Екінші қасиет. Харизма : бірінші қалыптасқан әсер, бәрін шеше алады!
Мен ешқашан қандай қызметте болмасын, сын-пікірге қарағанда, мақтаулардың әсерінен жақсы жұмыс істейтін, көбірек үлес қосатын адамды көрмеппін.
Дэн Рэйланд, көшбасшыларды дамыту жөніндегі вице-президент, INJOY корпорациясы
Харизма дегеніміз – адамдарды өзіңізге тарту қабілеті. Барлық мінез-құлықтар сияқты адам оны өзі дамыта алады. Өзіңізді басқаларға тартымды болу үшін не істеу керек?
Өмірді сүю. Адамдар өмірді сүйетін көшбасшыларды жақсы көреді. Егер адамдарды тартқыңыз келсе, онда кіммен араласқанды жақсы көрсеңіз, соған ұқсас болу керексіз. Сіз араласқысы келетін адам қандай? Ұрысқақ па? Қасарысып қалған ба? Торығудан шығалмайтындар ма? Әрине, жоқ. Сіздің сүйіктілеріңіз қуанады, наразылық етпейді. Бастысы өмірді сүйеді!!!
Әр адамға бестік бағаны қою. Бұл адамдарға бере алатын ең жақсы нәрсе, сонымен бірге оларды өздеріңізге тартудың тағы бір жолы. Бұл жақсы нәтижеге әкеледі. Бұны автор адамдарға бестік бағаны қою дейді. Джак Визельдің айтуы бойынша «Өздерінің күшіне байланысты миллионер болған жүз адамды зерттеу барысында, олардың жалғыз ортақ қасиетін анықтады. Осы іскер әйелдер мен еркектердің барлығы басқа адамдардың тек жақсы қасиетін көре білетіндігі.»
Адамдарға үміт отын сыйлау. Француз генералы Наполеон Бонапарт көшбасшыларды былай сипаттаған «үмітпен жүретіндер» деп. Егер сіз қоршағандарды осы нұрмен бөлей алсаңыз, онда адамдарды магнит тәрізді тартасыздар.
Өзіңізбен және өзіңіздің қадыр-қасиетіңізбен бөлісу. Адамдарды артыңыздан ілестіре жүріп, оларға өзіңізде бар нәрсені сыйлаңыз. Сіздің қорларыңыз, даналығыңыз, тіпті күнделікті өмірдегі жайттар олардың да игілігіне айналсын.
Харизма жайында сөз болғанда, әр адам өзін басқа біреудің орнына қоя білу керек. Шынайы харизма, өзін ойлаудан бұрын, өзгелерлің қамын ойлайтын көшбасшыларға тән қасиет!!!
Назарды өзіңізге емес, басқа адамдарға салу. Бұл харизма!!!
Үшінші қасиет. Ісіңізге жан-тәніңізбен берілу: ол істі адамдарды бос арманшылдардан ажыратады
Кімде-кім өзінің уақыты үшін бар мүмкін нәрсені жасаса, барлық уақыттарда өмір сүреді.
Иоганн Фридрих Шиллер, неміс драматургі және ақыны
Іске жан-тәнмен берілудің шынайы табиғатын қарастырайық?
Іске адалдықтың басы жүректе жатады. Егерде сіз көшбасшылық әрекеттеріңізбен басқалардың өмірін жақсы арнаға бұрғыңыз келсе, мақсатыңызға адал екеніңізді көру үшін, жүректің терең түбіне үңіліңіз.
Іске адалдық нақты іс-әрекеттермен айқындалады. Іске адалдықтың жалғыз өлшемі – іс-әрекет. Артур Гордон айтқандай : «Сөзді айтудан оңайы жоқ, ал сол айтылған сөз бойынша өмір сүруден қиыны жоқ. ». Ал сіз өз алған міндеттерді орындау барысында, іске адал боласыз ба?
Іске адалдық, жетістікке жетуге мүмкіндік береді. Көшбасшы ретінде сіздер – көптеген кедергілер мен қарсылықтарға тап боласыздар. Алдыға жылжытатын жалғыз ықпал, сіздің ісіңізге деген адал болуыңыз.
Өз мақсаттарыңызға жете аласыздар ма? Сіз жүзеге асыра алатын және оған мүмкіндіктеріңіз жететін нәрсені орындадыңыздар ма? Сізге адамдар сеніп, сіздің артыңыздан ілеседі ме? Егер жауабыңыз оң болмаса, онда сіз ісіңізге адал емессіз!!!
Адамдардың көшбасшының артынан ілесуіне не себеп болады? Неліктен адамдар кей көшбасшылардың үндеуіне үн қатпай, ал басқалардың ізінен қалмайды? Теорияшыл көшбасшылар мен тиімді түрде артынан ілескен адамдары бар іскер көшбасшылардың айырмашылығы неде? Себебі нақты адамның жекелеген және ерекше қасиетінде.

Достарыңызбен бөлісу: |