НАТАЛЬЯ ВОРОШИЛОВА
52 ғылыми еңбектің авторы, жас ғалым. Қоғам денсаулығын
сақтау саласының бакалавры (2017), медицина ғылымдарының
магистрі (2019), Оңтүстік Қазақстан Медицина академиясын
бітірген. 2018 жылдан бері Оңтүстік Қазақстан Медицина ака
-
демиясы базасындағы «Пәнаралық рецензияланған журнал
арқылы ғылыми-жарияланымдық этиканы дамыту» ғылыми жо
-
басында ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді. 2020 жылдан
бері «Central Asian Journal of Medical Hypotheses and Ethics»
(https://cajmhe.com) ғылыми журналында шығарушы редактор
қызметін атқарады. Ғылымдағы жетістігі үшін «Taiburyl» Қоғам
-
дық бірлестігі стипендиясының, сондай-ақ «Қазақстан Респу
-
бликасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының» студенттік
стипендиясының үш мәрте лауреаты атанған.
РАУШАН ДУЛАМБАЕВА
Экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы
Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы
Басқару институтының профессоры. ҚазҰУ Философия-эконо
-
микалық факультетінің Саяси экономия бөлімінде оқыған. Док
-
торлық диссертациясының тақырыбы – Тұрақсыз жаһандану
үдерістері жағдайында ұлттық экономиканың бәсекеге қабілет
-
тігін арттыруға бағытталған мемлекеттік саясат» (2010). Зерттеу
бағыты – мемлекеттік саясат, мемлекеттік басқарудың тиімділігі,
макрожүйелердің ұлттық және аймақтық бәсекеге қабілеттігі.
200 мақала, 3 монография, 5 оқу құралының авторы, гранттық
қаржыландырылатын 10-нан аса жобаға қатысушы және жетек
-
ші болған.
Достарыңызбен бөлісу: