115
теңдік, теңсіздік т.б. нарселерді қарастырады». Оптиканың мәні мен ақиқат, анық пен
оның алдамшы көрінісінің парқы ажыратылады, қатаң дәлелдеу жолымен мұның себебі
айқындалады, көзбен көруде кездесуі мүмкін болатын қателердің барлығы ескеріледі,
одан құтылуға көмектесетін, яғни қарастырылып отырған нәрсенің мөлшері, формасы,
орны, құрылысы, т.б. туралы ақиқатқа жеткізілетін әдіс айлалардың түрлері
көрсетіледі.
Астраномия. «Астраномия деген бір атпен екі ғылымды түсінеміз, – деді
ғалым. Олардың біреуі – жұлдызнама. Бұл ғылым жұлдыздарға
қарап болашақта не
болатынын, кейде қазіргі кезде болып жатқан және өткенде болған оқиғаларды
болжауға арналған. Екіншісі – математикалық астраномия. Астраномияның осы бөлігі
ғана математикалық ғылымдардың қатарына жатады, ал қабілет – өнердің бір түрі; ол
арқылы не болатынын адам болжамдай алады; мәселен, түс жору, құстың ұшуы
бойынша
жорамалдау, бал ашу т.б. қабілеттер». Жаратылыстану мен метафизика.
Фарабидің анықтауы бойынша физика, яғни жаратылыстану – табиғат туралы, оның
негізгі принциптері мен бөліктері жайлы, табиғи денелерге тән акциденциялар туралы,
табиғи деректер мен элементтердің өзара әсері жайлы ғылым. Ал метафизика болмыс-
тың жалпы принциптері мен категорияларын зерттейді. Әл-Фараби – педагогика
тарихында алатын үлкен
орны бар асқан дидакт методист, ғұлама болған адам.
Ғұламаның бұл саладағы мұралары сұрыптап, қазіргі педагогика игілігіне – абзал
міндеттердің бірі.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.https://:akikat.kazgazeta.kz/?p=237
2.
Ж.Алтаев, Ж.Әмірқұлова Әл-Фараби және ислам философиясы. Оқу құралы,
Алматы, 2012
3. Қазақ халқының философиялық мұрасы, 2 том, Астана, 2005
4. Ғұлама.Ойшыл.Ұстаз. Алматы, 2001
Достарыңызбен бөлісу: