Lie қазақстан және covid-19: медиа, МӘдениет, саясат қ а зақ ст ан ж



Pdf көрінісі
бет127/165
Дата27.09.2023
өлшемі10,36 Mb.
#110764
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   165
Байланысты:
Биология кіріспе қосымша материалдар

Салыстырмалы талдау:
Қазақстан мен Германияның жаңалық мақалаларына 
сараптама
Германияның медиажүйесі Қазақстандағыдай емес екені зерттеудің 
басында-ақ белгілі болған: Германияда мемлекеттік жаңалық 
порталы жоқ.
36
Онысы оқырманға пайдалы ма? Зерттеу нәтижесі 
неміс журналистерінің 100% зерттеу-тергеу журналистикасымен 
айналысатынын көрсеткен, ал қазақ журналистерінің 10% ғана тақырыпқа 
тереңірек бойлайды.
36 Арнайы салық жүйесі бойынша газет пен радио медиа салық есебінен 
қаржыландырылады. Сондықтан газеттер үкімет қаржысына тәуелді емес. 


288
Тағы бір қыры – мақалада жәбірленушіге пайдалы ақпарат пен 
нұсқаулықтың көрсетілуі. Неміс мақалаларының 75 пайызында жедел 
желі контактілері көрсетілген, ал қазақ мақалаларының 10 пайызында 
ғана дағдарыс орталықтары жөніндегі дерек жазылған. Гендерлік зорлық-
зомбылық туралы мақаланы оқыған оқырман күш көрсетуден жәбір 
көрген болуы немесе осындай оқиғаға куә болуы мүмкін екені белгілі. 
Сондықтан контактіні көрсетудің қоғамға пайдасы мол. Мақалалардың 
бірінде Германияда ер мен әйел жәбірленушілерге арналған жедел желілер 
24/7 режимде 18 тілде жұмыс істейтіні жазылған (2-қосымша, 7-мақала).
Қазақстандағы мақалалардың көбінің стилі – баяндау тәсілі: 
«журналист объектив түрдегі баяндаудан гөрі, әңгіме стиліндегі жаңалық 
материалын көбірек жазады», баяндау стилін қолданудағы мақсаты 
– аудиторияның назарын ұстап отыру» («Is Journalism Storytelling?», 
2020). Жаңалықтардағы негатив сөздер мен суреттерді зерттеген кезде 
негатив контент оқырманды көбірек тарта алатыны байқалған (Trussler & 
Soroka, 2014). Өлім аузындағы әйелдің суреті басылған «әңгімені» оқыған 
оқырман эмоциялық толғанысқа түседі. 
Ал неміс журналистері оқырманды қорқытуды емес, тақырыпты 
сараптауды, пайдалы ақпарат беруді көздейді. Мысалы, «Құқықбұзушыға 
бойындағы дөрекілігін жеңуге көмектесетін жақсы бағдарлама бар... 
Ұзақмерзімді мақсат – балаларға жақсы болатын шешім табу» (2-қосымша, 
2-мақала).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет