынша, Ташкент мұрағатындағы түпнұсқада бұның
жалпы мөлшері іс қағаздары тігілген толық бір папка шамасы болса керек.
М.Мырзахметов соның ішінен іріктеп кейбір нұсқаларды ғана өз қолымен
көшіріп алған. Тақырыптар бойынша бөліп атағанда қолда бар құжаттардың
аттары мынадай: біріншісі – Ақтөбе губерниялық оқу бөлімінің жанындағы
жоғары оқу орындарына студенттер қабылдайтын іріктеу комиссиясына сол
мекеменің инспекторы Қ.Жұбановтың өтініші. Онда арыз иесі өзінің
инспектор міндетін атқаруға оқу білімі мен теориялық даярлығының
жетімсіздігін ескере отырып, өзін Орта Азия Мемлекеттік университетінің
шығыстану факультетіне педагогтік мамандық бойынша оқуға жіберуді
сұрайды. Арыз 1926 жылы тамыз айының 8 күні жазылған. Келесі құжат
сұраулық парақша деп аталады. Бұнда арыз иесінің аты-жөні, туған жылы,
отбасы жағдайы, мамандығы, қай жерде қандай қызмет істегендігі, білімі,
21
туған жері, партиялылығы, оқуға баруға жолдаманы кімдердің бергендігі,
айлық ақшасының мөлшері т.б. мәліметтер бар.
Бұл екі құжат мұрағат материалының 3-4-беттерінде деп көрсетілген, 5-
бетте Ақтөбе губерниялық оқу бөлімінің жанындағы аттестациялық
комиссияның ұсыныс хаты бар. Онда «арыз иесінің Ташкент университетіне
Шығыстану
факультетіне
оқуға
аттану
жөніндегі
өтініші
қанағаттандырылсын» деген қорытынды шығарылып, аттестациялық
комиссияның төрағасы М.Дайрабаев қол қойған. Бұл құжат 1926 жылы тамыз
айының 4 күні жазылған. Бұл хатқа 1926 жылы 10 тамыздағы мәжілістің №8
хаттамасының үзік көшірмесі, Құдайберген Қуанұлының өз қолымен
жазылған өтініші, №4006 ұсыныс хаты, №4005 куәлік тіркелген. Онда былай
делінген: «Осыны ұсынушы Қ.Жұбанов Орта Азиялық мемлекеттік
университетінің Шығыстану факультетіне Ақтөбе губерниясына бөлінген
орындардың есебінен оқуға түсу үшін Ташкент қаласына бағытталған
куәлікке ие болды». Іріктеу комиссиясының төрағасы М.Дайрабаев, хатшысы
Болатов қол қойған.
1926 жылғы 10 тамыздағы мәжілістің №8 хаттамасының үзік
көшірмесінің 1-тармағында Қ.Жұбановтың Шығыстану факультетіне баруға
қажетті іссапарға жолақы сұраған өтініші қаралған. Қаулыда Ташкент
қаласына Орта Азия Мемлекеттік университетінің шығыстану факультетіне
іссапарға баруға рұқсат етілген құжатқа аттестация комисссиясының
хатшысы Болатов қолы қойған. Алайда профессор Қ.Жұбановтың кейінгі
өмірбаяндық жазбаларында оның Ташкент қаласына барып, Орта Азия
мемлекеттік университетінде оқығандағы жайлы ешқандай дерек жоқ.
М.Мырзахметовтың қойын дәптерінде жазылған мәліметтерде Орта
Азия МУ мұрағатының 150-нөмірі, папканың аты көрсетіліп, Қ.Жұбановтың
жеке басының құжаттары 1926 жылы басталған, көлемі 6 бет деген жазу
берілген.
Халық жазушысы Ғ.Ормановтың 1937 жылы қараша айының басында
«Социалистік Қазақстан» газетінде жариялаған «Профессор» атты очеркінде
болашақ ғалымның 1928 жылдың жазында Ленинград қаласына барып,
сондағы Енукидзе атындағы тірі шығыс тілдері институтының барлық пәнін
тамамдап, экстерн ретінде емтихан тапсырып шыққандағы, сөйтіп қолына
«тілші-түрколог» деген диплом алғандығы айтылған. Өзінің жеке басының
мәліметтері тіркелген сауалнамалық деректерде ғалым: «Жоғары білімім –
Ленинградтың Шығыс тілдер институты: одан кейін КСРО Ғылым
академиясының аспирантурасы, мамандығын – лингвист, еркін меңгерген
тілдерім: қазақ, орыс, неміс, араб, парсы, түрік, маңғол тілдері», – деп, ал,
қызмет орным – Халық ағарту комиссариатының Методика, программа,
оқулықтар секторларының меңгерушісі» деп көрсетеді. Бұл қызметті
ғалымның 1933 жылдың бірінші қыркүйегінен бастап атқарғандығы туралы
мәлімет Қазақ АКСР-нің Халық ағарту комиссариаты қызметкерлерінің
тізімінен алынып отыр. «Тізімнің жасалу күні 1935 жылғы шілде айының 20-
сы» деп жазылған. Бұл тізім Қазақстан мемлекеттік мұрағатының 81-қорында
22
сақталған [опись – 3, дело – 977, связка – 90, 21-22, списки, анкеты,
сотрудников НКП за 1935 год].
Жоғарыда аталған Шығыс тілдері институтын бітіргеннен кейін
Қ.Жұбановты республиканың Халық ағарту комиссариаты өз қарамағына
шақырып алып, сол жылы алғашында ҚазМУ (кейін ҚазПИ) оқу орнына
ғылыми қызметкер етіп тағайындайды. Жеке басының өмірбаяндық деректері
тіркелген парақшада Қ.Жұбанов бұл қызметке 1928 жылдың желтоқсанынан
бастап ауысқандығын, содан әрі 1929 жылдың ақпан айынан бастап 1930
жылдың қыркүйек айы бойына Ленинградтағы Шығыс тілдер институтында,
ал 1930 жылдың қазан айынан бастап 1932 жылдың қыркүйек айы өткеннен
кейін КСРО Ғылым академиясының аспиранты, сол 1932 жылдың қыркүйек
айынан 1937 жылдың қараша айы аралығында Алматыдағы ҚазПИ-дің
кафедра меңгерушісі әрі профессоры болғандығын көрсеткен. Бұл парақша
ҚазПИ-дің мұрағатында оның жеке басының ісқағаздары арасынан табылған.
Жоғарыда аталған Халық ағарту комиссариатының мұрағатындағы
сауалнамада Қ.Жұбанов өзі игерген шет ел тілдерінен неміс, парсы (иран),
араб, түрік, моңғол тілдерін атай отырып, КСРО халықтарының тілі деген
графада: чуваш, грузин, түркі халықтарының тілін білемін деп жазған.
Сондай-ақ, осы құжатта Құдайберген Жұбанов сайлау арқылы атқарған
қызметтерім деп: а) Құлжа-Темір ауылдық советінің төрағасы (Ақтөбе
губерниясы Термір уезі), ә) Темір аудандық Атқару комитетінің мүшесі және
кеңестік бақылау комитетінің төрағасы; б) Қазақ КСР Орталық атқару
комитетінің мүшесі деген мәліметтерді жазған.
Алайда Қ.Жұбановтың өмірбаянын жүйелеуші библиографтарға
түсініксіздеу болып келген бір жайт – ғалымның аталған жоғарғы оқу орнын
қай жылдарда тамамдағаны, онда қанша оқығаны және одан кейінгі уақытта
аспирантураға түсу үшін Ленинград қаласына неліктен екі мәрте сапар шегуі
болған еді. Себебі сауалнама түріндегі құжаттарда Қ.Жұбанов «жоғары
білімім – Шығыс тілдері институты» деген сараң мәліметтен артық ештеңе
жазбайды. Алайда Қазақ Ұлттық ғылым академиясының академигі
Р.Сыздықова өзінің «Ғалым-азамат» атты кітапшасында Қ.Жұбановтың
аспирантураға жіберілу жөнінде айта отырып, былай деп жазады: «Бұл кезде
республикамыздың алдында бірінші кезекте білімді маман ұлт кадрларын
даярлау міндеті тұрды. Ол мақсатпен талапты жастарды жоғарғы оқуға тарту,
бұрыннан бірқыдыру білімі балаларды әрі қарай баулу (аспирантураға, түрлі
академияларға, Москва, Ленинград қалаларындағы жоғары оқу орындарына
жіберу) ісі алынады. Сонда, 1929 жылдың 14 қаңтарына Қазақстан Халық
ағарту комиссариатының коллегиясы «Жұбанов жолдасты ғылыми жұмысқа
пайдалану туралы» мәселе қарап, бірнеше тілді жақсы білетін, қоғамдық
ғылымдардан мол хабардар Қ.Жұбановты Ленинградтағы Шығыстану
институтының аспирантурасында оқу үшін командировкаға жібереді» (4, 13).
Бұл жайт жоғарыда аталған Ғ.Омаровтың мақаласының және мұрағат
құжаттарының негізінде анықталды. Ғалымның өмірбаянында жоғары оқу
орнын бітірген жылдары аталмауының себебі – оның Ленинградтағы Шығыс
23
тілдері институтын экстерн ретінде бес айдың ішінде тамамдағанына
байланысты екені белгілі болып шықты. Сондай-ақ, оның Ленинградқа
іссапармен алғашқы баруы – аспирантураға түсу үшін өндірістік тәжірибе
жинақтау (стажировка) мақсатында болуы ықтимал деген жорамал
дұрысырақ. Атап айтқанда, Ақырап Жұбанов тапқан мұрағат құжаттары
ішінен бұл жорамалды растайтын екі куәлік бар. ҚазМУ-дің мөрімен
куәландырылған, 1929 жылы 1 желтоқсанда берілген №1973 куәлікте былай
деп жазылған: «Осыны ұсынушы Жұбанов Құдайберген Қуанұлы ҚазМУ-
дегі түркі тілдердің салыстырмалы тарихы кафедрасы бойынша ғылыми
қызметкер болып табылатындығын куәландырамыз». Куәлікке қол
қойғандар: Әкімшілік бөлімінің меңгерушісі – Кеплер, хатшысы – Мухин.
Бұл қызметте Қ.Жұбанов жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін істеген
болса, сол кездері ол, жоғарыдағы қаулығы сәйкес, Ленинградқа өндірістік
практикаға
жіберілген
деп
білеміз.
Бұлжөнінде
ҚазМУ-де
берілгенкелесікуәліктемынандаймәлімет
бар:
«Дано
сие
научному
сотруднику КазГУДжубановуХудайбергену в том, что он действительно
командируется в распоряжение Академии наук для производственной
практики». Заректора –КазГУ Мансуров, секретарь – Мухин. [Штамп
«КазГУ», №216. 11 п. –13 п.].
Ал, енді осыған жалғас берілген Анықтамада жоғарыдағы куәлікке қол
қойған Мансуров пен Мухин «Ленинградтың шығыс тілдері институтының
аспиранты Жұбанов Құдайберген 1930 жылы ақпан айының 3-іне дейін
ҚазМУ-дегі жұмыс бабына байланысты кідіргендігі рас», – деп жазады.
Сөйтіп, Қ.Жұбановтың бұл жолғы іссапары біресе «өндірістік практика»
делінсе, біресе «аспирантура» деп аталған тәрізді.
Жоғарыдағы сауалнамалардан Қ.Жұбанов бұл жолы Шығыс тілдер
институтында бір жарым жыл (1929 жылдың ақпаны мен 1931 жылдың
қыркүйегі аралығы) болып қайтқаны мәлім болып отыр. Ақырап Жұбанов
тапқан мұрағат құжаттарында проф. А.А.Соколов 1930 жылы қаңтар айының
14-і күні ҚазМУ-дің басқармасына жазған өтінішінде өте шұғыл мәселе
қойған. Ондабылайделінген:
В Правление КазГУ
от профессора тюркологии КазГУ
Анатолия Алексеевича Соколова
З
АЯВЛЕНИЕ
Возглавляя ныне кафедру тюркологии КазГУ настоящим убедительно
прощу Правление КазГУ о принятии самых срочных мер к скореешему
откомандированию н/с КазГУ по кафедре тюркологии тов. Джубанова
Худайбергена Куановича в Ленинград на предмет окончания им научной
подготовки на тюркологическом семинаре ЛИЖВЯ.
24
Тов. Джубанов является весьма талантливым молодым, серьезным
тюркологом-лингвистом, в работе своей умело увязывающим тюркологию с
монголоведением на основах методологии. Являясь представителем школы
академика Н.Я.Марра в тюркологии, и, тем не менее к величайшему
сожалению, в весьма малой степени могу считать себя монголоведом и
полагаю поэтому, что только путем скорейшего восстановления прерванных
выездом из Ленинграда в Алма-Ата начатых уже занятий по монголистике у
наших светил востоковедения: монголиста-профессора Владимирцева и
монголиста-тюрколога в одном лице – профессора Николая Николаевича
Поппе, тов. Жубанов сможет выработать от самого себя работника
тюркологиа, – могущего в ближайщем будущем принести громадную пользу
делу тюркологической науки в Казахстане».
Проф. А.Соколов
14 января І930г.
г. Алма-Ата.
Копия из архива КазПИ
Міне, проф. Қ.Жұбановтың 1930-1932 арасында КСРО Ғылым
академиясының аспирантурасына аттануына осындай жағдай себеп болған.
Сондықтан Халық ағарту комиссариатының қызметкерлері тіркелген құжатта
«білімім жоғары, бітірген оқуым 1) Ленинградтағы Шығыстану институты, 2)
Бүкілодақтық Ғылым академиясының аспирантурасы, мамандығым –
лингвист» деп көрсетіп, тәжірибе үшін (стажировка) Шығыс тілдер
институтының академик А.Н.Самойлович басқаратын «Түркологиялық
семинар» деп аталатын курсында өткізген біржарым жыл уақытын кейінгі
сауалнамада атамаған.
Қ.Жұбановтың өз қолымен толтырған өмірбаяндық деректерінде ол
КСРО Ғылым академиясының аспирантурасын 1932 жылдың қыркүйек
айында тамамдаған. Сол 1932 жылдың қазан айында ҚазПИ-дің директоры
Алманов және іс басқарушы Григорьев деген екі кісінің қолымен №130 екі
бұйрық шыққан. Мүмкін, бұлар бір бұйрықтың екі тармағы болуы да
ықтимал. Бірақ мұрағат қорында екі бөлек тіркелген. Сол бұйрықтардың
алғашқысында: «тов. Джубанова Х. назначить заведующим курсами по
подготовке в аспирантуру» деген бір ғана сөйлеммен жас ғалымды
аспирантураға даярлық курсының меңгерушісі етіп тағайындаған. Ал дәл сол
күні берілген және 130-нөмірмен тіркелген екінші бұйрықта жоғарыда
аталған институт басшыларының қолы қойылып, Қ.Жұбановтың келуімен
байланысты бірсыпыра ұйымдастыру шаралары қарастырылғаны байқалады.
Бұйрықтың мазмұны мынадай: «Қазақ тілі мен әдебиеті саласында кешенді
жұмыстар жүргізу және кезек күттірмейтін проблемаларды ғылым
тұрғысынан талдау мақсатымен осы жылғы қазан айының бірі күнінен бастап
қазақ тілі мен әдебиетінің біріккен кафедрасы ұйымдастырылсын.
Кафедраның жетекшісі болып Қ.Жұбанов тағайындалсын». Содан әрі 1932
25
жылы желтоқсан айының 16-сы күні ҚазПИ бойынша берілген № 165
бұйрықта қазан айының 10-ынан бастап тіл әдебиет кафедрасын
ұйымдастырғаны және басқарғаны үшін Қ.Жұбановқа 1100 сом айлық
тағайындалғаны, а) штаттағы қызметкер ретінде Қ.Жұбанов сол жылғы қазан
айының 1-інен бастап жылдың жүктемесі 460 сағат болып белгіленгендігі сөз
болады. Бұйрыққа Алманов пен Григорьевтардың қолы қойылған.
1932 жылы аспирантураны аяқтап, жолдама алып Қ.Жұбанов елге
оралғандығын жоғарыда айтқан болатынбыз. Ол мұнда ҚазПИ-дің
профессоры бола жүріп, басқа да бірнеше міндеттерді қоса атқарады.
Қ.Жұбанов Алматыға келген соң КСРО Ғылым академиясының Қазақ
филиалының лингвистика секторының (қазіргі А.Байтұрсынұлы атындағы
Тіл білімі институты) меңгерушісі болып тағайындалады. 1933 жылдың 1
қыркүйегінен бастап ол Қазақ КСР Халық ағарту комиссариаты жанындағы
Методика, программа, оқулықтар секторының бастығы болып істейді. Бұл
сектор сол кезде мектепке арналған оқу бағдарламаларын жасап, қазақ тілі
оқулықтарын жазуды тікелей өзі жүргізетін.
Жаңадан табылған мұрағат деректерінде 1933 жылдың басынан бастап
Қ.Жұбановтың ғылымды ұйымдастырушы ретіндегі еңбегі өрістей береді.
Атап айтқанда, оны ҚазПИ-дегі ұстаздық қызметке қоса академиялық
ғылымға және Халық ағарту комиссариаты аппаратындағы ғылыми
методикалық жұмыстарды басқаруға кірісуі кеңінен қарастырыла бастайды.
Мысалы, 1933 жылдың ақпан айының 19-ы күні
КСРО Ғылым
академиясының Қазақстан филиалы бойынша берілген №22 бұйрықтың 9-
бабында былай деп жазылған: «тов. Джубанова утвердить, согласно
предложением комиссии казахского языка с 20.ІІ.33 г. до освобождения из
КИМЛ-а ставку выплачивать половинную, т.е. 200 рублей в месяц». Бұйрық
соңында Барышниковтың қолы қойылған [Архив АН Каз ССР Ф.2. оп. 1а,
дело – 1664. Книга приказов, стр. 313].
Бұл кезең КСРО Ғылым академиясының жергілікті жерлердегі база деп
аталып келген (бөлімшелерін) тірек пункттерін филиал дәрежесіне көтеріп,
дербес бөлімшелер етіп қайта құру сәті болатын. Сондықтан академиялық
ғылымдардың жүйесі бойынша бірнеше комиссия құрып, Қ.Жұбановты қазақ
тілі жөніндегі комиссияның бірінші разрядтағы ғылыми қызметкер етіп
жұмысқа тартқан. Бұл кездері Қ.Жұбанов ҚазПИ-дегі негізгі қызметінің
үстіне Қазақстандағы Марксизм-ленинизм институтында қосымша жұмыс
істеп жүргендігіне байланысты Академия филиалы оның өз қарамағына
түгелдей ауысуын қажет етіп, сол кезеңге дейін еңбекақысын жартылай
төлеп келген. Бұйрықтағы КИМЛ деген қысқарған сөз «Қазақ марксизм-
ленинизм институты» деген атауды білдіреді. Академия филиалының
қабырғасында Қ.Жұбанов Қазақстандағы тіл мәдениетінің құрылысымен
айналысқан. Оның ауқымды ойлары мен өзекті ізденістері көп ұзамай
жұртшылық назарына ілігеді. Сол 1933 жылғы қазан айының 21-і күні
шақырылған КСРО Ғылым академиясы Қазақстан филиалының I
сессиясында Қ.Жұбанов республика өмірінің әралуан салаларын қамтитын
26
проблемалар бойынша баяндама жасаған он ғалымның бірі болып сөз алады.
Бұл жөнінде «Казахстанская правда» газетінің 1933 жылғы 22 қазан күні
жариялаған хабарламасында былай делінген: «Кеше 21 қазан күні үкімет
үйінің мәжіліс залында көптеген қонақтардың басын қосқан Ғылым
академиясының Қазақстандағы бірінші сессиясы ашылды. Сессияны Ғылым
академиясының Қазақстан филиалының төрағасы Ленинградтан келген
академик А.Н.Самойлович үлкен кіріспе сөз сөйлеп ашты». Содан әрі
сессияның жұмысшы және құрметті президиумдары сайланғандығы,
А.Н.Самойлович бірінші сөзді филиалдың ғалым хатшысы Барышниковке
бергендігі айтылады. Сессияның бұл күнгі мәжілісінде ғалым-хатшы
Барышниковтың академия филиалының 1934 жылы орындауға тиісті жоспар
жайындағы есепті баяндамасынан кейін тоғыз ғылыми баяндама тыңдалады.
Республиканың экономикалық өміріне қатысты жеті баяндамада «Орал,
Қарағанды проблемасының негізгі мәселелері», «Қазақстан гидрологиялық
өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығын байланыстыру», «Қазақстанның
геологиялық құрылымы», «Ертіс құрылыстары», «Қазақстанда өсімдіктерді
жерсіндіру проблемалары және ботаника бағының міндеттері», «Балқашты
сумен қамтамасыз ету», «Балқаш өңіріндегі руда базасы» тәрізді мәселелер
талқыланды. Ал халқымыздың рухани өміріне байланысты жасалған екі
баяндаманың авторлары профессор С.Асфендияров пен профессор
Қ.Жұбанов болды. Алғашқы баяндама «Қазақ тарихы жайында» деп аталса,
келесі баяндамада «Қазақстанда тіл мәдениетін көтерудің жолдары»
жұртшылық назарына ұсынылды. Бұл мәселелер халқымыздың мәдени
өмірінен бұдан соң да өзінің жалғастығын тапты. Академияның осы бірінші
сессияда көтерген мәселелері Республиканың партия кеңес басшылығы
тарапынан тиісті қолдау тапқаны аңғарылады. Мәселен, сол 1933 жылдың
қараша айының 19-ы күні Халық ағарту комиссиариатының мәжілісінде
мынадай мәселелер қаралғандығы туралы мәлімет бар: а) Қазақстанның
өлкелік партия комитетінің осы жылғықазан айының 25-сі күнгі №322
қаулысын жүзеге асыру туралы бұдан кейінгі мәселелер қазақ тілі мен
әдебиетін оқыту мақсаттарына арналған. Онда Қ.Жұбановқа байланысты
қаралатын күн тәртібінің төртінші және алтыншы тармақтарында, былай деп
жазылған: 1) О реализации Постановления Крайкома от 25.Х. за №321; б)
Утвердить учебник по литературе ІV год обучения; в) Программа«по
казахскому языку для русских средних школ». Комиссия хатшысы Әубәкіров
қол қойған [Фонд – 81,оп. – 3, дело – 304, св.– 24, стр. 136. Пост., приказа,
протоколы коллегии 1933 г.]. Осы аталған мұрағат құжаттарының 89-90-
беттерінде Қазақстан Халық ағарту комиссариатының 1934 жылға арналған
баспасөз жоспары тігілген. Онда орта мектеп үшін Қ.Жұбанов құрастыратын
екі оқулықтың аты көрсетілген. Олар: «Қазақ тілінің тіл құралы
грамматикасы» 5-жыл үшін Жұбанұлы (9 баспа табақ, тиражы – 10), «Қазақ
тілі оқу құралы» 8-9-жыл үшін (жаңадан құрастырылады), 8 баспа табақ,
тиражы – 5.
27
Бұл кезде Қ.Жұбановтың Халық ағарту комиссариатының аппаратында
атқаратын қызметі «Методика, бағдарлама және оқулықтар секторының
жетекшісі» деп көрсетілген, «с какого времени в НКП?» деген сұраққа «с
1.IX.1933г.» деп жауап қайтарылған. Алайда ол бұл кезеңде тек аппарат
қызметкері ғана емес, сондай ақ Халық ағарту комиссариатының коллегия
мүшесі де болған. Мәселен, 1933 жылы желтоқсанның 20-сы күні
толтырылған тізімде коллегия мүшелерінің жалпы саны 15 адам екендігі,
солардың ішінде екінші болып комисариаттың оқу ағарту программалары
мен методика комиссиясының бастығы Қ.Жұбанов саналғаны жайында Қазақ
КСР-нің Орталық Мемлекеттік мұрағатының 81-қорында анық айтылған.
Тізімге қол қоюшы – Халық комиссариаты коллегиясының хатшысы
Әубәкіров [ЦГА КазССР. Фонд – 81,оп. – 3, дело – 304, св.– 24, стр. 130].
«Республикамыздың мемлекеттік терминкомының тұңғыш төрағасы»
деген орыс тілінде жазылған мақаласында Р.А.Өрекенова мынадай жәйді
баян етеді: «1933 жылы Мәскеуде механик, математик, академик
С.А.Чаплыгин мен профессор Д.С.Лоттенің бастамасымен Ғылым
академиясының жанында салалық терминология мәселелерін қарастыратын
ұйымдарға көмектесетін Комитет (КАТТ) құрылды. Көп ұзамай, сол 1933
жылы біздің республикамызда да Халық ағарту комиссариатының жанынан
бекітілген терминологиялық комиссия құрылды. Оның құрамына профессор
С.А.Асфендияров, Б.А.Беремжанов және басқалары енді. Мемтерминкомның
төрағасы болып профессор Қ.Қ.Жұбанов тағайындалды. Мемтерминком
Қ.Жұбановтың басшылығымен бірінші рет қазақ терминологиясының басты
теориялық мәселелерін қарастырды» (12, 170).
Жаңа өмірге қаулап енуге тиісті жаңа сөздерді жасау ісіне ғылымның әр
алуан саласындағы мамандарды жұмылдыру, олардың дайындаған
материалдарын тіл білімі тұрғысынан реттеп түзету, көпшілік талқысына
салу, практикада жүзеге асыру т.б. сияқты қыруар міндет Терминком
комиссиясының, оның қажымас төрағасы Қ.Жұбановтың мойнында болады.
Осы салада ол термин жасау қағидаттары, термин сөздердің ерекшелігі, бұл
жөндегі кемшіліктер мен қателіктер жайында бірнеше мақала жазады. Қазақ
АКСР Халық ағарту комиссариатының жанындағы Терминологиялық
комиссияның бюллетенін шығарады. Бұл бюллетень әліпби, орфография
және терминология туралы практикалық та, теориялық та мақалалар,
айтыстар жариялайды, ұсынылған немесе бекітілген терминдердің тізімін
береді. Бюллетеньнің редакциясы атынан берілген материалдардың көбі
Қ.Жұбановтың қаламынан шығады.
Ғалымның ұлы Ақырап Жұбанов тапқан мұрағат деректерінің ішінде
осы мәселеге қатысты бірнеше құжаттар бар. Мәселен, Халық ағарту
комиссариаты коллегиясының 1934 жылдың 5 ақпаны күні қабылдаған
қаулысы терминком жұмысының мазмұны мен сипатын бірсыпыра ашып
береді. «По вопросу о дальнейшей работе терминкома» деп аталатын бұл
қаулы 1933 жылғы қазан айының 25-сі күні қабылданған шешімге қосымша
ретінде комиссариаттың коллегиясы атынан мына төмендегі шараларды
28
белгілеген: 1) Терминкомның 1934 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту;
2) Бастауыш мектептің оқу құралдарын шығаруға қажетті терминдердің ең
кемі 60-70%-ын қамтитын бір термин сөздігін жасап, мамыр айынан
қалдырмай баспаға әзірлеу; 3) Термин және емле мәселелерін талқылауға
жұртшылыққа кеңінен қатыстыру мақсатымен осы жылғы ақпан айының 20-
сына дейін ғылыми әдебиет қызметкерлерімен, тіл мамандарының
кеңейтілген мәжілісін шақыру; Жұбанов жолдасқа мына төмендегі
мәселелерге сәйкес ғылыми негізделген баяндама әзірлеу міндеті жүктелсін:
а) қазақ тілі терминологиясын өрістету бағыты, ә) қазіргі қолданып жүрген
емлемізге енгізілуге тиісті қажетті түзетулер. Сондай-ақ бұл мәселелерді
баспасөз бетінде кең талқылау ісін ұйымдастыру Қ.Жұбанов пен М.Гаврилов
жолдастарға
міндеттелсін.
4)
Жаңа
орфографиямыз
бен
терминологиямыздың жобасын әзірлеу үшін мынадай құрамда жұмысшы
комиссиясы құрылсын: төрағасы – Қ.Жұбанов, мүшелері – С.Асфендияров,
Тойғанбаев, Т.Шонанов, Малкиев және хатшысы – М.Гаврилов. 5) Термин
және орфографияға байланысты барлық мәселелерді жүзеге асыру ісіне осы
бастан кірісе беру мақсатымен даярлық жұмыстардың барлық түрлерін осы
жылғы наурыз айының 15-інен қалдырмай аяқталуы тиіс. Бұл қаулыға Халық
ағарту комиссарының орынбасары Жантілеуов қол қойған [ЦГА КазССР,
фонд – 81, оп. – 3, дело – 304, л. – 27].
Халық ағарту комиссары Т.Жүргенов Қазақстан өлкелік партия
комитетінің бюро мүшесі ретінде терминком жұмысына тиісті Мемлекеттік
мәртебе берген. Сондықтан терминком мәжілістері әрдайым комиссардың
өзінің немесе оның бірінші орынбасарының қатысуымен өтіп тұрған. Бізге
мұрағат сөресінен келесі жеткен осындай хаттамалардың бірі 1934 жылғы
сәуір айының 2-сі күні жазылған. Бұндағы қаралған күн тәртібі Қазақ тілінің
орфографиясы мәселелері деп аталған. Оған қатысқандар: Жантілеуов,
Қ.Жұбанов, І.Кеңесбаев, Ү.Балқашев, Е.Омаров, Ә.Сытдықов, Мақашев,
М.Гаврилов. Мәжілістің төрағасы – халық комиссарының орынбасары
Жантілеуов, хатшысы – М.Гаврилов. Мәжілісте қазақ орфографиясын қайта
құру жөнінде Қ.Жұбанов әзірлеген емле жобасы талқыланған. Баяндамашы
осы өзі ұсынған қағидаларды дәйектейтін бірнеше тармақ ұсынған. Машинка
бетімен 4 парақ шамасы болатын бұл ережелерде мұрағат құжаты есебінде
сақталған.
Аталған мәжілісте Е.Омаров, Жантілеуов, І.Кеңесбаев, Ә.Сытдықов
қысқаша сөз сөйлеп, пікір алысқан. Талқыланған мәселелерді қорытып,
орфографияны жетілдіруге қажетті пікір түйіндеу үшін мәжілісте бес кісіден
жұмысшы комиссиясы құрылады. Оның жетекшісі ретінде Қ.Жұбанов,
мүшелері ретінде І.Кеңесбаев, Ә.Сытдықов, Е.Омаров, Ғ.Бегалиевтер
белгіленді.
Қ.Жұбановтың ғылыми ұйымдастырушылық қызметіне тікелей қатысты
тағы бір құжат – 1934 жылы қараша айының 27-сі күні болып өткен
Мемлекеттік термин комиссиясы мен Халық ағарту комиссариатының
бағдарлама-методика секторының бірлескен мәжілісінің хаттамасы.
29
Мәжілісті Халық ағарту комиссары Т.Жүргенов өзі басқарып, оған
бағдарлама-методика
секторының
меңгерушісі
әрі
Мемлекеттік
терминкомның
төрағасы
Қ.Жұбанов
аталған
сектордың
ғылыми
қызметкерлері: Ә.Мәметова, Ә.Сытдықов, Ғ.Бегалиев және терминкомның
ғалым хатшысы М.Гаврилов қатысқан. Мәжілісте терминдерді жасау және
бекіту, әсіресе оларды жазудың емлесін белгілеуге байланысты оқулықтар
мен термин сөздіктерін баспадан шығару жайы туралы Қ.Жұбановтың
хабарламасы тыңдалады [ЦГА КазССР, фонд – 81, оп. – 3, дело – 697, лл.
132-133 об.].
Ал халықаралық терминдердің мәселесіне байланысты «Қ.Жұбановтың
ұсыныстары жоба ретінде қабылданып, тәжірибелік мақсатта іс жүзіне
асырылсын және бұдан былай сол ұсыныстар басшылыққа алынсын» деген
қаулыға қоса, мәжілісте «Қазақтың қалың еңбекшілері арасында игеріліп,
сіңісіп кеткен халықаралық терминдердің орфографиясы бірізге салынып,
ғылым тұрғысынан негізделсін» деген шешім қабылданады. Құжаттардан
байқалатын нәрсе ол кезеңде терминология мәселесі өз алдына бөлек
зерттелу объектісі болмай, тіл білімінің басқа да практикалық
қажеттіліктерімен, әсіресе орфография мен әліпбиді жетілдіру шарттарымен,
соның негізінде орта мектепке арнап әртүрлі сапалы оқулықтар шығару
ісімен тығыз ұштасқандығы деуге болады. Сөйтіп, Қ.Жұбанов әрі
бағдарлама-әдістеме жұмыстарын басқара жүріп, әрі Мемлекеттік термин
комиссиясына төрағалық ете отырып, ол жұмыстарды өзінің ҚазПИ-дегі
негізгі ұстаздық қызметімен тұтастыра келіп, бүкіл «ағарту майданы» атты
мәдени құрылыстың қалың ортасында жүрген. Қаралып жатқан мәселелердің
бірізділігіне қарай кейде оны негізгі қызметінен босатып алып та ғылыми-
методика, педагогикалық практика, оқулық жазу секілді істерге қатыстырып
отырған.
Сондай деректердің бірі ретінде 1934 жылғы қараша айының 28-і күні
Қ.Жұбановты іздестіріп, Халық ағарту комиссары Т.Жүргеновтің атынан
ҚазПИ-ге жолданған телефонограмманы атауға болады. Бұл телефонограмма
жоғарыда сөз болған 27 қарашада өткен мәжілістің ертеңіне берілген. Онда
былай делінген: «Зав. програмно-методического сектора Наркомпроса
товарищу Жубанову. Наркомпрос тов. Жургенов просить Вас быть у него в
кабинете 28сего ноября в 9.00. часов утра для обсуждения неотложного
вопроса терминологии, связанной с изданием учебников. В виду крайней
срочности вопроса нарком просит Вас отложить всю другую работу, в том
числе и лекции и обязательно принять участие в намеченном обсуждении.
Вместе с этим захватить с собой и имеющиеся у Вас материалы, относящиеся
к вопросу. Нарком – Т.Жургенев». [Фонд – 81, оп. – 3, стр. – 697, св. – 57,
стр. З7. 1934 г. Материалы гостерминкома]. Құжатта телефонограмманы
қабылдаған ҚазПИ-дің қызметкері Чернов деген кісінің қолы бар.
1934 жылға қатысты басқа мұрағат деректері де профессор
Қ.Жұбановтың қызу еңбек үстінде өткен шығармашылық өмірін көз
алдымызға елестетеді. Мәселен, Ұлт мәдениеті институтының тіл құрылысы
30
секторының меңгерушісі Қ.Жұбанов 1935 жылы арнайы жасаған жұмыс
жоспарында мынадай тақырыптар көрсетілген: 1) Қазақ тілі фонетикасының
тарихына байланысты зерттеудің жалғасы, көлемі – 2 баспа табақ,
орындайтын – Қ.Жұбанов. Аяқтау мезгілі – мамыр, маусым, шілде.2) Қазақ
дыбыстарын диалектологиялық тұрғыдан шолу. Көлемі – 1 б.т., орындайтын
– Қ.Жұбанов. Аяқтайтын мезгілі – қараша, желтоқсан айлары. 3)
«Стилистика мәселелері» (ұжымдық еңбек), жетекшісі – Қ.Жұбанов, көлемі –
10 б.т. Аяқтау мерзімі – қазан, қараша, желтоқсан айлары. 4) «Әдеби тіл
мәселелері», көлемі – 3 б.т. Орындайтын – Қ.Жұбанов. Аяқтау мезгілі – сәуір,
мамыр айлары.
Мұрағат құжаттарының ішіндегі кейбір деректерде Қ.Жұбанов Абайдың
қайтыс болғанына 30 жыл толуын атап өту шарасына да белсене
қатысқандығы көрінеді. Баршамызға мәлім, осы аталған датаға орай
Қ.Жұбанов 1934 жылы «Әдебиет майданы» журналының 11-12 сандарында
«Абай – қазақ әдебиетінің классигі» атты әйгілі мақала жариялап, ұлы
ақынның болмысына баға беруі де жұртшылық тарапынан сол кезге шейін
ескерілмей келген бірсыпыра жайттардың басын ашқан болатын. Осыған
орай, жұртшылыққа ой салатын тағы бір мәлімет мұрағат сөресінде
сақталыпты. Ол – «Краткая выписка из стенограммы заседания
посвященного обсуждению вопросов предстоящего юбилея поэта Абая
Кунанбаева». Бұл мәжіліс 1934 жылы маусым айының 7-сі күні Алматыда
Академияның қазақ филиалында болып өткен. Мәжіліс хат барынша қысқа
жазылған. Онда жиналысқа төрағалық етуші профессор Баталов баяндама
жасау үшін сөзді С.Мұқановқа бергендігі айтылады. Баяндамашы бір кездегі
қоғам-мәдениет
қайраткері
Ж.Сәдуақасовқа
сілтеме
жасап,
А.Байтұрсынұлының 50 жылдығынатап өту кезінде оның көсем болған бес
кісіні – К.Қасымовты,Ш.Уәлихановты, Ы.Алтынсаринді, А.Құнанбаевты
және А.Байтұрсынұлын атағанын еске салады. Бұл мәжілісте жарыссөзге
шығып
сөйлеген
адамдар
Қ.Жұбанов,
Ғ.Мүсірепов,
М.Әуезов,
С.Асфендияров, М.Жолдыбаев т.б. болған. Мәжілісхатта мынадай бір
ескерту бар: «Соңғы аталған М.Жолдыбаев өзінің сөзінде Қ.Жұбанов пен
М.Әуезовтің пікірлеріне дау айтты». Бұған қарағанда, Абайды танудың ең бір
шырғалаң кезеңінде Қ.Жұбанов пен М.Әуезовтің ой-пікірлері үндес болған
ба деген де жорамал көңілге келеді [ЦГА КазССР, фонд – 81, опись – 3, дело
– 731,св.– 64. стр. – 70].
Міне, жоғарыда көрсетілген нақты құжаттардың деректері көрнекті
ғалым Құдайберген Жұбановты тек «тіл маманы» деп танудың жеткіліксіз
екендігін дәлелдейді. Өйткені ол шын мәнінде қазақ халқының қоғам және
мәдениет қайраткері болды. Қ.Жұбанов жиындарда «әдемі сөз» сөйлеп,
мінбеден «бой көрсетіп» кететін кербез шешен емес-ті. Ол істің адамы
болатын. Сондықтан да болса керек, әріптестері мен замандастары, оның
еңбегінен хабардар жұрт оның әрбір лебізіне ілтипатпен құлақ асатын.
Мәселен, 1935 жылы одақтас елдердің Бүкілресейлік XVI съезіне Қазақстан
атынан делегат болып қатысып, Татарстанның мәдениеті туралы сөз сөйлеп,
31
Кеңестік Татарияның шарықтап өскендігін бір кезде Қазан татарларына ұстаз
болған шетелдік халықтардың (Түркияның) өсу дәрежесімен салыстыра
көрсетеді. Екпінді мұғалімдердің бірінші съезінде сөйлеген сөзінде
Қазақстандағы халық ағарту майданының жаңа кезеңіне сай жаңа типті
мұғалім кадрларын өсіруге, оқыту мен білім берудің ең тиімді жолдарын
меңгеруге шақырады. Бұл қысқаша стенограмма «Казахстанская правда»
газетінің 1935 жылғы 27 қаңтарында шыққан №22 санында жарияланған.
1935 жылдың көктемінен бастап Мәдениет құрылысы қызметкерлерінің
Бүкілқазақстандық І съезін шақыру ісі сол кездегі Халық ағарту
комиссариатының жүзеге асырған аса елеулі шаралардың бірі болған.
Комиссариаттың Т.Жүргенов қол қойып, 1935 жылы 8сәуір күні жариялаған
№206 бұйрығы «О созыве казахстанского съезда работников культурного
строительства» деп аталады. Республика өкіметімен партия ұйымының
мәдениет құрылысы қызметкерлерінің Бүкілқазақстандық съезд шақырылуы
туралы қабылдаған қаулысына сәйкес Халық ағарту комиссары былай деп
бұйырады: «1. 1935 жылы мамыр айының 20-сы күні Алматы қаласында
мәдениет құрылысы қызметкерлерінің Бүкілқазақстандық съезі шақырылсын.
Оның күн тәртібінде мынадай мәселелер қаралсын:1) Қазақстандағы мәдени
революция; 2) қазақ тілі жайында: а) орфография; ә) термин; б) әдеби тіл
мәселелері; в) мектеп жайында: 2. Практикалық шараларды талдап шешу
үшін съезде қойылатын мәселелер мынадай секцияларға бөлініп қаралсын: а)
қазақ грамматикасы; ә) мектеп; 1) мектеп жұмысының сапасы жайында
(сабақ оқыту жұмысын ұйымдастыру және оның әдістері, тәрбие жұмыстары,
оқулық, бағдарлама, педагог-кадрлар мәселесі; 2) мектептерді ұйымдастыру
және нығайту: интернаттар, үлгілі мектептер, қазақ орта мектептерін ашу; 3)
мектептердің материалдық базасы. Тіл жайындағы материалды жедел
даярлау міндеті Қ.Жұбанов жолдасқа жүктелсін». Бұйрыққа қол қойғандар –
Халық ағарту комиссары Т.Жүргенов және комиссариат хатшысы –
Әубәкіров. [Фонд – 8І, оп. – 3, дело – 1075, св.– 100, стр. – 1, 1935 г. Приказ
Народного Комиссариата КазАССР].
Халық ағарту комиссарының 8 сәуір күні берген келесі №205
бұйрығында күн тәртібінде талқыланатын мәселелерге қатысты барлық
материалдар мен тезистер 13сәуірге дейін даяр болуы керектігі айтылып,
соған сәйкес грамматика жайында Ә.Сытдықовқа, орфография жайында
Қ.Жұбановқа, терминдер жайында Ғ.Бегалиевке, әдебиеттің тарихы мен
теориясы мәселелері бойынша Ә.Мәметоваға тапсырмалар беріледі. Одан әрі
съездің баяндамашыларын атайды. Олар: 1) Қ.Жұбанов – тіл мәселелері
бойынша; 2) Жантілеуов – мектептің материалдық базасы жөніндегі
мәселелер бойынша; З.Баймаханов – мектептегі ұйымдастыру мәселелері
бойынша; даяр болған материалдар мен тезистердің тізімі 15 сәуір деп
белгіленген. Т.Жүргенов қол қойған бұл құжаттың шифры мынадай: [Фонд –
81, оп. – 3, дело – 341, св.– 28. стр. – 34. Приказ НКП. 1934-35 гг.].
Халық ағарту комиссары Т.Жүргенов қол қойған 1935 жылғы 17
мамырдағы №269 бұйрықта мәдениет құрылысы қызметкерлерінің съезінде
32
қаралатын ғылыми мәселелерді талдап шешетін академиялық комиссия құру
жайлы жарлық беріледі. Қ.Жұбанов осы комиссияның төрағасы болып
тағайындалады.
Комиссияның
құрамында
Ә.Ермеков,
Т.Шонанов,
Жаманқұлов,
І.Кеңесбаев,
Ш.Әлжанов,
С.Жиенбаев,
Қ.Тоғжанов,
М.Жолдыбаев, М.Әуезов, Әлібаев т.б. адамдар енеді. Комиссияның
құрамында 35 адам болады [Фонд – 81 оп. – 3, дело –714, св. – 61, стр. – 385.
Приказ НКП, 1935.].
Бұл тұста Қ.Жұбанов Халық ағарту комиссариатынан тысқары
мекемелерде де ғылыми жұмыстар атқарып жүреді. Мәселен, 1935 жылғы 17
мамыр күні Алматы қаласындағы Ұлт мәдениеті институты бойынша
берілген №81бұйрықта аталған институтта іліми кеңес құрылған. Профессор
Алманов басқаратын бұл кеңесте әліпби ретімен Қ.Жұбанов 6-шы болып
тіркелген. Бұйрыққа Ұлт мәдениеті институтының директоры Атаянец қол
қойған [АН КазССР. Архив №4, упр. 19].
Мұрағат қазынасында Мәдениет қызметкерлерінің І съезі жайында біраз
деректер бар. Солардың ішіндегі Қ.Жұбанов есіміне байланысты
құжаттардың бірі Қ.Жұбановтың баяндамасы бойынша қабылданған «Қазақ
әдеби тілінің жай-күйі туралы» съездің резолюциясын ғалым өз қолымен
дайындаған және съезде оқып берген. Ұзын саны 4 тармақтан тұратын бұл
құжат былай басталады: «3аслушав доклад Жубанова К. «О состоянии
казахского
литературного
языка»,
съезд работников культурного
строительства Казахстана считает: ...».
Содан әрі съездің атынан барлық пәндер бойынша терминдерді
жариялау ісі мемлекеттік терминкомға тапсырылып, терминология негіздерін
белгілеудің принциптерін дұрыс деп табады. Баяндамада және жарыссөзде
көрсетілген емледегі кемшіліктерді тез арада жойып, орфографияны
жетілдіріп, тек қазақ сөздері ғана емес, термин сөздер мен кірме сөздердің
жазылуын да жолға қою қажеттігі, сонымен бірге съезге емле жобаларының
бірнешеуі келіп түскендіктен, оларды таяу арада қарап, барлық жобалар мен
жұртшылық пікірлерінің ең тиімді жақтарын пайдалану қажеттігі съездің
атынан Халық ағарту комиссариатына жүктеледі. Сондай-ақ орфография
мәселелерімен бірге тыныс белгілерінің ережесін жасау қажеттігі атап
көрсетіледі. Революцияның соңғы бабында қазіргі қазақ әдеби тілінде орын
алған кемшіліктер мен қолайсыздықтардың себебі жұмыстың бұл маңызды
саласына басшылық жасалмай, сол кездегі авторлар мен редакторлардың
тілдің олпы-солпысына немкетті қарап, өздерінің жауапкершілігін
сезінбегендіктен деп біліп, съезде бұл жағдайда қазақ тілінің дамуы мен
жетілуін кідіртетін келеңсіз құбылыс деп бағалайды. Тілге деген
жауапсыздық
қарым-қатынастың
кімнің
тарапынан
болғандығына
қарамастан, съезд таяу арада баспа бетінде жарық көрген материалдарды
тексеріп шығуды ғылыми-зерттеу мекемелеріне, ғылыми қызметкерлерге,
жазушыларға және Жазушылар одағына тапсырады. Ұсынылған резолюция
бірауыздан және еш өзгеріссіз мақұлданады [ЦГА. КазССР. Фонд – 81,
опись – 3, дело – №1096, связка – №102. Проект постановлений ЦИК
33
Казахской АССР. Тезисы о резолюции первого съезда деятелей культуры,
стр. 15].
Келесі бір маңызды құжат – аталған съездің қорытындысы жайында
съездің секретариаты атынан Қазақстанның Халық ағарту комиссары
Т.Жүргеновке жолданған жазбаша мәлімет. Көлемі машинка бетімен 11-12
парақ шығатын бұл құжатта қазақ тіл білімінің практикалық мәселелері қай
заманнан бері, кімдердің ат салысуымен зерделеніп, тиісті ұсыныстар мен
шешімдер қабылдағанына, кемшілігіне бірсыпыра байыпты шолу жасалған.
Ерекше ескеруге тиісті жайт – тіл танудың әралуан кезеңдеріне лайық үлкен
еңбек сіңіріп келген адамдар А.Байтұрсынұлы мен Қ.Жұбанов болғандығы
жайындағы әділ тұжырымдар [ЦГА. КазССР, фонд – 81, св. – 3, дело – 379,
лл. 250-258].Дау-дамайлы көп емле, термин мәселелеріне байланысты сол 30-
шы жылдардың орта шенінде хатқа түскен бұл пайымдаулардың ғылым
тарихы үшін мәні зор деп санаймыз.
Қ.Жұбанов есіміне қатысты 1935 жылдан сақталып жеткен басқа
құжаттар – негізінен Халық ағарту комиссариатының және көпшілігінде
Т.Жүргеновтің өзі қол қойған бұйрық-жарлықтар. Олардан байқалатын басты
бір ағым жоғарыда аталған Мәдениет құрылысы қызметкерлерінің І съезінің
ұсыныстары мен қаулыларын жүзеге асыруға бағытталған үлкен талпыныс
тәрізді. Бұл ретте 1935 жылғы маусым айының 25-сі күні Қазақстан Халық
ағарту комиссариаты жариялаған №406-шы бұйрықты ерекше атап өтуге
болады. Комиссар Т.Жүргеновтің өзі қол қойған бұл бұйрықтың жоғарғы
бұрыштамасында: «Барлық облыстың оқу бөлімдеріне, халық ағарту
қызметкерлері кадрларын, мамандарын жетілдіретін қазақ институтына,
Қ.Жұбанов жолдасқа, «Казахстанская правда», «Социалистік Қазақстан»
газеттерінің редакцияларына» деп жазылған. Бұйрықтың басындағы
констатациялық бөлімінде былай делінген: «Реализация решения Первого
съезда деятелей культурного строительства о борьбе безоответственным
обращением с казахским языком со стороны лиц, имеющих отношение к
литературной и преподавательской деятельности, требует осуществления
ряда мероприятий, в первую очередь по поднятию квалификации
преподавателей казахского языка в школах и на курсах всех типов.».
Содан әрі осы бұйрықтың 1-2 және 5-тармақтарында Қ.Жұбановқа
қатысты мынадай шаралар қарастырылады: 1) Қазақ АКСР-нің
территориясындағы барлық жоғары оқу орындары мен техникумдарының
қазақ тілі оқытушылары үшін, сондай-ақ Алматы қаласы мен барлық облыс
орталықтарындағы орта мектептердің мұғалімдеріне арнап курс-семинар
ұйымдастырылсын. 2) Қазақ тілі бойынша семинар ең әуелі Алматы
қаласының оқытушылары үшін ашылып, оны басқару ісі Қ.Жұбанов
жолдасқа жүктелсін. Жоғары оқу орындарының, техникумдар мен
мектептердің қазақ тілі оқытушыларына аталған семинарға қатысудың олар
үшін міндеттілігі және қазақ тілі пәнін жете игеруге немкетті қараушылық
жағдайында
кінәлі
адамдарды
жұмыстан
босатуға
шейін
шара
қолданатынымыз ескертілсін. Бұйрықтың соңғы 5-параграфында былай
34
делінген: «Тов. Х.К.Жубанову в 5-дневной срок представить мне на
утверждение учебные планы и программы курсов и семинаров по
повышению квалификации преподавателей казахского языка. Нарком
Просвещения КазССР –Т.Жургенов [Фонд – 81, оп. – 3, дело – 714, связка –
61, стр. 586-587. Приказ НКП, 1935 г.].
Бұдан кейінгі Т.Жүргеновтің қолы қойылған бұйрықтарда қазақ тілін
пән ретінде оқыту жұмысын көтеру мақсаты көзделеді. Мәселен, оның 1935
жылы шілденің 9-ы күні берген №503 бұйрығында сол жылғы шілде айының
20-сынан бастап қыркүйек айының 1-іне дейін оқу-методика секторының
меңгерушісі Қ.Жұбановты қазақ тілінің грамматикасын жасау және
комиссариатқа келіп түсіп жатқан қолжазбаларды қарап шығу жөнінде
берілген тапсырмаларды орындау үшін комиссариаттың аппаратындағы
жұмыстардан босату қажеттігі айтылады. «Берілген тапсырмаларды
орындауға байланысты жолдас Қ.Жұбанов өзіне қажетті қызметкерлерді өз
аппаратынан немесе комиссариаттағы басқа қызметкерлерден босатып алу не
қосымша жұмысқа тарту жолымен жұмылдыруға құқылы» делінген. Бұйрық
мынадай сөздермен аяқталады: «Обязанность заведующего уч.-метод.
сектором, на время отсутствия тов. Х.Жубанова, возлагаю на тов.
А.Ситдикова» [Фонд – 61, оп. – 3, дело – 714, св. – 61, стр. 715. Приказ НКП,
1935 г.]. Бұл міндетті атқарып жүргенде, Қ.Жұбанов бар ынта-жігерін қазақ
мектептерін ғылыми негізде жазылған сапалы оқулықтармен, оның ішінде
қазақ тілі мен әдебиеті оқулықтарымен аз уақыттың ішінде қамтамасыз етуге
жұмсайды. Өзі жазып қоймайды, басқаларды да жұмылдырады.
Сол 1935 жылы 19 шілдеде берілген №49б бұйрықта Халық ағарту
комиссары Т.Жүргенов Қазақстан өлкелік партия комитетінің тиісті
нұсқауларына сүйене отырып, жаңадан шығатын басылымдарды әзірлеу,
өңдеу, безендіру және сапасын жақсарту ісін тәртіптеу мақсатында мынадай
бұйрық берген: «Приказываю под личную ответственность тов. Х.Жубанова
перестроить работу по просмотру поступающей от Издательства учебно-
методической литературы в соответствии с положением об авторском праве
и постановлением СНХ РСФСР от 26 / ІІІ-1933 г., не допуская удлинения
сроков просмотра свыше 5 дней и о каждом просмотре обоснованное
письменное заключение представлять мне на утверждение». [Фонд – 81, оп. –
3, дело – 341,св. – 26, стр. 73,74,75. Приказы НПП, 1934-1935 гг.].
30-жылдардың іші жоғары оқу орындары пайдаланарлықтай қазақ тілі
грамматикасының ғылыми курстарынан құр алақан кез болатын. Сондықтан
Қ.Жұбанов тіпті алғашқы кезде ғылыми негізге біртабан жуық жазылған
қазақ тілінің тұңғыш грамматикасы П.М.Мелиоранскийдің 1894-1897
жылдардағы кітаптарын («Краткая грамматика казак-киргизского языка»,
СПб, часть 1-я, 1894, часть 2-я, 1897) қайта басып шығартуды да
ойластырады. Бұған неміс профессоры Бангтің француз тілінде жасаған
түсініктемелері мен ескертпелерін орысшаға аудартып қоса бермек болады
және өзі кітаптағы ғылыми транскрипцияны латын әліппесіне көшіріп,
мысалдарын
жаңғыртып,
кейбір
жерлеріне
ескертулер
жасауды
35
жоспарлайды. Бұл жұмысты 1937 жылдың жаз айларында үлгеріп істеп
болатыны, проф. Банг жазған материалды француз тілінен орыс тіліне
аударып берген ерлі-зайыпты Гавриловтерге гонорарды тіпті өз қалтасынан
төлеуге бар екені Берденев дегенге 1937 жылы марттың 21 күні жазған
хатынан байқалады. Бұл деректерді төмендегі құжаттар айғақтай түседі.
1935 жылғы тамыз айының 3-і күні берілген Халық ағарту
комиссарының орынбасары Ибрагимов қол қойған №556 бұйрықта баспадан
1935 жылы шығатын оқулықтардың жоспарына жоғары және орта
педагогикалық оқу орындарымен орта мектептерге арналып және мұғалімдер
жұртшылығы үшін мынадай енбектерді жоспарға енгізу қажеттігі айтылған:
1. Қ.Жұбановтың редакциясымен Банг пен Қ.Жұбановтың түсініктемелері
мен
ескертпелерін
қосып
П.М.Мелиоранскийдің
қазақ
тілінің
грамматикасын; 2. Қ.Жұбановтың «Қазақ тілі жөніндегі очерктерін» шығару
ісі. Бұл аталған басылымдар биылғы жылдың жоспарынан шығарылып
тасталған әдебиеттердің орнына енгізілетін болсын. [Фонд – 81, оп. – 3, дело
– 714,св. – 61, стр. 792. Приказы НКІІ, КазССР, 1935 г.].
Осылайша тынымсыз еңбек еткен профессор Қ.Жұбанов Қазақстан
Орталық атқару комитеті өзінің 1935 жылғы 4 қарашада қабылданған
«Екпінділер мен үздік қызметкерлерді» «15 жылдық Қазақстан» атты
белгімен наградтау туралы қаулысымен ерекше атап өтіледі. Халық ағарту
комиссариаты ұсынған адамдар жайында осы қаулыда былай делінген: «За
ударную работу в деле культурного строительства наградить значком «15
Казахстана» следующих товарищей: ...». Тізім бойынша Қ.Жұбанов бесінші
болып наградталған. Қаулыға Қазақстан Орталық Атқару комитетінің
төрағасы Ұ.Құлымбетов, хатшысы М.Жұмабаев қол қойған. [Фонд – 81, оп. –
3, дело – 731, св. – 64. №70 (План изд. худ. альбома). 1935 г.].
1936 жылы Қ.Жұбановтың қатысуымен орындалуға тиісті игілікті істер
одан әрі жалғаса береді. Терминком жұмысы ендігі жерде Жаңа әліп кіндік
комитетінің сол кезде қызу қолға алып жатқан жедел шаралармен ұштасып
проф. Қ.Жұбановтың білімдарлығы мен іскерлік қабілетті жаңа қырынан
таныла бастайды. Бұл жайды мұрағат сөрелерінде сақталған ресми құжаттар
нақты айғақтайды.
Мысалы, Республика Халық ағарту комиссариатының 1936 жылғы 9
қаңтарда жарияланған №28 бұйрығынан мынадай жайттармен танысамыз:
«1. Мемлекет термин комиссиясының бастығы Жұбанұлы Құдайберген
жолдас емле, термин мәселелерін шешу және жалпы одақтық жаңа әліп
комитетінің ғылыми сессиясына қатысу, баяндама жасау үшін осы ғынуар
айының 10-нан бастап Мәскеуге командировкаға жүріп кетсін.
2. Қаржы басқармасы жолдас Жұбан ұлының жол расходына
жетерліктей қаржы беріп, жүргенінше даяр қылсын». Бұйрыққа Қазақстан
Оқу істерін басқару халық комиссарының орынбасары Ыбырагимов қол
қойған. [Фонд – 61, оп. – 3, дело – 713, св. – 61, стр. 25. Приказа НКП 1935-
1936 гг.].
36
Осы бұйрық шыққан күні Алматыдағы Абай атындағы ҚазПИ
Қ.Жұбановқа оның іссапарына орайластыра қосымша тапсырмалар жүктейді.
ҚазПИ-дің
мұрағатында
сақталған
Қ.Жұбановтың
жеке
басының
ісқағаздарында мынадай ресми куәлік бар. 1936 жылғы қаңтардың 9-ы күні
берілген №8-ші бұл тарихи құжаттың өзіндік стилін сақтау үшін аталған
мандатты түпнұсқа күйінде орыс тілінде келтіріп отырмыз: «Предъявитель
сего проф. Х.Джубанов командируется в гор. Москву. Ему поручается вести
переговоры от имени КазПИ в НКП РСФСР по вопросу оформления ученых
званий работников КазПИ, о программах, учебных планах специфических
дисциплин, приглашать работников для КазПИ, заключив договора с
приглашаемыми работниками об условиях работы, заключить сделки на
приобретения литературы и иных оборудований для кабинетов языка и
литературы КазПИ. Изложенное удостоверено надлежащими подписями и
приложением печати. Директор КазПИ Бекжанов, Упр. делами Григорьев.
[Архив КазПИ.Личное дело Жубанова Худайбергена Куановича].
Проф. Қ.Жұбановтың осы аталған іссапары нәтижесіз де болмағаны
байқалады. Қазақ тіл білімінің практикалық жұмыстарын ұйымдастырудағы
ғалымның сан-салалы еңбектерінің көрінісі бізге баспасөзден де белгілі
болды. Мәселен, 1936 жылы сәуір айының 18-і күні «Казахстанская правда»
газетінде Бүкілодақтық Орталық жаңа әліп комитетіндегі түркі-татар
секторының меңгерушісі Юманкуловтың ТАСС тілшісімен сұхбаты
жарияланған. Онда Қазақ АКСР-нда тіл құрылысы бойынша 1936 жылға
орындалатын шаралар жайы сөз болады. «Бүкілодақтық Орталық жаңа әліп
комитеті биылғы жылдың жоспарына», – деген Юманкулов, –қазақ тілін
өркендетудің ең бір зәру мәселелерін енгізіп отыр». Содан әрі жоғарыда
аталған Орталық комитет жаңа әліп қазақ комитеті мен және Қазақстан
Халық ағарту комиссариатымен бірігіп, алдағы жазда Республика
аудандарына арнайы ғылыми-лингвистикалық экспедиция шығаратыны,
сөйтіп қазақ халқының әдеби тілі мен сөйлеу тілінің даму барысын
зерттейтіні, сондай-ақ қалың еңбекші бұқараның сауаттылық жағдайы
тексерілетіні айтылған.
«Бұл экспедицияға біз үлкенмән береміз. Экспедиция жұмысын
академик А.Н.Самойлович пен проф. Қ.Жұбанов басқарады», – дейді
Юманкулов. Сонымен бірге бұл сұхбатта түркі-татар тілдері секторында
проф. Реформатскийдің басқаруымен бір топ авторлардан құралған бригада
орысша-қырғызша сөздіктің сөзтізбесін (словник) жасап жатқандығы, бұл
жұмыстың да Қазақстандағы тіл құрылысы жұмыстарын өрістетуде үлкен
мәні барлығы айтылады.
«Оның мәнісі», – дейді Юманкулов, –бұл сөз тізбені 1937 жылы
аяқталуға тиісті «Орысша-қазақша сөздікті» құрастыру ісіне де пайдалануға
болады». Одан әрі Юманкулов тілшімен сұхбатында проф. Қ.Жұбановтың
қазіргі кезеңде қазақ тілінің ғылыми грамматикасын жасау ісімен
шұғылданып жүргенін, бұл грамматиканың бірінші бөлігі – «Фонетика»
биылғы жылы аяқталатындығын, ал қалған екі бөлігі морфология мен
37
синтаксисті 1937 жылы аяқтау көзделіп отырғандығын хабарлайды. Сондай-
ақ биыл түркі тілді халықтардың және шеттен кірген (халықаралық, орыс
т.б.) термин сөздердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын зерттеу
мәселелері бойынша да ғылыми жұмыстардың басталатындығын айтып
өткен. Сұхбат беруші Юманкулов Бүкілодақтық жаңа әліп кіндік (орталық)
комитетінің тарапынан істелетін жұмыстарға да тоқталып өткен. Оның
айтуынша, биыл қазақ тіліндегі оқулық, ғылыми және методикалық
әдебиеттердің библиографиясын жасау ісі және баспадан шығып жатқан
еңбектерді рецензиялау жұмысы қолға алынбақ. Бұл жұмыста Ленинградтан
Шығыстану институтының жанындағы редакторлар мен аудармашылар
курстары аспиранттарынан жекелеген қызметкерлер қатыстырылатындығы
атап көрсетілген (13).
Біз сөз етіп отырған кезеңде, яғни 1936 жылы Қ.Жұбанов ғылымның
шебер ұйымдастырушысы ретінде жоғарыда аталған Республика Халық
ағарту комиссариатымен Абай атындағы ҚазПИ-ден тыс КСРО Ғылым
Академиясының
Қазақ
филиалы
бойынша
«Академиялық
сөздік
жасаушылар» тобын белгілеу туралы 1936 жылы шілденің 14-і күні берілген
№34 бұйрықтың үшінші параграфында: «аталған топтың ақша қаражатының
түбегейлі есеп-қисабы проф. Қ.Жұбановты сөздіктің бас редакторы етіп
бекіткеннен кейін жасалады» делінген. Бұйрыққа Ұлт Мәдениет
институтының директоры Атаянец қол қойған (ҚазССР ҒА мұрағатынан).
Сол 1936 жылы тамыз айының 31-і күні берілген №87 бұйрықта
жоғарыдағы Ұлт мәдениеті институты Академияның қазақ филиалына
қосылатындығы айтылады. Содан кейінгі №92бұйрық 1936 жылы 5 қыркүйек
күні жарияланған. Онда а) тарих секторы; ә) әдебиет-фольклор секторы; б)
тіл секторы бойьнша филиалға қабылданатын бұрынғы Ұлт мәдениеті
институтының қызметкерлерінің аты-жөні және айлық жалақылары
белгіленеді. Бұйрыққа қол қойған – С.Асфендияров. Ал 1936 жылы 29
желтоқсанда берілген №123 бұйрықта проф. Қ.Жұбанов жоғарыда аталған тіл
секторының меңгерушісі болып сол жылғы желтоқсан айының 15-нен бастап
бекітілгендігі, айлық ақысының 700 сом болатындығы айтылған. Соған
жалғас желтоқсан айының 31 күні берілген №124 бұйрықта проф.
Жұбановтың, жоғарыда көрсетілгендей, 15-ші желтоқсаннан бастап
лингвистика секторының меңгерушісі және осы секторға академиялық сөздік
жасаушылар тобының қосылатындығы көрсетілген. Бұл бұйрықтардың
бәріне қол қойған – ҒА филиалы төрағасының орынбасары С.Асфендияров
[Архив АН КазССР. стр. 25-34. Фонд – 1, опись – 1 л., дело – 12, св. – 2.].
Жалпы, республикамыздың аға буын үлкен ғалымдарының бірі,
Қазақстан тарихы жайындағы еңбектің авторы проф. С.Асфендияров,
комиссар Т.Жүргенов сияқты, Академия филиалының күнделікті жұмысында
Қ.Жұбановқа көп иек артатындығы байқалады. Мәселен, С.Асфендияровтың
1936 жылы қараша айының 2-сі күні берілген №113 бұйрығында өзінің
қарашаның 4-і күнінен бастап Мәскеу мен Ленинград қалаларына іссапармен
жол жүретіндігі, сондықтан өзі қайтып оралғанға дейін филиал төрағасы
38
орынбасарының қызметін атқаруды Қ.Жұбановқа тапсыратындығы айтылса,
1937 тамыз айының 20 күні берген №52 бұйрықта ол былай деген: «Отъезжая
в 2-х месячный отпуск, разрешенный мне, временное исполнение
обязанности зам. председателя филиала возлагаю на члена Президиума
профессора Жубанова. Заместитель председателя Казахского филиала
Академии Наук СССР С.Асфендияров».
С.Асфендияровтың 1937 жылғы маусым айының 11-і күні берген №39
бұйрығында Академия қызметінің басшы қызметкерлеріне, ғылыми және
ғылыми-техникалық құрамдағы, штаттағы адамдарға 1937 жылы белгіленген
дербес айлық ақылардың мөлшері көрсетілген: филиалдың төрағасы,
академик Архангельскийдің қосымша айлық ақысы – 800 сом, төрағаның
орынбасары проф. С.Асфендияровтың негізгі айлық ақысы – 1100 сом,
лингвистика секторының менгерушісі Қ.Жұбановтың қосымша айлық ақысы
– 700 сом. Мәскеу Ғылым академиясының Қазақ филиалы бойынша 1937
жылы қыркүйек айының 11-ікүні берілген №72-ші бұйрықта әдебиет-
фольклор секторы лингвистика секторының құрамына енетіндігі, сөйтіп ол
бұдан былай тіл және әдебиет секторы болып аталатындығы айтылған.
Сектордың меңгерушісі проф. Қ.Жұбановқа бұрынғы әдебиет-фольклор
секторының барлық ісқағаздары мен материалдарын қабылдап алып, келесі
1938 жылға арналған жұмыс жоспарында сектордың құрамында
әдебиетшілердің тобын ұйымдастыру ісі тапсырылған. Бұл бұйрыққа КСРО
Ғылым академиясы филиалының ғалым хатшысы Л.П.Мамет қол қойған. Бұл
кезде тарихымыз үшін қаралы 1937 жылдың соңғы қасіретті де қатерлі айлар
жақындап қалған болатын. Бірақ проф. Қ.Жұбановтың мойнына жүктелген
әржақты тапсырмалар әлі толастаған жоқ еді. Мысалы, Қазақстан Халық
ағарту комиссариатының 1937 жылы қараша айының 10-ы күніберілген
№1674 бұйрығымен комиссардың орынбасары Аюпов «Ауыл мұғалімі»
редакциялық комиссиясының мүшесі болып табылатын Қ.Жұбановқа
қосымша қызмет есебінде аталған журналдың редакторы міндетін уақытша
атқаруды жүктейді. [ЦГА, Фонд –1692, дело – 488, оп. 1, №8 а.].
Қ.Жұбанов тағдырының ең бір қисынсыз шиеленіскен, талқыға түскен
сәті деп академияның қазақ филиалы бойынша 1937 жылы қараша айының
19-ы күні берілген №98 бұйрықты атауға болады.
Онда филиалдың ғалым хатшысы Л.П.Мамет Қазақ КСР Халық
комиссарлар кеңесінің 1937 жылы қараша айының 14-і күнгі КСРО Ғылым
Академиясының қазақ филиалының Ғылыми кеңесі мен Президиумын
бекіткендігі туралы №1190-шы қаулысын жариялайды. Бұл қаулы бойынша
академия филиалының 35 адамнан тұратын ғылыми кеңесінің ішінде 18-ші
орында, ал академия филиалының президиум мүшелерінің 13 адамнан
құрылған мүшелері ішінде 6-орында Қ.Жұбановтың аты аталған. Халық
комиссарлар кеңесінің төрағасы Ораз Исаев қол қойып бекіткен бұл құжат
адам айтқысыз бір дүлей күштің әсерімен Қ.Жұбанов тұтқындалған 1937
жылғы қараша айының 19-ы күнімен дәл келіп тұр. Құжаттардан көріп
отырғанымыздай, проф. Қ.Жұбановқа оны «халық жауы» деп тұтқындаған
39
күнге дейін сенімді әрі беделді қайраткер ретінде тапсырмалар берілген,
ғалым ретінде академияның ғылыми кеңесінің, президумының мүшесі
ретінде сайланған.
Содан көп ұзамай Ғылым академиясын қазақ филиалының №99
хаттамасымен 1937 жылы қараша айының 21-і күні проф. Қ.Жұбановты
қызметтен босатып, мынадай бұйрық шығарылған: «Джубанова Х. с 20
ноября отчислить из штата».Ученый секретарь казахского филиала Академии
Наук СССР Л.П.Мамет». Бұл құжаттың көшірмесін академия мұрағатының
меңгерушісі М.Бердихина Ақырап Жұбановқа 1965 жылы 12 наурыз күні
(Архив. дело №106. упр. д.) табыс еткен.
Достарыңызбен бөлісу: |